Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.Нұрсейітов Э.О. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп. Алматы, «LEM» баспасы, 2010 жыл.
2.В.П.Проскурина. Бухгалтерлік есеп. «Басынан бастап» балансқа дейін. Алматы, ««LEM» баспасы, 2010 жыл.
3.В.П.Проскурина. Бухгалтерлік есеп. «Басынан бастап» балансқа дейін. Алматы, ««LEM» баспасы, 2010 жыл.
4. Р.С.Әбдішүкіров., Б.С.Мырзалиев Бухгалтерлік есеп. Оқу құралы.1-2 томдар.Алматы, 2009.
5.Мырзалиев Б.С., Сәтмырзаев А.А., Әбдішүкіров Р.С. Бухгалтерлік есеп теориясы мен тәжірибесі. Оқу құралы. 2008.
Дәріс №2.Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тесттер
{Өзін-өзі тексеру сұрақтар тізімі немесе тестер}
1.Бухгалтерлік баланс деген не және құрылымы қандай?
2.Бухгалтерлік баланста шаруашылық операциялардың әсерінен қандай өзгерістер болады?
4 Лекция. Шоттар жүйесі және екі жақты жазу.
Лекцияның мақсаты: Бухгалтерлік шоттардың түрлері мен мәні мен маңызы, екі жақты жазу жүйесінің пайда болуын қарастыру.
Негізгі қарастырылатын сөздер: Талдамалы шоттар, Синтетикалық шоттар, талдамалы шоттар, инвентарлық шоттар, қаржылық салымдар шоттары, ақшалай шоттар, ссудалық шоттар, есептік шоттар, капитал шоттары, реттеуші шоттар, операциялық шоттар.
1. Бухгалтерлік есеп шоттары туралы түсінік
2. Бухгалтерлік есеп шоттарының құрылымы мен жіктелуі.
3. Бухгалтерлік есептің шоттар жоспары.
4. Екі жақты жазу әдісін негіздеу, оның бақылаушылық маңызы.
1. Бухгалтерлік есеп шоттары туралы түсінік. Бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулық (негіз) (бұдан әрі - Нұсқаулық) ұйымдарға қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына көшу кезінде жәрдемдесуге арналған. Нұсқаулық бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын (бұдан әрі – шоттардың жұмыс жоспары) әзірлеу жөніндегі жалпы талаптарды айқындайды. Шоттардың жұмыс жоспарын әзірлеу Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік мәселелері жөніндегі заңнамасының талаптарына, осы Нұсқаулыққа және бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бухгалтерлік есепті жүргізу растығы қағидатына сәйкес жүзеге асырылады.
Шоттардың жұмыс жоспары бухгалтерлік есептегі операцияларды тіркеу және топтау жүйесін білдіреді және бухгалтерлік есепті жүргізу үшін қажет синтетикалық және талдамалық шоттардың (қосалқы шотты қоса алғанда) толық тізбесін қамтиды.
Ұйым шоттарының жұмыс жоспары ұйым қызметінің ерекшелігіне сәйкес осы Нұсқаулыққа сай әзірленеді. Ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Нұсқаулықта белгіленген тәртіппен құрылтай құжаттарына сәйкес ұйым қызметінің қажеттіліктеріне негіздей отырып синтетикалық және талдамалық шоттарды ашады.
Шоттардың жұмыс жоспарын ұйымның басшысы бекітеді.
Шоттардың жұмыс жоспарындағы бухгалтерлік есептің синтетикалық шоттары осы Нұсқаулықта елгіленген өтімділікті азайту ретінде ашылады. Шоттардың жұмыс жоспарына Нұсқаулыққа қосымшада анықталған бухгалтерлік есеп шоттары жұмыс жоспарының синтетикалық шоттар топтарының тізбесіне сәйкес ұйымның қызметін көрсету үшін қажет синтетикалық шоттар енгізіледі.
Шоттардың жұмыс жоспарындағы бухгалтерлік есеп шоттарының нөмірлері төрт белгіден тұрады. Нөмірдің бірінші саны бөлімге тиістілігін, өтімділікті азайту тәртібімен орналасқан екіншісі – кіші бөлімге тиістілігін, үшіншісі – синтетикалық шоттардың топтарына тиістілігін, төртінші сан – синтетикалық шоттардың орналасу өтімділігі тәртібімен ұйым дербес анықтайды.
Шоттардың жұмыс жоспарының бөлімдері
Шоттардың жұмыс жоспары мынадай бөлімдерді қамтиды:
1-бөлім – «Қысқа мерзімді активтер»,
2-бөлім – «Ұзақ мерзімді активтер»,
3-бөлім – «Қысқа мерзімді міндеттемелер»,
4-бөлім – «Ұзақ мерзімді міндеттемелер»,
5-бөлім – «Капитал мен резервтер»,
6-бөлім – «Кірістер»,
7-бөлім – «Шығыстар»,
8-бөлім – «Өндірістік есепке алу шоттары».
Шаруашылық қызметіне басшылық ету үшін қорлардың жағдайы мен олардың көздері туралы ақпаратпен қатар осы қорлардың жабдықтау, өндіру және сату процестерінің барысындағы қозғалысы туралы мәліметтер қажет. Ол үшін әрбір шаруашылық операциясын көрсету керек, мұның өзі қажетті ақпарат алуды қамтамасыз етеді. Осы мақсатпен бухгалтерлік есепте шоттар жүйесі пайдаланылады. Оның көмегімен есептің экономикалық жағынан бртектес объектілері жіктелінеді.
Бухгалтерлік есептің теориясы мен әдістемесінде бухгалтерлк есеп шоттарының жүйесінеерекше роль беріледі, өйткені оларды пайдаланумен қатар ақпараттарды қосарлап көрсету, оларды жинақтау және жалпылау проблемалары шешіледі. Шоттарда жазбалар екіжақты жазу әдісін қолдану арқылы жүргізіледі.
Бухгалтерлік есептің шоттары – дегенміз шаруашылық қорлары мен олардың көздерін ақшалай бағамен топтастырудың, ағымдағы есепке алудың бақылудың және көретудің әдісі.
Шот – бұл ақпарат жинақтаушы. Кейіннен ол жинақталады және әртүрлі жинақ көрсеткіштер мен есептемелерді жасау үшін пайдаланылады.
Шоттар шаруашылық қорларының әрбір түріне, олардың көздеріне және шаруашылық процестеріне бухгалтерлік ееп объектілерінің белгіленген жіктемесі арқылы ашылады. Бухгалтерлік шоттарға барлық жазулар құжаттардың негізінде жазылады. Операцияларды шоттарда тіркеу ақшалай түрде жүргізіледі. Бұл орайда алғашқы құжаттардағы натуралды көрсеткіштер ақшалай көреткіштерге ауыстырылады.
Сыртқы түрі бойынша шот екі бөліктен тұратын кесте бейнелі.
Шоттың сол жақ бөлігі - дебет, ал оң жақ бөлігі – кредит деп аталады.
Әрбір шотқа айдың басындағы және соңындағы қалдықтың (сальдоның) және дебеті мен кредиті бойынша ай үшін айналымның болуы тән.
Шаруашылық операцияларын шоттарда көрсету үшін құжаттық растау қажет. Оағн қағаздық алғашқы құжаттар, машиналық тасығыштар, дискеттер және т.с.с. мысал бола алады. Бұл орайда олардың әрқайсысының заңдық күші болуға тиіс.
Шоттардың активтік және пасивтік деген түрлері болады. Олар өз атауын баланс жақтарының атауынан алған және олардң мазмұнын көрсетеді.
Активтік шоттар шаруашылық қорларын олардың құрамы мен орналасуы бойныша есепке алуға арналған. Мысалы, «Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшалар» шоты, «Шикізат пен материалдар» шоты, «Кассадағы ұлттық валютамен қолға берілетін ақшалар» шоты және т.б.
Активтік шоттардағы қалдықтар (сальдо) тек дебеттік болады.
Пасивтік шоттар шаруашылық қорларының көздерін олардың мақсаттық бағыт бойынша есепке алуға арналған. Мысалы, «Банктердің несиелері» шоты, «Резервтік капитал» шоты және т.б. Пассивтік шоттағы қалдықтар (сальдо) тек кредиттік болады.
Активтік шоттағы жазулардың схемасы мынадай түрге ие болады.
Активтік шот
Достарыңызбен бөлісу: |