Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы



Pdf көрінісі
бет181/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   532
да, аштықта жейтін тамақ таппады (Ер Төстік). 
Біздің ойымызша, жалғаулықты салалас сөйлеммен жалғаулықсыз салаластың арасында 
айырмашылық бар. Жалғаулықтар салалас құрмалас сөйлемнің сыңарларын байланыстырады, 
әрі олардың арасындағы мағыналық қатынастардың айқын, анық болуына қызмет етеді. 
−Да жалғаулық шылау арқылы жасалған екі сөйлемде де ыңғайластық немесе мезгілдік 
қатынасты бірден аңғаруымызға болады. 
Қазіргі тіл білімін зерттеген ғалымдар арасында салалас құрмалас жүйесінің жалпы 
құрмалас сөйлемнің зерттеулерінде өте ертеден келе жатқаны жайында айтылып келеді. Ол 
туралы Н. Сауранбаев, С. Алиев, И. Тасанов, Қ. Өмірәлиев, М. Залиев және т.б. ғалымдардың 
еңбектерінде қазіргі қолданыстағы көп компонентті салалас құрмалас деп айтылып жүрген 
түрінің бұрыннан-ақ танылғандығын айтуға болады.
Осы тұста ғалым М.Залиевтің: «Мұндай сөйлемдер V–VIII ғасырлардағы Орхон-
Енисей тілінде-ақ жақсы дамығандығын көреміз. Ол жырлардан көп жылғы құрмалас 
сөйлемнің барлық түрлерін таба аламыз» деген тұжырымына келіспеске болмас [2;784-бет]. 
Көп компонентті салалас құрмалас сөйлемнің өте ежелден-ақ белгілі болып, қолданып 
келген тілдік құбылыс екенін аңғарамыз. Негізінен көп компонентті салалас құрмалас 
сөйлемдердің мақал-мәтелдерде, жұмбақ, ертегілерде жиі кездесетінін көруге болады.
Мысалы: 
Самұрықтың екі басы бар екен, бір басы адамдікіндей, бір басы құстікіндей
(«Ер 
Төстік» ертегісінен). 


338 
Көп компонентті салалас сөйлемдер құрамының мағыналық-құрылымдық 
ерекшеліктеріне қарай 
ашық құрылымды
және 
тұйық құрылымды
болып екіге бөлінеді. Ашық 
құрылымды көп компонентті салалас құрмалас сөйлем компоненттері өзара бірыңғай 
мағыналық қатынаста және құрылымы жағынан да біртектес болып құралады. Сол себепті де 
олардың компоненттерінің саны шексіз болып келеді.
 
Мысалы, төменде сөйлем жақ жағынан, 
шақ жағынан бірдей қолданылған 6 (алты) сөйлемнен тұратын шексіз көп компонентті немесе 
көп сыңарлы салалас құрмалас сөйлем берілген. Олар мағыналық, құрылымдық, 
интонациялық тұтастыққа құрылған. 
1. Ол мейлінше қайырымды болыпты, 
Жылағанды жұбатыпты, 
Қысылғанға жәрдем беріпті, 
Өзімдікі дегенді білмепті, 
Жатсынуды сүймепті, 
Табысына ел ортақ болыпты
(«Керқұла атты Кендебай» ертегісінен). 
Бес компоненттен тұратын салалас құрмалас сөйлем. III жақта қолданылған. 
 2. Ерназардың сегіз ұлы сол кеткеннен хабарсыз кетеді, айлар өтеді – келмейді
жылдар өтеді – келмейді (Ер Төстік). 
Тұйық құрамды көп компонентті салалас құрмалас сөйлемнің компоненттері әртүрлі 
мағыналық қатынаста және түрліше құрылымда беріледі. Сол себепті де мұндай сөйлемдегі 
ақпарат, хабар немесе мәліметтің көлемі шектеулі болады. 
Көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдер бірыңғай мағыналық қатынаста да, 
әрыңғай қатынаста да қолданыла береді. Олардың мағыналық қатынастарының бірыңғай және 
әрыңғай болып келуі құрамындағы сөйлем санына тәуелді болмайды. Керісінше мағыналық 
қатынас сөйлемнің тікелей мазмұнына байланысты болады. 
Көп компонентті салалас сөйлемдегі алғашқы компонент пен келесі тұрған компонент 
мезгілдік қатынасты білдірсе, соңғы сөйлемі мен алдыңғы сөйлемі қарсылық мағынаны беруі 
әбден мүмкін. Сол себепті де оларды мағыналық қатынастарына қарай жіктеу мүмкін емес 
[3,110]. Р.Әмір, Ж.Әмірова айтқандай, мына сөйлемдердің мағыналық қатынастары әртүрлі, 
олар тек қана қарсылықты қатынасты білдіріп тұрған жоқ. 
−Жаным алыста, бірақ оны өзіммен бірге сақтамаймын, Борықты бұлақтың басында 
қырық елік жүреді, соның ішінде қайқы қаракер елік бар, қайқы қаракер еліктің ішінде тоғыз 
қара сандық бар, сол сандықтың ең кішісінің ішінде тоғыз балапан бар, сол тоғыз менің жаным 
болады 
(Ер Төстік). 
Осы мәселе туралы К. Садированың 1997 жылы «Қазіргі қазақ тіліндегі көп 
компонентті салалас құрмалас сөйлемдер» деген тақырыпта жазған еңбегі бар.
 
Егер еңбектегі 
мағлұматтарды басшылыққа алсақ, көп компонентті салалас сөйлемдер төмендегідей үлгіде 
де қолданылатынын көреміз. Компоненттері сөйлемнің сан жағынан шектеусіз болады.
Мысалы:
 
 Кендебай ай сайын емес, күн сайын өсіпті, алты күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті, 
алты жылда алып жігіт болыпты; сондай күшті болып, алысқанын алып ұра бepiптi
күрескенін жыға бepiптi, шьңырау құдыққа құлаған атандарды жалғыз тартып шығара 
бepiптi, аң аулап, әкесіне жәрдемдеспті бара- бара құлан атыпты; құралайды көзінен 
тигізген мерген болыпты; арқар мен киікті, құлан мен маралды мая- мая үйіп тастапты 
(Керқұла атты Кендебай)
.
Проф. Т.Қордабаевтың еңбегінде де жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемді іргелес 
салалас құрмалас сөйлем деп бөлушілік бар [4;51-бет]. Жалғаулықты салалас сөйлеммен, 
жалғаулықсыз немесе іргелес салалас сөйлемнің әрқайсысының өзіне ғана тән белгілері бар. 
Солардың бірі жиі қолданыстағы анофористік сөз, анофоризм қызметінде көбінесе есімдіктер, 
енді бірі арнайы баяндауыштық формалар және бір сөздің қайталануы арқылы да 
қолданылады. Мысалы: Біреуге басыңмен қадірлісің, Біреуге асыңмен қадірлісің. Су тасты 
бұзады, Өсек досты бұзады [Нақыл сөз]. 


339 
Т.Қордабаевтың пікірінше, баяндауыштары қайталанған жалғаулықсыз немесе іргелес 
салалас сөйлемдер жігіне ешқашан жалғаулық шылау қолданылмайды. 
Ойымызды қорытындыласақ, салалас құрмалас сөйлем, көп компонентті салалас 
құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдер жалғаулықтар арқылы да, жалғаулықтарсыз да 
байланыса береді [5;160-бет]. Коммуникативтік мақсатқа сай жалғаулық арқылы және 
жалғаулықсыз қолданылуы сөйлемнің мағыналық қатынасын нақтылау үшін қажет. 
Көп компонентті салалас сөйлемнің құрамындағы компоненттер теңбе-теңдік қатынаста 
салалаласып байланысады. Салалас сөйлемнің құрылымында тең дәрежедегі компоненттер 
ғана тіркеседі. Олар бірнеше предикативтік орталықтан тұрады. Бұл олардың жеке-жеке 
қолданылуына да мүмкіндік береді. Демек, әр сөйлемді жеке- жеке жай сөйлем ретінде де 
қолдана беруге де болады. Бірақ жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің арасында 
айырмашылықтар ескерілуі керек.
«Предикатив сыңарларының баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, белгілі бір 
лексика-грамматикалық тәсілдер арқылы мағыналық, құрылымдық, және интонациялық 
тұтастықта тұратын құрмалас сөйлем түрін салалас құрмалас сөйлем дейміз» [2;692-бет]. Осы 
анықтаманы жай сөйлеммен құрмалас сөйлемнің межесін нақтылауда қолдануға болады. 
Бір-бірімен берік байланысқан компоненттердің синтаксистік мағыналары мен қызметтері, 
компоненттердің орналасуы мен жалғаулықтардың көмегімен сөйлемдердің берілуі 
құрмаластың түрлерін және берілу тәсілін анықтауға мүмкіндік береді.
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. – Алматы, 1992. – 448 б. 
2. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. – 784 б. 
3. Әмір Р.С., Әмірова Ж.Р. Қазіргі қазақ тілі құрмалас сөйлемдер жүйесі: Оқулық. – Алматы: 
Қазақ университеті, 2004. – 110 б. 
4. Қордабаев Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі. Алматы: Санат, 1995.− 176 б. 
5. Садирова К. Қазіргі қазақ тіліндегі көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдер. – Алматы, 
1997. – 160 б. 
6. Көкше өңірінің халық жауһарлары – Көкшетау, Мир печати ЖК 2014- 272 б.
Қосымша әдебиеттер: 
7. Мұхтар Әуезов энциклопедиясы. Ертегілер. – Алматы: «Атамұра», 2011. – 736 б. 
8.. «Алтын сақа» қазақтың қиял-ғажайып ертегілері. – Алматы, 2003. – 250 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет