335
Ылдидың аңын шалар ма? («Асқар,асқар,асқар тау» Шалкиіз).
Өлең үзіндісіндегі еспе қайталау – «асқар тау» тіркесі. Қайталаудың бұл түрін қолданғанда сөз
пысықталған әрі нақтыланған болады.
Тіл білімінде синтаксистік қайталаудың да мәні зор.
Себебі жоғарыда аталған
қайталаудың түрлері сөйлем ішінде де кездесуі мүмкін. Бұл туралы тұжырымды ғалым Р.Әмір
жасаған болатын.
Синтаксистік қайталау
дегеніміз – синтаксисте белгілі бір сөйлем мүшесін
қайталау арқылы белгілі бір коммуникацияны іске асыру. Ол қайталаудың бірнеше мақсатын
айқындайды. Бірінші мақсат – баяндауыштарды қайталау арқылы қимыл ұзақтығын білдіру,
екінші мақсат – актуализация, яғни ерекше ескеріп, назар аудару. Ең алдымен, синтаксистік
қайталау амалының қолданыстағы сипатын байқап көрелік. Мысалы:
–«Сөздің қысқасы, – деді ол Балуанға, – бұлар сенің күшіңе қызығады. Бес-алты ай цирк
балуандарынан күрес әдісін оқисың дейді, содан кейін циркке балуан боласың дейді, алтынға
бөленесің дейді..» («Балуан Шолақ» С.Мұқанов).
Көркем шығармадан алынған сөйлемнің ішінде баяндауыштың құрамындағы «дейді» көмекші
етістігінің үш рет қолданылуы арқылы қимылдың ұзақ әрі қарқынды болғанын көреміз. Бұны
кейде
қимылдың интенсивтілігі
деп те атайды.
Енді басқа да сөйлем мүшелерінің жұмсалуына назар салайық. Мысалы:
– Аспан қайда, жер қайда – ешкім ажырата алмастай... («Аңыздың ақыры» Ә.Кекілбаев).
Шығармадан алынған үзіндіде «қайда» деген сұрау есімдігі арқылы жасалған пысықтауыш
мүшенің қайталануы көрінеді. Бұл жағдайда
қайталау ерекше ескеріп, назар аударту үшін
пайдаланылып отыр. Сонымен қатар, қайталау бір сөйлемнің деңгейінде ғана емес, бірнеше
сөйлемнің, тіпті мәтіннің деңгейінде кездесіп, белгілі бір қызметтер атқара алады.
Бұл жөнінді ғалым М.Серғалиев сөз қозғаған болатын. «
Күрделі синтаксистік тұтастық
дегеніміз
– синтаксистік және мағыналық жағынан байланысқан сөйлемдер тобы [8,240]», –
дей келе, аталған байланысқа қайталау амалы себепкер бола алатын жағдайлар бар екенін
көрсетеді. Оларды анафоралық қайталау жолымен жасалған параллельді күрделі синтаксистік
тұтастық деп атап, былайша бөледі:
бастауыштың, баяндауыштың қайталануы арқылы
жасалған параллельді күрделі синтаксистік тұтастық. Алайда, біз баяндауыштың қайталануы
арқылы жасалған параллельді күрделі синтакситік тұтастықты анафоралық қайталау жолымен
жасалған ПКСТ-қа жатқызбас едік. Себебі, баяндауыштың позициясы сөйлемнің соңында, ал
бұндай позициядағы қайталаудың атауы ғылымда эпифоралық қайталау деп аталады.
Мысалы:
– Көз алдына сегіз қанат ақ үйдің қақ төрінде қан күрең қырмызы бөстектің үстінде күрең
бұйра үнді шәйін сораптап тартып отырған Мәті келеді, шынашағын шошайтып шәй құйып
беріп отырған Пәтшәйім келеді. Оның миығына бір сондай сүйкімді, сондай сұсты, сондай
тәкаппар күлкі іліккен албыраған алқызыл еріндері мен көкірегіңді шоқ боп қаритын нәркес
кездері келеді, шыны аяғыңды беріп жатып, көзінің астымен қарап қымсына күлгені келеді.
Өзінің сонда ішінен қатты қысылғаны, артынан бірнеше күн бойы басы қатып көп ойланғаны
келеді («Үркер» Ә.Кекілбаев).
Берілген күрделі синтаксистік тұтастыққа параллельдік мән үстеп, мағыналық, синтаксистік
байланыс ұйымдастырып отырған – «келеді» баяндауышы.
Осы орайда, бұл үзіндіні
эпифоралық қайталау жолымен жасалған параллельді күрделі тұтастық деп атаймыз. Енді
төмендегі мысалға зер салайық:
– Ол да осындай шыжыған шілде күнітұғын. Ол да осындай жал-жалдың басында
сапырылысып сағым жамырап жатқан бесін қезітұғын. Бесін кезі бейсаубат жол шеккен
жүргіншіге қауіп деуші еді
.
Өйткені бесін кезінде күні бойғы
шыжғырған ыстықтан қалқа-
қалтарыс сағалап, бұғып-бұғып алған тірі мақұлықтың бәрінің орынын қайдағы бір ібіліс,
әзәзілдер жайлап, асыр салып ойнақтап мәре-сәре болады деуші еді
.
(«Үркер» Ә.Кекілбаев)
Үзіндіде бастауыштың қайталануынан бөлек, баяндауыштың құрамындағы көмекші
етістіктің де қайталануы бар. Яғни бұл мәтін анафоралық және эпифоралық қайталау арқылы
жасалған күрделі синтаксистік тұтастық деп аталады.
336
Қорытындылай келе, ғалымдардың бірқатары
қайталауға қайталақтау, бірқатары
қайталама, бірқатары қайталау деген атау берген. Тіпті басқа құбылыстың атауымен
редупликация деп те атаған. Біз редупликацияның анықтамасын бере отыра, оның қайталаудан
айырмашылығын көрсеттік. Осы орайда, ғалымдардың
тұжырымдамасы бойынша
қорытынды жасайтын болсақ: «
Қайталау дегеніміз
– поэзияда және прозада барлық тіл
деңгейлерінің тілдік бірліктерінің түрлі мақсатта қайталануы».
Жоғарыдағы мәселелер қайталаудың қай ғылымның аспектісінде қарастырылуына
қатысты туындаған болатын. Осы тұрғыдан келгенле, біз қайталауды тіл білімінің аспектісі
ретінде
алғандықтан, қайталау деп атап, оның тілдің әрқилы деңгейлеріндегі түрлеріне
тоқталдық. Оның ішінде Р.Әмір және М.Серғалиев сынды ғалымдардың зерттеулерін арқау
ету барысында қайталаудың синтаксистегі орны айқындалды деп ойлаймыз.
Сонымен, адам күнделікті өмірде өзінің ойын басқа адамға жеткізу үшін ғана емес, әсер
ету үшін де сөйлейді. Қайталау осындай мақсатта жүзеге асатын процестердің бірі болып
саналады. Сондықтан оның көркемдегіш құрал ретіндегі рөлі,
адамның эстетикалық таным
деңгейін көрсетуіндегі маңызы зор.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1
Байтұрсынов А. Шығармалары: Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. (Құраст. Шәріпов Ә.,
Дәуітов С.) – Алматы: Жазушы, 1989. – 320 б.
2
Кеңесбаев С. Жанұзақов Т. Тіл білімі терминдерінің орысша-қазақша сөздігі. – Алматы:
Ғылым, 1966. – 208 б.
3
Виноградов. В. Редупликация // Лингвистический энциклопеди- ческий словарь. –
Москва. 1990. – 408 с.
4
Кенесбаев С. Исследования по казахскому языкознанию. – Алма-Ата: Наука, 1987. –
352 с.
5
Амиров Р. Особенности синтаксиса казахской разговорной речи. – Алма-Ата: Наука,
1972. – 180 с.
6
Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. –Алматы: Мектеп, 1964. –252 б.
7
Сыздық Р. Сөз құдіреті. – Алматы: Санат, 1997. – 224 б.
8
Серғалиев М. Синтаксистік зерттеулер. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2004. – 384 б.
Достарыңызбен бөлісу: