Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет31/43
Дата18.09.2022
өлшемі0,68 Mb.
#39378
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43
3. Жақша ішіне алынған ы, і әріптерінің сол сөзде жазылатын, жазылмайтынын анықтап, 
себебін түсіндіріңіз. Жан теб/і/рентер әсем музыка, ырғақты вальс ойналды. Екі қария қуаныштан 
жүректері жар/ы/ла жаздап есікке жарыса ұм/ы/тылды. Әкем малдан келген соң жас күшікті ары-бері 
айналд/ы/рып ұзақ қарады. Бау/ы/рын кӛтеріп ана сүтіне жарып болды-ау деген шақта мен барып 
күшікті үйге әкелдім (Д.И.). Бәрі-бәрінен неше алуан қаз/ы/на шүмектеп құйғандай болып, Қарқара 
жазығына ақтар/ы/лып жатыр (М.Ә.).
Негізгі әдебиеттер: 1, 2-8, 10-15, 19-22. 
Қосымша әдебиеттер: 1-8, 9-15, 16, 17, 18, 21, 25. 
 
№3 СӚЖ. Дауысты дыбыстарды жасауға қатысатын сӛйлеу мүшелері
Тапсырма 
1. Дауысты дыбыстың, әріптің сөз ішінде қолданылуына, қай орында (қай буында) 
тұрғандығына, қандай дыбыстық мағынада жұмсалғандығына түсінік беріңіз. Ынсап, рақым, ар, ұят 
табылмаса, ӛлген артық дүниені былғағаннан (Ш.Қ.). Екі жағдайда сӛйлейтін бол: не ӛзіңнің сӛйлер 
нәрсеңді айқын ойланып алғанда немесе бір нәрсе жайында айту қажет болғанда, ӛйткені тек осы 
жағдайда ғана үндемегеннен сӛйлеген жақсы, ал қалған жағдайларда сӛйлегеннен сӛйлемеген 
анағұрлым артық (Сократ). Ұлық болсаң кішік бол, кӛптен қол үзбе, асып-таспа, кӛпке топырақ 
шашпа, қандай іс қылсаңда кӛппен кеңес.
2. е, ы, і, и, у әріптері қандай мағынада қолданылып тұрғанын көрсетіңіз, себебін түсіндіріңіз. 
Сайдың іші ит тұмсығы ӛтпестей боп сыңсып ӛскен, ну жыныс қалың ағаш: күміс жапырақты кӛк 
теректен бастап қайың, үйеңкі, қарағаштың бірнеше түрі итмұрын, ең аяғы жабайы ӛскен шілік 
талдарға дейін бар, жап-жасыл боп тұнып, арбап тұрады. Ен даланы саршұнақ аяз жайлады, үскірік 
есті. Боран оңынан соққан, үскірік солынан есті. Бет қаратпайды, жалап тұр, жалап тұр (С.Мұр.). 
3. Әр сөздегі дауыстыларды әуелі тілдің қызметіне қарай, одан соң жақтың ашылуы қалпына 
қарай, ең соңында ерін қызметіне қарай топтастырыңыз. Әр топтағы дауысты дыбыстар 
құрамының өзгеруіне назар аударып, сипаттама беріңіз. Ӛз ойының ауыртпалығы Абайға барлық 
тірлікті соншалық тойымсыз, жалған етіп кӛрсетті. Тоқырау ӛтіп, күзектегі ел күземін де алып болды. 
– Елге ӛнер білім керек. Оқу, тәрбие керек. Ендігі заман кең жайылыс, ұзақ ӛріске сеніп,қалың ұйқыны 
қуат біліп жататын заман емес. Ӛзге ӛнерлі елден оқып, үлгі алудың заманы, – дейді (М.Ә.). 
4. Дифтонг сападағы дауыстыларды ажыратып, олардың жалаң (монофтонг) дауысты 
дыбыстардан негізгі айырмашылығын көрсетіңіз, тұрған орнына қарай бірде жалаң, бірде дифтонг 
сапада айтылатын дауыстыларды еске түсіріп, сол дыбыстар қатысқан сөздерді теріп жазыңыз да, 
жалаң (монофтонг) не дифтонг сапада айтылып тұрғанын түсіндіріңіз. Аспан күн сайын, бір ауық 
кірбең тартып сұрланады, кейде күн ұзын, тіпті екі күн, түн ұдайынан сұр бұлт қаптайды. Тұман 
оралып, суық дүлей желге де айналады. Қалың бұлт кӛшкін салқын жауынға, ақ жауынға ауысқан 
күндер де болды. Мӛлдір сулы Ертіс қазір жиі-жиі құла суланып қалады. Кӛшелерде біресе шаң 
бораса, біресе жауын селінен лайсаң боп жүргінші адам сирей береді (М.Ә.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет