Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі



Pdf көрінісі
бет20/59
Дата15.11.2023
өлшемі1,11 Mb.
#124165
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   59
1
Касарес Х. Введение в лексикографию. 
59 


Қалай болғанда да, қазіргі лексикографиядағы да, терминографиядағы 
да аударма сөздіктерді түзуде сөздік мақалалар мен сөзтізбелерді 
орналастыратын бірден-бір тәсіл - осы алфавиттік рет бойынша беру. Бұл 
тәсіл - аударма терминологиялық сөздіктерді құрастыру барысында да 
негізге алынатын басты тәсілдердің бірі. Сондықтан алфавит реті 
бойынша сөздік мақалалар мен сөзтізбелерді орналастыру барысында 
аударма терминологиялық сөздікті түзушілср негізгі ғылыми жүйені 
бұзбай беруге, әр терминнің ғылыми жүйедегі орнына мән бере отырып 
создікте 
орналастыруға, 
терминологиядағы 
жүйелілік 
сақтауға 
ұмтылулары керек. Яғни, терминологиялық аударма сөздікті түзушінің 
ұқыптылығы мен мұқияттылығы, объективтілігі, сол ғылыми жүйе туралы
жан-жақты ақпаратының болғандығы дұрыс. Бүл -алфавит реті бойынша 
түзілетін аударма терминологиялық сөздіктердегі ғылыми жүйені жүйелі 
түрде беруге ыкпал ете алатын тәсілдердің бірі.
Екіншіден, қазіргі аударма терминологиялык сөздіктер терминдерді 
аударып беруге тиісгі негізгі міндеттеріи толық орындай алмауда. 
Өйткені, терминологиялық сөздіктердің көпшілігі "қазақша-орысша" 
немесе "орысша-қазақша" сөздіктер түрінде аталып, аударма создік болып 
есептелгенімен,
олардың құрамындағы терминдердің көпшілігі казақ 
тіліне аударылып немесе қазақ тілінің ішкі фономорфологиялық 
заңдылықтарына икемделіп аударылып берілмеген. Көптеген орыс тілінен 
немесе орыс тілі арқылы шет тілінен енген терминдердің қазақ тіліндегі 
бағанасында аталған терминдер ешқандай аудармасыз, өзге тілдегі 
қалпында беріледі. Бұл сөздіктің 
60 


алға қойған міндеті мен мақсаты оның ішкі құрылымында орындалмай 
жатады деген сөз. Сөздікте берілген терминдердің аударма нұсқалары 
олардың негізгі мақсатына сәйкес емес. Қазіргі аударма терминологиялық 
сөздіктерде бұл қателіктің кездесетіндігін арнайы дәлелдеп жатудың өзі 
артық. Ал тілдің терминологиясындағы кірме терминдер аударма 
терминологиялық сөздіктердің құрылымында арнайы болімде бөлек 
алфавит ретімен берілуі керек деп есептейміз. Бұл сөздіктің қосымшасы 
ретінде қарастырылып, сөздіктің негізгі қызметіне нұқсан келтірмеген 
болар еді. Әрі сөздік құрылымының бұлай орналасуы сөздікте көптеген 
терминдердің аударылып, қазақ тіліндегі нұсқасының қалыптасуына, 
сөздік түзушілердің қалыптасқан дайын кірме терминдерді қазақша 
бағанға бере салмай, оларды аударып беруге ұмтылуына септігін тигізе 
алмақ. 
Бұл 
орайда, 
алфавит 
тәртібі 
бойынша 
берілген 
аударма 
терминологиялық сөздіктердің ұтымды жағын да атап өту керек. Бұл 
сөздік түрлерінің ұтымды жағы - қолданушыға қолайлығында. Терминнің 
аудармасын іздеуші алфавит реті бойынша қажетіне қарай бірінші 
бағандағы қазақша нұсқасынан пемесе бірінші бағанда орналасқан орысша 
нұсқасынан қажетті терминді тауып, оның аудармасын біле алады.
Алайда, бұл тұрғыдан орысша-қазақша терминологиялық аударма 
сөздіктерге қарағанда, қазақша-орысша терминологиялық сөздіктердің аз 
екендігін де жасыра алмаймыз. Қазақ тіліндегі терминдердің қалыптасуы 
үшін орысша-қазақша сөздіктерден гөрі қазақша-орысша сөздіктердің 
маңызды орын алатындығын да айтып өтуіміз керек.
61 


Сөздіктін негізгі мақсаты мен қызметіне байлаиысты жіктелетін 
терминографиядағы сөздіктің келесі түрі - 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет