Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс



Pdf көрінісі
бет40/50
Дата26.01.2017
өлшемі2,43 Mb.
#2745
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   50

Аударыспақ

А

ударыспақ ойынында, екі топтан атқа мінген екі қарулы жі гіт 



шығып,  көп  ортасында  бір-бірімен  аударысып,  өздерінің  күш-қай-

рат,  ақыл-айласы  мен  аттарының  мықтылығын  байқатып,  өнер ле рін 

көрсетеді.

Əдетте,  аударыспаққа  шыққан  жігіттер  қапысын  тауып,  бір-бі рін 

аттарынан аударып тастауына да, шамасы жетсе, атынан жұлып алып, 

өң ге ріп əкетуіне де болады. Қарсыласын атынан аударып тастаған не-

месе атынан жұлып алып, алдына өңгеріп əкеткен жігіт жүлдегер бо-

лады.


Аударыспақ  –  ат  үстінде  ойналатын,  жігіттердің  күш-қайратын, 

ақыл-айласын  сынайтын  спорт  ойындарының  бірі.  Бұл  ойын  адам-

дар дың рухын шыңдап, денесін шынықтырып, олардың ақаусыз өсіп-

же ті луі не мүмкіндік жасайды. Əрі адамдардың бəсекелік жəне үміт-



446

446


кер лік  сезімін  оятып,  оларды  батыл,  ержүрек,  қайсар,  табанды,  епті 

бо лу ға дағдыландырады. Күш-қайратын молықтырып, ақыл-айласын 

байытады.

Күрес

К

үрес – екі адамның топ ішінен суырылып шығып бел де сіп, бі-



рін-бірі жығуды мақсат еткен күш сынасу өнері. Сондай-ақ, қа зақ хал-

қының өте ертеден жалғастырып келе жатқан дəстүрлі спорт ойын  да-

ры ның бірі.

Қазақ  күресінің  қағидасында:  күресуші  палуандардың  жасы,  жы-

нысы, үлкен-кіші, арық-семіздігі, ауыр-жеңілдігі ескерілмейді. Қай та, 

«əлі жеткен алып та, шалып та жығады», «күш атасын танымас» деп, 

күресетін  адам  мейлі  ер,  мейлі  əйел,  мейлі  шал,  мейлі  бала  болсын, 

қарсы жағымен «күресемін» деп, беліне мықты белдік байлап ор та ға 

шықса  болғаны,  оны  шектемейді.  Қайта  күрескен  екі  адам ның  қай-

қайсысы да қарсыласын нендей амалмен болса да жығып, жа уы ры нын 

жерге тигізсе болғаны, жеңген есептеліп, жүлде алады.

Ертеде  күрес  өнері  белгілі  бір  ауылдың,  рудың  жəне  елдің  атақ-

абыройына ерекше əсер еткен. Сол себепті əр ру, əр ауыл, əр ел өз де рі-

нің ең күшті, қарулы деген азаматтарын үлкен жиын-тойларға арнайы 

алып келіп күрестіріп, атақтарын асырып, абыройларын көтеруге күш 

салған.


Күрес өнері адамдардың бұлшық еттерін жетілдіріп, денесін шың-

дап, шынықтырып, күш-қуатын арттырып, ақаусыз өсіп-же ті лу ле рі не 

зор мүмкіндік жасайды. Сонымен қоса, бəсекелестік, үміт кер лік се зі-

мін арттырып, оларды батыр, батыл, ержүрек, қайсар, табанды бо лу ға 

дағдыландырады. Ақыл-айласын, ептілігін кемелдендіре түседі.

Жорға жарысы

Ж

орға жарысы – ат жарыстырудың бір түрі. Дəлірек айт қан да, 



төрт аяғын тең салып, ырғатыла, тайпала басатын аттардың өнер са-

йысы.


447

447


Қазақ  салтында,  жорға  жарысына  қатысатын  жорға  аттардың  ер-

тұр ма ны өте сəнді, шабандоздардың киім-кешегі əлем-жəлем, көз жа-

уын  аларлықтай  əдемі  болады.  Бəйге  атқа  балалар  мініп  шапса,  ал, 

жор ға ға үлкен адамдар мініп өнер көрсетеді.

Жорға  жарысына  («жорға  салу»  деп  те  аталады),  əр  ауыл,  əр  ру 

тай пал ған жорғаларын іріктеп қатыстырады, жорғалардың жор ға сы-

нан танбай озып шығып, көмбеге бұрын жеткені жүлде алады. Жор-

ға  жарысы  көбінде  айналма  жарыс  түрінде  өтіп,  көрермендер  əр бір 

жорғаның аяқты қалай тастап, жорғалағанын бастан-аяқ қа да ға лап кө-

ріп отырады. Жорғалар алда-жалда жорғасынан танып кетсе, оған үш 

ретке дейін ескерту беріледі де, үштен артық жорғадан танса, жарыс 

нəтижесі  күшін  жояды.  Сондықтан  жорға  жарысында  жор ға лар дың 

жарыстағы қимылы ерекше қадағаланып отырылады.

Жорға  жарысы  да  –  ат  спортының  бір  түрі.  Ол  шабандоздардың 

ер лі гін, батылдығын, ат өнеріне деген құштарлығын, төзімділігін, та-

бан ды лы ғын арттырады. Денелерін шыңдап, шынықтырады. Бə се ке-

лік жəне үміткерлік қабілеттерін жоғарылатып, адамдарды ашық-жар-

қын, көпшіл, халықшыл болуға баулиды.



Арқан тарту

А

рқан тарту – жиын-тойларда арқанның екі жағынан ұстап тар-



тысып, күш сынасатын ойын түрінің бірі. Бұл ойынның жеке тартыс, 

жұптасып тарту, топтасып тарту, бұқаша тарту сияқты бірнеше түрі 

бар.

Арқан тартуға көбінесе қабырғасы қатып, бұғанасы бекіген атпал 



азаматтар түседі де, қай жақтың күші басым келіп, белгілі шектен сүй-

реп өткізіп кетсе, сол жақ жеңіп, жүлде алады.

Арқан тарту – адамдардың күш-қайраты мен ақыл-айласын, та бан-

ды лы ғы мен төзімділігін, қайсарлығы мен ерлігін сынайтын ертеден 

келе жатқан спорт ойыны.

Ол  адамдардың  бұлшық  еттерінің  жақсы  жетіліп,  ақаусыз  өсіп-

же ті луі не  мүмкіндік  жасайды.  Денені  шыңдап,  шынықтырып,  түрлі 

ауру-сырқауларға  қарсылық  қуатын  арттырады.  Адамдарды  та бан-



448

448


ды лық қа,  төзімділікке  дағдыландырып,  ақыл-парасатын  жетілдіреді. 

Үміт кер лік, бəсекелік қабілетін жоғарылатады.



Жаяу жарыс

Ж

аяу жарыс – адамдардың ешбір көліктің көмегінсіз, тіке жаяу 



жүгіріп  жарысатын  ойын  түрлерінің  бірі.  Жаяу  жарысқа  ауыл да ғы 

ересек  балалар  мен  бозбалалар  қатыстырылады.  Жарысқа  қа ты су-

шы лар  іріктелген  соң,  белгілі  бір  орыннан  көмбе  белгілеп,  одан  ке-

йін  жүгірушілерді  бір-екі,  кейде,  төрт-бес  шақырым  жерге  апарып, 

бар лы ғын көмбеге қаратып қатарластырып тұрғызады да, басқарушы 

«жү гір»  деген  белгі  беріп  қоя  береді.  Көмбеге  бұрын  жеткен  адам 

жүл де гер болып саналады.

Жаяу жарыс – ғылыми мəн-мағынасы мен тəрбиелік қуаты жо ға-

ры ойын түрлерінің бірі. Ол жастарды жылдамдыққа, ши ра қы лық қа, 

қайсарлыққа, табандылыққа баулиды. Үміткерлікке жетелеп, бə се ке-

лік қабілетін арттырады.

Бəйге беру

Т

аңертең кеткен бəйге түс ауа шаң берген кезде, ауылдағы «ар-



қан  тарту»,  «қыз  қуу»,  «теңге  ату»,  «палуан  күрес»,  «жаяу  жарыс» 

сияқ ты түрлі ойындар да аяқталып, əр ауыл, əр рудың ұшқыр, шап шаң 

ат тар ға  мінген  азаматтары  бəйге  тартуға  жөнеледі.  Олар  əр  50–100 

метр дей  жерге  дейін  (екі-екіден  бəйге  атты  тосып  тұрып)  өз  ауыл-

да ры ның бəйгесі тұстарынан өте бергенде жанамалай шауып барып: 

бірі шылбырынан, бірі құйысқанынан демей тартып, алдыңғы тоспада 

тұрған жігіттерге дейін жеткізіп салады. Ол тоспадағы жігіттер де ал-

дың ғы тоспадағы жігіттер сияқты бəйгені демей тартып, олар да ал-

дың ғы тоспада тұрған жігіттеріне жеткізіп салады. Осылайша, тоспа-

да тұр ған жігіттер бəйгелерін бірінен соң бірі демеп, бəйгенің бе лін 

бір  көтеріп  тастайды.  Сөйтіп,  көмбеге  бұрын  жеткен  ат  бас  бəй ге ні 

алады. Ал, одан кейін келген аттар келу реті бойынша қалған бəй ге ні 

ен ші лейді.


449

449


Ертеде ауқатты адамдар бас бəйгеге түйе бастатқан тоғыз, екін ші 

бəйгеге ат бастатқан тоғыз, үшінші бəйгеге жай тоғыздан бəйге бер-

ген. Іледе өткен əйгілі Нұптебектің асындағы бас бəйгеге 100 жыл қы 

ті гіл ген… Сөйтіп, неше күнге жалғасқан салтанатты той соңғы мə ре ге 

же тіп, ат бəйгесі біткен соң, жиналған қауым ауылдарына тарай бас-

тай ды да, жігіттер жағы көкпарға ыңғайланады.

Қазақ бəйге беру салтында: той-томалақ өткізген адамның өзіне тə-

уел ді туыс-туған, құда-жегжаттарының аттары бəйгеден келсе, онда, 

той-нəзір иесінің бəйгеге тіккен мал-дүниесі өзінде қалады. Бəй ге ден 

аты  келген  туыс-туған,  дос-жарандар  «бəйгемді  аламын»  деп  еш қа-

шан сұрамайды.

Бəйге  беру  –  адамдардың  ат  өнеріне  деген  қызығушылығын  арт-

тырып, ат таңдау, баптап-бағу қабілеттерін жоғарылатады. Үміт кер лік 

жəне бəсекелік қуатын арттырады.



Көкпар тарту

Ә

ртүрлі ойын-сауық қимылдары түгел өтіп, ат бəйгесі біткен соң, 



жүйріктерге мініп, сайгүліктерін ойнатқан ер азаматтар той жа са ған 

үйдің есігі алдына барып, ат үстінен бата жасап, игі тілектер біл ді ріп, 

көкпар сұрайды. Той иесі оларға бір серке (ертеде тайынша берген) 

немесе бір лақты бауыздап, басы мен төрт сирағын кесіп алып, ішек-

қарнын алып тастайды да, көкпаршыларға беріп қоя береді.

Көкпаршылар алған көкпарын кең, жазық бір жерге апарып, ауыл-

ауыл, ру-ру бойынша бөлініп, көп алдында өз азаматтарының қай рат-

күші мен ақыл-айлаларын, аттарының жүйріктігін сынау үшін кейде 

жекпе-жек, кейде екі-екіден көкпарға шығып, «сынасу» тартысын өт-

кі зіп, жиылған жұртқа өз өнерлерін көрсетеді.

Көкпар  тарту  салтында,  көкпарды  алып  қашқан  адам  жолда  кез-

дескен  үйлерге  паршаланып  кеткен  лақты  апарып  тастап,  басқа  лақ 

сұ рап алуды немесе жол-жора беріп, өз лақтарын қайта алуды игі лік ті 

іс есептеген.

Көкпар  тартудың  да  өзіндік  жол-жосыны  мен  ереже-тəртібі  бар, 

оны  қалай  болса  солай  тарта  бермейді.  Мысалы,  көкпар  тарт қан да 



450

450


адам  тек  көкпардан  ғана  ұстап  тарту  шарт.  Адамның  киімінен,  ат-

тың тіз гін-шылбырынан немесе ер-тұрманынан ұстауға; атты, адамды 

ұру ға мүлде болмайды. Сондай-ақ, көкпарды қанжығаға, үзеңгі бау ға 

байлап алуға мүлде жол берілмейді. Көкпарды алып шауып келе жат-

қан адамның алдын кес-кестеп шабуға, жолын бөгеуге қатаң ты йым 

салынады. Жоғарыдағыдай қағидаларға қиғаштық жасағандарға айып 

салынады.  Яғни,  көкпар  заңдылықтарына  қайшылық  істеп,  ат-кө лік, 

адам зақымдалса, немесе адам өлсе, шығын жəне құн төлейді.

Əдетте, жалпылама «көкпар» деп аталғанмен, ол тарту тəсілі жəне 

көкпарды алып-беруіне байланысты бірнеше түрге бөлінеді.



Ойын тартыс

О

йын  тартыста,  бір  адам  көкпарды  алдына  алып,  оны  2–3  ша-



қы рым  жерге  апарып  тастайды.  Одан  соң,  жиналған  екі  топтан  екі-

екі ден жұптасып, төрт жігіт майданға шығып, олардың бір-бір серігі 

жолда  тоспада  қалып,  сығайланған  екеуі  майданға  апарып  тас та ған 

көк пар ды  ат  үстінен  іліп  алып,  өз  топтарына  немесе  көмбеге  қа рай 

алып қашады. Оны өзімен бірге майданға шыққан қарсы топ тың жі гі-

ті қуып жетіп, қолындағы көкпарды тартып əкетуге тырысады. Олар 

солай бір-бірімен таласып жүріп тоспаға тастаған жі гіт те рі нің тұ сы на 

келгенде олар да қарсыластарының алып бара жатқан ла ғы на таласа-

ды. Ақырында көкпарды күші жеткен, аты жүйірік жағы тартып алып, 

көм бе ге апарып тастап, күш-қайраты мен ақыл-айласының мол ды ғын, 

ат та ры ның жүйріктігін көрсетеді. Одан соң, кезекті басқа жі гіт тер ге 

береді.


Ойын  тартыста:  көкпаршылардың  екі-екіден  жұптасып  шы ғуы-

на да, үш-үштен шығуына да, жеке-жеке шығып, көкпарды тақымға 

басып тартуына да; аттың екі жақ қапталына алма-кезек ауыстырып, 

қар сы ла сы нан  қорғануына  да;  біресе  артына,  біресе  алдына  алып 

айла-тəсіл қолдануына да болады. Бірақ, көкпарды алып шауып бара 

жат қан  адамның  алдын  кес-кестеп  қарсы  шабуына,  шылбыр  тіз гі ні-

не жармасуына, киімінен ұстап, атын немесе өзін ұруына мүлде бол-

майды. 


451

451


Дода

С

ынасу тартысы ақырласқан соң, жиылған қауым жаппай до да-



ға  түседі.  Онда  əр  ауылдың  азаматтары  топ-топ  болып  бөлініп,  бір 

жақ  болып  тартысады.  Яғни,  бір  адамы  топқа  кіріп,  көкпарды  та-

қым ға басып шетке тартқанда, серіктері оның атының шылбырынан, 

құйысқанынан тартып демеп, топтан жырып, алып шығады да, оңа ша 

тосып тұрған аты жүйрік серіктерінің біріне бере қояды. Ол көк пар ды 

қағып алып, ұшырта жөнеледі. Егер оны былай шыға бере бас қа лар 

қуып жетіп, көкпарын тартып алатындай болса, онда, ол қо лын да ғы 

көк па рын жақын маңдағы бір сыйлы адамның үйіне апарып тастайды. 

Көк паршылар ол үйге «көкпар жолын» беріп, қайта сұрап алады.

Алда-жалда  көкпар  додаға  көп  түсіп,  тартуға  келмей  бара  жатса, 

онда, оны мақсатты түрде басқа тапшы бір адамның немесе инабатты 

кі сі лер дің бірінің үйіне апарып тастап: «Көгерт! көгерт! көгерт!» деп, 

есігінің алдында тұрып алады. Немесе «маңдайы кере қарыс ұл бер-

сін, талшыбықтай қыз берсін!» деп, бата тілек жасап, көкпар сұ рай ды. 

Үй иесі «көп тілеуі – көл» деп, міндетті түрде бір көкпар бе ре ді де, 

көкпаршылар əкеп тастаған көкпардың етін ырымдап асып жейді. Ең 

соңында,  көкпарды  білек  күші  мол,  аты  жүйрік  бір  адам  бас қа лар ға 

ұстатпай алып кетіп, көпке дейін елдің мақтап-марапаттауы мен қы-

зық əңгімесіне айналады.

КӨКПАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

« К


өкпар»  –  түрлі  жиын-той,  мереке-мейрамдарда  ойналатын 

кө ңіл ашу жəне спорт ойындарының бірі. «Көкпар» жалпы үш түрге 

бөлінеді: Бірінші – лақ, екінші – көкпар; үшінші – аламан. Алайда, бұ-

лар дың тартылу ерекшелігіне қарай: сынасу (сын тартыс), дода (жал-

пылама) дейтін екі түрлі тəсілі бар. 

1. Лақ

Л

ақ тарту – көкпардың ең жеңіл түрі. Оған «лақ» деп өзі айтып 



тұрғандай, лақты көкпар етіп тартады.

452

452


Əдетте,  лақ  тартысқа  тойға  жиналған  үлкен-кіші,  кəрі-жас  тү гел 

араласып, жас балалар шабытқа қонып, қарттар қайратына мі ніп, дода 

тартысқа түсіп, ақыл-айла, күш-қайраттарын көрсетеді. Əр ауыл ат та-

ры ның жүйріктігін, азаматтарының қажыр-қайратын байқатып, мəре-

сəре болысып, көкпаршылар шер-құмарларын бір қандырады.

2. Көкпар

К

өкпарға көбінде ересек адамдар, күш-қайраты мол жігіттер тү-



се ді. Себебі, көкпарға үлкен серкелер, тіпті, тайынша бе рі ле тін дік тен, 

оны  тартуға  кəрі-құртаң  адамдар  мен  бала-шағалардың  күш-қуа ты 

жетпейді.

Салт бойынша, көкпарға берілетін серкенің бас-сирағы кесіп алып 

тасталып, ішек-қарнын алып тастаған соң, ішін қайта тігіп қояды.

3. Аламан

К

өкпардың бұл түрінде ерен күш-қайратты, ең мықты деген жі-



гіт тер ғана өнер көрсетеді. Өзара күш сынасып, ел-жұртқа қажыр-қай-

рат та рын байқатады.

Əдетте, аламан көкпарға тайынша-торпақ беріледі. Онда та йын-

ша ның бас-сирақтары кесіліп, ішек-қарны алып тасталады да, жа рыл-

ған жер қайта тігіліп қойылады. Сондай-ақ, бір-екі бел омыртқасын 

алып тастайды. Сонда алдыға алып жүргенге, тартысқанға қолайлы 

болады.

Қорытып  айтқанда,  көкпар  –  жігіттің  сұңқарын,  аттың  тұл па рын 



сынайтын ең тамаша спорттық ойын.

Ол адамдардың денесін шыңдап, шынықтырады. Түрлі ауру-сыр-

қау лар ға  деген  қарсылық  қуатын  арттырып,  адамдардың  сау  денелі 

болып  өсіп-ержетуіне  мүмкіндік  жасайды.  Қан  айналысын  жақ сар-

тып, жү рек қызметін күшейтеді. Адамдарды ерлікке, батылдыққа, та-

бан ды лық қа, қайсарлыққа баулып, бəсекелік қабілеті мен үміт кер лік 

се зі мін жоғарылатады.


453

453


ТОБЫҚ САҚТАУ ОЙЫНЫ

Т

обық  сақтау  ойыны  алыс-жақын  адамдар  өзара  бас  қосып, 



қой-қозы,  лақ  секілді  ұсақ  малдың  етін  жеп  отырғанда,  адамдардың 

бір-бірін  ақыл-төзім,  айла,  адамгершілігін  сынау  мақсатында  ойна-

лады.  Онда  тобық  ойнауды  ниет  еткен  адам  өзімен  бір  дастарқанда 

дəм дес  болып  отырған  біреуді  ұнатып,  оның  адамгершілігі  мен  аза-

мат ты ғын,  уəде-сертке  берік,  берік  еместігін  сынағысы  келсе, əбден 

мұ жыл ған бір тобыққа жасырын белгі салып, оған: «мына тобық сізге 

аманат. Мұны өзім қалаған бір кезде (оң немесе сол қолыңның) бар-

ма ғың ның астынан аламын, я, болмаса, алақаныңнан аламын. Осыны 

өзім сұраған заман айтқан жерден алып бере алсаң, уəдеге бе рік ті гің, 

азаматтығың, адамгершілігің үшін бір ат міндіремін. Немесе бір ал-

тын сақина беремін. Ал, егер айтқан жерден алып бере алмасаң, ма ған 

не  бересің?»  деп,  отырған  көптің  алдында  тобықты  алатын,  бе ре тін 

уақытын  белгілеп  серттеседі  де,  тобық  беруші  адам  айтқан  мер зі мі 

толғанда тобығын əлгі адам қарбалас бір жұмыспен шұ ғыл да нып жат-

қанда немесе жуынып, жолаушылап деген сияқты бір ың ғай сыз кезде 

тұйықсыз барып сұрайды. Сонда ол тобықты иесі сұраған заман алып 

бер деген жерінен алып берсе, тобық берген адам жеңіліп, ата ған за-

тын береді. Ал, тобық берген адамы айтқан жерінен алып бере алмаса, 

онда, тобық сақтаушы ұтылады да, айып төлейді.

Егер тобық ойнаушылар уəде-серттерінде тұрып, бір-бірінің кө ңі-

лі нен шықса, олар тату-тəтты достарға айналады.

Тобық ойынында: тобық тығуды 3 ай, 6 ай, тіпті, бір жыл деп те 

серттесе береді. Алайда, сол серттескен уақыт тобықты сұраудың ең 

соң ғы шегі (соңғы күні) есептеледі де шекті мерзімнен бір күн асып 

кетсе, тобық тығушы адам қасына куəлардың бірін ертіп барып, ие сі-

не тобығын: «мə, аманатыңды ал» деп қайтарып тастап, уə де лес кен де 

айтқан атына қоса, үстіне айып алып қайтады.

Əдетте, тобықты берген адам (арада бір ай өткізіп барып) то бық-

ты аламын деген шекті мерзімі біткенге дейінгі аралықта қар сы ла сы-

нан тобығын кез келген уақытта, кез келген жерде сұрауына болады. 



454

454


Алайда, бір айға толмай сұрауына болмайды. Тобық ойы ны ның шар-

ты солай. Оны ер-əйел, кəрі-жас демей, барлық адам ойнай береді.

Тобық ойыны – адамдардың уəде-сертке беріктігін, адам гер ші лі гі 

мен адалдығын сынайтын тамаша ойындардың бірі. Бұл ойын адам-

ның ми қызметін жақсартып, ұмытшақтықтан, ойсоқтылықтан арыл-

тады. Əрі табандылық, қайсарлық, уəде-сертке беріктік, жа уап кер ші-

лік  сияқты  тамаша  қасиет  қалыптастыруға  дағ ды лан ды ра ды.  Адам-

дар дың  түсіністігін  тереңдетіп,  достық  сүйіспеншілігін  арттырады. 

Өзара  қарым-қатынасты  нығайтып,  барыс-келіс,  алыс-берісті  жиі ле-

тіп, өрісті кеңейтіп, досты молайтады.



АЛТЫБАҚАН

А

лтыбақан – қыз-бозбалалардың кеш батқан соң бір араға жи-



налып, жіппен жұптасып арлы-берлі тербеліп тұрып, əн айтатын жəне 

өзара сырласып-сұхбаттасатын тамаша ойын түрлерінің бірі.

Əдетте алтыбақанды ұзын үш сырықтың басын айқастырып бай-

лап (екеуін жасап), аралықтарын 4–5 метр шамасында екі жерге тік-

теп, оның бастарына үш қатардан арқан байлайды. Байлаған ар қан-

ның екеуі бір деңгейде, қалған біреуі одан жарым метрдей тө ме ні рек 

тұрады. Бір деңгейде байланған екі арқанға бір қыз, бір жігіттен қа-

ра ма-қарсы, кейде қатарласып отырып немесе тұрып, төменірек бай-

лан ған арқанға аяқтарын тіреп алады. Оларды қарама-қарсы екі жақ-

та екі адам тербетіп тұрады. Тербеліп тұрған қыз бен жігіт əн салады, 

өз ара сұхбаттасады, тіпті айтысады. Кейбіреулері жұмбақ шешісіп, 

жа ңылт паш айтысып, қаумалап тұрған жастарға өнер көрсетеді. Ең 

со ңын да, олардың орнына басқа тағы бір қыз бен жігіт шығып, олар 

да көп көңілінен шығуға тырысады. Осылайша ойын түннің бір мез-

гі лі не де йін жалғасады. Бұл ойынды екі-екіден жұптасып та ойнай 

беруге болады.

Алтыбақан ойыны – жастарды ұйымшылдыққа, тəртіптілікке бау-

лып, адамдардың көңіл күйін көтеріп, жігер-күшін тасытып, үміт кер-

лік  сезімдерін  оятады.  Болашаққа  деген  сенімдерін  бекемдеп,  өнер-

бі лім ге  деген  ынта-ықыласын  арттырады.  Қан  айналысы  мен  ішкі 



455

455


дене мүшелерінің қызметін жақсартады. Қайсарлыққа, қағылездікке, 

өжет ті лік ке, мəдениеттілікке дағдыландырады. Жастардың өзара сыр-

ласып, сұхбаттасып, танысып-білісіп, барыс-келістерін жиілетіп, қо-

ғам дық  қарым-қатынастарын  нығайтатып,  достарын  көбейтіп,  өріс-

те рін кеңейтіп, достық сүйіспеншіліктерін арттырып, оларды көп шіл, 

ха лық шыл азамат болуға жетелейді.



БАЛТАМТАП

Б

ұл ойынды ойнайтын балалар дөңгеленіп тізіліп отырады. Көп-



тің ұйғаруымен немесе жеребе тартып бір бала ойын бастайды. Онда 

ойын бастаушы бала оң жағындағы отырған балаға: «балтамды тап» 

деп, оны иыққа нұқып қалады. Ол: «балтаңды көрген жоқпын» деп, 

ойын  бас та ған  баланың  өзін  түртіп  қалады.  Сонда,  ойын  бастаушы 

бала:  «сен  алмасаң,  кім  алды?»  деп,  оны  қайта  түртіп  қалғанда,  ол 

«бал таң ды мынау алған» деп, өзінің жоғары жағында отырған баланы 

нұ  қып қа ла ды. Ол «балтаңды көргемін жоқ» деп, өзіне жала жапқан 

баланы  қай та  нұқиды.  Ол  «сен  алмасаң,  кім  алды?»  деп,  өзінен  жо-

ғары отыр ған баланы нұқып қалады… Міне, ойын осы тəртіппен ал-

ғашқы ойын бас та ған балаға жетсе, ол: «сен саларда мен салар, атқа 

жемді кім салар» деп, екі жағында көрші отырған екі құрбысын нұқып 

қалып, өзі ойыннан шығып қалады. Ал, егер ойын реті мен сөзді жо ға-

ры да ғы қа ғи да бойынша ойнай алмай немесе айта алмай жаңылғандар 

болса, онда ойын бастаушыға жетпей, ойыннан сол жаңылғандар шы-

ғады əрі ойыннан шыққандар отырғандарға бір өнер көрсетеді.

Ойын одан ары жалғаса береді.

Бұл  ойын  балаларды  сергектікке,  сезімталдыққа  баулып,  өзгелер 

өзін орынсыз талап, өтірік жала жапқан жағдайда да сасқалақтамай, 

қо рық пай табандылық танытатын қажырлы, қайсар, батыл азамат бо-

лу ға баулып, жасөспірімдердің үміткерлік жəне бəсекелік қуат та рын 

арттырады. Ұйымшыл, тəртіпті болып, қоғамдық қарым-қа ты нас қа бі-

лет те рін жетілдіреді.



456

456


ТЕҢ КӨТЕРУ 

К

ілем, киіз немесе көгалдың үстіне бір бала етпетінен жатады. 



Екі бала оның екі жағынан барып, аяқтарын оның арқасына салады. 

Онан соң, бірінің аяғын бірі мықтап ұстап алады да:



– Тең-теңімен,

Тезек қабымен.

Ең алдымен сен көтер,

Екеумізді тең көтер, –

деп  əндете  жөнеледі.  Сол  кезде  етпетінен  жатқан  бала  қол-аяғын 

жиып, үстіндегі екі баланы көтеріп, еңбектеп жүреді. Міне, бұл «тең 

кө те ру» деп аталады.

Екі баланы тең көтере алмаған бала жеңілген есептеліп, көпке ойын 

көрсетеді. Ал, көтеріп кетсе, тең болған екі бала ойын көрсетіп, онан 

соң тең көтереді.

Бұл ойын балалардың денесін шыңдап, шынықтырып, күш-қуат та-

рын арттырып, сау денелі атпал азамат болып өсіп-жетілулеріне мүм-

кін дік  жасайды.  Жасөспірімдердің  бəсекелік  сезімдерін  арттырып, 

үміт кер лік  сенімдерін  бекемдеп,  қажырлы,  қайсар,  табанды  бо лу ға 

дағ ды ландырады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет