морфологиялық және синтаксистік варианттарының болуы термин
табиғатына тән емес. Сондықтан терминологиялық сөздіктерде
терминологиялық
сөздіктердің
ішкі
құрылымында
терминдердің
морфологиялық және синтаксистік варианттарын беру де
дұрыс болмаған
болар еді. Тіпті, фонетикалық вариантының болуы, оны терминологиялық
сөздіктерде терминология жүйесі үшін тиімсіз. Мұндай варианттарды беру
терминдерді үйлестіріп, жүйелейтін терминологиялық сөздіктің басты
қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді. Сондықтан орыс
ғалымдары көрсеткен терминдердің морфологиялық, синтаксистік
варианттары,
қысқарған
тұлғалары
туралы
мәліметтер
қазақ
терминографиясының ішкі құрылымына қажет емес.
Ал сөздік мақаланың ішкі құрылымында терминнің жасалу жолын
көрсететін ақпараттардың берілуі сол үлгідегі басқа жаңа терминдердің
жасалуына; пайда болуына ықпал ете алады.
Осы тұрғыдан бұл сияқты
ақпа раттардың берілуі терминологиялық сөздік түзуде ескерілуі қажет.
Мұндай мәліметтер қазіргі терминологиялық сөздіктерде мүлдем аз.
Сөздік мақала құрылымында термин туралы берілетін мәліметтердің
бірі - этимологиялық мәлімет. Этимологиялық мәлімет лексикографиялық
сөздік түрлері үшін де, терминографиялық сөздік түрлері үшін тиімді. Бұл
мәлімет түрі лексикографияда кеңінен қолданылады. Этимологиялық
мәлімет терминографияда терминнің түбірі, тарихы сөз болса оның
бұрынғы мағынасы, жасалу жолы, кірме
термин болса қай тілден
алынғандығы, сол тілде қандай мағына беретіндігі туралы мәліметтерді
береді.
50
Әсіресе, кірме терминдерді беру барысында терминологиялық сөздіктер
үшін қажетті ақпараттардың бірі болып табылады.
Терминологиялық
сөздіктердің
миқроқұрылымына
жататын
элементтердің бірі - лексикалық қабатқа жіктелуі туралы мәліметтер. Бұл
элемент тек терминологиялық сөздіктер үшін ғана емес, арнаулы
лексиканың басқа да түрлерінің сөздіктерін түзу барысында қолданыла
алады. Мысалы, диалектологиялық сөздіктер түзуде. Ал терминологиялық
сөздік түзу барысында мұндай ақпарат ретінде терминнің қай салаға
жататындығы, немесе
қандай тақырыпқа қатыстылығы, қандай ішкі
саланың жүйесіне тән екендігі туралы мәліметтерді беру үшін қолдануға
болады.
Бірақ
әр
ғылым
саласының
терминдеріне
арнайы
терминологиялық сөздіктер жеке-жеке шығарылатындықтан, оның
құрамында ішкі саланы ғана көрсетуге болады. Ал термин басқа
лексикографиялық сөздіктердің ішінде терминнің қай ғылым саласына
қатыстылығын көрсететін стильдік белгі қойса жеткілікті. Бұл ақпаратты
терминологиялық сөздікте беруде қолданылатын негізгі тәсіл – стильдік
белгі.
Орыс терминографиясының көрсетуі
бойынша әр ғылым саласының
арнайы бекітілген индекстерін көрсету де осы элементке жататын
мәліметтердің бірі.
Терминографиядағы микроқұрылым элементтерінің бірі - түсіндірме
беру. Бұл сөзсіз негізінен түсіндірмелі терминологиялық сөздіктерде
немесе түсіндірмелі филологиялық сөздіктерде терминдерді беру
барысында қолданылатын белгілі тәсіл. Сөздіктерде кездесетін бұл
элементті «анықтама беру тәсілдері» деп те атауға болады.
51
Терминографияда түсіндірме беру тәсілдерінің
Достарыңызбен бөлісу: