Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетіінің тапсырысы бойынша



Pdf көрінісі
бет4/41
Дата15.03.2017
өлшемі2,8 Mb.
#9668
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41

Түркітану тұғыры биік ғылым

Әлем халықтары ішінде түркі халықтары өзіндік тіл, тарих, мәдениет, 

салт-дәстүр ерекшеліктерімен өзіндік орын алады. Түркітанудың дараланып, 

өз алдына жеке ғылым саласына айналуының ең басты себебінің бірі өткен 

ХVІІІ ғасырда Орхон, Селингі, Енисей, Талас т.б. өзендерінің алқаптарынан сан 

алуан жазу тасқа шегілген (руникалық) жазулар, мүсін тастар мен ұстындар, 

арнайы жасалған жазба ескерткіштердің бірінен кейін бірі табылып, олардың 

сыры ашылып, құпиясы айқындала бастауына байланысты болды.

Осы тарихи фактілерге байланысты орхон-енисей-талас тас жазулары 

оқуға  келіп,  ірілі-ұсақты  көптеген  түркі  тайпалары  мен  ұлыстарының 

тарихы айқындалып, өзіндік мәдени мұрасы ашыла бастады. Көне орхон-

енисей  руналық  тас  ескерткіштерін  алғаш  оқып,  сырын  ашқан  В.Томсен, 

В.В.Радлов  т.б.  ғұлама  ғалымдардан  кейін  түркітану  ғылымының  мерейі 

өсіп, беделі шарықтай түсті. Өткен ХІХ-ХХ ғғ. жасқа т.б. заттарға жазылған 

ескерткіштердің ауқымы мен таралу шеңбері кеңейе түсті. Бұл ескерткіштер 

зерттеуші ғалымдарды түркі әлемін танып-білуге құлшындыра түсті.

Соның  нәтижесінде  бұрын  жалпылама  түрде  танылып,  айтылып 

келген  жазба  ескерткіштер  кейінгі  кездері  үлкен  үш  топқа  бөлініп, 

әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері айқындала бастады. Жазу – бір, дәстүр 

– ортақ, бірақ олар бір әдеби тілдің үш түрлі варианты ретінде: 1) Орхон 

жазба ескерткіштері; 2) Енисей жазба ескерткіші; 3) Талас жазба ескерткіші 

деп бөлінетін болды.



Енисей жазба ескерткіштерінің басын құрап, бір жинақ етіп жариялаған 

ғалым  –  Васильев  Д.Д.  (144)  ескерткіштің  ішінен  109-ның  суретімен 

жариялап,  көне  ескерткіштер  атласын  жасап,  жариялағаны  белгілі 

(Д.Д.Васильев. Корпус тюркских рунических памятников бассейна Енисея. 



44

Л.,  1983,  128  стр.).  Талас  өзенінің  алқабынан  табылған  тастарға  шегіп 

жазылған естеліктерді көптен бері жинастырып, жазуын оқып, суретін салып, 

жариялап жүрген қырғыз ғалымдары да баршылық. Проф. И.А.Батманов пен 

оның  шәкірттері  тарапынан  осы  талас  ескерткіштерінің  екі  үлкен  жинағы 

(қар.  1)  Эпиграфика  Киргизии.  Вып.  І.  Фрунзе,  1963;  2)  Ч.Жумагулов

Эпиграфика  Киргизии.  Вып.  ІІ,  Фрунзе,  1982)  және  көптеген  арнайы 

зерттеулер жарық көргені белгілі. Айта кету керек, қырғыз ғалымдарының 

бұл тас жазба ескерткіштерін өзіне тартып, иелену үрдісі де байқалады.

Рухани  құндылықтарымыздың  үш  саласының  ең  көлемдісі  –  Орхон, 



Сэлэнгі  және  Тоғула  (Тула)  өзендерінің  бойларынан  табылып,  түркі 

дүниесінің бұл саладағы тарихи-мәдени бастауларынан саналатын аса бай 

жазба  ескерткіштерінің  бас-аяғын  жинақтап  (корпусын  жасап)  жариялау 

тағдырының  бұйрығымен  қазақ  ғалымдары  –  М.Жолдасбеков  пен 



Ә.Сартқожаұлының үлесіне тиіп отыр.

Бұл  игілікті  істі  керемет  етіп  жариялаудың  қаражатын  былай 

қойғанда,  күрделілігінің  өзі  не  тұрады.  Бұдан  бұрын  жарияланған  Енисей 

ескерткіштерін  жинақтауға,  атсалысып  жәрдемдескен  Советтер  Одағының 

ірі-ірі  ғылыми  орталықтары  мен  ғылыми-зерттеу  мекемелеріне  кейбір 

жергілікті республикалардың біразы жәрдем бергені де белгілі. Ал, біз атап 

отырған жұмыс – негізінен тек екі азаматтың қайсарлығымен дүниеге келген 

құндылық. Оның өскелең ұрпақ үшін де, түркітану ғылымының болашағы 

үшін де берерін айтып жеткізу мүмкін емес. Қысқасы, бұл мұралар Орталық 

Азия аймағында орналасқан түркілердің мекені болған Қазақстан, Монғолия, 

Шығыс Түркістан, Қытай, Сібір (Алтай, Хакас, Тува), Қырғыз жерінде мол 

сақталған,  басқаша  айтқанда  Еуразияның  шығысы  –  Кянган  жотасынан, 

батысы – Қырым, Қытайдың оңтүстік шығысы – Аққорғаннан, түстігі – Лена 

өзенінен Алатау алқабына дейінгі ұлан-байтақ аймағын алып жатқан жерге 

тараған Орхон-Енисей-Талас руналық жазба ескерткіштерінің ең ірілері де 

күрделілері  де  осылар.  Қазақ  халқының  өткен  тарихына  қатысы  бар  деп 

санап,  Күлтегіннің  тас  көшірмесінің  Гумилев  атындағы  университеттің 

залына қойылуы да осыған байланысты болса керек.

Сонымен, түркі әлемінде жүз берген оқиғалар қайсы деп сұрайтын 

жан  болсақ,  осы  ХХІ  ғасырдың  5-жылының  соңында  Қазақстанда, 

оның  ғалымдары  тарапынан  жарияланған  “Орхон  ескерткіштерінің 

толық  атласы!”  жарық  көрді  деп  жар  салуға  боларлық.  Оның  екі 

түрлі  себебі  жұртқа  мәлім.  Біріншісі  –  күні  бүгінге  дейін  Орхон-

Енисей, Талас ескерткіштерін арнайы зерттеу тұрмақ, жалпы ғылыми 

мағлұматы  да  өте  аз  еді.  Екіншіден,  1950-жылдары  қалмақ  ғалымы 

И.Д.Номинхонов бастаған дәстүрді, Ғ.Айдаров, Мәскеуден оқып келген 

Алтай  Аманжолов  т.б.  бір-екі  ғалым  болмаса,  жіті  жалғастырушылар 

болған  жоқ  еді.  Соның  салдарынан  Қазақстанда  орхон-енисейтану 

ғылымы дами алмай келгені белгілі.


45

Осы  мәселе  үкімет  басына  келген  ұлтжанды  И.Тасмағамбетов 

тарапынан қолға алынып, небір қиындықтарды жеңіп, сонау Жапон елінен 

“Күлтегін” ескерткішінің көшірмесінің Астанаға алынуы, университет 

жанынан  Орхон  ескерткіштерін  зерттеуші  топ  ұйымдастырып, 

конференция  өткізіліп,  бұл  саладан  білікті  азаматтар  шақырылып 

(солардың бірі – Қаржаубай Сартқожаұлы – Монғолиядан, Мырзатай 



Жолдасбеков  –  Орхон-енисей  ескерткіштерінен  кезінде  диссертация 

қорғаған маман) бұл игілікті іс жолға қойыла бастаған еді. Түркітанушы 

ғалымдардың  қолына  тиіп,  біз  сөз  етіп  отырған  қомақты  еңбек,  міне, 

сол  екі  азаматтың  жариялап  отырған  атласы.  Бұл  еңбек  Қазақстанда 

рунологияның  Азия  аймағындағы  бір  орталығын  қалыптастырудың 

игілікті бастамасы болмақшы, бұл – үлкен істің алғашқы қадамы болып 

саналады.

Еңбекті  жариялаушы  ғалымдарға  Түркі  дүниесі  атынан  рахмет 

айтып, бұл саладағы келешектегі істеріне табыс тілейміз! 

Қазақ тілінің қара шаңырағы және түркітану

«Қара шаңырақ» деген ұғымның мәні мен мәнісін қара қазақ баласы 

білсе керек ... Осы орайда біздің сөз етіп отырған «қара шаңырағымыз» –

ғылым академиясы құзырындағы Ахмет Байтұрсынов есімімен аталатын 

Тіл білімі институты. Біріншіден‚ осы бір мекеменің отыздан астам ірілі-

кішілі түркі тілдерінің ішінде «серкесі» болып саналатын қазақ тілінің 

табиғатын тереңнен танып‚ тәптіштей зерттеуші жер жүзіндегі (осыған 

сеніңіз!) бір де болса бірегей‚ ресми де ғылыми орда болып танылуында. 

Екіншіден‚ бұл мекеме академиядан дүниеге 10 жылдай (1933 ж.) бұрын 

келген‚  қазақ  топырағына  себілген  ғылым  ұрығынан  бүршік  жарған‚ 

ұлт  тағдырының  өзекті  мәселесі  –  тілге  бағышталған  тұңғыш  та  төл 

ғылым саласы бола білді. Үшіншіден‚ «сабақты ине сәтімен» дегендей‚ 

жұлдызы  жанып‚  бұл  орданың  «Қара  шаңыраққа»  айналуына 

ат  салысып‚  ана  тіліміздің  қоғамдағы  орнын  анықтап‚  құдіретін 

таныта  білген  бір  топ  ғұлама  ғалымдарымыздың  өз  топырағымыздан 

табылуында.  Егер  қазақпен  терезесі  тең  басқа  түркі  халықтары  тілді 

ғылымға  айналдыру  үрдісі  басталған  сонау  20-30  жылдарда  айтулы 

тіл  мамандарын  сонау  орталықтан  (Мәскеу‚  Ленинград)  шақырып 

(мәселен‚  өзбектер  –  Е.Д.Поливанов  пен  В.В.Решетовты‚  қырғыздар 

–  К.К.Юдахин  мен  И.А.Батмановты‚  түркімендер  –  Н.К.Дмитриевті‚ 

шуваштар  –  Н.И.Ашмаринді‚  сахалар  (яқұттар)  –  Э.К.Пекарский  мен 

Е.И.Убрятованы  т.т.)  шақырып‚  солардың  ақыл-кеңесімен‚  тікелей 

араласуымен іс бастаған болса‚ қазақтар бұл мәселені «нар тәуекелге!» 



46

салып‚  өз  күшімен  шешуге  кіріскен  болатын.  Сол  кезде  күш  бастаушы 

ретінде  Ахмет  Байтұрсынов  пен  Құдайберген  Жұбановтар  көзге  түссе‚ 

қоштаушылар Телжан Шонанов‚ Халел Досмұхамбетов‚ Қажым Басымов‚ 

Сейіт  Жиенбаев‚  Шамғали  Сарыбаев‚  Ғали  Бегалиев‚  Жұмат  Досқараев‚ 

Сәрсен Аманжолов‚ Ісмет Кеңесбаев‚ Нығмет Сауранбаев‚ Мәулен Балақаев‚ 

Ғайнетдин Мұсабаев‚ Ыбырайым Маманов‚ Ахмеди Ысқақов т.б. ғалымдар 

үлкен ғылымның іргесін қалауға ат салысып‚ тыңға түрен тартқандай‚ соны 

ізденістермен «қара шаңырақтың» іргесін бекітіп‚ сәнін кіргізуге кірісті.

Сөз арасында ескерте кететін бір жәйт: «қазақ тілін қазан төңкерісінен 

бұрын да зерттеушілер болды ғой» деушілер де‚ әрине‚ табылады. Ол рас‚ 

қазақ  тілін  ертеректе  В.В.Радлов‚  П.М.Мелиоранский‚  В.Катаринский‚ 

Н.И.Ильминский  тәрізді  отандық  түркітанушы  ғалымдардың  зерттегені 

белгілі  және  біз  оларды  жалпы  тіл  тарихына  байланысты  ілтипатпен 

атап  отырмыз.  Алайда‚  бұл  зерттеулердің‚  түптеп  келгенде‚  отаршылдық 

мүддесіне‚ танымдық-миссионерлік мақсатына бейім болғандығын біз жақсы 

білеміз. Олар тіл мамандарын да дайындаған емес. Жаңа қалыптаса бастаған 

қазақ тіл білімінің мақсат-мүддесі мүлдем басқаша болды: ол енді ғылыми 

жүйеге салынған тілтанымды халықтың өзіне қызмет етуге бағыштады. 

«Қара шаңырақтың» тағы бір қасиеті – алдыңғы толқын ағалардың 

игілікті  істері  мен  өнегелі  дәстүрін  кейінгі  буын  –  жақсы  ғалымдардың 

жалғастыра білуінде‚ қол жеткен табыстарын еселей түсіп‚ ілгері дамытуына 

ұйытқы  болуы  еді.  Егер  шындықты  мойындасақ‚  60-70-жылдардан  кейін 

қаулап  өсіп‚  ғалымдар  сапына  қосылған  ондаған  ғылым  докторлары  мен 

жүздеген  кандидаттардың  бәрі  болмаса  да  көбі  осы  «қара  шаңырақтың» 

құзырында  болғандар:  қызмет  істегендер‚  оқып‚  білімін  көтергендер‚ 

диссертация қорғағандар‚ ондағы ғұлама ғалымдардың ұстаздық қамқорлығы 

мен  шапағатын  көріп  өскендер.  Бүгінгі  таңда  Қазақстанның  түкпір-

түкпірінде‚ тіпті‚ одан тыс ТМД елдерінде де игілікті қызмет атқарып‚ қазақ 

тіл  білімін  дамытуға  ат  салысып  жүрген  60-тан  астам  ғылым  докторлары 

мен көп жыл бойы ұстаздық еткен профессорлар осының айқын айғағы. Реті 

келіп тұрғандықтан біз олардың есімін (алфавит тәртібімен) атап өтуді артық 

көрмедік (жұрттың да біле жүргені абзал): 



Ғылым  докторлары:  Айғабылов  А.‚  Айдаров  Ғ.‚  Айтбаев  Ө.‚ 

Аманжолов  А.‚  Ахметжанова  З.‚  Ахметов  Ә.‚  Әбілқасымов  Б.‚  Әміров 

Р.‚  Базылхан  Б.‚  Базарбаева  З.‚  Байжанов  Т.‚  Бүкетова  Н.‚  Гаркавец  А.Н.‚ 

Есенғалиева В.‚ Жанұзақов Т.‚ Жанпейісов Е.‚ Жүнісов М.‚ Жүнісбеков Ә.‚ 

Ибатов Ә.‚ Исабеков С.‚ Исаев С.‚ Керімбаев Е.‚ Қажыбеков Е.‚ Қайдаров Ә.‚ 

Қалиев Б.‚ Қалиев Ғ.‚ Қалыбаева А.‚ Қордабаев Т.‚ Құнанбаева С. Құрысжанов 



47

Ә.‚ Манкеева Ж.‚ Мергенбаев Е.‚ Мұсаев К.‚ Мырзабеков С.‚ Нақысбеков О.‚ 

Нұрмұханов Х.‚ Омарбеков С.‚ Оразов М.‚ Оралбаева Н.‚ Сағындықов Б.‚ 

Сайранбаев Т.‚ Сарыбаев Ш.‚ Смағұлова К.‚ Серғалиев М.‚ Сұлтаниязов.‚ 

Сүлейменова Э.‚ Сыздықова Р.‚ Талипов Т.‚ Хасанов Б.‚ Хұсайынов К.

Профессорлар: Бектұров Ш.‚ Жақыпов Ә.‚ Хасенов Ә. (марқұм) т.б.

Осы  топтың  дәл  ортасында  жүруге  тиісті‚  алайда‚  өкінішке  орай‚ 

арамыздан тым ерте кетіп қалған (рухы жәннатта болғырлар) марқұмдарды‚ 

докторларды атасақ‚ олар: Аханов К.‚ Айдаров Т.‚ Әбдірахманов А.‚ Әблақов 

Ә.‚ Бектаев Қ.‚ Болатов Ж.‚ Болғанбаев Ә.‚ Есенов Қ.‚ Қоңыров Т.‚ Мұсабекова 

Ф.‚ Нұрмағамбетов Ә.‚ Нұрмақанова Ә.‚ Садвақасов Ғ.

Бір ғажабы‚ осы аталған ғалымдардың бәрі болмаса да‚ басым көпшілігі‚ 

қайталап айтамыз‚ ерте ме‚ кеш пе‚ әйтеуір‚ сол баяғы «қара шаңырақтың» 

құзырында болғандар‚ соның жемісі‚ соның өрісі және соның алтын қоры 

болып саналады. Біле білсек‚ олардың әрбірі өз саласы бойынша көрнекті 

ғылыми тұлға‚ еңселі еңбегімен еліне‚ түркітану әлеміне танылған ғылым 

қайраткері‚  ізбасар  шәкірт  тәрбиелеген  ұстаздар.  Аға  буын  орта  буынға‚ 

орта  буын  жас  буынға  жасаған  ұстаздығы  арқасында  өз  жалғасын  тауып‚ 

қаумалап өсіп-өнген тілшілер қауымы бүгінде – бір қыруар ел. Бұл‚ әрине‚ 

ұзақ  жылдардың  жемісі‚  «Шәкіртсіз  ұстаз  тұл»  деген  қағиданы  қатал 

ұстанған  көптеген  ұстаз-ғұламалардың  ішінде  (докторы  мен  кандидаты 

аралас) шәкірт санын 50 мен 40-тан (Қ.Кеңесбаев‚ М.Балақаев‚ Ә.Қайдар)‚ 

20-дан (Р.Сыздықова)‚ 10-нан (Ш.Сарыбаев) асырғандары да баршылық.

Бұл үрдіс‚ әрине‚ жалғаса бермекші.

Алайда‚  осыған  байланысты  «қазақ  тілі  бойынша‚  не  оған  қатысты 

саладан дайындалған 60-тай ғылым докторы мен 300-дей ғылым кандидаты 

бір Қазақстан үшін көп пе‚ жоқ‚ аз ба?» деген құйтырқы сұраудың болуы да 

мүмкін ғой. 

Бұған біздің берер үзілді-кесілді жауабымыз: жоқ‚ бұл аз болмаса көп 

болмайды.  «Тіл  тағдыры  –  ел  тағдыры»  деп  біліп‚  ана  тіліне  мемлекеттік 

мәртебе  беріп‚  мерейін  үстем  етіп  отырған  Қазақстандай  егеменді  ел‚ 

тәуелсіз мемлекеттің болашағы тұрғысынан  бұл  өте  төмен  тұрған  меже. 

Жоғары  білімді‚  ғылыми  атақ-дәрежесі  бар  білгір  мамандарға  деген 

сұраныс‚ құдайға шүкір‚ жыл санап арта түсуде. Ондай мамандар арнайы 

колледждер  мен  лицейлерден  тартып‚  күн  санап  қаулап‚  саны  көбейіп 

жатқан  алуан  түрлі  (мемлекеттік‚  мемлекеттік  емес‚  коммерциялық‚ 

халықаралық‚  жекеменшік  т.б.)  университеттер  мен  институттардың 

бәріне қажет-ақ.


48

Алайда‚  мәселе  олардың  санында  ғана  емес‚  сапасында  да  болса 

керек. 

«Қара  шаңырақтың»  тағы  бір  тағылым  алар  игілікті  ісі  болды. 

Ол  –  өз  қазанында  ғана  қайнап‚  тек  қазақ  тілінен  ғана  емес‚  сонымен 

қатар ұзақ жылдар бойы басқа түркі тілдері бойынша да жоғары дәрежелі 

(доктор‚ кандидат) мамандарды дайындауға белсене ат салысып келеді. 

Тек  кейінгі  30-35  жыл  беделінде  осы  «қара  шаңырақ»  құзырындағы 

кеңестің‚  демек  ғалымдарының  пәтиқасымен  20  шақты  түркі  (мәс‚ 

Татар‚  башқұрт‚  шуваш‚  қарашай-балқар‚  қарақалпақ‚  әзербайжан‚ 

өзбек‚ қырғыз‚ ұйғыр‚ хакас‚ тува‚ саха (якут)‚ шор‚ алтай‚ қырымтатар‚ 

түркімен  т.б.)  тілдері  бойынша‚  сондай-ақ  оларға  ортақ  мұра  –  көне 

жазба ескерткіш тілін‚ түркі тілдерін өзара салыстыра‚ басқа тілдермен 

(мәс.‚  Орыс‚  араб‚  моңғол‚  жапон  т.б.)  салыстыра  зерттеушілердің 

еңбектеріне  әділ  бағасын  беріп‚  30-дан  аса  докторлық‚  100-ге  тарта 

кандидаттық диссертация қорғатуын ілтипатпен атауға болады. Жылдар 

болса  жылжып  өтіп  жатыр‚  түркітану  үрдісі  бәсеңдеген  жоқ.  «Қара 



шаңырақтан»  қанаттанып‚  Қазақстанның  кандидаттық‚  докторлық 

дипломдарын  алып‚  елдеріне  оралған  бұл  туыстарымыз  (мың  да  бір 

алғысы  өз  алдына!)  –  бүгінде  өз  халқына  еңбегімен  танымал  ғылым 

қайраткерлері‚ өздері де шәкірт дайындайтын ұлағатты ұстаздар. Сөзіміз 

дәйекті  болуы  үшін  біраз  докторлардың  аттарын  атап  өткеніміз  артық 

болмас. Мәселен‚ татар тілі бойынша аталмыш кеңесте көрсетілген мерзім 

ішінде алты докторлық диссертация (Сибагатов Р.Г‚ Хаков В.Г.‚ Ахунзянов 

Э.М.‚  Хакимзянов  Ф.С.‚  Амиров  Г.С.  Юсупов  Ф.)  қорғалса‚  башқұрт  тілі 

бойынша (Садуақасов Ғ.‚ Талипов Т.‚ Абдуллаев С.Н.)‚ шуваш тілі бойынша 

(Чернов М.Ф.)‚ хакас тілі бойынша (Боргояков М.И.)‚ қарашай-балқар тілі 

бойынша  (Аппаев  А.М.)‚  қырымтатар  тілі  бойынша  (Мемедов  А.)‚  саха 

(якут) тілі бойынша (Тыбыкова А.Т.)‚ қырғыз тілі бойынша (Құдайбергенов 

С.‚ Даулетов А.‚ Садықов Т.‚ Жаппаров Ә. Т.б.)‚ тыва (тува) тілі бойынша 

(Кунаа А.И.)‚ қазақ-моңғол тілдері бойынша (Базылхан Б.)‚ түркі-моңғол 

тілдері  бойынша  (Жевлов  А.)  т.т.  –  барлығы  30-дай  адам  докторлық 

диссертация қорғаған екен. Кандидаттарын қоса атасақ‚ бұл тізім үш есе 

көбейе түскен болар еді.

«Қара  шаңырақтың»  осы  бір  игілікті  ісі  кеңестік  тіл  білімінде‚ 

жалпы түркітану әлемінде ескерілмей қалған жоқ. Ұлттық тілдерге тән 

беріле бермейтін кешегі тоталитарлық заманның өзінде ол түркі тілдері 

бойынша диссертация қорғатудың Кеңес Одағындағы үш орталығының 

(Москва‚  Баку‚  Алматы)  бірі  болып‚  аталмыш  «қара  шаңырақтың» 


49

танылуы  осының  айғағы  болса  керек.  Бұл  сонымен  қазақстандық  тілші 

ғалымдарға деген үлкен сенім еді. Осы сенімнен біз күні бүгінге дейін арыла 

қойғанымыз жоқ. Айта кету керек‚ Республикада тіл мамандарын дайындау‚ 

аттестациялау  жүйесі  ылғи  дамумен‚  жетілдірумен  көзге  түседі.  Мәселен‚ 

Ұлттық ғылым академиясы құрылғаннан кейін (1946 ж.) Қоғамдық ғылымдар 

саласында жұмыс істей бастаған біріккен кеңесте тіл мен әдебиеттен де‚ өнер 

мен тарихтан да қорғай беруге болатын. Одан кейін бұл кеңес ықшамдалып‚ 

тек  тіл  мен  әдебиеттен  (филология  саласынан)  ғана  қабылдайтын  болды. 

1967-1980  жылдар  аралығында  Тіл  білімі  институты  құзырында  «Түркі 

тілдері» бойынша кандидаттық диссертация‚ ал 1981 жылдан бастап бүгінге 

дейін (2001 ж.) –докторлық (әрі кандидаттық) қорғаудың мамандандырылған 

кеңесі (10.02.06 мамандығы – «Түркі тілдері» бойынша) өз қызметін атқарып 

келеді және бұдан кейін де атқара беретіндігіне сеніміміз мол.

Енді‚  тіл  мамандарын  дайындау  проблемасына  «қара  шаңырақ» 

дәстүріне қайта оралсақ‚ оның түркітану саласындағы үш орталықтың бірі 

болып  саналуында‚  екі  түрлі  фактордың  барын  мойындаған  жөн.  Оның 

бірі  –  Қазақстанда  өсіп  жетілген  білікті  де  білгір‚  өресі  биік‚  тегеурінді 

тіл  мамандарының  басым  көпшілігінің  осы  «қара  шаңырақ»  Кеңесінің 

астына  шоғырлануында.  Екіншісі‚  бұл  қиын  да  қыруар  мол  жұмысын 

дұрыс  ұйымдастыруға  байланысты  деп  білеміз.  Кеңестің  жұмысына  тек 

оның  мүшелері  ғана  емес‚  қорғалатын  диссертация  ғылыми  жетекшіден 

бастап‚ тақырып таңдау‚ оны мақұлдау‚ мақала жазып‚ жариялау‚ емтихан 

тапсыру‚  диссертацияны  талқылау‚  оны  қабылдау‚  жетекші  мекеме  мен 

ресми оппоненттердің пәтиқасын алу мен және қорғаумен бітетін осынау бір 

ұзақ та қиын процесті басынан өткеру жас талапкерлер үшін өзін қоршаған 

ғалымдардың  қатал  талабы  мен  әділ  сыны  ғана  емес‚  қамқорлығы  да  аса 

қажет.


Кеңес жұмысын ұйымдастыру мәселесі ең алдымен осы бір игілікті іске 

қатысты  ғалымдардың  өзара  түсінісуін‚  ынтымақ-бірлігін‚  ықылас-ниетін 

талап ететіні сөзсіз.

Біз  мұны  бекер  ескертіп  отырғанымыз  жоқ.  Әлі  есімізде‚  ғылымның 

әрбір  саласы  сараланып‚  белгілі  мамандықтар  бойынша  кеңес  құрылып‚ 

әріптестердің  қорғалып  жатқан  әрбір  диссертацияға  ықылас-ынтасы  өсіп‚ 

берілетін  баға  да‚  сын  да  ашық  айтыла  бастаған  кезеңге  (1960-1970  жж.) 

дейін‚  әсіресе‚  докторлық  диссертация  қорғау‚  өте  қиын  болатын.  Талай 

адамдардың «қорғай алмай»‚ омақасып жатқанын‚ қорғаса да‚ сіңіріне ілініп‚ 

бір-екі дауыспен әрең өткендерін өзіміз де талай көрдік. Кеңестің осындай 

«құқайынан» қорыққандар өз кеңесіміз бола тұрса да‚ Қазақстаннан кетіп‚ 


50

басқа жерлерде қорғауға мәжбүр болатын. Мәселен‚ өз диссертацияларын 

Т.Қордабаев – Бакуде‚ К.Аханов – Тбилисиде‚ В.Есенғалиева – Қазанда‚ 

А.Ысқақов – Ташкенде т.т. шетке барып қорғағаны әлі есімізде. 

Демек‚  ғұлама  ғалымдар  арасындағы  творчествалық  атмосфераның 

сақталуы ғылыми кадр дайындаудың бірден-бір шарты болып саналады. 

Сонда ғана талапкердің аяғын шалып‚ жетекшісін мұқату‚ домалақ арыз 

ұйымдастырып құлату т.т. болмайтынын біз жақсы білеміз.

Бүгінде  егеменді  де  тәуелсіз  ел  болып  отырған  Қазақстанда  ғылым 

салаларын  дамытуда‚  ғылыми  кадрларды  тәрбиелеп‚  аттестациядан 

өткізуге  жаңа  құрылған  Мемлекеттік  Жоғарғы  Аттестация  Комиссиясы 

(ЖАК) маңызды қызмет атқаруда.

Бұл  мекеме  саласында  көптеген  қалыптасып  қалған  кейбір  жақсы 

дәстүрді  жалғастыра  отырып‚  өз  ісін  заман  талабына  сай‚  ғылымның 

бүгінгі  өрелі  үрдісіне  сәйкес  қайта  құруға  талаптануда.  Өмірдің  өзекті 

мәселелерін  тап  басып‚  ғылыми-педагогикалық  кадрларды  саралап‚ 

сұрыптауда‚ еңбегін бағалап‚ әділ шешім қабылдауда қыруар іс тындыруға 

тырысуда.

Алайда‚ бір Комиссияның‚ ондағы бір топ мамандардың ғылымның 

сан алуан саласы бойынша құрылып жатқан диссертациялық кеңестердің 

бәрін бірдей‚ бір кезде төрт аяғынан тік тұрғызу‚ төрт құбыласын тең етіп‚ 

сомдай  салуы  оңай  болмаса  керек.  Диссертациялық  кеңестерді  қалың 

том  болып  шыққан  «Ережелердің»  негізінде  қайта  құруға  байланысты 

ЖАК-тың  тоғыз  толғанып‚  он  ойланып‚  зиялы  қауымның  пікірін  күтіп 

отыруының бір себебін де біз бұл істің оңай еместігінде деп білеміз.

Шынында да құрылған және құрылмақшы диссертациялық кеңестер 

жөнінде ақылдасар жайттар аз емес. Осы орайда‚ біз де‚ аталмыш «қара 

шаңырақтың»  құзырында  құрылып‚  күні  бүгінге  дейін  біраз  игілікті  іс 

тындырып келе жатқан Кеңестің көптен бері басы-қасында жүргендіктен‚ 

осы мәселе төңіргінде ой қозғап‚ өз пікірімізді ортаға салуды жөн көрдік.

Қазақстанды көпұлтты мемлекет деп жүрміз ғой. Шынында да солай. 

Қазақстанда басқа ондаған түркі тілдес халық өкілдері жасап келеді. Ал‚ 

сол түркі тілдері мен соның бірі қазақ тілі бойынша Алматыда докторлық 

және кандидаттық диссертация қорғайтын үш Кеңес жұмыс істеп келеді. 

Олардың  жайы‚  статусы‚  мақсаты‚  міндеті‚  жауапкершілігі  т.б.  толып 

жатқан ұйымдастыру мәселелері‚ әрине‚ бәрімізді де ойландыруда.

Осы мәселелерге байланысты біз де ең алдымен сол аталмыш «Қара 

шаңырақ» құзырындағы 10.02.06 – «Түркі тілдері» бойынша докторлық 

диссертация қорғау жөніндегі Кеңестің ау-жайына тоқталып өтейік.



51

Біздің  ойымызша:  тіл  бойынша  жұмыс  істейтін  диссертациялық 

Кеңестерді  ашуға  байланысты  ЖАК  тарапынан  қатты  ескерілуге  тиісті 

мәселелердің  бірі  –  осы  саладағы  жоғары  дәрежелі  (доктор‚  кандидат) 

мамандарға жалпы республиканың қажеттігі мен мұқтаж-ділгерлігін айқындап 

алу.  Пайымдап  қарасақ‚  «мұндай  қажеттілік  пен  ділгерлік  бізде  жоқ»  деп 

ешкім де айта алмайтын сияқты. Өйткені‚ дәл қазіргі кезде республикамызда 

қазақ тілі және оған тікелей қатысты жалпы түркітану салалары бойынша 

60-тай ғылым докторы‚ 300-ге жуық ғылым кандидаттары бар екен. Ал‚ күн 

санап қаулап өсіп келе жатқан мемлекеттік емес (коммерциялық‚ жекеменшік 

т.б.)  оқу  орындары  мен  арнаулы  колледж‚  есептемегенде‚  мемлекеттік 

университеттер  мен  институттардың  жалпы  саны  170-тен  асып  кетіпті. 

Бұлардың әрқайсысында бірден (кейбіреулерінде екі-үштен) қазақ кафедрасы 

бар десек‚ аталған 60 шақты доктор-профессорлар олардың жұмырына жұқ 

та болмайтыны белгілі. Және олардың 90 пайызы Алматыда шоғырланған 

ғылыми-зерттеу  мекемелері  мен  университеттерде  қызмет  етеді  екен.  Ал‚ 

сонда қалай‚ облыстардағы жоғары оқу орындарының жағдай не болмақ? 

Олар  тоқалдың  балалары  емес  қой!  Байқап  қарасақ‚  14  облыстың  тек 

үшеуінде ғана (Қарағандыда – 2‚ Шымкентте – 2‚ Көкшетауда – 1) 5 доктор-

профессор  бар  екен.  Көптеген  облыстарда  кандидат‚  доценттердің  өздері 

бірден‚ екіден ғана.

Демек‚ тіл мамандарына деген қажеттілік те‚ ділгерлік те бізде бар. Ал‚ 

енді ең болмаса‚ доктор-профессоры және оның төңірегінде жүрген бірнеше 

кандидат-доценті‚  ассистенттері  болмаған  кафедраны  толыққанды  маман 

тәрбиелеу орталығы деп айту қиын-ау.

Мұның  бәрін‚  сайып  келгенде‚  бұрынғы  тоталитарлық  режим 

кезіндегі  ұлт  тілдеріне  деген  қыңыр  көзқарастың  салдары  деп  қараған 

жөн. Бұл мәселені жоспарлы түрде зор табандылықпен жолға қоюдың бір 

тетігі ЖАК-тің қолында.

Осыған орай‚ қайта құрылуға‚ не жаңадан ашылуға тиісті Кеңестердің 

алдына қойылатын талаптар мен шарттар да аз болмаса керек. Өйткені‚ 

мәселе жоғары дәрежелі тіл мамандарының тек санын көбейтуге емес‚ 

сапасын арттыра түсуде болып отыр.

Ол шарттар мен талаптарға біз төмендегілерді жатқызған болар едік.

Біріншіден‚  Кеңес  ғылым-білім  саласында  өзіндік  дәстүрі  бар‚ 

беделді де іргелі ғылыми-зерттеу орталығының (институттың)‚ не қазақ 

тілі кафедрасының құзырында құрылғаны жөн.

Екіншіден‚  Кеңес  мүшелерінің  3/2  сол  мекеменің  (институт  не 

кафедраның)  тұрақты  қызметкерлері  (доктор‚  профессор‚  доцент‚ 


52

ғылыми  кадр  дайындауда  тәжірибесі  бар  мамандар  болуға  тиіс.  Ал‚  әр 

жерден  шақырып‚  әр  түрлі  мамандардың  басын  қосып‚  топтастырылған 

жасанды кеңестің аттестация процесіне қаншалықты пайдалы екенін айту 

қиын.  Өйткені‚  Кеңес  те  кадр  дайындаушы  мекеменің  алдында  белгілі 

жауапкершілігін‚  өз  міндетін  сезінетін  табиғи  бір  бөлімшесі  іспетті.  Жас 

талапкерлердің бірінші қадамынан бастап‚ соңына дейін (ғылыми жетекшісін 

бекіту‚ тақырыбын құптау‚ диссертациясын алдын ала талқылау‚ мақаласын 

баспаға ұсыну‚ емтихан тапсыру‚ қорғау т.т.) қадағалап отыруға оның сонда 

ғана мүмкіндігі болады, ал‚ әр жерден келетін Кеңес мүшелерінің айында 

бір‚  жылында  бір-екі  сағат  көрсетіп‚  формальді  түрде  дауыс  беруінің‚  не 

бермеуінің  моральдық  фактор  екенін  ұмытпаған  жөн.  Бұл  –  ойланатын 

нәрсе. Кейбір облыс орталықтарында‚ не үлкен қалаларда‚ республикадағы 

мамандардың басын қосып‚ тұрақты жұмыс істейтін бірнеше Қазақстанның 

«ит арқасы қиян» – әр түкпірінен жас талапкерлердің артынып-тартынып‚ 

ғылым іздеп‚ бір ортаға шұбыруын тоқтатар еді. 

Үшіншіден‚  мекеме  жанынан  Кеңес  құру  үшін  ғылыми-техникалық 

база  болуы  қажет.  База  дегеніміз  –  ол  тәжірибелі  мамандар‚  аспирантура 

мен докторантура‚ ғылыми журнал‚ жинақ шығаратын баспа орны‚ ғылыми 

кеңес және тұрақты өткізілетін лингвистикалық‚ не әдістемелік семинар‚ әр 

түрлі тіл проблемаларына бағышталған республикалық‚ аймақтық‚ отандық‚ 

не халықаралық ғылыми-практикалық мәжілістер мен симпозиумдар өткізіп 

тұратын мүмкіншілік. Кадр дайындауға қажетті‚ ғылыми база боларлық осы 

мүмкіншіліктердің бәрі‚ мәселен‚ Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі 

институтында бар деп айта аламыз.

Бұл  Кеңестің  кейінгі  30-35  жыл  беделінде  «Түркі  тілдері»  –  10.02.06 

деген  мамандық  бойынша  100-ге  тарта  ғылым  докторын‚  400-дей  ғылым 

кандидатын  қорғатқаны  туралы  жоғарыда  айтылды.  Демек‚  20-дан  астам 

түркі тілдері бойынша ТМД елдерінен диссертация қорғаған докторлар мен 

кандидаттардың әрбір үшіншісінің қолындағы дипломына осы Кеңестің аты 

жазулы тұр деген сөз.

«Түркі  тілдері»  деген  мамандықты  бұрын  да‚  қазір  де  түсінбейтіндер 

баршылық.  Оны  біреулер  «түркі  тілдерінің  бәрінің  басын  қосып  зерттеу» 

деп  шатасса‚  енді  біреулер  «бұл  Кеңесте  жеке-дара  түркі  тілдері  (қазақ‚ 

ұйғыр‚ татар‚ қырғыз т.т.) бойынша да диссертация қорғауға болмайды» деп 

түсінетін көрінеді.

Бұл түсініктің екеуі де қате түсінік.

Жер жүзіне тарап кеткен түркі тілдері қанша болса да‚ олардың тегі бір‚ 

тарихи даму жолы ұқсас‚ тағдырында да көптеген ортақтық бар. Сондықтан 


53

да‚  әрбір  түркі  тілін  жеке-дара  зерттеуші  ғалым‚  шын  мәнісінде  оның 

табиғатына  тереңірек  үңілгісі  келсе‚  бұл  факторларды  аттап  өте 

алмайды. Түркі тілдерінің тарихын‚ құрылымын‚ даму процесін зерттеу 

нәтижесінде  қалыптасып‚  тиімді  тәсілге  айналған  тарихи-салыстырма 

әдіс те‚ міне‚ осы фактордан туындаған. Бұл бір.

Екіншіден‚ бүгінгі түркі тілдері өзара классификациялық топтарға 

жіктелгенімен‚  ортақ  көне  де  ескі  жазба  ескерткіштеріне  бай.  Ал‚ 

бұларды белгілі бір тілге телуге болмайды. Сондықтан мұндай еңбектер 

«Түркі тілдері» деген Кеңесте ғана қаралуға тиіс‚ «Қазақ тілі» – 10.02.02. 

мамандығын  бойынша  да‚  10.02.02  мамандығы  бойынша  да  жіберуге 

болады.


Міне‚  «Түркі  тілдері»  бойынша  Кеңестің  қажеттігі  осында.  Бұл 

саладан  атап  айтқанда  орхон-енисей‚  көне  қыпшақ‚  оғыз‚  бұлғар 

ескерткіштерінің  тілі  бойынша‚  біздің  Кеңесте  қорғалған  (А.Айдаров‚ 

Ә.Құрысжанов‚  Ф.С.Хакимзиянов‚  Ә.Ибатов  т.б.)  докторлық 

диссертациялар осының айқын айғағы болса керек.

Үшіншіден‚ жалпы түркі тілдері‚ оның ішінде әрбір жеке тіл‚ тек 

өз  қазанында  қайнап‚  дамыған  емес.  Олар  өздерінің  ұзақ  тарихында 

көптеген  басқа  тілдермен  тығыз  қарым-қатынаста  болып‚  оларға  әсер 

етті‚  әсерін  қабылдап  келгені  белгілі.  Олардың  кейбіреулері  (мәс‚ 

монғол‚  тұңғыс‚  манжұр‚  угро-фин‚  жапон‚  корей  т.б.)  алтайтану 

жорамалы  бойынша  түркі  тілдерімен  шығу  тегі‚  не  тарихы  бір‚  туыс 

тілдер деп қаралса‚ енді біреулері (қытай‚ санскрит‚ араб‚ иран‚ славян 

т.т.)  олардың  тарихи  дамуына  белгілі  әсерін  тигізген  тілдер  ретінде 

салыстармалы-типологиялық  зерттеу  объектісі  болып  келеді.  Міне‚ 

қазақ және басқа түркі тілдеріне қатысты бұл мәселелерге бағышталған 

бұрынғы  КСРО  жағдайында  тек  төрт-ақ  Кеңесте  (Москвада‚  Бакуде‚ 

Тбилисиде  және  Алматыда)  қабылданып‚  қорғатылып  келді.  Мәселен‚ 

Б.Базылханның «Қазақ және моңғол тілдері бойынша зерттеулер» атты 

(1993  ж.)‚  Ц.Д.Номинхановтың  «Түркі  және  моңғол  тілдері  бойынша 

зерттеулер»  атты  (1978  ж.)  т.б.  докторлық  диссертациялары  осының 

айғағы. Бұлардан басқа жапон‚ қытай‚ корей‚ араб т.б. тілдерінің түркі 

тілдерімен  қатынасына  байланысты  кандидаттық  диссертациялардың 

жазылғаны (Б.Бафин‚ Э.Әзербаев‚ Л.Рүстемов т.б.) да белгілі. Ал қазақ 

тағы басқа түркі тілдерімен орыс‚ ағылшын‚ неміс‚ француз т.б. Еуропа 

тілдерін  салыстыра-салғастыра  зерттеудің  өзіндік  ерекшелігі  бар‚  өз 

алдына  бір  төбе  мәселе.  Бұл  проблемаға  бағыштап  арнайы  Кеңес  ашу 

қажет сияқты.


54

Төртіншіден‚ «Түркі тілдері» бойынша Кеңестің‚ жоғарыда аталған 

мақсат-міндеттері  бола  тұрса  да‚  негізгі  объектісі  жеке-жеке  түркі 

тілдері  болып  қалмақшы.  Көпұлтты  Қазақстанда  мемлекеттік  мәртебе 

алып отырған қазақ тілі бас болып‚ әрбір түркі тілінің табиғаты жеке де‚ 

өзара  қатынасу  процесінде  де  зерттелуі‚  олар  бойынша  ғалымдардың 

дайындалуы қажет.

Бесіншіден‚ аталмыш Кеңестің болашағына байланысты айтарымыз: 

жоғары  дәрежелі  ғылыми  кадрлар  –  тіл  мамандарын  дайындауда 

қалыптасқан  игі  дәстүрімізді  жалғастыра  бергеніміз  жөн.  Қайта  құру 

үрдісімен  әйтеуір  бір  аунап  тұру  керек‚  әйтеуір  бір  «жаңалық»  жасау 

керек деген науқаншылыққа бой алдырмай‚ ғылымның жаңа үрдісі мен 

талабына сай қарымды қадам жасағанымыз жөн.

Әрине‚ бұл мәселе бір күнде‚ бір сәтте шешіле қоймас. Санға мән 

беріп‚ сападан төмендеп кетпеу керек. Мемлекеттік тіліміздің қоғамда өз 

қызметін толық атқара алмай келуі атақ-лауазымды тіл мамандарына да 

үлкен сын.

Енді тіл мамандығы бойынша құрылған‚ құрылуға тиісті Кеңестердің 

құрылымы‚  ұйымдастыру  жұмысы‚  ғылымға‚  диссертанттарға 

қойылатын талабы‚ жәрдемі т.б. мәселелер туралы кейбір ойларымызды 

да кетейік.

1. Кеңестің мамандығы туралы. Кеңестердің бірыңғай бір мамандық 

бойынша  құрылғаны  жөн.  Салыстырмалы  типологиялық  зерттеулердің 

жөні бір басқа. Мұндай Кеңестің біреуі Қазақстан үшін керек. Ал‚ қазақ 

тілі мен орыс тілдерін «Қазақстан халықтарының тілдері» деген профиль 

бойынша  біріктіріп  қоюға  болмайтын  сияқты.  Мұндай  жағдайда  өзара 

түсінісу‚ тврочествалық атмосфера‚ нақтылы пікір таласы бола бермейді.

2. Кеңес мүшелерінің саны бұрын 21-25-ке дейін барушы еді. Енді 

олар қысқартыла келе‚ 11-15-ке түсті. Бұл «ықшамдылық» қажеттіліктен 

туған. Диссертация профилі бойынша айқындау мүмкіншілігі шектелді. 

Сондықтан кеңес мүшелерінің санын мамандар бар жерде 17-21-ге дейін 

көбейту дұрыс сияқты.

3.  Кейінгі  кезде  диссертацияға  қойылатын  талап  кей  жерлерде 

тым  төмендеп  кеткен  сияқты.  Проблема  көтере  алмаған  докторлық‚ 

диплом жұмысы дәрежесіндегі кандидаттық диссертациялар да кездесіп 

қалады.  Бұл  көбінесе  белгілі  Кеңесте  қалыптасқан  дәстүрге‚  ондағы 

творчествалық‚  коллегиялық  атмосфераға  байланысты.  Осыған  орай‚ 

көптен  бері  айтылып  жүрген  «кандидаттық  диссертация  бойынша 

Кеңестің шешімін ЖАК бірден бекітуі керек» деген ұсынысты ережеге 


55

айналдыру  әлі  ерте  сияқты.  Мұндайда  саралау  (экспорт)  комиссиясы 

диссертация  қорғалған  Кеңестің  статусына  да‚  ғылыми  жетекшісінің 

тәжірибесіне  де‚  ал  докторлық  диссертацияларда  проблема  көтеруіне  де 

қараған жөн.

4. Жоғары дәрежелі тіл мамандарын дайындауда күрделі де реттелмеген 

мәселелердің  бірі  –  диссертациялық  тақырыптарды  белгілеу‚  бекіту.  Бұл 

біле білсе‚ республикадағы тіл білімінің жалпы бағыт-бағдарын‚ нақтылы 

проблемалары  мен  салаларын  айқындауға‚  оларды  бағдарлап‚  бақылап 

отыруға байланысты. Бүл істің бәрі Ұлттық академия құзырындағы Қоғамдық 

ғылымдар бөлімінің басты міндеті болып саналады. Осы нақтылы міндетті 

ғылым  саласы  бойынша  нақтылы  ғылыми-зерттеу  институттары  атқарып 

келді.  Ахмет  Байтұрсынов  атындағы  Тіл  білімі  институтында  профессор 

Ш.Ш.Сарыбаев  басқарып  келген  Бағдарлау  (координациялау)  кеңесі  күні 

бүгінге  дейін  ұсынылған  диссертация  тақырыптарын  тіркеп‚  олардың 

қайталанбауын‚ орындалуын бақылап келді.

Алайда‚  кейінгі  кезде  бұл  дәстүр  бұзылды.  Әсіресе‚  жоғары  оқу 

орындарында  істейтін  профессорлар  мен  доценттер  ойына  келген 

тақырыптарын ұсынып‚ координациялық ортаның пікір-кеңесімен санасуды 

қойды.  Соның  нәтижесінде  ғылым  үшін  актуальдығы  жоқ‚  бір-біріне 

ұқсас‚ тіпті тақырыбы қайталанатын жұмыстар қаптап кетті. Біз тәжірибелі 

профессорлардың  тақырып  ұсыну  құқын  шектегіміз  келмейді‚  кешегі 

шәкірттеріміздің енді өзіне шәкірт дайындау ниетіне де қарсы емеспіз. Бірақ 

біз сонда да жаңа тақырып ұсынуды қалар едік. Ал‚ ол тек зерттеп жүрген 

үлкен  проблемадан‚  жазып  жүрген  еңбектің  мақсатынан‚  өзінің  мектебі 

бар ғалымдардың келелі бағдарламасынан туындайтын дүние. Әрбір жаңа 

ұсынылған тақырып машықтық емес‚ ғылымның дамуына‚ оның артында 

тұрған адам тағдырына да жауапты қадам.

Осы  мәселеге  байланысты  ЖАК-ның  «қорғалуға  тиісті  диссертация 

алдын  ала  белгілеу»  деген  ұсынысы  бар  көрінеді.  Принципі  дұрыс‚  ол  – 

ғылым саласының даму бағытын‚ болашағын анықтау. Бірақ тіл білімі саласы 

бойынша нақты тақырыптарды тізіп шығудан көрі‚ қазірше бұл ғылымның 

ең басты проблемаларын‚ оның жақын жылдарда шешуге тиіс мәселелерін 

айқындап тұрсақ та жеткілікті болар еді. Мәселен‚ проблема етіп мемлекеттік 

тілдің статусын айқындап‚ оның қоғамдық өмірдің талабына сай дамытудың 

тетіктерін  ашуды‚  қазақ  тілінің  грамматикалық‚  стильдік‚  фонетикалық 

т.б.  жүйелерін  айқындай  түсуді‚  тілдің  лексика-фразеологиялық  байлығын 

этностың  рухани-мәдени  өмірімен  байланыстыра  зерттеуді  күн  тәртібіне 

қоюға болар еді.


56

1. 


Ең  соңғы  бір  мәселе.  Тіл  мамандарын  дайындау‚  аттестациядан 

өткізу‚ әрине‚ жеке адамның мүддесі емес‚ аса маңызды мемлекеттік мәселе. 

Бұл мәселеге басшылық ету‚ бақылау‚ бағыт-бағдарын айқындау үшін ЖАК-

тің құрылуы да содан. Алайда‚ қоғамдағы осы бір жаңа үрдістің ауанымен 

ашылып жатқан кейбір Кеңестердің ұйымдастыру ісінде (тәжірибесіздіктен 

бе‚  жоқ‚  әлде  басқа  себептері  бар  ма‚  белгісіз!)  орашолақтық‚  «Кеңес» 

аты мен затына (бұл сөз «өзара кеңестен» шыққан ғой) сай келе бермейтін 

«өзімбілемдік»‚  кеудемсоқтық‚  «ғылыми  мектеп»  болып  саналатын 

диссертация  қорғау  барысында  моральдық‚  этикалық‚  педагогикалық 

әдептердің  сақтала  бермеуі  қаурыт  та  қарбалас  тіршіліктер  т.б.  байқалып 

қалады. Мұндайларға жол берілмеуі керек.

Тіл тағылымы басқа ғалымдардан өзгешелеу‚ оның табиғаты нәзік болса 

да‚  танымдық  мәні  зор‚  ұлттың  тағдырымен  тікелей  байланысты.  Оның 

ашқан жаңалығы мен қол жеткен табысын‚ техникалық ғылымдардай емес‚ 

дүниежүзілік стандартпен өлшеуге келмейді. Қазақ тілінің мәні де‚ сәні де тек 

қазақ топырағында ғана‚ осы саладағы білікті де білімді ғалымдар тарапынан 

ғана бағаланбақшы. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай‚ қанша 

экономикалық  қиыншылық  болса  да‚  республикамызда  доктордың  аты  – 

доктор‚ кандидаттың аты – кандидат‚ олар ерекше құрметке ие болып қала 

бермекші.

Міне‚  осынау  бір  игілікті  істе  қазақ  тілінің  «Қара  шаңырағы» 

Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты қазақ тіл білімінің 

дамуына‚ қазақ тіл мамандарының өсіп-жетілуіне‚ сондай-ақ түркітану 

саласына да өз үлесін қосып‚ дәстүрін жалғастыра беруі бәріміздің абзал 

міндетіміз! 

Тілтаным. 2001. №1. 5-14 б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет