Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі



Pdf көрінісі
бет49/59
Дата15.11.2023
өлшемі1,11 Mb.
#124165
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   59
младенец - бөпе, красота - 
әдемілік, отчим - өгей әке, мусор - сыпырынды
, т.б. 
Екіншіден, мейлі термин сөз болсын, мейлі жалпы қолданыстағы сөз 
болсын, олардың кейбірінің аудармалары дұрыс берілмеген. Сөздіктен 
осындай дұрыс аударыл маған сөздер мен терминдер кездеседі. Мысалы: 
переживание -дәурен, настроение - еңсе, способность - зеректік
, т.б. 
Үшіншіден, бір сөздің өзі кей тұста қайталанып беріледі: 

взрывчатое вещество - қопарылатын зат, жарылғыш зат; 
- взрывчатое вещество - қопарылатын зат, жарылма зат (шытыны 
зат). 
Бір айта кетерлігі, сөздік құрастырушылар, термин саласымен 
айналысушылар сол кездің өзінде-ақ, қазіргі терминологияда айтылып 
жүргендей, терминдерді жасау, реттеу ісіне кәсіби маман тұрғысынан 
келудің қажеттілігін түсіне алған. Мұны жоғарыда сөздіктің алғы сөзінен 
келтірілген олардың өз сөздері де дәлелдейді. Сөздікте кездесетін 
көрсетілген кемшіліктер әр ғылым саласынық терминдерін жасаумен, 
реттеумен, 
соған 
сәйкес 
сол 
ғылым 
саласы 
терминдерінің 
терминологиялық сөздіктерін құрастырумен тілдік қабілеті бар, сол 
саланы білетін, білікіті терминолог-мамандар айналысуы қажет екеңдігін 
көрсете түседі. 
156 


Бұл сияқты кемшіліктеріне қарамастан, "Атаулар сөздігінің" құрылымы өз 
кезеңінде мақсатын орындай алған терминографиялық еңбектердің бірі 
екендігін дәлелдей алады. Термин мәселесін қолға ала бастаған алғашқы 
кезеңнің өзінде-ақ, талай терминдік атауларды сәтті аударып беріп, оның 
қалыптасуына ықпал еткендігі, сол терминдердің көпшілігінің қазіргі 
ғылым салаларында қолданыс тауып жүргендігінің өзі-ақ "Атаулар 
сөздігінің" қазақ терминологиясы мен терминографиясының тарихындағы 
маңызын көрсетсе керек. Бұл әрі сол кезеңде қазақ тілінде терминдер 
қалыптастыру, жаңа пайда болған ұғымдарды тілге аударып алып отыру 
ұстанымын 
көздеген, 
"Атаулар 
сөздігін" 
құрастырушы 
қазақ 
зиялыларының да қазақ терминологиясы мен терминографиясына қосқан 
үлесі екендігі даусыз. Өкінішке орай, бұл тұрғыдан, сөздіктің 
құрылымында сөздікті құрастырушылар жөнінде ешқандай мәліметтер 
берілмеген. 
Бір айта кетерлігі, талданып отырған "Атаулар сөздігі" 1933 жылғы 
одақтас 
республикалардағы, 
соның 
ішінде 
Қазақстандағы 
"Терминкомның" құрылуына дейін жарық көріп үлгерген. Демек, 
"Атаулар сөздігін" құрастырушылар термин жасаушылар, аударушылар 
бұл кезеңде тілдік саясат ықпалына ілініп үлгермеген деген сөз. Бұл - 
біріншіден, айтылып жүргендей, қазақ зиялылары тарапынан қазақша 
термин жасауға деген ұмтылыстың болғандығын дәлелдейді. Екіншіден, 
"орталық" терминология мәселесін қолға алғаннан кейін термин жасау,
Қалыптастыру ісінде тілдік саясаттың болғандығына, ғалымдардың 
еңбектерінде сөз етіліп жүрген "тілдік саясат" қолданысы, оның тілдердің 
дамуына ықпал еткендігі бекер 
157 


сөз емес екендігіне, отаншылдыққа негізделген жалған ұран емес 
екендігіне "Атаулар сөздігі" мен одан кейінгі кезеңде шыққан 
терминологиялық сөздіктердің арасындағы айырмашылық нақтырақ дәлел 
бола алады. 
Терминография тарихындағы "Атаулар сөздігінің" өзіндік орнын 
орынды бағалай отырып, ондағы жетістіктер мен кемшіліктерді 
терминография теориясында болсын, тәжірибелік терминографияның 
көрінісі - термииологиялық сөздіктер жасау ісінде болсын ескеру керек. 
Кез-келген терминографиялық еңбектегі кемшіліктердің айқындалуы 
терминдерді реттейтін терминографиялық жұмыстардың сапасының 
артуына үлес қосатындығы, ықпал ететіндігін түсіну керек. Мұндай 
жұмыстарды 
құрылымдық 
ерекшеліктерін 
талдау 
қазақ 
терминографиясының тарихын жүйелеп, терминологиялык сөздіктер 
жасау тәжірибесін байыта түспек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет