Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


Өндіріс факторларының табыс нысаны



Pdf көрінісі
бет467/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   463   464   465   466   467   468   469   470   ...   532
Өндіріс факторларының табыс нысаны 
Өндіріс факторлары 
Еңбек нарығы 
Капитал нарығы 
Жер нарығы 
Еңбекақы, 
жалақы 
Пайда мен пайыз 
Жер рентасы 


872 
Нақты жалақы 2 факторға тәуелді:
1. Номиналды;
2. Еңбеккердің тұтыну және тұрмыс дәрежесін сипаттайтын тауарлар бағасының 
деңгейіне [5].
Жұмыс күшіне ұсыныстың өсуі жалақының төмендеуіне, ұсыныстың азаюы жалақының 
өсуіне әкеледі. 
Капитал-белгілі бір табыс ағынын қалыптастыратын кез келген құндылық.
Капитал- ол материалдық игіліктердің қоры. Сонымен қатар, материалдық емес элементтерді 
де қамтиды.
Капиталға деген сұраныс келесідей факторларға тәуелді:
1.
инвестицияның пайдалылығына; 
2.
экономиканың дамуына; 
3.
мемлекеттің сұранысына;
4.
салым мерзіміне;
5.
салым салу саласындағы тәуекелге.
Капитал ұсынысы – бұл үй шаруашылықтарының өз қолындағы бос ақша-
қаражаттарын және ақшалай салымдарын бизнеске материалдарға сұраныс түрінде қолдануға 
беруі. 
Капиталдың ұсынысын мынадай факторлар анықтайды:
1.
бағалар деңгейі;
2.
болашақты күту; 
3.
салық салу деңгейі; 
4.
ұрпақ өсіруді болашақта қамтамасыз ету; 
5.
болашақ сұраныстарды қанағаттандыру;
6.
күтпеген жағдайлардан сақтану;
7.
кәрілікті қамтамасыз ету [6]. 
Капиталға сұраныс пен капиталдың ұсыныс қисықтарының қиылысуы кезінде капитал 
нарығында тепе-теңдік орнатылады.
Пайыз мөлшерлемесі 2 бөлінеді: 
1.
пайыз мөлшерлемесі- инфляция қарқынын есепке алмайтын банктің тағайындаған 
ағымдағы нарықтық пайыздың шамасы. 
2.
Нақты пайыз мөлшерлемесі- инфляция қарқынын есепке алатын атаулы пайыз 
мөлшерлемесінің сатып алушылық қабілеті. 
Жер- шаруашылық іс- әрекеттің негізі және табиғи байлық ретінде табиғи фактор, 
қоғамдық өндірістің негізі.
Жер белгелі бір салаларда әртүрлі қызмет атқарады: 
1.
Жер өндіріс құрал-жабдығы ретінде: кеңістік жағынан шектеулілігі және жер- адам 
іс- әрекетінің өнімі емес, табиғаттың жемісі. Сондықтан да, оның құны жоқ, бірақ 
табыс әкелуі, сатып алынуы және сатылуы, яғни бағасының бар болуы, және т.б. 
2.
Жер еңбек заты ретінде: өңдеуші кәсіпорын үшін жер- кәсіпорын араласатын алаң 
ретінде пайдаланылуы, жерді өңдеп, оған тұқым сеуіп өнім алу мүмкіндігі, т.б. 
3.
Жер еңбек құралы ретінде: мысалы, жерге тұқым сепкен күннен бастап өнім өсіру 
қызметін Жер- ана атқарады [7]. 
Жер рентасы- жер уческесін уақытша қолданғанға төленетін төлем. Абсолюттік 
рента- бұл жер иелерінің иемденетін табыстарының бір түрі. Оның абсолюттік деп аталатын 
себебі- ол құнарлылығы мен басқа да жағдайларға байланыссыз жалға берілген барлық 
жерлерден алынады [8]. 
Қорытындай келе, еңбек нарығында еңбектің өзі емес, белгілі бір еңбек түрінің 
қызметтері сауда- саттыққа түседі. Бұл жерде, қалыпты экономикалық жағдайларда 
ұсынылатын еңбек қызметтерінің саны мен сапасы еңбек иесі- жалдамалы жұмыскердің кәсіби 
дайындық деңгейіне, оның біліктілігіне, тәжірибесіне, жұмысты әділетті атқара алу 
мүмкіндігіне, қабілеттілігіне және басқа да факторларға байланысты болып келеді. Еңбек 


873 
нарығындағы сұраныстың субъектілері болып- бизнес өкілдері және мемлекет, еңбек 
ұсынысының 
субъектілері 
болып- 
үй 
шаруашылықтары 
табылады.
Сонымен, жалақы қазіргі уақытта үй шаруашылықтары табыстарының басым бөлігін құрайды 
және табыс табудың осындай негізгі көзі адамдардың тұтыну тауарларына деген 
сұраныстарының көлеміне және олардың бағаларына айтарлықтай әсер етіп отырады.
Капитал нарығында жекелеген индивидтердің, фирмалардың және басқа да тұлғалардың 
капиталға қатысты ресурстар бойынша шешім қабылдағанда олардың уақытаралық таңдау 
жасай алуының қарастырылуы, яғни, бұл жерде ақшалай капиталды бүгінгі және болашақ 
кезеңдер аралығында қалайша тиімді пайдалануға болатындығы сөз етіледі.
Кез-келген тауар өндірушінің мақсаты барынша көп пайда табу. Бірақта нарыққа өз 
тауарымен шыға отырып, алдымен белгілі ақшалай қолға түсетін шағын түсімді, яғни 
батысты, алуды жоспарлайды. Еңбекақы мөлшері жұмысшының тіршілігіне қажетті 
минималды құн арқылы анықталады. Еңбекақы жалданушының табысы болса, жалдаушының 
шығыны болып есептелінеді. Өнеркәсіпте бағалар өндірістің орташа жағдайымен реттеледі. 
Ауыл шаруашылығында жер өндіріс құрал- жабдығының басты элементі болғандықтан, онда 
бағалар ең нашар жер учаскісіндегі өндіріс жағдайымен анықталады. Жақсы және орташа 
сапалы жерлер саны шектеулі (көптеген жерлер шөп және шөлейтті аймақтарда, орман, 
тундра, және т.б.) , сондықтан жақсы және орташа учаскіден алынған өнім көлемі сұранымды 
жаба алмайды. Мемлекет нашар жерлерді де айналымға қосуға мәжбүр. Сондықтан, өндірістің 
қоғамдық бағасы орташа жермен емес, нашар жермен анықталады. 
Әдебиет 
1.
http://rmebrk.kz/bilim/%D0%AD%D0%BA%D0%BE%D0%BD%D0%BE%D0%BC%D0%B
8%D0%BA%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D0%BA%20%D1%82%D0%B5%D0%BE%D1%80%
D0%B8%D1%8F.pdf
  
2.
https://stud.kz/referat/show/57220
  
3.
https://melimde.com/ondiris-faktorlari-narifi.html
  
4.
https://ppt-online.org/347800
  
5.
https://melimde.com/lekciya-jospari-ebek-sinisi-ebekke-sranis-ebek-narifindafi-
tep.html?page=9
  
6.
https://ppt-online.org/130228
  
7.
Борисов Е. Ф., Петров А. А., Березкина Т. Е. Экономика. Учебник для бакалавров. М.: 
Проспект. 2020. 272 с. 
8.
Иохин В. Я. Экономическая теория. Учебник для академического бакалавриата. М.: 
Юрайт. 2017. 354 с. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   463   464   465   466   467   468   469   470   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет