Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


БАЛАЛАРДЫҢ БОС УАҚЫТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК



Pdf көрінісі
бет96/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

 
БАЛАЛАРДЫҢ БОС УАҚЫТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК 
ПЕДАГОГТЫҢ РӨЛІ 
 
Кельдибекова Аида Кайратовна
Ғылыми жетекшісі: Аргимбаева А.Қ педагогика ғылымдар магистрі,лектор. 
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті,Көкшетау қ. 
aidakeldibekova211@gmail.com
 
Дүние жүзіндегі өркениетті мемлекеттерде тәрбиенің теориясы мен практикасындағы 
жетекші тенденция – әлеуметтік педагогика рөлінің артып отырантындығын көрсетіп отыр. 
Қоғамдық өмірдің жан-жақты демократияландыруы мен гуманизациялау процесінде сонымен 
қатар Қазақстан Республикасының білім жүйесінде адами-тұлғалық қатынастың 
атмосферасын объективті тұрғыдан жасалуын талап етеді. Бұл өз кезегінде кәсіби 
мемлекеттік – қоғамдық әрбиелеу құрылымдарының өмірден, отбасынан, әлеуметтік-мәдени 
ортадан алшақтауын жою арқылы балалар мен жастарды әлеуметтік тәрбиелеу жүйесін 
өзгерту жолдарын іздестіруді қажет етеді. 
1991 жылы біздің елімізде әлеуметтік педагог қызметінің енгізілуі кездейсоқтық емес. 
Елімізде әлеуметтік жұмыстың кәсіптік деңгейге көтерілуі-маңызды мәселе. Бұл 
мамандықтың болашағына, мемлекеттің әлеуметтік саясатының, жастар саясатының өзекті 


