337
құрмалас, көп компонентті сабақтас құрмалас, әрі аралас құрмалас деп өз ішінен бөлінетіні
бізге белгілі. Құрмалас сөйлемге тағы да бір немесе екі компоненттен тұратын сөйлемді
қоссақ, айтылмақ ой да, сөйлемде күрделенеді. Осы үлгіде жасалған сөйлемдерді ғалымдар
күрделенген құрмалас
немесе
көп компонентті құрмалас
деп атаған болатын. Құрмаластың
бұл түрлері жазба әдеби тілінде де көп кездеседі. Ал ауызекі сөйлеу тілінде (ауызша) сөйлеу
талабына сай, дегенмен аздау кездеседі.
Қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлемнің құрамы туралы алғаш рет ой тастаған ұлт
ұстазы, тіл білімінде де көшбасшы, қазақ тіл ғылымы мен әдістемесінің негізін қалаған −Ахмет
Байтұрсынұлы. Ғалым мұндай құрылымдағы сөйлемдерді өрнекті сөйлемдер деп атаған:
«Өрнекті сөйлем деп − құрмалас
сөйлемдердің бастары қосылып, кестелі болып құрылуын
айтамыз. Ондай сөйлемдер нақ текеметке, яки кілемге салынған түр секілді болмағанымен,
өрнек-өрнегімен айтылады. Өрнекті сөйлемді айтқанда дауыс көтеріліп,
төмендеп әнше
оралып, қайырылып отырады. Сондықтан өрнекті сөйлеу оралым деп аталды» [1; 448- бет].
Негізінен құрамы үш немесе және одан да көп сөйлемнен тұрып, біршама тиянақты
күрделі бір ойды білдіретін сөйлемдерді
көп компонентті
cөйлем деп атайды.
Мұндай сөйлемдерді бір-бірімен мағыналық қатынастарына қарай атау мүмкін емес. Себебі
ондағы компоненттердің бір-бірімен мағыналық қатынастары алуан түрлі болып келеді.
Мақаламызда көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдердің
жасалуы мен мағыналық
ерекшеліктеріне тоқталмақпыз.
Көп компонентті салалас сөйлем – көп компонентті құрмаластың бір түрі. Бұл
сөйлемдердің құрамындағы компоненттердің баяндауыштары тең дәрежеде және тиянақты
тұлғада тұрады. Мысалы:
Өкпе суға батып кетеді, әлдене уақыттан соң жалмауыз кемпір
болып судан шығады, байдың жағасынан ала кетеді
(«Алтын сақа» ертегісінен).
Өткен
заманда бір бай болыпты, ол бір перзентке зар болыпты, зарыға жүріп перзентті болыпты
(«Алтын сақа» ертегісінен).
Сұрыпталған сөйлем үш компоненттен құралған, бір шама тиянақталған ойды
білдіреді. Сөйлем түріне қарай көп компонентті салаласқа жатады. Cөйлемнің баяндауыштары
тиянақты. Әрбір компонент бір- бірімен мағыналық байланыста
және интонациялық
байланыста тұр. Жалғаулықсыз байланысқан көп компонентті салалас сөйлемнің мағыналық
қатынасын анықтасақ, ол ыңғайластық немесе мезгілдік қатынасты білдіреді.
Енді жалғаулық арқылы жасалған сөйлемге назар аударсақ, мысалы:
Ер Төстік садағын алады да, өрмелеп бара жатқан айдаһардың екі көзінің арасына дәлдеп
тартып қалады, айдаһар жерге сылқ ете түседі (Ер Төстік). Ерназардың азығы таусылды
Достарыңызбен бөлісу: