Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі



Pdf көрінісі
бет21/59
Дата15.11.2023
өлшемі1,11 Mb.
#124165
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   59
түсіндірмелі сөздіктер
. Қазақ 
тәжірибелік 
терминографиясында 
түсіндірмелі 
терминологиялық 
сөздіктер көп емес. Бірақ жалпы терминографияда аударма сөздік 
түрлерінен кейінгі кең тараған сөздік түрі - осы түсіндірмелі сөздіктер. 
Түсіндірмелі терминологиялық сөздіктер қазақ терминографиясында көп 
емес. Терминологиялық түсіндірме сөздіктерді аударма түсіндірме сөздік 
түрінде де түзуге болады. Сондай терминологиялық сөздіктердің бірі - 
"Тіл білімі создігі" (1998і)
1
. Аталған сөздіктің мәтіндері біршама тура 
аудармаға ұшырағанымен, қазақ терминографиясындағы алғашқы әрі 
аударма, әрі түсіндірме терминологиялық сөздік болып табылады. Яғни, 
екі қызметті де қатар атқаруға негізделіп жасалған сөздіктердің 
түрғысынан алғашқылардың бірі болып есептеледі.
Мақсаты 
мен 
міндетіне 
қарай 
жіктелетін 
терминологиялық
сөздіктердің бірі - 
ақпараттық сөздіктер
. Ақпараттық терминологиялық 
сөздіктер соңғы ғылым мен техниканың дамуына байланысты пайда 
болған сөздік түрі. Бұл сөздік түрлері тек терминографияда ғана емес, 
лексикографияда да қолданылады. Ақпараттық терминологиялық 
сөздіктер екінші жағынан, информатика тілінде бағдарлама жасап 
қолдануға икемделіп жасалады. Сондықтан мұндай сөздіктерде 
терминдер басқа терминдермен мағыналық, жүйелік байланыста беріледі. 
Терминологиялық сөздіктерді жіктеуде ұстанатын негіздердің бірі – сөздік
құрылымындағы сөздік мақалалардың
1
Словарь по языкознанию. - Тіл білімі сөздігі. - Алматы: Ғылым, 1998. - 
544 с. 
62 


орналасу тәртібі. Орналасу тәртібіне байланысты терминологиялық 
сөздіктер алфавиттік, тақырыптық және ақпараттық сөздіктерге жіктеліп 
жүр. Бұл сөздік түрлері терминографиядағы терминдерді беру тәсілдерін 
талдағанда да арнайы сөз болады. Алфавиттік сөздік пен ақпараттық 
сөздік туралы жоғарыда да тоқталып өттік. 
Сөздік мақалаларының орналасу тәртібі бойынша жіктелетін 
сөздіктердің бірі – тақырыптық сөздіктер. Тақырыптық сөздіктердегі 
сөздік мақалалар да алфавит реті бойынша орналастырылады. Бірақ кең 
тараған аударма сөздіктер бір ғылым саласының терминдерін ішкі жүйеге 
топтасрымай, басынан аяғына дейін бірізді түрде алфавит тәртібімен 
орналастырса, тақырыптық сөздіктер ғылым саласының ішкі жүйесіне 
сәйкес ғылым саласының терминдерін іштей тақырыптарға топтастырып, 
әр тақырыптың немесе ішкі саланың аясында сол тақырыпқа қатысты 
терминдерді жинақтап береді. Яғни әр тақырыптың ішіндегі терминдердің 
сөздік мақалалары өз алдына алвафит ретімен орналастырылады. 
Тақырыптық сөздіктерді тақырыптық-аударма сөздік және тақырыптық-
түсіндірмелі сөздіктер ретінде түзуге болады. Ғалым Б. Қалиевтің
пікірінше, мұндай создіктерді оқулық і н міііі гор деп те атауға болады
1

Өйткені мұндай сөздіктер ең алдымен, студенттер мен оқушылардың 
ғылыми жүйені дұрыс түсініп оқуы үшін және кәсіби білім беретін оқу 
орындарында білім алушылардың өз саласына қатысты өткен 
тақырыптарды негізге ала отырып, сөздіктен сол тақырыптың аясына, сол 
тақырыпқа жататын терминдердің аясына топтастырылған мәліметтерді 
білуі үшін қажет. Бұл 
1
Қалиұлы Б. Сөздік // Қазақ тілі (энциклопедия). - Алматы, 1998. - Б. 354-
355. 
63 


жағдайда тақырыптық сөздіктерді оқулық ретінде пайдалануға болады. 
Тақырыптық сөздіктердің кең тараған аударма сөздіктерге қарағанда 
ғылыми жүйені беруге негізделетін ұтымды мүмкіндігін де айта кету 
керек. Сондықтан мұндай сөздіктерді түзу қазіргі терминография үшін 
тиімді болған болар еді. Өкінішке орай, аталған сөздіктер қазақ 
терминографиясында жоқтың қасы. 
Бұдан өзге терминологиялық сөздіктерді терминдерінің берілу 
тәсілдеріне байланысты қазіргі қазақ терминографиясындағы сөздіктерді 
алфавиттік сөздіктер, тақырыптық және идеографиялық сөздіктер деп, 
сөздікте қамтылатын тілінің санына байланысты (кіріс бірліктеріне) 
байланысты екі, үш немесе көп тілді сөздіктер, көлеміне байланысты орта 
және кіші терминологиялық сөздіктер деп, терминологиялық сөздіктердің 
жеке немесе жаппай қатар шығарылуына байланысты жеке ғылым 
саласының терминологиялық сөздігі және терминологиялық сөздіктер 
сериясы деп топтастыруға болады. Бұдан өзге қазақ тілінде бір тілді 
терминологиялық түсіндірме сөздіктер де бар. Мұндай сөздіктер тек қазақ 
тілінде терминдерге түсініктеме беруге негізделеді. Ал көлеміне келсек, 
бір ғылым саласының терминдерін қамтитын терминологиялық сөздіктер 
үлкен көлемде шығарылған емес жөне ондағы қамтылатын терминдердің 
көлемі үлкен сөздікті толтыруы мүмкін емес. Терминологиялық 
сөздіктерді жіктеудегі соңғы топтастыру шартты екендігі түсінікті. Бұл 
жіктемелер мен ерекшеліктер оларды түзу және баспа ісін ұйымдастыру 
барысында әдістемелік тұрғыдан ескеруді қажет етеді. 
Жинақтай айтқанда, термин табиғатының күрделілігіне байланысты 
сөздіктің бір түрі ретінде қарастырылып келген термииологиялық 
сөздіктің түрлерін анықтаудың маңызы зор. 
64 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет