Тыныс белгілерін қоюға келгенде, бірыңғай мүшелерді үш топқа беліп қарауға болады: а) араларында жалғаулық жоқ бірыңғай мүшелер, араларында жалғаулық бар бірыңғай мүшелер және б) жалпылауыш сөзбен қатар келетін бірыңғай мүшелер. § 75.Жалғаулықсыз келген дара бірыңғай мүшелердің араларына үтір қойылады. Бірыңғай мүшелердің санынан үтір санының біреуі кем болады. Әр ел тұс-тұсындағыАқбайтал, Көлденең, Жігітек, Шатқалаң, Бөкенші сияқты асу-асуларға қарай беттеді. Абай қажымай, жалықпайылғи ғана ынтыға тыңдайтын(М.Әуезов).Оля Иванцовасалмақты, ауыр мінезді, үндемейтін қыз еді(А.Фадеев). § 76. Жалғаулықсыз келген күрделі (жайылмалы) бірыңғай мүшелердің араларына да үтір қойылады: Боржабай орта ғана бойлы, жуантық денелі, дөңгелек бетті, қалың ерінді, жасаураған кішірек қоңыр көзді, ұйысқан қысқа қара жирен сақалды, таңқита басқан сирек мұртты, домалақтау мұрынды, қоңыр оңді кісі еді(С.Мұқанов).Бірнеше орындық, көйлек- көншек салатын комод, оның үстінде кішкентай айна, киім-кешек салынған сандық, қабырғада ілулі сағат, бұрышта екі бұрқан - міне, бар мүлік осы(М.Горький).Осы кездедөңгелек жүзді, қызыл шырайлы, сарғылт жылтыр шашын құлағынан асыра қайырған, жасы он сегіздерге не жетіп, не жетпеген жас кыз келіп кірді (А.С.Пушкин).
§ 77. Жайылма (күрделі) бірыңғай мүшелердің әрқайсысының (немесе бірқатарының) өз іштерінде үтір кездесетін болса, бірыңғай мүшелердің жігіне нүктелі үтір қойылады. Мысалы: Қала деген аты ғана болмаса, Н... қаласыекі қабат үлкен үйлер көшелерінде ғана бірен-саран кездесетін; өзге үйлерінің көбі бір қабат қана қарағай үйлер болатын; шет жақтарында ағаш үйден шым үй көп кездесетін; азғана жаңбыр себелеп өтсе, көшелерінен адам батпақтап жүре алмайтын; бірақ етек-жеңі мол; таусымақтау жерге жалпая салынған; Сібірде көп кездесетін үлкен бір деревня еді(С.Мұқанов). § 78. Бірыңғай мүшелердің алдыңғыларының жалғаулары түсіп қалып айтылуы мүмкін. Ол күнде де араларына үтір қойылады: Бөкенші, Борсақ Қызықшоқы, Қыдыр, Көлқайнарға жаппатігіп қонды да, көшпей отырып алды(М.Әуезов).Жамбыл айтыс, жырларындаөз заманындағы ақындардың көбінен озық екенін танытады. Ақын, драматург, жазушыларөз шығармаларында шындық өмірді суреттейді.
Е с к е р т у. Алдыңғысының жалғауы түсіріліп айтылатын екі бірыңғай мүшені сол типтес қос сөздермен шатастырмау керек. Мұндай сөздер жалпылық мағынада айтылған болса, қос сөз болады. Мысалы: Мектебіміздің ән-күй үйірмесі бар (мұнда әңгіме бір үйірме туралы, сондықтан ән-күй - жинақтаушы атау). Мектебімізде ән, күй үйірмелері құрылды деп үтір қойып жазсақ, ән үйірмесі бір бөлек, одан басқа күй (домбырашылар) үйірмесі құрылғандығы көрінеді.
§ 79. Егер алдыңғы сын есім тікелей зат есімнің сынын білдірмей, өзінен кейінгі тұтас тіркестің сынын білдіретін болса, араларына үтір қойылмайды. Мысалы: Мен жап-жаңа алтын сағат сатып алдым. Мұнда жап-жаңа деген сын есім алтын сағат деген тіркесті анықтап тұр. Ауылымызда қуатты су электр станциясы салынды. Мұнда да әңгіме жалпы станция емес, электр станциясы туралы. Электр станциясы дегеннің анықтауышы - су. Мұндайда бірыңғай емес анықтауыштардың алдыңғылары өзі анықтайтын сөздің сыны емес, келесі анықтауыштың құрамындағы басқа сөздің сыны болып кететін қауіп болса, араларына үтір қойылады. Мысалы: Төңіректің бәрі дебірінен-бірі биік, қарағай жамылған ақ басшыңдар (Ғ.Сыланов). Мұнда үтір қойылмаса, бірінен-бірі биік болып тұрған шыңдар емес, қарағай болып шығады. Ал дұрысында шыңдар бірінен-бірі биік және олар қарағай жамылған. Кейде жазушы (не сөйлеуші) инверсия жасап, анықтауыш пен анықталушы сөздердің араларына басқа сөздерді қосып жібереді. Ол анықтауыштардың өзіне жалғас тұрған сөздің анықтауышы емес екені жазуда үтірмен, айтуда дауыс кідірісімен көрсетіледі. Мысалы: Барлық,үйге сатырлап тиген қамшы, шоқпар уық, керегені шатырлата сындырып барады (М.Әуезов). Мұндағы анықтауыш пен анықталушылар барлық үй дегендер емес, бір үйге тиген барлық қамшы, шоқпардеген сөздер. Егер барлық деген сөзден кейін үтір қойылмаса және айтуда дауыс кідірісі болмаса, барлық деген анықтауыш үй деген сөзді анықтайтын болады. Екінші мысал: Ана, төренің Кертаңдағын мін де бар. (Р.Амангелдин). Мұнда ана деген анықтауыш төре деген сөзге емес, Кертаңдақ деген сөзге қатысты. Ана деген сөзден кейін үтір қойылмаса, “мына төре” емес, “ана төре” деген мағына шығар еді.Тағы бір мысал: - Неғып тұрсың! - Шабайын деп ем - Кімді? - Әлгі, Кенжетайды ұратынтөрені (С.Мұқанов). Мұнда да әлгі деген сөзден кейін қойылған үтір ол сөздің Кенжетай деген емес, төре деген сөзге қатысты екенін көрсетеді. § 80.Бір деген белгісіздік есімдігі мен соған жалғас келген анықтауыштың арасына үтір қойылмайды. Мысалы: Жиренше таңертең Құнанбай аулынабір әдемітарғыл тазы ертіп келді(М.Әуезов).Осы, сағанбір айтатынсөзім бар. Егер бір деген есімдік екі бірыңғай анықтауыштың арасында тұрса, ол өзінен кейінгі анықтауыштың құрамына енеді де, үтір алдынан қойылады: Баяғыдаайлакер, бірқу түлкі болыпты (Ертегіден). § 81. Бірыңғай мүшелердің арасында қайталамайтын мен, және деген жалғаулықтар тұрса, үтір қойылмайды. Бұлар екі бірыңғай мүшенің арасында немесе бірнеше бірыңғай мүшенің ең соңғысының алдынан, я болмаса жұп-жұп болып тұрған екі бірыңғай мүшенің арасында қолданылады: Бұлардың артындаЕрбол мен Баймағамбетбір бөлек келеді (М.Әуезов).Махаббат, қызық, мал мен бақ, Көрінуші еді досқа ортақ (Абай).Ол да Байжанға ауданныңқазіргі және болашақтағышаруасын білетін адам боп көрінеді(С.Мұқанов). Ырғақ - ой мен сезімнің, жан мен тәннің қосылып салар әні(Ғ. Мүсірепов). § 82. Да шылауы қайталамай, екі бірыңғай сын есім, үстеулерден болған мүшенің арасында келсе, үтір қойылмайды. Мысалы: Тәжік - қатал да тағытабиғаттың бермесін еңбегімен еріксіз алып өскен ел. Дененің бар қозғалысы белгілі бір еңбек ырғағын тауып, тез де өнімдіқимылдайды (Ғ.Мүсірепов). Қызғанышқа жеңгізген жас жүреккінәшыл да әділетсіз (М.Әуезов). Даусыащы да қатал,зілді де кектішығады (Ғ.Мүсірепов). § 83.Да шылауы етістіктен болған екі бірыңғай баяндауыштың арасында қайталамай келсе, да-дан кейін үтір қойылады. Мысалы: Таныды да, таң болды. Жабыларсың,таларсың да, жерсің!Бұның балдызына үйленген жандарал төренісүйетін де, сүйейтін (М.Әуезов). Сайра да, зарла,қызыл тіл (Абай).
Е с к е р т у. Құрмаласқа енген жай сөйлемдерді байланыстырып тұрған да шылауынан кейін де үтір қойылады. Мысалы: Бұл жерлерге келгенде, Биденко мен Горбунов ескі тамның түбіне бой тасалап отыра қалады да, Ваня ілгері барып жер шолып келеді (В.Катаев).
§ 84. Бір мағынаны беретін, бірақ екеуі де ашық райда айтылатын күрделі етістіктің арасында келген да шылауынан кейін үтір қойылмайды. Ол етістіктер бірыңғай мүшелер болып табылмайды: олардың соңғысы өз алдына лексикалық мағынасы жоқ көмекші етістік болады да, алғашқысын көсемше тұлғасына салып айтуға келеді. Мысалы: Сол кезде сен егеуді ал да жөнел.- Сен сол кезде егеуді ала жөнел.Жат та қой,бар болғаны сол. - Жатып ал,бар болғаны сол. Шал шанасынан секіріп түсіп, жүгіре басып, жаяужүрді де отырды. Шал шанасынан секіріп түсіп, жүгіре басып жаяу жүріп отырды. Мың жылқым қатар тұрып су ішетін суатойылды да қалды. - Мың жылқым қатар тұрып су ішетін суатойыла қалды(барлық сөйлемдер “Ертегіден”).Дауыл көтерілді де, төңірек ұйытқыған қалың қар болды да кетті (С.Мұқанов). - Дауыл көтерілді де, төңірек ұйытқыған қалың қарболып кетті. § 85. Да жалғаулығы әр бірыңғай мүшеден кейін қайталап келсе, үтір қойылады: Көңілім қалдыдостан да, дұшпаннан да (Абай). Жер де, көк тетұп-тұнық, қап-қара (С.Мұқанов). Бала қыраналғыр да келеді, албырт такеледі (Ғ.Мүсірепов). § 86.Не, немесе, я, яки, әрі, әлде жалғаулықтары әр бірыңғай мүшенің алдынан қайталап келгенде, бірыңғай мүшелердің араларына үтір қойылады. Мысалы: Теріскейден соққан желдің екпініәрі күшті, әрі суық(С.Мұқанов).Я алшымнан, я тәйкемнентүсетін күннің есігі бүгін ашылғандай (Ғ.Мүсірепов). Айтып тұрғаныңәлде шын, әлде өтірік.Ендешеәрі сұлу, әрі ірі, әрі жорғабурыл атты мініп жүру қандай тамаша! (С. Мұқанов). § 87.Не, немесе, я, яки, әрі, әлде жалғаулықтары қайталанбай, екі бірыңғай мүшенің арасында тұрса, үтір қойылмайды. Мысалы: Есінжиғанын не оянғанынАсқардың өзі де білмейді (С.Мұқанов). Бұл жердің топырағы - құнарлы әрі қара топырақ.Бүгін біз киноға немесе театрға барамыз. Ол жолдасының сөзінқорқынышпен әрі құмарланыптыңдады.
Ескертулер. 1. Бұл ережені немесе, яки жалғаулықтарының оңашаланған мүшенің құрамына келген жағдайындағы тыныс белгісімен шатастырмау керек. Ол туралы § 70-ты қараныз.
2. Бұл жалғаулықтар қайталанбай, құрмалас сөйлемдегі екі жай сөйлемнің арасында тұрса, алдарынан үтір қойылады. Мысалы: Мұндағылар егін басына барады,немесеегіс басындағылар мұнда келеді.
§ 88. Бір сөз бірдей не әр түрлі тұлғада қайталап айтылса, араларына үтір қойылады. Олар қатар да, араларына сөз салып та келе береді.