Қазақстан республикасы мәдениет, АҚпарат және қОҒамдық келісім министрлігі



бет48/143
Дата11.10.2024
өлшемі0,95 Mb.
#147744
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   143
Байланысты:
Қазақ аныктагыш

5. ОДАҒАЙЛАРДЫҢ ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІ


§ 61. Одағайлар көбінесе сөйлем басында келеді де, үтірмен бөлінеді.
Е, Ойке апаны білмеуші ме ең? Өй, Жиренше, жаңағы осы Қодар кім? (М.Әуезов). Тәй, қылжақты қоя тұр (С.Мұқанов). Апырау, сіздің ауыл Майқұдыққа қонбаушы еді ғой (Ғ.Мүсірепов). Уа, ата, мына таудың басын қырау шалғалы неше жыл болды. Әй, сен не айтып келесің!
Егер одағайлар сөйлем ортасында келсе, екі жағынан үтір қойылады, соңында тұрса, үтір одан бұрын қойылады:
Жүрегім, ойбай соқпа енді...
Бүгінгі дос - ертең жау,
Мен не қылдым, япырмау?! (Абай)


§ 62. О деген одағайдан кейін үтір қойылады: О, жауыз Қодар! О, шіркін, шіркін! (Ғ.Мүсірепов). О деген одағайды ықшамдалған о (ол) есімдігімен шатастырмау керек: әңгіменің о жақ, бұл жағы; о не дегенің; о заман да, бұ заман.
§ 63. Одағай сөйлемнің басында келіп, көтеріңкі дауыспен айтылса, одан кейін леп белгісі қойылып, келесі сөз бас әріптен басталады:
Пәләй! Мақұл-ақ! Ал ендеше мен нені айттым!? (М.Әуезов). Еһе! Сен өзің біздің қақпанға бұрын да түскен кәрі қасқыр екенсің ғой (А.С.Пушкин).
§ 64. Одағай тәріздес бәсе, жә, қош, қой, құп (болады), жай, бәлем, жарайды (осы мағынадағы жақсы), мақұл, болды, дұрыс, бәрекелді сияқты сөздер сөйлем ішінде жұмсалған орны мен мағынасына қарай оқшауланып келсе, өзге сөздерден үтірмен бөлінеді. Мысалдар:
Қой, не де болса қалмайық енді. Жә, тоқтат, ақсақал! Бәсе, Телқара ғой... Бәлем, Бөжей де осыны сезген болар. Бәрекелді, мына қызықты қара.- Мырза, мына аттылар не? - Жай, мына жылқыға отарға шығар алдында таңба бастырайын деп ем. Соған жиылған ел, - деді Құнанбай (М.Әуезов). Жарайды, айтам деп әкелгенің екен. Жақсы, сынап берейін (“Аяз би” ертегісінен). - Болады, оқиын, - деп мен уәде бердім.
§ 65. Иә (я), жоқ, мә, мәңіз сөздері де сөйлем ішінде үтірмен ажыратылады:
Ақтағаны ма? Жоқ, жай шошығаны ма? Иә, етің ыстық, ауырған жерің бар ма? (М.Әуезов). Павлуша, сен ауырып жүрген шығарсың ? - Жоқ, денім сау. - Сен жатып ұйықтасаң етті. - Иә, қазір жатам (М.Горький). - Мә, мынаны қарай тұр (С.Шәймерденов).
Иә, жоқ дегендер сөйлем басында келіп, ерекше екпінмен айтылса, олардан кейін леп белгісі қойылады да, келесі сөз бас әріптен басталып жазылады:
Жоқ, жоқ! Жалғыз емес, мен болармын қасында (Ғ.Мүсірепов). Кісілер тарап кеткеннен кейін, ол Павелға қарап: - Павлуша, сен социалиспісің? - деп сұрады. Павел анасының қарсы алдында тура қарап тұрып: -Иә! Қайтеді? – деді (М.Горький).
Иә, жоқ дегендер оқта-текте сөйлем ортасында да келеді, ондайда бұлар екі жағынан үтірге алынады:
Осы, ілім дегенің кітаптың бетінде ғана ма, жоқ, мына жер бетінде де бірдеңе қалды ма? - деді Шығанақ (Ғ.Мұстафин). Мен осыны, иә, осыны айтып отырмын.
Иә деген сөз я, ие түрінде де, жоқ деген сөз жо. түрінде де айылады және солай жазылады: Жо бізге барады (М.Әуезов).


Е с к е р т у. Сөйлем басында, кейде ортасында оқшауланып келетін жоқ деген сөз бен осы сөздің сөйлем мүшесі болып келетін түрін шатастырмау керек. Әдетте жоқ деген сөз сөйлем мүшесі болып келгенде, сөйлемнің соңында тұрады: Бұл үйде балалар жоқ. Сөйлем мүшесі ретіндегі жоқ сөзі өлеңдерде және инверсиялы сөйлемдерде сөйлем басында да келуі мүмкін, бірақ ол үтірмен не леп белгісімен бөлінбейді.


§ 66. Одағайлар көбінесе қаратпа сөзбен қатар қолданылады. Мұндайда одағай мен қаратпаның өз араларына да үтір қойылады:
Ей, аққу, сәлем деші жолыққанда (С.Сейфуллин). Пай-пай, бала- ай, сабырың-ақ соңымнан қалмады-ау (Ғ.Мұстафин). Сыналар, ей, жігіттер, келді кезің (Абай).
§ 67. Бірнеше одағай қатар келгенде әрқайсысы үтірмен бөлінеді:
Уа, шіркін, ән деп осыны айт! А, астапыралда, солай ма еді? - деп Балбалаға қарай қ алды. Япырау, әттегенай, атын сұрамаппын ғой! ( М.Әуезов).
§ 68. Ә деген одағай мен ә дегенше, ә дегенмен тіркестерін, әй, әу деген одағайлар мен әй (ай) дер ажа, әудем жер деген сияқты тіркестерді (олардағы ә, әй, әу деген форматтарды) шатастырмау керек: тіркес құрамындағы ә, әй, әу дегендер өзінен кейінгі сөзден үтірмен бөлінбейді:
Ә дегенше жетіп келді. Оның даусы әудем жерге естіліп тұрды. Мен оны ә дегеннен тани кеттім.


6. АЙҚЫНДАУЫШ МҮШЕЛЕРДІҢ ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІ


§ 69. Оңашаланған айқындауыш мүшелер сөйлемнің басқа мүшелерінен көбінесе үтірмен бөлінеді. Мысалы: Абай былтыр боқырауда, күзем үстінде, қалаға оқуға кеткенде, дәл осы қоныстан, Есенбайдан, кеткен болатын. Ұлжан енесіне бағана, Абай ұйықтап жатқанда, бар жайды айтқан (М.Әуезов).
Өз ішінде үтірлері бар жайылма оңашаланған айқындауыш мүшелер екі жағынан сызықша алынып жазылады. Оңашаланған мүше үтірмен бөлінгенде, бірыңғай мүшеге ұқсап кететін жерде де сызықша қоюға болады:
Біз - Мұстафаның екі кіші баласы Ғаббас пен Шәкен, мен үшеуміз - үйден шықтық (С.Мұқанов). Біраз жүрген соң Асан - күндіз көп жүріп, шаршаған бала - ұйықтап қалды (Ы.Алтынсарин). Ұлы орыс халқының бай мәдени мұрасының бір саласы - оның тамаша мақалдары, мәтелдері - қазақ халқына аудармалар арқылы таныс болып, халық игілігіне айналып келеді (“Қазақ әдебиеті”).
§ 70. Оңашаланған айқындауыш мүше болатындар:
а) Өзінен бұрынғы сөздің мәнін айқындап, дәлдеп беретін және сонымен септік жалғаулары жағынан тұлғалас келетін бір сөз не сөз тіркесі:
Осы үйдің ер жетіп калған екі баласын, Нұржан мен Нұрланды, жұрт көп мақтайды. Тобықты ішіне ең алғаш келген арба осы Зеренің, Құнанбайдың кәрі шешесінің, көк арбасы десе де болады (М.Әуезов).
ә) Яғни, әсіресе, мысалы, яки, немесе, болмаса, басқаша айтқанда, “әсіресе" деген мағынадағы көбінесе, оның ішінде, тіпті деген сөздермен басталатын тіркестер өзінің алдындағы сөздің мағынасын дәлдеп тұрса оңашаланған мүше болады. Жоғарыдағы сөздердің өздері жеке үтірмен бөлінбейді. Үтір тұтас тіркестің екі жағынан қойылады:
Ылғалды жерлерде көбінесе өзен бойларында, шөп қалың өседі. Реакцияға түскен заттардың салмағы реакция нәтижесінде шығатын заттардың салмағына әрдайым тең болады; бұл занды заттар сақталу заңы, немесе Ломоносов заңы, деп атайды. Әңгімемізді шығармашылықтың бір түрі, мысалы музыка, туралы бастайық.


Ескертулер. 1. Мысалы деген сөз оңашаланған мүшенің кұрамында болмай, жеке кыстырма сөз ретінде келгенде, үтірмен жалғыз өзі ғана белінеді: Мысалы, таза мыс электр тогын жақсы әткізеді. Әркайсымыз өз шаруамызбен болдық. Мен, мысалы, кітап оқып отырмын.


Мысалы деген сөзден кейін қос нүкте қойылуы туралы § 95-ты қараңыз.
2. Әсіресе, көбінесе, тіпті, оның ішінде деген сөздер оңашаланған мүше болатын сөз тіркестеріне емес, жалпы сөйлемге қатысты болып келуі мүмкін. Ондайда бұл сөздер ешқандай тыныс белгісімен бөлінбейді: Ырғызбай ішінен әсіресе осы Қарашоқыға қызығушылар көп болатын (М.Әуезов). Алматылықтар жазда көбінесе тауға шығады. Олардың ішінде үй іштерімен шығатындар да көп.
б) Есімдіктен кейін келген айқындауыштар оңашаланады:
Олар, жас жігіттер мен жас қыздар, қиын жұмыстардан бас тартпады. Мен, Олег Кошевой, Жас гвардия мүшелерінің қатарына кірерде... ант етем (А.Фадеев). Айтып тұрған мына мен, Бақбергенмін (М.Әуезов).
Кейде керісінше құрылған түрлері де болады, яғни есімдік оңашаланады, бірақ бұл сирек қолданылады. Мысалы:
Балалары, біз, тірі тұрғанда, апам кедейшілікті ойлайтын кісі емес еді (С.Мұқанов).
в) Жалпы мезгілді, мекенді білдіретін пысықтауыштардан кейін, сол мезгілдің дәл қай кезі, сол мекеннің дәл қай жері екенін ашып көрсететін анықтауыштар оңашаланады. Мысалы:
Түнде ,сағат 12-де, поезд келді (түннің басқа кезі емес, дәл сағат 12-де деп айқындап тұр). Қазақстан Республикасында, Астанада, білім ордасына арналып зәулім үй салынады (білім ордасына арналған зәулім үйдің Қазақстан Республикасының басқа жерінде емес, Астана қаласында салынғанын дәлдеп тұр).
§ 71. Сияқты, ретінде, қатар, емес (емей), түгіл деген сөздермен келген және -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақты сөздермен келген тіркестер де, оңашаланған мүше сияқты, сөйлем ішінде үтірмен бөлінеді:
Жамбыл 70-80 жылдарда, ұсақ өлеңдермен қатар, көлемді жырлар да шығарады. Мен Әлти ғана емес, Сәдуақасқа да іштей қайран қап отырмын (С.Мұқанов). Үйге кіргізу түгіл, жақындасуға рұқсат жоқ (Ғ.Мүсірепов).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет