Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


ЕҢБЕК МИГРАЦИЯСЫ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ БАҒЫТТАРЫН



Pdf көрінісі
бет522/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   518   519   520   521   522   523   524   525   ...   532
ЕҢБЕК МИГРАЦИЯСЫ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ БАҒЫТТАРЫН 
ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕЛЕРДІҢ РОЛІ 
Хайнулина И. 
Ғылыми жетекші Сокова А.Т. заң ғылымдарының магистры, лектор 
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ. 
anara_250581@mail.ru
  
Еңбек көші-қондарының заңдық сипатын нығайту автоматты түрде көші-қондағы 
заңсыз компоненттерді қысқартады. «Заңды еңбек көші-қонын ұйымдастыру және еңбек көші-
қонының тиімділігін арттыру үшін дамыған елдерде көші-қонды халықаралық және ұлттық 
реттеудің сәтті жұмыс істейтін жүйесі құрылған. Бұл жүйе халықаралық-құқықтық деңгейді 
(халықаралық конвенциялар мен көп және екіжақты мемлекетаралық келісімдерді); еңбек, 
көші-қон саласындағы және аралас салалардағы ұлттық заңнаманы; институционалдық 
базаны (мемлекеттік қызметтерді, халықаралық ұйымдарды, азаматтық қоғам институттарын) 
қамтиды. Ұлттық көші-қон саясатының басымдықтары мемлекет пен қоғамның даму 
стратегиясына, оның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне, бұл елдің мигранттарды 
жіберу-жібермеуіне байланысты. 
Заңды еңбек көші-қонының дамуында мүдделі мемлекеттердің мемлекетаралық және 
ведомствоаралық ынтымақтастығы, сапарға шығар алдындағы дайындық қарқыны (кәсіптік, 
тілдік дайындық, құқықтық және мәдени бағдар); рұқсат беру рәсімдерін оңайлату; еңбекші-
мигранттар құқықтарын қорғау, мигранттардың барған елдерінде бейімделуі мен 
интеграциялануы үлкен рөл атқарады. Әлемде мигранттардың бейімделуі мен 
интеграциялануының, әлеуметтік және еңбек құқықтарын қамтамасыз етудің үлкен тәжірибесі 
жинақталған. 
Мигранттардың шығу және жету елінде жұмысқа орналасуға көмек көрсету, олардың 
құқықтарын қамтамасыз ету, диаспоралар әлеуетін құру және олардың отанымен байланысын 
нығайту бойынша барынша сәтті тәжірибелердің бірі Филиппиндер болып саналады. 
Филиппиндерде жыл сайын шетелге жұмысқа 8 миллиондай еңбекші-мигрант шығады, 
мигранттарды жұмысқа орналастыру мен құқықтарын қамтамасыз етудің барша жүйесі 
ондағы мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарды қамтиды, Еңбек министрлігінен және 
жекеменшік жұмыспен қамту агенттіктерінен бастап мигранттар мәселелері жөніндегі 
атташеге дейін. Сингапур мен Филиппиндердегі еңбек көші-қонын реттеудің дамыған 
институционалдық базасы – Қазақстандағы институционалдық өзгерістер үшін оң мысал 
[1]36. 
Көші-қонның заңды арналарын ұйымдастыру үшін көптеген елдерде еңбекші-
мигрантқа кіруге рұқсат жұмыс берушімен оның жұмысқа орналасуы туралы қол қойылған 
келісім-шарт негізінде беріледі. Бұл ретте халықаралық үлгідегі немесе тиісті жолмен 
расталған білімі туралы дипломы (сертификаты) болуы қажет. Австралияға, Канадаға және 
АҚШ-та уақытша және тұрақты жүрген иммигранттардың санын реттеу үшін квоталар 


984 
енгізілген. 2000 жылдары уақытша білікті қызметкерлер үшін квота Германия мен Норвегияда 
енгізілді. 
Көптеген елдердің заңнамасы шетелдік қызметкерлердің олардың аумағында 
болуының ең үлкен мерзімдерін белгілейді. Келісім-шарт аяқталғаннан кейін елді тастап шығу 
немесе өзінің болу мерзімін ұзарту туралы рұқсат алуы қажет. Дәс осындай шетелдік 
қызметкерлердің еңбек қызметін квоталау мен шектеу жүйесі Қазақстан заңнамасында да бар. 
Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның жәрдемімен шетелдік жұмысшы күшін 
тарту мен ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесі зерделенді. 
Мәселен, АҚШ-тың ұлттық экономикасында еңбек мигранттары жұмысшы күшінің 
едәуір бөлігін құрайды. Бұл ретте еңбекші-мигранттарды тартуды қамтамасыз етудің негізгі 
екі схемасы қолданылады: 
1) еңбекші-мигрант, яғни жұмыс беруші американдық компанияның шақыруымен елге 
тұрақты жұмысқа келетін адам мәртебесін алу. Жыл сайын еңбек көші-қонына 140 мың рұқсат 
бөлінеді; 
2) уақытша қызметкер ретінде кіру, оның болу уақыты АҚШ-та шектеулі. Бұл санат 
үшін сандық шектеулер белгіленбеген. Мұндай мигранттар әдетте маусымдық ауыл 
шаруашылық жұмыстарына, тез бұзылатын жеміс-жидектер мен көкөністерді жинау үшін, 
курортты қалалардың қызмет көрсету және ойын-сауық орталықтары қызметкерлері, үй 
қызметкерлері ретінде тартылады. 
Шетелдік жұмысшы күшін жіберудің дұрыстығы мәселелерін АҚШ Еңбек министрлігі 
қарайды, ол еңбек нарығындағы жағдайға қарап шешім қабылдайды. Бұл ретте мигрантты 
уақытша жұмысқа жіберу туралы мәселенің түпкілікті шешілуі едәуір дәрежеде иммиграция 
және натурализация қызметіне байланысты болады. Жұмыс берушінің өтінімі мақұлданған 
жағдайда құжаттар мемлекеттік департаментке жіберіледі, ол уақытша кіретін қызметкерлерге 
виза рәсімдейді. 
Анағұрлым қатаң ұстаным 2006 жылғы «Иммиграция туралы» Француз 
Республикасының Заңымен белгіленеді. Еңбекші-мигранттарды тарту кезінде жұмыс беруші 
жұмыс орнының француз азаматтарын қызықтырмағанын дәлелдеуге тиіс. Сонымен бірге, 
ерекше оңайлатылған кіру режимі белгіленген кәсіптер тізімі айқындалған. Бұл артистер, 
спортшылар, инженерлер, мәдениет және өнер қайраткерлері. Еңбек ресурстарын есепке 
алудың нақты жүйесі енгізілген, соның шеңберінде елге тек француз экономикасына керек 
жұмысшылар ғана кіре алады. Бұған қоса білікті және талантты мамандар үшін арнайы карта 
ресімдеу көзделеді. 
Ресей Федерациясында қолданылатын еңбек патенттерін беру Қазақстан 
Республикасына енгізу үшін барынша қолайлы болып табылады. 2010 жылы «Ресей 
Федерациясындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» Федеральдық заң 
«Шетел азаматтарының жеке тұлғалардағы еңбек қызметінің ерекшеліктері» атты 13.3-баппен 
толықтырылды, ол жеке тұлғаларда жалданып жұмыс істейтін шетелдік жұмысшылардың 
еңбек қызметін еңбек патентінің негізінде жүзеге асыруын көздейді. Патенттерді шетелдікке 
Ресей Федерациясының федеральдық көші-қон қызметінің аумақтық бөлімшелері береді. Бұл 
ретте жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері ұсынылады, елде болуының 
заңдылығы расталады (көші-қон картасы). Он күн ішінде федеральдық көші-қон қызметі 
патент беру немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды. Оң шешілген жағдайда шетелдік 
төленгені туралы түбіртектің көшірмесін ұсынады. Патенттің қолданылу мерзімі – 1 айдан 3 
айға дейін және бір жылға дейін мерзімін ұзартуға болады. Ұзарту үшін негіздеме тіркелген 
аванстық төлемнің төленуі туралы түбіртек болып табылады, бұл ретте шетелдіктің болу 
мерзімі жеке өтініш жасаған жағдайда тағы бір жылға дейін ұзартылуы мүмкін. Шектік мерзім 
шектелмеген. Еңбек патенттері жүйесін енгізу көші-қондық бақылаудың тиімділігін 
арттыруға мүмкіндік берді, сондай-ақ Ресейдің мемлекеттік бюджетіне қомақты түсім алып 
келді. 
Еңбекші-мигранттар құқықтарын қорғау және Қазақстанда заңсыз еңбек көші-қоны 
фактілерін болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Парламентіне 


985 
Ресей Федерациясында қолданылатын еңбек патенттері жүйесі тәжірибесін қабылдауды және 
кейбір заңнамалық актілерге еңбек көші-қоны мәселелері бойынша тиісті өзгерістер мен 
толықтырулар енгізуді ұсынамыз. 
Ешкім де еңбек құқықтарын іске асыру кезінде жынысына, жасына, дене 
кемшіліктеріне, нәсіліне, ұлтына, тіліне, мүліктік, әлеуметтік және лауазымдық жағдайына, 
тұратын жеріне, дінге қатынасына, саяси көзқарастарына, руға немесе тайпаға, қоғамдық 
бірлестікке жатуына қарамастан ешқандай кемсітіле алмайды. Осы еңбекке тән талаптармен 
анықталатын не болмаса мемлекеттің жоғарылатылған әлеуметтік және құқықтық қорғауға 
мұқтаж адамдар туралы ерекше қамқорлығымен туындаған айырмашылықтар, айрықша 
ережелер, артықшылықтар және шектеулер кемсітушілік болып табылмайды. Еңбек 
саласындағы кемсітушілікке ұшырады деп саналатын адамдар Қазақстан Республикасының 
заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа немесе өзге инстанцияларға жүгінуге құқылы» . 
Осылайша, Қазақстан Республикасы Конституциясына, заңдарына және халықаралық 
келісім-шарттарға сәйкес еңбекші-мигранттардың құқықтары мен бостандықтарының 
кепілдігін, қорғалуын қамтамасыз етуде. 
Жергілікті қызметкерлер мен еңбекші-мигранттардың еңбек шарттары мен еңбегі үшін 
сыйақылары ҚР заңнамасының бір нормаларымен және ережелерімен реттеледі. Іс жүзінде 
еңбекші-мигранттармен еңбек келісім-шартын жасау мүмкіндіктері жұмыс беруші уәкілетті 
мемлекеттік органнан арнайы рұқсат алғаннан кейін ғана пайда болады. 
Әдебиет 
1.
2010 жылғы 5 шілдедегі № 512-IV «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан 
Республикасының Заңы // «Параграф» АҚЖ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   518   519   520   521   522   523   524   525   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет