мүндай зерттеу термин табиғатын тани түсуге мүмкіндік беретіндігін А.А.
Реформатский, А.В. Суперанская сияқты
орыс терминолог-ғалымдары да
өз еңбектерінде атап өтеді
1
. Себебі, әр терминнің беретін мағынасын,
терминологиялық жүйедегі, ғылыми қатынас тіліндегі орнын білмей, басқа
маңызды мәселелердің, теориялық сұрақтардың шешімін табуға ұмтылыс
жасау орынсыз болған болар еді. Оның үстіне, жалпы тілдердің, ондағы
тілдік бірліктердің табиғатын ұғымдық жағынан танып-білу кең өріс алып
отырғанда мұндай талдаулар аса қажет. Жоғарыда тоқталып өткендей, тіл
біліміне қатысты зерттеу еңбектерден тілдің ішкі құрылымын ұғымдық
тұрғыдан талдау бағытының белең алып, кең қарастырылып жүргендігін
орыс және батыс тіл біліміндегі осы бағыттағы еңбектерге зер сала
отырып байқауға болады. Мұндай тәсіл бойынша кандидаттық
жұмысымызда тіл білімі терминдеріне талдау жасап, тіл білімі
терминдерінің эксперименттік тезаурус сөздігін құрастырған болатынбыз
2
.
Терминдерді семантикалық жағынан талдап, зерттеудің бірінші тәсілі
бойынша терминологиялық өрістегі терминдердің, әр терминдік
бөлшектердің беретін нақты семантикалық мағынасы, ұғымы анықталып,
термин сөздердің жалпы лексикалық қордағы сөздермен ара қатысы,
ұқсастықтары мен сәйкестіктері ашылады. Ал екнші тәсіл бір терминнің
жүйе ішіндегі орнына, мағынасын қатысты жан-жақты ақпарат беруге сол
арқылы басқа терминдер туралы да ақпарат беруге негізделеді.
Достарыңызбен бөлісу: