Бүк-шік
« Б
үк-шік» – асық ойындары ішіндегі біршама қарапайым түр-
ле рі нің бірі. Бұл ойынды бір жолда бірнеше бала ойнай береді.
Ойын тəртібі мынадай болады: ойыншылар қолдарына са қа ла-
рын алып, əр реткі ойын сайын бірден, тіпті бірнешеден асық ті гіп
қоя ды да, мөлшерлі жерге барып: «асықты осы арадан атамыз» деп,
бір көлденең сызық сызып қояды. Онан соң, сақаларын сайыстырып
(сақаны үйіріп жерге тастап), сақаларының алшы түсу ретіне қарай
ойын кезектерін алып, сызған сызықты басып тұрып, тізіп қойған
асық тар ды дəлдеп атып қалады. Содан сақасы тиіп, бірі бүге, бірі шіге
түс се немесе сақасы алшы тұрып, тіккен асық бүге-шіге түссе де (тек
тəй ке түспесе болғаны), «келді» деп, оны ала береді əрі ойынды да
асы ғы қашан келмей қалғанға немесе сақасы атқан асығына тимей
қал ған ға дейін жалғастырады. Сақасы атқан асыққа тимесе немесе ат-
қан асы ғы келмесе, ойын кезегін өзінен кейінгі ойыншы алады. Ойын
осы тəр тіп пен жалғаса береді.
Бұл ойында да ұтылған ойыншыдан кертоқай алынбайды жəне
одан түрлі ойын көрсету талап етілмейді. Тек əр ойыншы қанша асық
ұтса, соншасын иелеп қала береді. Ұтылған жақ оны қарсы жа ғы нан
қай та рып алу құқығынан айырылады.
Асық ойындары да басқа ойындар сияқты балаларды ептілікке, ше-
бер лік ке баулып, зейін-зерделерін ашады. Жасампаздық қа бі лет те рін
арттырып, бəсекелік қуаттарын жоғарылатады. Əсіресе, «хан ойы-
ны ның» балаларға беретін ғылыми мəн-мағынасы өте жоғары. Ойын
барысында балалар əділ, турашыл, адал болып, халықты тəртіпті, ты-
ныш басқару қажеттілігін, ел тəртібі мен халық тыныштығын бүл дір-
се, ханталауға түсіп, халықтың жазасына ұшырайтындығын ұғын ды-
ра ды. Сөйтіп, осы ойын арқылы балалар бір жағынан, көңіл кө те ріп,
470
470
зе йін-зерделерін ашса, енді бір жағынан, ел басқару, көш бастау ісі нен
хабардар болады.
ШОҚПАР ДОП
« Ш
оқпар доп» ойынын ертеде үлкен жиын-тойлар мен мере-
ке-мейрамдарда, сондай-ақ, түрлі бас қосуларда жастар мен бозбала-
лар ат үстінде ойнаған.
Бұл ойынды ойнаушылар сайгүліктеріне мініп екі топқа бө лі ніп,
ұзындығы 40–50 метр, ені 30–35 метр көлемдегі түзу жерден бір жа-
рыс майданын белгілеп, майданның екі басынан екі қақпа жасап, қол-
да ры на 120–150 сантиметр шамасындағы басы домалақ əрі сал мақ ты
бір-бір таяқ ұстап, сырты жарғақпен (арасына кепіл салынып д о ма-
лақ тап) қапталған сиырдың томпайын немесе жүннен жасалған допты
ұрып ойнайды. Мұнда, қайсы жақтың шоқпаршылары шебер, аттары
ма шық тан ған жүйрік болса, сол жақ қарсы жағының қақпасынан доп-
ты көп өткізіп, жеңімпаз атанады.
Ойын тəртібінде мынадай əрекеттер шектеледі əрі мұндай əре кет-
тің бірін кезіктіргендер жазаланып, ойын кезегін қарсы жаққа береді:
1. Қарсы жақтың алдын кес-кестеп шауып, атын сүріндірсе,
жық са, ұрса, үркітсе;
2. Қарсы жағының атының тізгін-шылбырынан тартса;
3. Қарсы жағының киімінен, қолынан ұстаса;
4. Допты белгіленген майданның көлемінен шығарып жіберсе;
5. Əр рет ойын кезегін алған жақ допты майданға ұрып кіргізе
алмаса, яғни, таяғы допқа тимей қалса, т.б.
Бұл ойын балалардың денесін шыңдап, шынықтырып, əртүрлі
ауру-сыр қау лар ға қарсылық қуаттарын арттырып, сау денелі, шымыр,
тепсе темір үзетін атпал азамат болып жетілулеріне мүмкіндік жасай-
ды, сондай-ақ, олардың əдіс-амал, айла-тəсілдерін молайтып, бə се ке-
лік қуаттарын арттырады. Қайсар, табанды, батыл, батыр азамат бо лу-
ға дағдыландырады.
471
471
АСАУ КӨК
Б
ұл ойынды əртүрлі бас қосуларда үлкен-кіші, кəрі-жас тү гел
ойнай береді. Мұнда, алдымен бір жуан арқанды жерден 40–50 сан-
тиметрдей биіктікте жалаң керіп, əрбір ойнаушы қолына 50–60 санти-
метрдей ұзындықтағы бір таяқты алып, керген арқанның үстіне мал-
дасын құрып отырып, қолындағы таяғымен біраз жер тіреп орнығып
ал ған ша тұрады да, онан соң:
– Əне, кетті асау көк,
Міне кетті асау көк.
Үйретпесек болмайды,
Жылқымызда асау көп, –
деп, өзі малдас құрып отырған арқанның астынан қолындағы тая ғын
оңнан-солға, солдан-оңға қарай алма-кезек өткізіп отырады. Со ңын да,
арқанның астынан таяқты жығылмай отырып кім көп өткізіп алса, сол
жеңімпаз болады. Ал, алғашында жығылып қалғандар əн айтып, би
билеп, өнер көрсетіп береді.
Бұл ойын балаларды қауіп-қатерден тайсалмайтын батыл да ба-
тыр азамат болып есеюге баулып, айла-тəсілдерін молайтып, бə се ке-
лік қуаттарын арттырады. Өмірге деген құштарлығы мен үміт кер лік
сезімдерін оятып, зейін-зерделерін ашады.
ДОЙБЫ
Б
ұл ойында 24 тас болады. Оның он екісі қызыл, он екісі ақ (не-
месе қара) болып, ол бір тақтаның бетіндегі 32 үй (ұяшық) ішінде
ойналады. Ойынды көбінде екі адам қарама-қарсы отырып ойнайды.
Екі-екі, үш-үштен бірлесіп, ақылдасып ойнауға да болады. Ойын тəр-
ті бі негізінен мынадай болады:
Бір майданда ойнайтын екі жақтың бірі ақ, бірі қызыл тасты алып,
ойын тақтасының ұзын үй жағын сол қол, қос үй жағын оң қол да ры-
на туралап алдарына қойып, өз тастарын 12 үйге тігіп, тек тас та ры-
472
472
ның алдындағы иық үй, ашық үй, шашық үй, қашық үйлерін ғана бос
қояды. Əр жолы ойын кезегін алған адам тек бір қадам ғана (бір үй-
ден екінші үйге) жүреді жəне жай тастарын артқа мүлде жүруіне бол-
майды.
Мысалы, бірінші кезек алған адам есік үйдегі тасын – иық үйге не-
месе ашық үйге ғана жүре алады. Оны жүрмесе, машық үйдегі тасын
ша шық үйге немесе ашық үйге жүреді. Бұл екеуін де жүрмесе, онда
қол қа үйдегі тасын шашық үйге немесе қашық үйге жүреді. Егер ол
үше уін де жүрмесе, онда желке үйдегі тасын қашық үйге ғана жүре
алады. Бірінші кезекте əр екі жақтың да жоғарыдағы тастардан бас-
қа тастарды қозғауы мүлде мүмкін емес, ал, бұдан кейінгі жү ріс тер де
қар сы жағының жүрісіне қарай қалаған бір тасын жүре беруіне бола-
ды. Тіпті, ойын қажеті үшін қарсы жағына мəжбүрлеп тас же гі зуі не
жəне өзі тас жеуіне де болады. Алайда, əр екі жағы да қарсы жағы жеу
кезегін бергенде, сол берген тасын шартсыз жейді. Ал, қарсы жақ та-
ры жеймін деп шабуыл жасаса, тиісті қорғану шараларын қол да нуы на
болады.
Бұл ойында тас жеу жəне тас жегізу тəртібі мынадай болады: Мы-
салы, A жақ қолқа үйдегі тасын қашық үйге жүргенде, B жақ ма шық
үйдегі тасын ашық үйге жүрген болса, онда осы тасын қар сы жа ғы-
ның жеуіне берген болады да, қарсы жағы оны табанда ма шық үй де гі
тəсімен жеп, B жақтың машық үйіне қонып алады. Ал, егер A жақ
қол қа үйдегі тасын қашық үйге жүрген кезде, B жақ есік үйдегі та-
сын иық үйге шығара қойса, онда A жақ жүрген қашық үйдегі тасты
«жей мін» деген шабуылы болып, қарсы жақ оның артындағы бос
үйді бе кіт пе се немесе сол тасын B жақтың ашық үйіне жүріп, машық
үйін де гі тасына жегізбесе, онда B жақ A жақтың қашық үйіндегі əлгі
тасын жеп, қол қа үйіне барып қонады. A жақ оны жұлын үйіндегі тə-
сі мен жеп, ша шық үйге қонады немесе бұлтақ үйіндегі тəсімен жеп,
қа шық үйге қо на ды.
Егер осындай күрделі алыс-беріс, жүрістерден екі жақтың қай сы-
бі рі нің қанша тасы қарсы жақтарының ұзын үй, келте үй, көрпе үй
жəне оң үйлерінің қайсыбіріне аман-есен барып жетсе, ол «би» ата-
лады жəне ол өзі тұрған үйінің бас-аяғына жəне басқа үйлердің қа-
473
473
ла ған жеріне қонып, алды-арты, оң-солы демей жүре береді жəне өз
жо лын да ғы қалаған тастарын жей беруіне болады. Алайда, екі жақ тың
билері бір-біріне қарсы жүрмейді.
Бұл ойында жеңген жақты қарсы жағына «тайынша айдатты», «за-
күт байлады» деп атаса, ал, қалған жақты «тайынша айдады», «за күт
болды» деп атайды. Бұл олардың қай дəрежеде жеңіп, қай дə ре же де
жеңілгенін аңғартады.
1. Тайынша айдату. Мұнда A жақ B жақтың немесе B жақ A жақ-
тың тастарын түгел жеп болған кезде тақта бетінде қанша тас қалса,
сол қалған тас қарсы жақтарына «тайынша» есебінде ұпай болып
есеп те ле ді, яғни 5 тас қалса, 5 тайынша, 4 тас қалса, 4 тайынша ай дат-
қан болады.
2. Құл закүт. Мұнда A жақ B жақтың немесе B жақ A жақтың тас-
та ры ның алдын бүкілдей бөгеп тастап, оған жүру мүмкіндігін қал дыр-
ма са, мұны «құл закүт» дейді, яғни, қанша тасы жүру мүм кін ді гі нен
айырылса, сонша «құл закүт» болады.
3. Би закүт. Бұл əр екі жақтың қарсы жақтарының билерін жүру
мүмкіндігінен айыру əдісі болып, онда қарсы жақтарының қан ша биі
жүру мүмкіндігінен айырылса, соншасы «би закүт» болған болады.
ТОҒЫЗ ҚҰМАЛАҚ
Б
ұл ойынды екі адам қарама-қарсы отырып, бір тақта бе тін де-
гі 18 отау, екі қазан көлемінде өздеріне тəуелді 9 отаудың əрбіріне
то ғыз-тоғыздан құмалақ салып, сол салынған құмалақтарын солдан-
оңға қарай жүріп ойнайды, яғни, əрбір ойыншы өзінің қажетіне қа рай
кез келген бір отауындағы 9 құмалақты алып, сол құмалағын ал ған
отаудан бастап солдан-оңға қарай əрбір отауға бірден салып шы ға-
ды əрі ең соңғы құмалақ салған отаудағы құмалақ жұп сан болса, сол
отаудағы құмалақты бір-ақ ұтып, өз қазанына салып алады. Алайда, өз
жағындағы отауын жұп жасағанмен, оны ала алмайды.
Бұл ойында тақ санды құмалағы бар отаулар «ашық отау», жұп сан-
ды құмалағы бар отаулар «жабық отау» деп аталады да, «жа бық от-
аулар» қашанда қарсы жақтарының қазанына түсіп кету қау пін де тұ-
474
474
ра тын дық тан, əр екі жақ та өз отауларын «ашық отауға» айналдырып
отыруға ерекше күш салады.
Біліп алуға тиісті кейбір ережелер: егер жүруге тиісті отауда жал-
ғыз құмалақ болса, оны алып, оң жағындағы отауға салуға болады.
Сөй тіп, ол отау құмалақсыз қалады.
Егер қарсы жақтың бір отауында екі құмалақ болып, құмалақты
қы дыр та салып келе жатқанда ең соңғы құмалақ сол отауға түссе, сол
«тұз дық» болады. Ол табанда алынады əрі сол отауға белгі салынады
да, сол отауға қайсы жақтың құмалағы түссе де, алғаш тұздық ал ған
жақ сол түскен құмалақты өз қазанына салып алып отырады. Алай-
да, тоғызыншы отаудан тұздық алуға болмайды. Сонымен бірге, қар-
сы жағы тұздық алған отаумен нөмірлес отаудан да тұздық алмайды.
Мысалы, бір жағы төртінші отаудан тұздық алған болса, екінші жақ
оның төртінші отауынан тұздық алмайды. Кейде тұздық алу мүмкін
болса да, оны əдейі алмай, қарсы жағының құмалағы көп «бай» ота-
уы ның бірінің құмалағын ұтып алуына да болады. Одан тыс, ойын
аяқ та лу ға жақындағанда, бір жағының құмалағы екінші жағына өтіп
ке тіп, жүрерге құмалағы қалмай қалса, мұны «атсырау» деп атап,
қар сы жағы өз отауларындағы барлық құмалақты өз есебіне кіргізіп
алады.
Дойбы мен тоғыз құмалақ ойыны адамның зейін-зердесін ашады.
Тез есептеу, ой қорыту қабілетін арттырып, бəсекелік қуаттарын жо-
ға ры ла та ды. Адамдарды тапқырлыққа, жасампаздыққа баулиды.
СЫРЫҚ-СЫРЫҚ
Б
ұл ойынды көбінде естияр өрендер мен бозбалалар ойнайды.
Ойын алдында арбаның үстіне адамды емін-еркін көтеретіндей бір
мық ты сырық орнатады, онан соң, арбаны бір атқа жегіп, оны бір
адам майданды айналдыра, тоқтаусыз қуалап айдап отырады (кей-
де оны ойыншы өзі атқарады). Міне, осы ойыншы сырыққа өрмелеп
шы ғып, шыр көбелек айналып, төбесімен шаншылып зырлап бара
жат қан ар ба ның үстіндегі сырықта сан алуан ойын көрсетіп, небір
қиын, күр де лі əрекеттер жасап, көрермендерін таңғалдырып, таңдай
475
475
қақ ты ра ды. Міне, бұл ертеде « сырық-сырық» немесе «сырық ойы-
ны» деп атал ған.
Бұл ойын адамды жүректілікке, ерлікке, қайсарлыққа баулып, ше-
бер лі гін арттырады. Денелерін шыңдап, шынықтырып, көңіл күй ле рін
кө те ріп, рухтарын тасқындатады.
ХАНОРДА
Б
ұл ойын жаз-күз күндері жастар мен бозбалалар бас қос қан да
ойналады. Мұнда, алдымен, жүннен немесе ағаштан доп жасап, онан
соң, үлкен дөңгелек шеңбер сызып, оның дəл ортасынан бір ұя шық
қазып қояды. Оны «ханорда» деп атайды. Кей жерде «қазан-қа зан»
делінеді. Одан кейін, ойынға қатысатын адам санына қарай, шең бер-
ді айналдыра (арақашықтықтарын бірдей етіп) бірден ұяшық қа зып,
əр адам қолдарына таяқ алып, өз ұяшықтарына таяқтарын сү йеп ұс-
тап тұрады. Барлық дайындық біткен соң, ойын жүргізуші шең бер-
дің сыртында тұрып таяғымен допты ұрып, оны айнала тізіліп тұр-
ған ойыншылардың арасымен өткізіп, ортадағы ұяшыққа (хан ор да ға)
түсіруге тырысады. Сол кезде тізіліп тұрған ойыншылар таяқ та рын
сайлап, оның ұрған добын ұяға түсірмей, шеңбер сыртына қа ғып шы-
ға рып жіберуге дайындалады.
Бұл ойында допты ары-бері ұру барысында ойыншылардың қай-
сы сы таяғын допқа тигізе алмай қалса əрі өз ұяшығынан алыстап кет-
се, онда жүргізуші таяғын тастай салып, оның ұяшығын иелеп алады.
Сөй тіп, ұяшық иесі ұтылады əрі шеңбер сыртына барып, ойын жүр-
гі зу ші нің қызметін істейді. Егер ойын жүргізуші допты «хан ор да ға»
тү сі ріп жіберсе, онда сол допты алдынан өткізіп жіберген адам ұты-
ла ды. Ал, ойыншылардың бірінің ұяшығына түсірсе, сол доп тү сір ген
ұя шық қа ие болып, ұяшық иесін шеңбер сыртына тайдырады.
Бұл ойын балаларды ептілікке, сезгірлікке, тездікке баулып, бə се-
ке лік қабілеттерін жоғарылатып, қиын жерде жол табатын қайсар, ба-
тыл азамат болуға дағдыландырады.
476
476
БИ ӨНЕРІ
Қ
азақ халқының би өнері де оның басқа өнерлері секілді өзін-
дік дара қасиетімен талайларды таңғалдырып, адамзат мə де ние ті нің
алтын қорынан ойып орын аларлық дəрежеде болған.
Ертедегі қазақтың халықтық билерінде қазақ халқының наным-
сенімі, психикасы, этикасы, мимикасы, философиялық ой тол ғам да-
ры, тұрмыс-тіршілігі, көзқарасы, наным-сенімі, мақсат-мұраты өте
ай қын бейнеленіп, жалпы, халықтық сипат алған əрі ол қоғам дамуы
мен көзқарастың кеңеюіне сай үздіксіз дамып, түрленіп, стиль жəне
ойнау шеберлігі жағынан кемелденіп, толысып, бүгінгі күнге жеткен-
де, сапалық жақта мемлекеттік, тіпті, халықаралық дəрежелерге кө те-
ріл ген.
Ертеде, қазақтың халық билері ел-жұрт мол топтасқан мереке-мей-
рамдар мен жиын-тойларда, сарайларда, көк шалғында, тіпті ат үстін-
де де ойналған. Қазақтың халықтық билері: «қыз би», «қара жор ға»,
«аққу би», «қотан биі», «бөкенжарғақ», «мерген», «орман биі», «да-
уылпаз», «айжарық», «аю биі», «бақсы биі», т.б. деп кете береді. Тө-
мен де соның бірнешеуімен танысамыз.
Қыз биі
Б
ұл би əу баста қыздардың сұлулыққа, сымбаттылыққа, бия зы-
лық қа, жарасымдылыққа жəне жағымдылыққа талпынуынан ту ған-
дық тан, «қыз биінде» қазақ қыздарының жағымды қимыл-қы лық та-
ры, биязы да əсем жүріс-тұрыстары бейнеленген, яғни, бидегі əр бір
қимыл-қылықтар мен жасаған əрекеттерде, жүріс-тұрыстарда, назды
күлкі, сазды ырғақтарының бəрінде олардың арман-тілегі, мақ сат-
мұраты, этикасы мен мимикасы, көзқарасы мен наным-сенімі тү гел
қамтылып жататындықтан, барша көрерменді өзіне еріксіз тəнті еткен.
Аққу биі
Б
ұл биде аққуға еліктеу қимылы өте басым болып, онда ақ қу-
дың көл бетінде еркін қалқуы, таранып-сылануы, өзара мо йын да рын
477
477
айқастырып, бір-біріне деген іңкəрлігін білдіруі, қанат қағуы, көк те
самғауы, қалықтауы, сұлу мүсін, сыңғырлы үні секілді жа ғым ды қи-
мыл-қылықтарын айқын бейнелеп, адамдардың табиғат дү ние сі мен
жан-жануарларға, əсіресе, аққу сияқты қасиетті, бағалы құс тар ға де-
ген құштарлығы мен аялау сезімін қозғайды.
Қара жорға
Б
ұл бидің халықтық сипаты өте күшті, оны білмейтін қазақ ба-
ласы кемде-кем.
«Қара жорға» биі жерде де, ат үстінде де ойналады. Ертеде бұл биді
өте шебер орындайтын бишілер жерде билей-билей барып, қыза келе
атына қарғып мініп, ат үстінде сыңар аяғымен, төбесімен, бір қо лы-
мен тік тұрып, аттың бауырынан арлы-берлі өтіп билеп, кө рер мен де-
рін қайран қалдырған. Ал, ат болмаған жағдайда, майданда билеп жү-
ріп, көп ортасынан бір жігітті ишаратпен ортаға алып шығып, оны ат
қып ұстап, сипалап, жүгендеп, ерттеп, тағалап жатқан қимыл-қы лық-
тар шығарып, онан соң, оны мініп алып, аттың жорғасын, шабысын
салып, көрермендерін күлкіге қарық қылады.
Бөкенжарғақ
« Б
өкенжарғақ» биі көбінде ым-ишарат, айла-тəсіл жəне тез дік
арқылы сан құбылып, əртүрлі қимыл-қылық шығарып ойналады.
Бұл бидің басқа билерден өзгешелігі биді ойнаушылар бірде бө-
кен нің немесе басқа аңдардың терісін жамылып аң болса, бірде қо-
лы на мылтық деп таяқ алып, аңшы кейпіне еніп, бұғып, бүгежектеп,
сыр ғып, аңдып, нысанаға алып, нетүрлі қызық қылықтар көрсетіп би-
лейді.
Қотан биі
Б
ұл биді көп адам қол ұстасып, дөңгелене айналып, əнмен орын-
дайды. Биде көбінде аяқ пен бас əрекеттеніп, əн ырғағына ілесіп, оң
478
478
мен солға алма-кезек толқып, əдемі қимыл-қылықтар шығарып ой-
найды.
Бұл бидегі басты мақсат адамдарды биге машықтандыру бол ған-
дық тан, билей алмағандар мен би əрекетінен жаңылғандарды ор та ға
шығарып əн салғызып, күй тартқызып, айыбын жудырады. Ал, өнер
көрсете алмаса, көзін таңып ортаға шығарып, жан-жағынан түрт пек-
теп, ол өзін түртпектегендердің біреуін ұстап алғанша маза бер мейді.
Айжарық
« А
йжарық» биін айлы түндерде қыз-бозбалалар отты далаға
лаулатып жағып тастап, қоралана тізіліп, белгілі бір ырғақпен айна-
лып жүріп ойнайды. Сарайлар мен клубтарда ойнауға өте қолайлы.
Бұл би былай ойналады: бір жігіт, бір қыздан қарама-қарсы тұ рып,
шапалақтарын екі ұрып, үшінші ретте оң аяқтарын алға қарай сəл со-
зып, өкшелерін жерге тигізіп, оң алақандарымен қарсы жа ғы ның оң
алақандарын бір ұрып, одан өз алақандарын екі ұрып, сол аяқ та рын
алға қарай сəл созып, өкшелерін жерге тигізіп, сол алақан да ры мен
қар сы жағының оң алақандарын бір ұрып, одан соң, тағы да ша па-
лақ та рын екі ұрып, қос алақанын қарсы жақтарының қос ала қан да-
ры на бір тигізіп барып, жігіт оң қолының шынтағымен қыздың сол
қо лы ның шынтағын ұстап, солға қарай екі қадам жүріп барып, жігіт
оң ая ғын, қыз сол аяғын алға қарай ақырын бір сермеп, онан соң, қол
ауыстырып, оңға қарай екі қадам жүріп барып, жігіт оң аяғын, қыз
сол аяғын алдыға қарай ақырын сермеп тастап, онан соң, артқа шорт
бұ ры лып, жігіт қыздың қолын ұстап жоғары көтеріп, қызды екі рет
айналдырады да, бастан қайта шапалақ соғып, ойынды өз заңдылығы
бойынша жалғастыра береді.
Би өнері адамдарға мол рухани лəззат бағыштайды, адамдарды жан
тазалығына, əсемдікке, сұлулыққа баулиды. Адамдардың өмір ге деген
ынта-ықыласын арттырып, жігер-күшін тасытады. Көңіл күй ле рін кө-
те ріп, уайым-қайғыдан арылтады, дене мүшелерінің сым бат ты лы ғын
арттырып жəне шыңдап, шынықтырып, түрлі ауру-сырқауларға деген
қар сы лық қуаттарын жоғарылатады.
479
479
Өзара достастырып, қоғамдық қарым-қатынастарын кеңейтіп, бе-
ре ке-бірліктерін нығайтады.
БАТА-ТІЛЕКТЕР.
БАТА СҰРАУ САЛТЫ
« Б
ата» – жақсылық пен игі ықыластың, яғни, ақ тілектің ай ға-
ғы. Ал, «бата сұрау – өзі қалаған адамнан ықылас пен ризалық, жақ сы
тілек пен жарасымды алғыс сұрау деген сөз».
Қазақ халқында үйіне келген қонаққа барын беріп, жасы, жолына
қарай мүшелі сүйектерін тартудан тыс, білімді, мəртебелі, сыйлы қо-
нақ та ры на бір малын көлденең тартып, батасын алып, сойып бе ре тін
салт бар, яғни, үй иесі малын əкеліп, қонағына «Əумин!» деп қо лын
жай ған да, қонақ та қолын жайып:
Мал-басың көп болсын,
Өрісің шөп болсын.
Қам-қайғың жоқ болсын,
Ел-жұртың тоқ болсын.
Ұл-қызың ақты болсын,
Отбасың бақытты болсын! –
деп батасын береді. Міне, бұл «бата сұрау» жəне «бата беру» деп ата-
лады.
Ет піскенде малдың басын малға бата жасаған адамның алдына
тартады. Қонақ оны қолына алып ырымын жасап, үй иесіне қайырып
береді. Бұл оның «сыйыңа рақмет» дегені.
Əдетте, қонаққа, тойға соятын малдарға батаны келген кісілердің
жасы, жолы үлкені жасайды. Ал, ас-нəзірлерге соятын малдарға бата
жасамай, құран оқып сояды.
Қазақ бата-тілектерінің өзіндік мəн-мағынасы мен жол-жосыны,
тал ғам-таразысы бар. Ол кез келген жерде, келсе-келмес айтыла бер-
мей ді. Қайта ол үлкен той-мерекелер мен маңызды бас қосуларда, игі
бастамалар көтеріп, ұлы істерді бастарда айтылады. Қазақта ба та ның
480
480
түрлері өте көп. Бірақ солардың барлығы көркем де көсем, өткір де
шешен сөздермен шебер өріліп айтылып, адамдар көкірегіне жатта-
лып, жүректерінен өшпестей орын алатындықтан, оның баурау қуа ты
мен тəрбиелік рөлі өте жоғары болады.
АҚСАҚАЛДАР МЕН БЕДЕЛДІ КІСІЛЕРДЕН
БАТА АЛУ
Қ
азақ халқы үшін бата – өте қасиетті, киелі ұғым. Сол се беп ті
«батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді», «баталы ұл – арымас,
батасыз ұл – жарымас» деп қарап, игі бастама, ұлы мақ сат қа тал пын-
ған да немесе жорыққа, алыс сапарға аттанарда, əрбір азамат ата-ана-
лары мен ауыл ақсақалдарынан, сондай-ақ, ауылдағы аузы дуалы, елге
қа дір лі, инабатты кісілерден міндетті түрде алдарына барып батала-
рын алады. Ал, əдеттегі кездерде де ел-жұртқа сыйлы, өнер-бі лім ді,
үлгі-тағылымды ақсақалдар мен ұлағатты кі сі лер ді үй ле рі не ша қы рып
дəм татқызып, олардың ақ баталарын алып отыруды өз де рі нің адам-
дық жəне азаматтық міндеті санаған. Міне, бұл «ақ са қал дар мен ина-
батты кісілерден бата алу» деп аталады.
«Жақсы сөз – жарым ырыс», «бата – бақыт-байлық бастамасы»
деп білген қазақ халқы, ата-аналары мен ақсақалдарынан бата алумен
қоса, қасиетті, өнерлі, білімді кісілердің «шарапаты жұғады» деп, сар-
қыт та рын балаларына сұрап алып ішкізіп, отырған орындарына бала-
ларын аунатып алып, бармағын тістетіп, бірер бұйымын сұ рап алып
беріп, қалайда, ұл-қыздарының сол кісілер секілді өнерлі-бі лім ді,
үлгі-тағылымды азамат болып есеюлері үшін қолдарынан келген игі-
лік тер дің барлығын да жасап берген. Сонымен бірге, ата-аналары мен
ақсақалдарының ықылас-батасын алмаған перзентті ел-жұрт «ақыл-
сыз, білімсіз, көргенсіз, тəрбиесіз, жетесіз» деп қатты сөккен. Тіп ті,
ата-аналары мен ақсақалдарын сыйламаған, ренжіткен, тіл жəне қол
ти гіз ген адамдарды «адам емес, хайуан» деп, адам санатына қос пай,
олар ға теріс баталарын беріп, қарғыстарын жау дыр ған, «жа ман ның
кесапаты жұғады» деп, ондай өнегесіз, тəртіпсіз жаман ат ке сел ді, ке-
сапатты адамдарға жуымаған.
481
481
Достарыңызбен бөлісу: |