176 
проблемаларының шешілуіне кадрлар санасының тигізер әсері мол. Білім беру мекемелерінде 
әлеуметтік педагог мамандығының енгізілуі, бүгінгі таңдағы оқушылардың қоғамға 
әлеуметтік ортаға бейімделуі, әлеуметтенуіндегі қиыншылықтар, оның тұлғалық қасиеттерін 
зерттеуге , зерттеу нәтижесінде түзету жұмыстарын жүргізуге, өмірдің қиын жағдайынан 
шыға білуге ықпал етуге қажеттіліктерінен туындап отыр. Бұл жұмыстарын жүргізуге өмірдің 
қиын жағдайынан шыға білуге тықпал етуге қажеттігінен туындап отыр. Бұл жұмыс мамандық 
қана емес, сонымен қатар, бұл біз қол ұшын беретін, адами проблемаларын бірге шешетін, 
проблемаларды тиімді, дұрыс шешілу жолдарын табатын адамдар тағдыры. Осындай жауапты 
жұмысты атқара отырып, біз оның табысына барлық қоғам мүдделі екенін есте ұстауымыз 
керек. Болашақта әлеуметтік педагог мамандығы мұғалім мен медицина қызметкерлері 
секілді бұқаралық сипатқа ие болады. Себебі қоғам үшін «әлеуметтік эпидемиямен» 
күрескеннен, «әлеуметтік аурулардың» алдын-алу әлдеқайда тиімді екендігі белгілі.[1] 
Әлеуметтік педагог қызметінің негізгі ортасы – баланың оқып, білім алу қызметі жүзеге 
асырылатын мектеп, үйі мен әр түрлі спорттық секциялар, мектептен тыс қоғамдық орындар 
және бала қарым – қатынаста болатын барлық орта. Әлеуметтік педагог жұмысының осындай 
кең ауқымдылығына байланысты маман сан қырлы, жан – жақты болуы керек. Кез келген 
мәселелерді шешу үшін әлеуметтік педагог әр түрлі рөлдерді атқарады: 
-Әлеуметтік педагог – оқудан тыс – іс – шаралар ұйымдастырушы; 
-Әлеуметтік педагог – жантанушы (психолог ) 
-Әлеуметтік педагог – бос уақыты тиімді өткізуді ұйымдастырушы; 
-Әлеуметтік педагог – әлеуметтанушы; 
-Әлеуметтік педагог – әлеуметтік қызметкер; 
-Әлеуметтік педагог – әдіскер; 
-Әлеуметтік педагог – құқық қорғаушы.
Әлеуметтік педагогтің қызметінің нақты мақсаты – баланың өмір сүру ортасындағы 
туындаған мәселелерді уақытында анықтау; олардың себептерін жою жолдарын қарастыру; 
баланың өмір сүру ортасында туындауы мүмкін әр түрлі қоғамға жат құбылыстардың алдын 
алу; ең маңыздысы, әлеуметтік педагог осы айтылғандарды мүмкіндігінше этикалық деңгейді 
сақтай отырып,баланың құқығы мен еркіндігіне нұқсан келтірмейтіндей жағдайда жүзеге 
асыруы тиіс. Сонымен қатар мектепте балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыра білуі 
керек. Мектеп оқушысының сабақтан тыс бос уақытын ұйымдастыру ,оның рухани дәне 
мәдени дамуына ықпал жасайды. Әлеуметтік педагог мектептегі құқықбұзушылық орын 
алмауына тікелей жауапты болғандықтан, балалардың бос уақытын қызығушылығына қарай 
орынды ұйымдастыруы қажет. Француз социологы Дюмазаденьенің айтуынша: «бос уақытты 
ұйымдастыру – адам өмірінің демалысы мен сауығуы үшін немесе адамдармен араласа 
отырып білімін кеңейтуге және қоғамдық міндеттерді атқаруға қарама-қарсы ұғымдағы әрекет 
болып саналады»[2] 
Жалпы бос уақытты күрделі әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыру керек.Ол 
балалардың өзіндік әрекетінің түрі, көңіл көтеруі, шығармашылықпен айналысып, жасаған 
ісінен рухани ләззат алуы. Ғылым үшін «бос уақыт» ұғымының мағынасы көп мәнді болып 
келеді, осы ұғым «мәдени-ағартушылық жұмыс», «мектептен тыс білім беру», «мәдени бос 
уақыт әрекеті», «әлеуметтік мәдени әрекет» деген терминдермен сипатталады.Бұл біздің 
мемлекеттегі тарихи процестің қарқынды жүріп жатқан білім беру саласындағы 
терминологиялық өзгеруіне және заңды ықпалына байланысты. 
Оқыту барысында оқушылардың сыныпта алған білімін дамытып, оны ары қарай 
жетілдіруде сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Сыныптан тыс жұмыстардың 
оқушылардың белсенділігін арттыруда, өзіндік көзқарасының қалыптасуында, білімін 
жетілдіруде бірден – бір маңызды тәрбие құралы екендігін көреміз. Сыныптан тыс 
жұмыстарды дұрыс ұйымдастырған жағдайда оқушылар бойында ұйымдастырушылық, 
белсенділік дамиды. Бағалы моральдық қасиеттер қалыптасады. Сыныптан тыс оқытуды 
жүйелі түрде ұйымдастыру, адам тәрбиесіне айтарлықтай үлес қоса алады. 


