Қазақстан республикасы мәдениет, АҚпарат және қОҒамдық келісім министрлігі



бет49/143
Дата11.10.2024
өлшемі0,95 Mb.
#147744
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   143
Байланысты:
Қазақ аныктагыш

Е с к е р т у. Бұл сөздердің белгілі бір сөйлем мүшесінін құрамында тұрғандағысымен шатастырмау керек. Ондайда бұлар үтірмен ажыратылмайды: Музгарко сияқты жан жолдасынан шал дәл қазір үмітін үзе бастаған еді (Мамин- Сибиряк) (Қандай жан жолдасынан? - Музгарко сияқты - анықтауыш). М.Әуезов сияқты талант бүкіл дүние жүзіне ортақ (қандай талант? - М.Әуезов сияқты -анықтауыш). Екеуі қатар отыр. (Қалай отыр? - қатар - пысықтауыш).


§ 72. Қарамастан, қоспағанда, есептемегенде деген сөздерге аяқталатын тіркестер де үтірмен бөлінеді:
Аяғының ауырғанына қарамастан, ол шапшаң жүріп отырды. Кешігіп қалған екеуді қоспағанда, жорыкка аттанатын шаңғышылар саны он алты. Жорыққа аттанатын шаңғышылар саны, кешігіп қалған екеуді қоспағанда, он алты.
§ 73. Оңашаланған мүше инверсияланып (әдеттегі орны ауысып) келуі мүмкін, ол күнде де сөйлем ішінде үтірмен ажыратылады: Мұқанның баласы ғой, менің былтыр өлген ағамның (С.Мұқанов). Бұл сөйлемнің әдеттегі орын тәртібі: Мұқанның, менің былтыр олген ағамның, баласы ғой болу керек.
§ 74. Оңашаланған айқындауыш мүше өзінің алдындағы айқындайтын сөзімен септік, тәуелдік жалғаулары жағынан қиыспай тұрса, яғни айқындалушы сөз атау тұлғада келсе, араларына сызықша қойылады да, айқындауыштан кейін ешқандай тыныс белгісі қойылмайды:
Күлкінің иесі - қызды біз енді жақсылап көрдік (С.Ерубаев). Осы сөйлемдегі айқындауыш пен айқындалушы сөздер бірдей тұлғада (екеуі де табыс септікте) берілсе, тыныс белгісі басқаша қойылады: Күлкінің иесін, қызды, біз енді жақсылап көрдік.
Ал айқындалатын сөзімен морфологиялық тұлға жағынан қиыспай (бірдей болмай) тұрса, не екеуі де атау тұлғада келсе, жалқы есімнен болған айқындауыш ешқандай тыныс белгісімен ажыратылмайды:
Менің інім Марат биыл мектеп бітіреді. Оның бұл тұрған қалпын ағасы Балтабектің әйелі Айбаладан басқа ешкім көрген жоқ (С.Мұқанов). Шойын кеуделі, аю жоталы...қара кісі Игілік би паң да, тәкаппар да емес (Ғ.Мүсірепов). Бұл сөйлемдердегі Марат, Балтабай, Игілік би, Айбала деген жалқы есімдер өздерінен бұрынғы інім, ағасы, қара кісі, әйелі деген сөздерді дәлдеп атап айтып айқындап тұр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет