5.3. 1930-1940 жылдардағы қазақ терминографиясы
(1936 жылы жарық көрген "Қазақ тілінің терминдері" атты
терминологиялық сөздік жөнінде
)
Терминологиялық сөздіктер шығаруға 1930-1931жылдардан бастап
үлен көңіл бөліне бастады. Өйткені, сол кезеңдегі кенестік өкімет өзіне
қарасты республикалардың оқу-ағарту салаларында реформа жасап, оның
бағыт-бағдарын жасауға үлкен мән бере бастағаи еді. Соның бір көрінісі-
1930 жылы Халық-ағарту істері бойынша Мәскеу
158
қаласында өткен II жиын (совещание) еді
1
. Жиында оқу- ағарту
саласына
қатысты
барлық
мәселелермен
қатар
одақтық
республикалардағы терминологияны реттеу ісі де негізгі мәселелердің бірі
ретінде қаралып, оған қатысты арнайы шешімдер шығарылды,
республикалардағы терминдердің қолданысын реттеп, соған сәйкес
терминологиялық сөздіктер шығару міндеттері қойылды. Терминдерді
реттеуге қатысты ғылыми болмаса да, тілдік саясат тұрғысынан бірқатар
принциптер белгілеп берген болды. Соның негізінде терминологиялық
сөздіктердің кеңес өкіметі тұсындағы алғашқы ресми түрдегі нұсқалары
шығарыла бастады. Қазақстандағы сол тұстағы алғашқы термииологиялық
сөздік болып есептелген еңбек - "Атаулар сөздігі" 1931 жылы жарық
көрген еді.
Бұдан кейінгі кезеңде осы бағыттағы шаралардың шеңберінде 1935-
1936 жылдары терминологиялық сөздіктер шығарылды. 1935 жылы
шығарылған терминологиялық сөздікті жеке автор құрастырса, 1936 жылы
жарық көрген "Қазақ тілінің терминдері" атты сөздік арнайы өкіметтің
қолға алуымен шығарылған еді
2
. Бұл терминологиялық сөздік 1933 жылы
Қазақстанда
құрылған
терминологиялық
комиссияның
бекіткен
терминдерінің негізінде құрастырылды. Сөздікте сондай-ақ, терминдерді
қолдануда және жасауда басшылыққа алынуға тиісті принциптер де
көрсетілген. Сөздіктің кіріспесінде бас-аяғы
1 Второе всоюзное совещание по народному образованию. Стенографический отчет
второго всесоюзного совещания по народному образованию. - М.: Учпедгиз, 1931. - С. 308-309.
2 Қазақ тілінің термиидері. 1-кітап. Қазақстанның оқу ісін басқаратын
комиссариатының жанандағы мемлекет термин комиссиясы (Термин комиссиясы мен
Қазақстан оқу ісін басқаратын комиссариатының және қарап қолдануға ұйғарған терминдер,
Қазақстан Халық Комиссарлары Советі негізінде бекіткен). - Қызылорда: Қазақстан
баспасы, 1936. - 99 б.
159
барлығы 11 принципті көрсеткен. Терминографиялық еңбекге қамтылған
терминдер мен көрсетілген принциптерді қолдануға байланысты сол
кездегі Қазақстан Халық Комиссарлары Советінің № 812 қаулысы
шығарылған. Мұның өзі сөздіктің арнайы өкімет тарапынан берілген
тапсырмалардың ауқымында шығарылғанын аңғартады Кеңес өкіметі
тұсында 1931 жылы алғаш шығарылған "Атаулар сөздігімен"
салыстырғанда бұл сөздіктің құрылымы мен сапасынан практикалық
терминография ісіндегі, терминологиялық жұмыстарды үйлестірудегі
ілгерілеушілікті байқауға болады. Мысалы,:"Атаулар сөздігінде" барлық
ғылым салалары мен "пәндерге" қатысты терминдер аралас түрде, бір ғана
терминографиялык, еңбектің ішінде берілген. Бұл қазіргі терминология
саласының терминдерін жүйелеп беруге тиісті терминографиялық
еңбектерге
қойылатын
талаптарға
жауап
бере
алмайды,
әрі
терминологиялық сөздіктердің ғылым саласының терминдерін берудегі
негізгі мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келмейді. Құрамындағы
терминдерінің тұтас жиынтығы ғылым саласының толық жүйесін беруга
тиісті терминологиялық сөздіктер үшін бірнеше ғылым салаларының
терминдерін
араластырып
беру
терминографиялық
еңбектерде
жіберілмеуге тиісті үлкен кемшілік. Алайда, "Атаулар сөздігі"
практикалық терминография тарихындағы алғашқы еңбектердің бірі
болғандықтан, әрі ол кезеңде терминологиялық: сөздік жасау теориясы,
яғни терминография теориясы қалыптаспағандықтан, аталған еңбектің
құрылымында мұндай кемшіліктердің кездесуі заңды да. Бұл кезеңде
қазақ терминологиясында барлық ғылым салаларына
160
қатысты қазіргі таңда қолданылып жүрген немесе сол кезеңдерде кейіннен
қабылданып,
қалыптасқан
терминдердің
тым
аз
болғандығын,
терминдердің көпшілігі қазақ тілінің табиғатына сәйкес реттеліп,
сұрыпталып, қолданыс тауып үлгермегендігін де ескеру керек. Сондықтан
алғашқы терминологиялық сөздіктерді түзушілер ғылыми-көпшілік
қауымды қолданысқа ене бастаған жаңа терминдермен жаппай
таныстырып отыруды, оларды тілдік колданысқа ендіруді мақсат
еткендіктерін байқауға болады.
Аталған "Атаулар сөздігіне" қарағанда 1936 жылы шығарылған "Қазақ
тілінің терминдері" атты терминологиялық сөздікте әр ғылым саласының
терминдерін өз алдына, арнайы әліпби ретімен, жүйелеп беруге ұмтылған.
Сөздікте саяси экономика (қоғам-экономика), физика және математика
сияқты үш ғылым саласының терминдері жеке- жеке берілген. Мұның өзі
аталған салалардың ғылыми жүйесін алғашқы сөздікке қарағаңда
жүйелірек беруге көмектескен.
Сөздіктің құрылымында кеңес дәуірінде шығарылған басқа да сөздіктер
сияқты тілдің орналасу ретінің маңызына мән бермеген. Еңбектің
кіріспесінде шығарылған қаулы мен принциптер қазақ, орыс тілдерінде,
яғни екі тілде де аударылып берілгенімен, ғылым салаларының терминдері
орысша-қазақша болып берілген. Ал қазіргі терминографияда анықталып
отырғанындай, сөздіктердің қазақша-орысша болып жарық көруі де тілдің
даму бағытына үлкен әсер етеді.
Екіншіден,
сөздікте
қамтылған
терминдер
мен
көрсетілген
принңиптерден байқайтынымыз - көптеген
161
кірме терминдер сол күиінде немесе орыс тілі арқылы осы кезеңде
қабылданған. Мысалы, сөздікте көрсетілген бірінші принципте: "Ел-елдің
өз тілдеріне аударылмай, әдебиет тілінде бір-ақ түрде жазылып-айтылып
келген терминдер, мысалы, "революция", "совет", "теория", "практика",
"тенденция", "конкрет", т.т. - аударылмай со түрінде алынсын", -
делінген
1
. Ал, екінші принципте аударылып алынатын терминдердіц
аударылып алынуы керектігі жөніндс айтылғанымен, "Кейбір аударылып
алынатын терминнің қазақ тілінде эквиваленті табылмаса, немесе
қазақшаға аударғанда түсініксіз, я тіпті теріс ұғым беретін болса, ондай
реттерде орысша сөздер альшсын", - деп терминдердің аудармасына шек
қояды
2
. Осы тұста тіпті, қазақ тіліне кірме терминдермен қатар, кейбір
жұрнақтарды да сол күйінде алуға шешім қабылданған. Дәлел үшін
сөздіктегі принциптерден үзінді келтірейік. Мысалы, сегізіші принципте:
"Терминдермен қатар халық ара терминдерде ұшырайтын, бірақ қазақ
қосымшалары оларға эквивалет бола алмайтын бірсыпыра аффикстер де
алынсын: "ист", "изм" (суффикстер), "ре", "син", "суб", "анти", "контр"
(префиксте)", - деп көрсетілген
3
. Қарастырылып отырған мәселе қазақ
терминологиясының нысаны болғанымен, терминографиялық еңбек осы
кірме терминдерінің, кірме
1
Қазақ тілінің терминдері. 1-кітап. Қазақстанның оқу ісін басқаратын комиссариатының
жанындағы мемлекет термин комиссиясы (Термин комиссиясы мен Қазақстан оқу ісін
басқаратын комиссариатының және қарап қолдануға ұйғарған терминдер, Қазақстаи Халық
Комиссарлары Советі негізінде бекіткен). - Қызылорда: Қазақстан баспасы, 1936. - 7-б,
2
Қазақ тілінің терминдері. 1-кітап. Қазақстанның оқу ісін басқаратын комиссариатының
жанындағы мемлекет термин комиссиясы (Термин комиссиясы мен Қазақстан оқу ісін
басқаратын комиссариатының және қарап қолдануға ұйғарған терминдер, Қазақстап Халық
Комиссарлары Советі негізінде бекіткен). - Қызылорда: Қазақстан баспасы, 1936. - 7-б,
3
Бұл да сонда. - 7-б.
162
элементтерінің көптігімен ерекшеленеді. Демек, бұл терминологияның
даму бағытының терминографияда көрініс табатындығын, лексикология
мен лексикографияның тығыз байланысы сияқты қазақ терминологиясы
мен қазақ терминографиясының да тығыз байланысты екендігін дәлелдей
түседі. Бұдан терминографиялық еңбек арқылы сол кезендегі
терминологияның даму бағытын, жетістіктері мен кемшіліктерін айқындай
алуға болады деген қорытынды жасауға болады.
Осы тұрғыдан қарастырылып отырған терминографиялық еңбектің
құрылымындағы терминдерге талдау жасап, оларды топтап көрсету да
тиімді деп есептейміз. Сондықтан "Қазақ тілінің терминдері" атты
терминологиялық сөздікте қамтылған терминдерді
Достарыңызбен бөлісу: |