Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі



Pdf көрінісі
бет18/59
Дата15.11.2023
өлшемі1,11 Mb.
#124165
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   59
Байланысты:
Әбдірәсілов терминография

ғылыми дефиницияны 
беру
(терминнің нақты ғылыми анықтамасын беру), филологиялық 
сөздіктерде түсіндірме беру, сілтеме арқылы анықтама беру (басқа 
терминге сілтеме жасау), көркемдік құралдар арқылы анықтама беру, 
контекстік мысалдар келтіре отырып анықтама беру (ғылым саласындағы 
қолданысынан сөйлем, сез тіркесі түріндегі мысалдар келтіру арқылы), 
энциклопедиялық анықтама беру (энциклопедиялық сөздіктерде, 
сөзжасамдық, терминжасамдық құрылымын көрсете отырып анықтама 
беру (түбірі мен қосымшаларын ажырата отырып беру), синонимдік 
анықтама беру, антонимдік сыңары арқылы анықтама беру сияқты 
түрлерін көрсетеді. Терминдерді түсіндірудің көрсетілген тәсілдерінің қай-
қайсысы да терминнің ұғымын ашуға, термин туралы түсінікті 
жеңілдетуге 
қызмет 
ете 
алатын, 
терминологиялық 
сөздіктерде 
қолданылуы әбден мүмкін элементтер. Тек синонимдердің болуы кесімді 
түрде терминологиялық жүйе үшін қайшы құбылыс екенін ескерсек, 
сөздіктерде де терминдердің синонимін беру арқылы терминдердің 
ғылыми мағынасын түсіндіруге болмайды. Терминологиялық сөздіктерде 
терминдердің синонимін беру қазіргі қазақ терминологиясындағы 
жарыспалы терминдердің қалыптасып, көбеюіне ықпал етпек. Бұл 
терминологиялық сөздіктердің негізгі қызметіне сәйкес келмейді. 
Синонимдік қатардың орнына терминологиялық сөздікте терминдердің 
анықтамасын дублет сыңарлары арқылы беру тәсілін үсынған жөн. Себебі 
дублеттер мен жарыспалы терминдердің табиғатында айырмашылық 
Дублет - терминнің ана тіліндегі 
52 


нұсқасы мен шет тіліндегі нұсқасының қатар қолданысы. Мән беріп 
қарасақ, тіл білімі терминдерінің көпшілігі көп уақыт бойы дублет 
сыңарда қолданылып келген. Мұндай қолданыс ешқандай жарыспалыққа 
әкеліп соққан жоқ. Дублет сыңардың қолданысы, сондай-ақ, терминнің ана 
тілінде жасалған нұсқасының қалыптасып, орнығуы үшін де, термин 
мағынасының түсінікті болуы үшін те тиімді. Әсіресе, қазіргі қазақ 
терминдерінің жағдайында осы тәсілді қолданған орынды деп білеміз.
Терминологиялық сөздіктерде қамтылатын мәліметтердің бірі – 
ассоциациялық белгілері туралы мәлімет. Элемент негізінен терминнің 
ғылыми мағынасына қатысы бар. Сол терминнің айналасына топтаса 
алатын, сол терминге қатысты ұғымдарды тудыра алатын ғылым 
саласындағы басқа терминдер туралы ақпарат беруге негізделеді. 
Терминнің ассоциациялық белгілерін беру барысында терминнің тектік, 
түрлік 
семантикалық 
қатынастары, басқа 
ғылым 
салаларының 
терминологиялық жүйесіндегі омонимдік термин тұлғасы, қарсы 
мағынадағы антонимдік қолданыстағы термин туралы, терминнің 
тіркесімділігі туралы мәліметтер қамтылады. Бұл мәліметтер де анықтама 
беруге көмектесетін тәсілдердің қатарына жатады. Ал терминнің тектік, 
түрлік немесе басқа да семантикалық қатынастары туралы мәліметтер 
тезаурустық терминологиялық сөздіктердің негізгі құрылымы болып 
табылады.
Микроқұрылымға 
жататын 
келесі 
элемент 
– 
терминнің 
прагматикалық жағдайы. Бұл элемент бойынша терминологиялық 
сөздіктің хронологиялық қалыптасу сатысы туралы (бастапқы нұсқасы, 
кейінгі нұсқасы,) 
53 


казіргі қолданысы немесе термин тарихи термин болса қай уақытта 
қандай ұғымда қолданылғандығы); таралуы (жалпы ғылыми термин 
немесе тар салалық термин екендігі), колданыс жиілігі (кең қолданыстағы 
термин немесе сирек қолданылатын термин екендігі), терминнің нормаға 
сәйкестігі туралы (ұсынылған термин, бекітілген термин, қолдануға 
болмайтын термин екендігі) ақпараттар беріледі. Бірақ қазіргі қазақ 
терминографиясындағы 
терминологиялық 
сөздіктерде 
мұндай 
мәліметтері мүлдем берілмейді Термин туралы мұндай ақпараттар 
терминологиялық сөздіктің құнын арттыра түсетіндігі, термин мағынасын 
жан-жақты аша түсуге көмектесетіндігі сөзсіз. Қазіргі қазақ 
терминографиясы алдағы уакытта терминологиялық сөздіктер түзу 
барысында мұндай мәліметтер қатарын сөздікте қамтып беруді қолға алу 
керек. 
Терминологиялық сөздіктердің микроқұрылымында қолдануға болатын 
элементтердің бірі – сөздіктегі терминдерді беруде қолданылатын көрнекі 
құралдар. Сөздіктің, сөздік мақалалардың безендірілуінде қолданылатын 
көрнекі құралдарды сөз түріндегі және графика түріндегі көрнекі құралдар 
терминдерінің контекстегі қолданысы, тіркесімділік қабілеті туралы 
ақпарат беретін, ғылыми әдебиеттерден алынған мысалдар болып келеді.
Ал графикалық көрнекіліктерге түрлі суреттер мен кестелер, карталар
фотосуреттер, диаграммалар, формулалар жатады.
Терминографияда бұдан өзге де кішігірім микроқұрылымдық 
элементтерді қолдануға болады. Оларға сөздікіі қолданушының көңілін 
аудару мақсатында сөздік мақаланы безендіру барысында
54 


қолданылатын түрлі элементтер жатқызылады. Мұндай элементтер 
ретінде әр түрлі символдарды, басылатын әріп түрі мен көлемін, 
терминдердің сөздік мақалаларының орналасу бірізділігін, әр жолдың 
арасында жіберілетін ара қашықтың талапқа сәйкестігін, тыныс 
белгілерінің дұрыс қолданысын атауға болады. Бір қарағанда маңызсыз 
сияқты болып көрінгенімен, сөздік мақаланы безендірудегі мұндай 
элементтердің де терминографиялық еңбектердің микроқұрылымы 
ретіндегі өзіндік қызметі бар.
Қорыта келгенде, әлемдік терминографияда көрсетіліп жүрген осы 
сияқты микроқұрылым элементтерінің қазақ терминографиясына қажеттісі 
мен қажетсізі әлі де нақтылауды, қазақ терминографиясының өзіне тән 
құрылымдық элементтері анықтауды қажет етеді. Олар практикалық 
терминографияда терминологиялық сөздіктердің сапасын жақсарту 
мақсатында қолданылу тиіс.
55 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет