Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі м. БӨкенбаев атындағы ақТӨбе заң институты



Pdf көрінісі
бет13/216
Дата06.01.2022
өлшемі7,29 Mb.
#15950
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   216
Байланысты:
СБОРНИК-6-апреля

Шарль Луи Монтескье 
 
Сыбайлас жемқорлық мәселелерін көтеріп жүрген көптеген әдебиеттерде:  «Сыбайлас жем-
қорлық  —  (латын  тілінен  «соrruptio»  —  пара  беріп  сатып  алу,  құқық  бұзу,  құлдырау  деген 
мағынаны  білдіреді)  деп  қоғамдық  және  саяси  қызметкерлердің,  лауазымды  тұлғалардың  сат-
қындығын, оларды сатып алуды, яғни саяси, экономикалық, әскери және тағы басқа да салалар-
дағы  қызметкерлердің  қолындағы  билігінің  мүмкіндіктерін  және  қызмет  бабын  жеке  басын 
байыту мақсатында пайдалануын», – айтады. 
А.Н. Ағыбаевтың пікірінше: «Сыбайлас жемқорлық — бұл кез келген лауазымды тұлғаның 
өзіне және тағы басқаларға заңсыз жолмен пайда әкелу мақсатында жасаған қылмысы
1

Жалпы жемқорлық түсінігі қызметтік лауазымды жеке мүддеге пайдалану деген мағынаны 
береді. Жемқорлық, әсіресе, мемлекеттік органдарда қауіпті болып табылады. Өйткені жемқор-
лық мемлекеттік басқару жүйесін бұзады, экономиканың дамуына шектеу қояды, әсіресе эконо-
мика саласында ұйымдасқан қылмыстың өсуіне мүмкіндік береді.  
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықты екі тараптың арасындағы «мәміле» деп тұжырым-
дауға болады, оның бірі — өз лауазымдық өкілеттігін заңға қарсы пайдаланатын мемлекеттік не-
месе жеке қызметте жұмыс істейтін тұлға, екіншісі  — мемлекеттік немесе жеке құрылымды өз 
басының  пайдасы,  яғни  материалдық  жағдайын  көтеру,  артықшылық  алу,  заңда  көзделген 
жауапкершіліктен таю тағы үшін пайдаланатын адам.  
Жемқорлық  субъектілерінің  қызметтік  бабын  өз  басының  пайдасына  пайдалануына,  пара 
беруші  мен пара алаушының мәртебесіне, пара берушінің өзіне алған пайдасына, пара берудің 
мақсатына,  сыбайлас  жемқорлықтың  таралуы  мен  жасалу  жиілігіне  қарай  жемқорлық  түрлері 
мен типологиясы бірнеше топтарға бөлінеді.   
Көбіне пара беруші өзінің мақсатын көздейді, мысалы бір жұмысты тездету үшін пара беру 
(пара алған адам бір істі жедел орындауы тиіс) немесе, керісінше, тежеу үшін пара беруі (пара 
алған адам бір істің орындалуын тоқтатуы тиіс, сөйтіп өз қызметтік міндеттерін бұзады). 
Пара  беруші  кез  келген  адамның  өз  бетінше  әрекет  етуі    орталықтандырылмаған  жемқор-
лыққа, ал  «төменнен жоғары жаққа қарай», яғни төменгі  сатыдағы шенеуніктер жинаған пара-
сын  өзара  және  жоғары  тұрған  басшылықпен  бөлісетін  жемқорлық  —  орталықтандырылған 
жемқорлыққа жатады. 
Биліктің төменгі және ортанғы сатыларында кездетін парақорлық. 
Жоғары қызметтегі шенеуніктер және саяси қайраткерлер арасында кездесетін жемқорлық. 
Көне  заман  тарихына  көз  жүгіртетін  болсақ,  алғашқы  және  ерте  таптық  қоғамдарда 
абыздарға, көсемдерге, әскербасыларына көрсеткен көмегі, қызметі үшін төлемақы беру әдетте-
гідей  норма  болып  қабылданғаны  мәлім.  Жоғары  шенде  тұрған  басшылар  қарамағындағы 
төменгі шендегі қызметкерлердің белгіленген бір төлемақыға риза болғанын талап ете бастады, 
яғни олар белгілі бір көлемде жалақы алатын болды. Ал төменгі шендегі қызметкерлер лауазым-
дық  міндеттерін  орындау  барысында  көрсеткен  қызметі  үшін  жасырын  түрде  қосымша  төлем 
талап  еткен.  Біздіңше  осы  құбылысты  сыбайлас  жемқорлықтың  алғашқы  белгілері  деп  қарас-
тыруға болады. 
Антик  қоғамы  (көне  грек  қала-мемлекеттер,  республикалық  Рим)  тарихының  ерте  зама-
нында кәсіби мемлекеттік шенеуніктер болмаған, сондықтан сыбайлас жемқорлық құбылысы да 
жоқтың қасы еді. Бұл құбылыс антик қоғамы құлдыраған дәуірде кең өріс ала бастады. Осы кез-


18 
де рим құқығында «corrumpire» деген термин пайда болып, «бүлдіру», «біреуді сатып алу» деген 
мағынаны  білдіріп,  билікті  асыра  пайдаланушылық  жағдайы  болған  кезде  қолданылған.  Мем-
лекет неғұрлым орталықтандырылған болса, соғұрлым азаматтардың мемлекеттік деңгейдегі істі 
өз бетінше шешуі шектеулі болады, осыған орай төмендегі және жоғарыдағы шенеуніктер қатаң 
қадағалаудан  босағысы  келген  адамдардан  жасырын  түрде  пара  алып,  сөйтіп  заңды  бұзушы-
лыққа  жол  беріледі.  Сыбайлас  жемқорлықтың  осындай  «төзімді  нормасы»  әсіресе  өндірістің 
азиялық  тәсілінде  байқалады.  Сөйтіп,  Артхашастраның  авторы  сараң  шенеуніктердің  мемле-
кеттік мүлікті талан-таражға салудың 40 тәсілін көрсеткен. 
Сыбайлас  жемқорлықтың  жаңа  қарқынмен  кең  өріс  алуы  ХІХ  ғасырдың  соңы  мен  ХХ 
ғасырдың  басына  келеді.  Бір  жағынан,  іс-шараларды  мемлекеттік  реттеу  дәрежесі  көтеріліп, 
осыған орай, шенеуніктердің билігі күшейе түсті. Екінші жағынан, ірі кәсіпкерлік пайда болып, 
олар өз мақсатына жету үшін «мемлекетті сатып алуға» кірісті. Дамыған елдерде (Екінші дүние-
жүзілік  соғыстан  кейін  Батыс  Еуропа  елдерінде)  саяси  партиялардың  маңызы  өскен  сайын 
партиялық сыбайлас жемқорлық кең етек ала бастады. ХХ ғасырдың екінші жартысында «үшін-
ші әлем» елдері саяси дербес ел болып дамыған кезде, олардың мемлекеттік аппараты алғашқы 
кезден  бастап  сыбайлас  жемқорлық  жолына  түскен  еді.  «Үшінші  әлем»  елдерінде  «төменнен 
жоғары  жаққа  қарай»  сыбайлас  жемқорлық  түрі  кездеседі,  бұндай  жағдайда  парақор  басшы  өз 
кінәсін  мойындамай,  қарамағындағы  қызметкерлерді  жазаға  тартады.  Сондай-ақ  «жоғарыдан 
төменге қарай» сыбайлас жемқорлық түрі де болған, бұндай жағдайда жоғары қызметте тұрған 
шенеуніктер  ашық  түрде  пара  алып,  алған  парасымен  қарамағындағы  қызметкерлермен 
жартылай  бөліскен  (сыбайлас  жемқорлықтың  осындай  жүйесі  Оңтүстік  Кореяда  байқалады). 
«Үшінші  әлем»  елдерінде  (Филлипинде,  Парагвайда,  Гаитиде,  Африканың  кейбір  елдерінде) 
клептократиялық тәртіп орнаған, бұл елдерде сыбайлас жемқорлық барлық әлеуметтік-экономи-
калық  қарым-қатынасты  қамтыған  және  пара  бермесе  ешбір  іс  орындалмайды.  1990  жылдары 
сыбайлас  жемқорлық  мәселесі  аса  өзекті  мәселеге  айналды.  Осы  кезде  бұрынғы  социалистік 
елдерде сыбайлас жемқорлық аса үлкен қарқынмен дамыды.  
ХХ  ғасырда  сыбайлас  жемқорлық  қарқын  ала  бастады,  олар  мына  бағыттар  бойынша 
дамыды: 
- сыбайлас жемқорлықтың түрі мен формасы көбейе түсті; 
- ауық-ауық түрдегі сыбайлас жемқорлық жүйелі түрдегі сыбайлас жемқорлыққа айналды
- биліктің төменгі сатысында орын алған сыбайлас жемқорлық биліктің жоғарғы сатысында 
кездесетін, одан әрі халықаралық сыбайлас жемқорлық сипатына ие болды. 
Сыбайлас жемқорлық бірнеше себептерге байланысты пайда болады. Әлеуметтік-экономи-
калық себептер. Сыбайлас жемқорлықтың кеңістік ерекшеліктерін талдау кезінде айқындалған-
дай,  елдегі  сыбайлас  жемқорлықтың  өріс  алу  дәрежесі  экономиканың  даму  деңгейіне  тікелей 
байланысты. Алайда керісінше фактіні байқауға да болады. Халықаралық Валюта қоры жүргіз-
ген  зерттеудің  нәтижесі  бойынша  сыбайлас  жемқорлық  ел  экономикасының  дамуына  едәуір 
кедергі келтіреді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық елге келетін инвестициялар легін қысқартаты-
ны,  дарынды  адамдарды  өнімсіз  жұмысқа  тартатыны,  бай  табиғи  ресурстарды  тиімсіз  пайда-
лануға  жол  беретіні,  сонымен  қатар,  сыбайлас  жемқорлық  құрылымдық  экономикалық  өркен-
деуді  арттыруға  бағытталған  реформалардың  жүргізілуін  тежейтіні  айқындалды.  Елдің  табиғи 
ресурстармен (орман, минералдық, су ресурстары) жақсы қамтылуы да сыбайлас жемқорлықтың 
дамуының  бір  факторы  болып  есептеледі.  Білім  беру  жүйесі  экономиканың  өрістеуінің  аса 
маңызды жетістіктерінің бірі болып саналады. Қоғамның білім деңгейі неғұрлым жоғары болса, 
соғұрлым моральдық-адами және құқықтық нормалардың бұзылуы өте сирек кездеседі
2

Сыбайлас жемқорлықтың дамуына ықпал ететін факторлар болады. Солардың біреуі саяси 
факторлар,  бұған  мемлекеттік  құрылымда  болатын  ерекшеліктерді  жатқызамыз.  Қоғамның 
демократиялануына  байланысты  сыбайлас  жемқорлық  «жаңа»  салаларды  игерді,  бұл  —  саяси 
партияларды,  электораттық  лауазымдық  қылмыстарды  қаржыландыру,  сайлауда  сайлаушылар 
дауысының  басым  көпшілігін  алуды  қамтамасыз  ету  үшін  саяси  демеушілер  жүйесін  дамыту. 
Демократияландыру үдерісі саяси қызметті жүзеге асыру үшін орталық биліктің біршама өкілет-
тіктерін аймақтық және жергілікті билікке беруді көздейді, ал бұндай жағдай кейбір басшыларға 
жаңа  конституциялық  өкілеттіктерін  асыра  пайдалануға  мүмкіндік  береді.  Мемлекетте  қоғам-
дық-саяси бостандықтың орнығуы азаматтардың өзін мемлекеттің толық құқылы мүшесі ретінде 
сезінуге, билікті жүзеге асыруға, қоғамның істеріне араласуға бейімдейді.  


19 
Ұйымдық-институционалды  себептер.  Экономика  саласында  мемлекеттің  өкілеттігі  кең 
тараған  жағдайда  сыбайлас  жемқорлықтың  дамуына  алғышарттар  қалыптасады,  ал  бұл  — 
«мемлекет  қоятын  шектеулерден  қашудың  бірден  бір  тәсілі».  Шектеулер  неғұрлым  көп  болса, 
соғұрлым сыбайлас жемқорлық өрістеп, тамыры тереңдей түседі. Билік және сыбайлас жемқор-
лықты бақылау бір-бірімен тығыз байланысты екені баршамызға мәлім. Сыбайлас жемқорлық — 
биліктің қауқарсыздығының көрсеткіші. Нақты институционалды ұйымның болмауы, қызметтің 
егжей-тегжейлі  регламенттенбеуі,  құқық  бұзушылықтың  бақыланбауы  және  жасалған  қылмыс 
үшін  жауапқа  тартылмауы  басқару  аппаратының  қауқарсыздығына  және  сыбайлас  жемқор-
лықтың дамуына әкеп соғады.   
Құқықтық сипаттағы факторлар. Сыбайлас жемқорлық — бұл әлеуметтік жауыздық, бірін-
шіден, мемлекетке үлкен қаржылық нұқсан келтіреді, екіншіден, мемлекеттік биліктің беделіне 
залал келтіреді, үшіншіден, қоғам мен мемлекет билігінің өкілеттіктерін моральдік түрде құла-
тады.  Мемлекеттік  аппараттың  тиімсіз  ұйымдастырылуының  салдарынан  қоғамда  құқықтық 
реттеудің кемшіліктері де орын алады.
                                                 
1
   Ағыбаев А.Н. Ответственность должностных лиц за служебные преступления. Алматы: Жеті жарғы, 1997. 
2
   http://www.ktk.kz/kz/news/video/2018/02/22/90700. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет