237
ТМД елдеріндегі ғылыми әдебиеттердің сараптамасы көрсеткендей, оқушылардың
құқықтық тәрбиесінің әлеуметтік-педагогикалық негіздері (А.Ф.Никитин және т.б.);
құқықтық мәдениетті қалыптастырудың әлеуметтік-педагогикалық мәселелері (Т.В.Болотина
және т.б.);құқықтық тәрбие мен білім беруді оқу-тәрбие практикасында жүзеге асыру
(Ф.С.Махов, Г.В.Миньковский, В.Н.Найбич және т.б.)
;
; тұтас педагогикалық үдерісте
әлеуметтік-құқықтық тәжірибені қалыптастыру (В.М.Обухов) еңбектерінде зерттелінеді.
Кейбір ғалымдар құқықты нормалар жүйесі (С.С.Алексеев және т.б.); рухани сала (И.А.Ильин,
В.А.Каминская, А.Р.Ратинов және т.б.); адамгершілікті заңды мінез-құлықтың ішкі реттеушісі
(В.С.Олейников); жалпыадамзаттық құндылық (В.А.Караковский, Г.В.Мальцева және т.б.);
моралды-адамгершілік құндылық (Г.А.Кузнецов, О.Г.Шапиева және т.б.) ретінде
қарастырады.
Әрбір отбасы бір-біріне ұқсамайтын әлеуметтік институт болып келеді және онда
тәрбиеленетін балалар да әр түрлі. Сондықтан мектептегі әлеуметтік педагог әртүрлі
отбасымен жұмыс істей алатын деңгейде болуы қажет.
Әлеуметтік
педагог ата-аналарды және олалардың балаларын Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» заңымен, БҰҰ «Балалардың құқықтары туралы
Конвенцияны», ҚР «Неке және отбасы туралы заңын», басқа да нормативтік құжаттармен
таныстырып отыруы маңызды.
Мектептегі әлеуметтік педагогтің негізгі
нысаны баланың құқығын қорғау, баланың
дамуына жағдай жасау, жанұямен мектептің арасындағы байланыс пен әріптестік қатынасты
жүргізіп отыру. Әлеуметтік педагог мектеп әкімшілігімен, мұғаліммен, педагог-психологпен,
салауаттанушымен, медбикемен, тәрбиешілерімен, оқушылармен олардың ата-аналарымен
өзара байланысқа түседі. Әлеуметтік педагог өз қызметінде бағытталған мақсаты бойынша
мемлекеттік басқарушы органдармен, қоғамдық ұжымдармен, 16 жасқа дейінгі, яғни
оқушыларға қызығушылық білдіретін
ұйымдармен байланыс құрады; білім беру бөлімінде
педагогикалық кеңестерге қатысады, жергілікті билік өкілдерімен және жанұямен балаларды
әлуметтік қорғау қызметтік орындармен байланыс жүргізеді. В.А.Сластенин әлеуметтік
педагогқа қойылатын талап ретінде төмендегіні көрсетеді: өзінің жұмыс нысаны болып
табылатын тұлғаның жеке құндылығын, оның қайталанбас ерекшелігі мен шығармашылық
маңыздылығын түсіну; таңдалған мамандықты саналы түрде сезініп қабылдау; көптеген
жүйкелік және психикалық шығындардың болуын ескерту; өзімен
тұрақты жұмыс істеуді
талап ететін кәсіби қызметінің шығармашылық табиғатын ұғыну қажет.
Әлеуметтік педагог қызметінде құқықтық тәрбие беру аса маңызды. Қазақстан
тәуелсіздікке, егемендікке ие болғаннан кейін демократиялық зайырлы мемлекет болып
қалыптасуда. Қазақстан азаматтарының өміріне тікелей тірек болатын барша құқықтық тәрбие
мен білім беру қажеттілігі туып отыр. Еліміздің Ата Заңында Қазақстан Республикасы
құқықтық мемлекет деп жарияланды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында
«біздің Республика өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет
ретінде орнықтырады» деп бекітілген. [2]
Ата-аналармен бірге білім беру мекемелері де жұмыс жасауы, балаларға құқықтық тәрбие
беру ісі өзекті мәселе болып табылады. Қазіргі «Білім туралы» Заңның талаптарын орындау
әлі де көптеген экономикалық – материалдық, құқықтық – нормативтік базаны нығайтуды,
құқытық тәрбиені шығармашылықпен ұйымдастыруды, жаңа технологияларды тәрбие
жұмысында
кеңінен қолдануды, шеберлікті қажет етеді. Сондықтан мұғалім жаңа
заңдылықтармен танысып, оны жұмыс барысында басшылыққа алып пайдалануды, оқу-
тәрбие үрдісінде ұтымды, тиімді, мақсатты қолдану жолдарын, тәрбиенің әдістерін, түрлі
формаларын біліп, жаңа технологияларды кеңінен қолданғаны жөн.
Жастарға құқықтық тәрбие беру, қоғамдық қарым-қатынастағы заңдық және әлеуметтік
мәселелердің саяси мәнін жан-жақты, әрі терең түсінуіне негіз жасайды. Бұл тәрбиеленушінің
көзін жеткізуге сендіруді көздейтін мақсатты қызмет. Құқықтық құбылыс, құқықтық ұғым
және құқықтық категория жастардың заңдық негіздегі құқықтық сауаттылығын ашу үшін,
арнаулы оқу-әдістемелік құралдарын мектеп жасынан, 6-7-ші сыныптардан бастап, мектепті
238
бітіргенше қажет екенін қазіргі өмірде орын алып отырған әр алуан келеңсіз қоғамдық
құбылыстар-ақ көрсетіп отыр. Өйткені, мектепті бітірушілердің 20
пайызға жетер-жетпесі
ғана өз білімдерін әрі қарай жоғары оқу орындарында жалғастырады. Құқықтық пәндер бір
семестр оқытылады. Бұл аздық етеді. Ал бұған 80-ге жуық пайыз жастарымыз мемлекетіміз
қабылдап, бекіткен заңдардағы өз құқықтарын дұрыс пайдалана білмеуі дәлел. Жастардың
жыл өткен сайын қатыгездене түсуі, ауыр және аса ауыр қылмыстарға еш қымсынбай баруы
жан түршіктіреді.
Ұрпақты дана да, тәрбиелі етіп тәрбиелеу үшін — оның тұлғалық ерекшелігін
қалыптастыру қажет. Ал тұлғаның психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуындағы негізгі
фактор бұл отбасы.
Отбасы үлкен және жауапты іс, осы істі ата-аналар басқарады және оған қоғам алдында
жауап береді»,— деді А. С. Макаренко. Оның айтуы бойынша әрбір ата-ана өзінің міндетін
адал және түсініп орындауы қажет.
Қазіргі уақытта өкінішке орай, ата-аналар өз жұмыс бастылығымен балаларының бос
уақытын қалай өткізіп жүргненін қадағаламайтын, балаларына көңіл аудармайтын
отбасылардың саны артуда. Мұндай отбасыларда тәрбиеленетін балалар ата-анарының
назарын өзіне аудару үшін тәртіп бұзушылыққа барады. Кейбір отбасында балалардың өтірігін
бетіне баса отырып, өздері де бетпақтықпен өтірікті жиі айтады.
Олардың әділетсіздігін,
екіжүзділігін, тәртіпсіздігін байқағыш, сезімтал балалар тез көреді. Ата-аналарының мінез-
құлқындағы мұндай «өнеге» оларды да тәртіпсіздікке итермелейді. Балалармен бірге
азғындыққа түспеу үшін өзінің күш қабілетін барынша пайдаланып, оларға мейірімді өнегесі
арқылы дұрыс әсер ету керек екені жайлы ұлы жазушы Л. Н. Толстой кеңес берген болатын.
Осындай отбасылармен жұмыс істеу әлеуметтік педагогтың көкейкесті мәселесі болып
отыр. Әлеуметтік педагог ата-аналармен бірлесе жұмыс жасай отырып жеткіншектердің бос
уақытын дұрыс ұйымдастырып, олардың құқықтық білімдерін тереңдете түсіріп, тәртіп
бұзушылыққа бармау жолдарын қарастырады. Біздің зерттеу жұмысымыздың мақсаты
осындай мәселелердің шығу себептерімен оның шешілу жолдарын зерделеу.
Құқықтық тәрбие беру қай заманда болмасын өзекті мәселелердің бірі болып қала береді.
Жоғарыда көрсетілген статистика бойынша заң бұзушылық жылдан жылға азайып келеді,
бірақ оны одан әрі болдырмау үшін мемлекетіміз жаңа бағдарламалар мен заңдар шығаруда,
олармен біздер «әлеуметтік педагогтар» бірге ат салысуымыз керек деп ойлаймын. Сол себепті
әлеуметтік педагогқа мынадай кеңестер ұсынамыз.
Мемлекетіміздегі өз қызметіне тән заңдарды
жетік меңгеруі
Оқушылармен, олардың ата-аналарымен тығыз қарым-қатынас жасау керек
Кәсіби қызметін жоғары дәрежеде атқару және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай
білу қабілеті болуы керек
Білім беру қызметінде кәсіби білімді, білік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге
деген қызығушылық болуы керек
Өз қызметіне қатысты инновацияларды, технологияларды, заңдарға енгізілген
өзгерістерді меңгерген болуы қажет
Өз әрекетінің үрдісі
мен нәтижелерін талдай отырып, өзіне рефлексия жасай алуы
керек
Сәттi-сәтсiз отбасымен, аз қамтылған, көп балалы, толық емес отбасымен және тұлдыр
жетiм, жартылай жетiм, мүгедек балалармен, сол сияқты қамқоршылармен де тығыз
байланыста жұмыс жүргiзе білуі және оларға материалдық-әлеуметтік жағынан көмек
көрсете білу
Сонымен, қорытындылай келе, отанымыздың ұрпағы «дұрыс» өсуі үшін, дұрыс тәрбие
керек. Ал ол үшін еліміздегі отбасылардың ішкі ахуалы таза болып қана қоймай, әрбір
мүшесінің жан дүниесі имандылыққа толы болу керек. Бұл
дипломдық жұмыс әлеуметтік
педагогтармен және осы мамандықта оқып жүрген студенттерге әдістемелік құрал бола алады.
Пайдаланылған әдебиеттер