177 
Бала тәрбиесі үздіксіз жүріп отыратын процесс, ал ол баланың бос уақытында да жүзеге 
асырылады. Адам өмірінде бос уақыттың алар орны ерекше. Ол тынығу немесе демалу үшін 
ғана емес , рухани қажеттілігін өтеуге, ойлау қабілетін тереңдете жетілуіне , жалпы жан-жақты 
болуына арналуға тиіс. Әр адам бос уақытын өзінше бір нәрсеге арнайды.Бірақ , бос уақытты 
тиімді қолдана білу керек. Бос уақытты пайдалана отырып , ұжым, орта, қоғам, отбасы 
оқушылардың демалысын тиімді өтуіне ұйымдастырыла күш жұмсауы қажет. Дұрыс тиімді 
ұйымдастырылған бос уақыт – олардың рухани көзқарасының толықтыруын қамтамасыз 
етеді. ҚР «Білім туралы» заңында: «Қосымша білім берудің , білім беретін оқу бағдарламалары
білім алушылардың өзін-өзі басқаруын, шығармашылығын дамыту, олардың қабілеттерін
іске асыру, қоғам өмірін бейімделуі, азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін , салауатты 
өмір салтын қалыптастыру, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру үшін жағдайлар жасауды 
көздейді»[3] 
Оқушының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оған дұрыс бағыт беріп отыру барлық 
қауымның ортақ ісі. Балалардың жан-жақты болып өсуі тек қана оның мектепте өткізген 
уақытымен шектелмейді. Бүгінгі таңда жаңа білімді тұлғаны қалыптастыру мақсатында 
мектептің қызметі күннен күнге күрделене түсуде. Сондай қызметтерінің бірегейі сабақтар 
мен сыныптан тыс жұмыстарды айта аламыз. Оқушылармен сабақтан тыс жүргізілетін тәрбие 
жұмыстары сабақтан тыс немесе сыныптан тыс жұмыс деп атайды. Бұл мұғалім сабақ үстінде 
жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыра отырып, ең алдымен балалардың таланттары 
мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың оңтайлы жолы болып табылады.
Оқушының бос уақыты босқа өтпеуі керек.Қазақ халқымыз қай ғасырда болмасын бала 
тәрбиесіне көп мән берген. Ұрпақ тәрбиесі - ол болашақтың тірегі. Адамзат ұрпағымен мың 
жасайды дегендей, ұрпақ тәрбиесі қай кезде де, халықтық мәселе болған. Осыған байланысты 
бүгінгі уақытта тәрбие мәселесіне салғырт қарап, жете мән бермеуіміздің салдарынан қадір-
қасиетімізді, ұлттық этикамызды, рухани байлығымызды жоғалтып отырғанымыз жасырын 
емес. Сондықтан да сабақтан тыс тәрбие жұмысының бірден-бір маңызы - олар оқушының өз 
еркімен қатысып, ұйымдастырылуында . Балалардың бос уақытында жүргізілетін жұмыс – 
тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің 
басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып 
келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығын құрап, 
балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады. 
Біріншіден, оқудан тыс әрқилы әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан-жақты 
дара қабілетін ашуға ықпал жасайды.Екіншіден, бос уақытты ұйымдастыруда баланың жеке 
әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілуіне көмектеседі және оның азаматтық 
құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық дағдысы мен 
іскерлігін қалыптастырады.Үшіншіден, оқушылардың бос уақытын ұйымдастастыру жұмысы 
оқушыларда әрекеттің әртүрлігіне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді 
қатысып құлшынысын оятуға бірден-бір ықпал етуші.Балалардың бос уақытын 
ұйымдастыруда әлеуметтік педагог – баланың өз құрбыларымен, мұғалімдерімен, ата-
аналарымен қарым-қатынасында пайда болатын проблемаларын шешуге көмектеседі. Оқушы 
тұлғасынан өзін-өзі тәрбиелеуіне және өзін-өзі дамытуға бағыт бағдар береді. Үйірме, клуб, 
спорт секциясы мен бірлесе отырып, оқушыларға қосымша білім алуға ықпал етеді. 
Балалардың тұрмыстық талаптарына және жас ерекшеліктеріне сәйкес жұмыс жасайды. 
Оқушылардың бостандығы мен құқықтарын қорғайды, олардың өмірі, денсаулығы
қауіпсіздігі үшін жауап береді.[4] 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
http://www.uniface.kz/index.php?post=article§ion=4&id=81 Қазіргі заман жағдайында 
«әлеуметтік педагог» мамандығының енгізілуінің әлеуметтік тарих контексті
2.
2.Мудрик А. Әлеуметтік педагогика . М.,-1999 
3.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы негізінде


178 
4.
Оқушыларды сабақтан тыс уақытта тәрбиелеу /В.П.Кыркалов, П.Э.Шпитальник 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет