БАТАНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Қ
азақ халқы бата-тілектерді өзіндік берілу жағдайына қарай
мынадай түрлерге бөлген.
Ықылас батасы
Қ
алыптасқан дəстүр бойынша, ақсақалдар мен үлкен кісілер өз-
дерін сыйлап, құрметтеп, бір шыны қара шайы болса да қабақ шытпай
беріп, ықылас-бата сұраған адамдардан адал ниетімен ықылас бата-
сын аямаған. Алайда, ықылас батасы үй иесінің кісілігі, мақсат-мұ рат,
талап-тілегі бойынша əр алуан мазмұн, түрлерде беріле береді. Мыса-
лы, үй иесі жас сəбилері үшін бата сұраса, онда батагөй қа рия лар:
Балаларыңның жасы ұзын болсын,
Жолдасы Қызыр болсын,
Өнері тасып-толсын,
Басына бақыт қонсын!
Басты болсын,
Малды болсын,
Өз құрбысының алды болсын!
Тілді болсын,
Жақты болсын,
Ел мақтайтын жақсы болсын!
деген мазмұндарда бата береді. Егер жаңа үйленіп, жас отау кө тер ген
азаматтар болса, онда:
Басты болыңдар,
Малды болыңдар.
Өз құрбыларыңның алды болыңдар!
Кейінгілерге аға болыңдар,
Тоңдырмайтын жаға болыңдар,
Қиналғанда пана болыңдар!
482
482
Ақ сақалды, сары тісті,
Болашақта дана болыңдар! –
деп бата береді. Ал, ұзақ жыл перзент көре алмағандар бата тілесе,
онда оларға:
– Балалы-шағалы болыңдар,
Ағалы-жағалы болыңдар.
Немере-шөберелі болыңдар,
Туажат-неменелі болыңдар!
Пейілдерің тарылмасын,
Есіктерің жабылмасын.
Асыр салып ұл-қызың,
Күндіз-түні дабырласын! –
деп ықылас білдіреді.
Ойда жоқта келген құдайы қонақтарға бір малын көл де нең тартып:
«Əумин» деген ізгі ниетті, жомарт жандарға батагөй кісілер:
Малың семіз болсын!
Төлің егіз болсын!
Бізге бірді сойсаң,
Орнына тоғыз болсын!
Далақтатар даудан сақтасын,
Жалақтаған жаудан сақтасын,
Ашыққан бөріден сақтасын,
Ашынған ұрыдан сақтасын!
Артқаның түйе болсын!
Сауғаның бие болсын!
Дастарқаның берекелі болсын!
Отбасың мерекелі болсын!
Мəртебең асып тұрсын,
Бақ-дəулетің тасып тұрсын,
483
483
Біз секілді сыйлы қонақтар,
Күнде үйіңде басып тұрсын! –
деп игі тілек пен ықылас батасын жаңбырша жаудырады.
Ақ бата
А
қ бата – ата-ана мен ақсақалдардың, сондай-ақ, ел аға ла ры ның
ұрпақтарына білдірген жүрекжарды тілегі мен елі үшін еңбек сі ңір ген
азаматтарына ақтарыла айтқан алғысы, яғни, ата-анасының ри за шы-
лы ғын алған перзенттер мен жас талаптарға, жорыққа, бітімге ат тан-
ған дар ға, игілікті іс бастаған азаматтарға, құдалық жəне достық салты-
на, өнер қуған, ел тізгінін жаңа ұстаған талапты жастарға, жас отаулар
мен «батаңызды беріңіз» деп өтінген адамдарға берілетін ықы лас тың
бір түрі. Ол түрлі орта жəне нақты жағдайға қарай əр алуан маз мұн-
да жасала береді. Мысалы, көп үшін еселі еңбек етіп, үл кен қыз мет
көрсеткен жастарға:
Ел-жұртыңның гүлі бол,
Шам-шырағы, нұры бол,
Көп жасай бер, қарағым!
Болашақта ірі бол,
Ірілердің пірі бол!
Батырлардай санды бол,
Сал-серідей сəнді бол,
Бақ-дəулетті, малды бол,
Өз құрбыңның алды бол! –
деген мазмұнда бата берсе, ал ата-анасының ризашылығын алған адал,
арлы, кісілігі жоғары перзенттерге:
Көзімнің нұры бол,
Көңілімнің жыры бол!
Бақ құшып,
484
484
Бал жұтып,
Бабырдай ұлы бол!
Балдай бала бол,
Нардай дара бол,
Таудай талапты,
Фарабидей дана бол!
Майқыдай сыйлы бол,
Қорқыттай күйлі бол!
Асандай ақылды,
Бұқардай жырлы бол!
Аллаһуакбар! –
деп, ақ батасын ақ жаңбырдай жаудырады.
Ас батасы
А
с батасы (дастарқан батасы деп те аталады) – алдыға дас тар қан
жайылып, ас келгенде немесе тамақтанып болып, дас тар қан ды жияр
кезде жасалатын ықылас. Міне, бұл «ас батасы» деп аталады. «Азған
елде бата болмайды, тозған елде мата болмайды» деп біл ген қазақ хал-
қы, асқа (дастарқанға) бата жасамауды азғындықтың бел гі сі, сондай-
ақ, көргенсіздік, тəрбиесіздік санап, дастарқан жайып, ас іш кен сайын
қол жайып, «асқа адалдық, денге саулық бер» деп бата жасап, тілек
тілеп отыруды өздерінің адамдық парызы деп біл ген. Қа зақ ұғымында
астан ұлы, дастарқаннан қасиетті ешнəрсе жоқ. Се бе бі, ас – адамның
арқауы, тіршіліктің кепілі жəне тірегі.
Əдетте ас баталары да үй иелерінің ынта-ықыласы, əуесі, ті ле гі не
қарай əртүрлі жасала береді. Мысалы:
Астарыңа адалдық берсін,
Бастарыңа амандық берсін!
Бала-шағаң бақ құшып,
Отбасыларыңа жақсылық енсін!
Дастарқандарың мол болсын,
485
485
Абыройларың зор болсын!
Көре алмаған дұшпаның,
Көрге кіріп жер болсын!
Дəмдеріңе дəм қосылсын,
Əндеріңе əн қосылсын,
Сəндеріңе сəн қосылсын,
Сан-санақсыз мол қосылсын!
Көк жайлауды жайласаң,
Тай-құлынды байласаң,
Сабаң толсын қымызға,
Шараң толсын уызға,
Өрісіңе мал толсын,
Ақ тілеуің жар болсын!
Аллаһуакбар! –
дейді.
Алғыс батасы
А
лғыс бата – ақсақалдар мен беделді кісілердің аза мат тар дың
аса игілікті істері, ерен қызметі мен ел-жұртқа көрсеткен ең бек те рі не
деген ризалығы əрі ықыласы. Мысалы, ондай азаматтарға:
Өмір-жасың ұзақ болсын,
Жүрген жерің шуақ болсын,
Құдай өзі қуат берсін,
Сарқылмайтын суат берсін!
Жандарыңа жамандық бермесін,
Бастарыңа қам-қайғы келмесін,
Қойын-қоныштарың ақты болсын,
Ұрпақтарың бақытты болсын! –
деп алғыс баталарын жаудырса, ал кісілік, кішілік көрсетіп, қол да ры-
на су құйып, қолтықтарынан демеп аттандырып жатқан жастарға:
486
486
Бақ-дəулетті, малды бол,
Өз құрбыңның алды бол!
Жаратқан ием жебесін,
Басыңа жамандық келмесін,
Аллаһуакбар! –
деп ықылас білдіреді.
Теріс бата (қарғыс)
Т
еріс бата – ел-жұртты шулатып, халықты жылатқан, ата
жолынан тайып, салт-дəстүрді бұзған бұзақы, сатқын, қанішер лер-
ге, ата-анасына қол жəне тіл тигізген азғын, мүттəйім ұр пақ тар ға,
дін нен шығып, ата-баба аруағын қорлаған, Отанын сатқан опа сыз-
дар ға алақанды теріс қаратып тұрып айтылатын лағынет, қарғыс.
Мысалы:
Құдай сені қор қылсын,
Дұшпаныңды зор қылсын!
Жетейін дегенде жер қылсын,
Еңбегіңді сор қылсын,
Басқан жеріңді шөл қылсын,
Көз жасыңды көл қылсын!
Қайғың қалың шемен болсын,
Шыға алмайтын терең болсын!
Аузыңа жылы су тимейтін,
Күнің иттен төмен болсын!
Өмірден мəңгі қор болып өт,
Ел бетіне қарай алмай, жер болып өт.
Еш жақсылық, қызық көрмей,
«Не болдым» деп зарланып өт!
Іздегенің табылмасын,
Қасіретің жазылмасын,
487
487
Басыңнан пəле арылмасын,
Өлсең бетің жабылмасын!
Теріс бата (қарғыс) ел ішінде өте сирек қолданылады. Себебі, ол
өкпе-реніш, ашу-ыза, жиреніш-кектің өте қатты əрі ауыр түрде ауыз-
екі бейнеленуі. Теріс батаға (қарғысқа) жолыққан адамның сү йе гі не
өшпес таңба түсетіндіктен, ел-жұрт ондай жаман адамдарға жирене
қарап, олардан атбойларын аулаққа салады, Яғни, теріс бата (қар ғыс)
ел-жұртты жамандықтан жирендіріп, кектендіріп, күшті тəр бие лік рөл
атқарады.
Игі бастамаларға берілетін бата
Қ
азақ халқы бір игі істі бастау үшін, ауылдағы ақсақалды қа-
рия лар мен аузы дуалы білікті кісілерді шақырып, міндетті түрде ба-
таларын алады. Бұл аузы дуалы қариялардың айтқаны айнымай келіп,
ісім сəтті, шаруам табысты болса екен дегені. Ондай кезде қариялар:
Істеріңе сəт болсын,
Бастарыңа бақ қонсын!
Ата-баба аруағы,
Жебей берсін, жақ болсын!
Құдай өзі оңдасын,
Қызыр келіп қолдасын!
Сəтті болып бастама,
Бақыт-байлық мол болсын!
Ашық болсын күндерің,
Бассын ісің ілгері.
Талаптанған тайларың,
Болсын мəңгі жүлделі!
Аллаһуакбар! –
деп ағынан ақтарылады.
488
488
Мереке батасы
Б
ейбіт күнге жаны құштар, əр таңым арайлап атып, əн-күй, ме-
реке-мейрам, дыр-думанмен өтсе екен деп аңсайтын қазақ халқы, ме-
реке-мейрам, айт-наурыз күндері мəре-сəре қуанып, күліп-ойнап, бір
жасап қалады əрі ондай мерекелік бас қосуларда мынадай бата-ті лек-
тер беріледі:
Мереке – мерекеге ұлассын,
Береке – берекеге ұлассын,
Қуаныш-күлкі тынбасын,
Бұлт баспасын шың басын!
Ұзағынан қуантсын,
Ұзағынан күлдірсін,
Ұзағынан сүйінтсін,
Ұзағынан сүйдірсін!
Жаратқаным жақ болсын,
Халқымызға бақ қонсын!
Кетпей бастан бейбіт күн,
Ел-жұрт мəңгі шат болсын!
Аллаһуакбар! –
деп ықылас білдіреді.
Сапар-жорық батасы
Ж
ат жұрттан теперішті көп көріп, əккі жау, айлалы дұш па ны
ая ғы нан көп шалған қазақ халқы сапарға, жорыққа аттанар алдында
бауыр-туыс, ел-жұртын жиып, ақсақалдары мен аузы дуалы бі лік ті
кі сі ле рі нен міндетті түрде бата алуды дағдыға айналдырған. Бұл сол
қа рия лар дың айтқаны келіп, сапарым оң, жорығым сəтті болса екен
деген игі тілек негізінде қалыптасқан. Мұндайда батагөй қа рия лар:
– Жортқанда жолың болсын,
Сапардың оңын берсін,
489
489
Тұлпардың тоғын берсін,
Жігердің шоғын берсін!
Бет алдың оң болсын,
Мəртебең зор болсын,
Дұшпаның қор болып,
Алды-арты ор болсын!
Жолың ашық болсын,
Жауың қашық болсын,
Мерейің тасып-толсын,
Аман-есен қауышу
Барымызға нəсіп болсын!
Аллаһуакбар! –
деп бата береді.
Наурыз батасы
Н
аурыз мерекесі күні кəрі-жас, ер-əйел, бала-шаға үй-үйді қы-
ды рып жүріп «наурыз көже» ішіп, бір-бірімен кездескенде:
«Жасыңыз құтты болсын! Өмір-жасың ұзақ болсын! Көктем кө ңіл-
ді, ұрпақтар өмірлі болсын! Ұлыс береке берсін, пəле-жала жерге ен-
сін!» деген сияқты игі тілектер айтысып, бір-бірлерін құттықтап, əр
үйге кіріп көже ішіп, дастарқан жиярда:
– Басымызға бас қосылсын,
Жасымызға жас қосылсын,
Жанымызға жан қосылсын,
Малымызға мал қосылсын!
Ұлыс – шуақ болсын,
Құдай қуат берсін,
Маңайымыз суат болсын,
Жайқалған құрақ болсын!
Жылымыз қызырлы болсын,
Мерекеміз дүбірлі болсын!
490
490
Жылқымыз үйірлі болсын,
Сиырларымыз бүйірлі болсын,
Қойларымыз қоралы болсын,
Көлдеріміз қоғалы болсын,
Ұрпақтарымыз бағалы болсын,
Мəртебелері жоғары болсын!
Өрісіміз көкті болсын,
Ұлдарымыз отты болсын,
Қыздарымыз текті болсын,
Беделді, бетті болсын!
Аллаһуакбар! –
деп наурыз батасын жасайды.
Той батасы
Т
ой батасы тойға жəне тойға сойылатын малға жасалады. Мы-
салы:
Той тойға ұлассын,
Тойдан кенде қылмасын!
Өлең-жыр боп күндіз-түн,
Ауыл-аймақ жырғасын!
Құтты болып қуаныш,
Еш жамандық болмасын!
Қызыр дарып, бақ қонып,
Құдай өзі қолдасын!
Болсын тойың торқалы,
Қуандырсын баршаны.
Қарық болсын кəрі-жас,
Өлең айтып, əн салып!
Көрген досың сүйінсін,
Көре алмаған күйінсін!
491
491
Берекелі тойыңа,
Игі жақсы жиылсын!
Аллаһуакбар!
Ас-нəзір батасы
Ә
детте, ас-нəзірге сойылатын малға бата жасалмайды, тек мой-
нына немесе жалына ақтық байлап, Құран оқып, мал сояды, əрі дас-
тар қан жайылған сайын марқұмға арнап Құран оқылып отырады да,
дас тар қан жиярда:
Марқұмның арты той болсын,
Ұрпақтары бай болсын!
Қам-қайғысыз күн кешіп,
Көңілдері жай болсын!
Ат тұяғын тай бассын,
Төңірегін жайнатсын!
Ата-баба дəстүрі,
Мəңгі үзілмей жалғассын!
Аллаһуакбар! –
деп тілек айтады.
Қарияларға берілетін бата
Қ
азақта бата-тілекті тек жастар ғана ала бермеген. Кей кезде-
рі жетпіс-сексенге келген ақ сақалды аталар мен ақ самайлы əжейлер
де өздері ұнатқан қадірлі, аузы дуалы кісілерді шақырып баталарын
алып, оны өздеріне рухани азық етіп, көңілдерін көтеріп, жігерлерін
шыңдап отырған.
Əдетте қарияларға берілетін бата мынадай болып келеді:
– Уа, қария, күйлі болыңыздар,
Ел-жұрттарыңызға сыйлы болыңыздар!
492
492
Немере, шөбере, шөпшек көріп,
Тоқсан отау үйлі болыңыздар!
Түндеріңіз тыныш болсын,
Үйлеріңізге ырыс толсын!
Ұлдарыңыз десті болсын,
Келіндеріңіз есті болсын!
Орындарыңыз төр болсын,
Мəртебелеріңіз зор болсын,
Ел-жұрттарыңыз тоқ болсын,
Қатарларыңыз көп болсын,
Қам-қайғыларыңыз жоқ болсын!
Аллаһуакбар! –
дейді.
Сəбилерге берілетін бата
Қ
азақ халқында «батамен ер көгереді» деп, көпті көрген бі лік ті
қариялардан, сондай-ақ, халық қадір тұтқан аузы дуалы қасиетті кі сі-
лер ден «мына жаман шаранаға батаңызды беріңіз!» деп, жаңа туған
сə би ле рі не де бата сұрайтын салт бар. Сондай кезде батагөйлер:
Өмір-жасы ұзақ болсын,
Маңайы аққан бұлақ болсын,
Əр күні қызық, шуақ болсын,
Жер-ана жайлы тұрақ болсын,
Жомарттың қолын берсін,
Жортқыштың жолын берсін,
Қыздың қылығын берсін,
Судың тұнығын берсін,
Даланың кеңдігін берсін,
Батырдың ерлігін берсін,
Ақынның өрлігін берсін,
493
493
Иасауидің даралығын берсін,
Фарабидің даналығын берсін!
Аллаһуакбар! –
деп бата-тілектен бал ағызады.
Балаларға берілетін бата
Б
алам адамгершілікті, өнер-білімді болса екен, өз құр бы ла ры нан
оза шауып, Отаны мен халқының қалаулы азаматы болса екен деп,
жатса-тұрса жар құлақтары жастыққа тимейтін ата-аналар балалары
ес біліп, өнер-білімге талпына бастаған кезде ауылдағы қадірлі, өнер лі
қариялардың бірін үйлеріне шақырып: «Мына балаңызға ба та ңыз ды
беріңіз, жолыңызды ұстап, арман-мұратыңызды жал ғас тыр сын», –
деп, балаларына бата сұрайды. Осы кезде батагөй қариялар:
Ұрпағың өнерлі болсын,
Өрісті болсын,
Іс-қимылы келісті болсын,
Ата-баба аруағы қолдап,
Еңбектері жемісті болсын!
Жары жібектей болсын,
Ары түлектей болсын,
Өнері өрлей берсін,
Жас басы төрлей берсін!
Аллаһуакбар! –
деп аталық ықыласын білдіреді.
Қыздарға берілетін бата
Қ
азақ халқы қыздарының ақылына көркі сай, өнерлі де бі лім ді,
іскер де ісшең болып есеюін тілеп, аузы дуалы, қасиетті қарт тар дың
ықы лас-баталарын алып отыруды өте бір игілікті іс деп қа рап, қыз да-
494
494
ры на ұлағатты кісілерден бата алып отырған. Сондай кезде қа дір мен ді
қарт тар қыз ата-аналарының талап-тілегі бойынша:
– Қыздарың құлықты болсын,
Ғаламат білікті болсын.
Күндей нұрлы болсын,
Гүлдей түрлі болсын.
Өлмес өнер берсін,
Əн-жыр, өлең берсін.
Теңдессіз дарын берсін.
Ізгіліктің бəрін берсін.
Талдай бой берсін,
Таудай ой берсін.
Жаздай жамал берсін,
Оттай жанар берсін!
Аллаһуакбар! –
деп үміт-тілекке толы баталарын береді.
Келіндерге берілетін бата
Қ
азақ келіндерінің ата-енелері мен ақсақалдарға шай құ йып,
ас-тағам əзірлеп, тік тұрып күтуі қалыпты құбылыс. Сондай кезде,
төр де отырған қариялар оларға дəм ұсынады немесе табақтың түбін
бе ре ді, кейде ішіп отырған шайларын береді. Сол сəтте келін орны-
нан тұ рып, ұсынған дəмді алып, қарияларға иіліп сəлем жасағанда
қа рия лар:
Жасың ұзақ болсын,
Күнің шуақ болсын.
Басыңа бақыт қонсын,
Үйіңе жақұт толсын.
Балалы-шағалы бол,
Ағалы-жағалы бол.
495
495
Өркенің өсе берсін,
Бақытқа қолың жете берсін! –
деп, аталық алғысын жаудырады.
Жас жұбайларға берілетін бата
Қ
азақта жаңа отау көтеріп, өз алдына түтін түтеткен жас жұ бай-
лар үйлерін реттеп, шаруаларын ыңғайлап алған соң, ауылдағы қа дір-
лі қарттар мен білікті кісілерін шақырып, отауларынан дəм тат қы зып,
баталарын алады. Осындай ғұрыптан соң қарттар оларға:
Отауларың от болсын,
Бақыт-байлық көп қонсын.
Ұрпақты боп лайым,
Еш қам-қайғы жоқ болсын!
Пейілдерің тарылмасын,
Есіктерің жабылмасын.
Сыйлы қонақ күнде кеп,
Төрлеріңе дамылдасын!
Өмірлерің бал болсын,
Ұрпақтарың нар болсын.
Ата-баба аруағы
Өздеріңе жар болсын!
Аллаһуакбар! –
деп бата береді.
Шаңыраққа берілетін бата
Қ
азақ салтында алыс жерден, өзге ру-тайпалардан келген бі лік-
ті кісілер өздерін сыйлап, құрметтеген қасиетті қара шаңырақтарға
мынадай мазмұндарда бата береді:
496
496
Шаңырақтарың шайқалмасын,
Бақ-дəулеттерің ортаймасын.
Жаратқан Иең жар болып,
Не сұрасаң да қайтармасын!
Шаңырақтарың сыйлы болсын,
Отбасыларың дулы болсын.
Қоныстарың нулы болсын,
Өрістерің сулы болсын!
Аллаһуакбар! –
деп алғысын ақтарады.
Ел мен жерге берілетін бата
Қ
азақта бөтен ел, бөтен жерден келген кісілер ерекше сыйлы
болады. Оларды барған елі тік тұрып күтеді. Сондай кезде қонақтар ел
мен жерге деген ризалықтарын білдіру үшін мынадай баталар береді:
Ырыс қонған жеріңе бата,
Меймандос еліңе бата,
Аққан суыңа бата,
Асқар тауыңа бата,
Қолдасын Қызыр ата!
Жерлеріңде жұт болмасын,
Төрлеріңе құт орнасын.
Ел-жұрттарың жамандық көрмесін,
Ұрпақтарыңның десі өрлесін!
Аллаһуакбар!
Күйеубалалар мен қарындастарға берілетін бата
Ә
детте, бастарына үй тігіп, бауырларына қазан асып, үйлі-
баранды болған білікті күйеу балалар мен қыз-қарындастар ата-ана,
аға-ба уыр ла ры ның ықылас-баталарын алу үшін оларды үйлеріне ша-
497
497
қы рып қонақ еткенде: «бізге баталарыңызды беріңіздер» деп үл кен-
дер дің баталарын алады. Осы кезде батагөй қариялар:
Дастарқандарың берекелі болсын,
Отбасыларың мерекелі болсын.
Өмір-жастарың ұзақ болсын,
Жолдастарың Қызыр болсын!
Қораларыңнан қой кетпесін,
Есіктеріңнен той кетпесін.
Көшкенде көлікті болыңдар,
Өлшеусіз өрісті болыңдар!
Халық сүйер аға болыңдар,
Тоңдырмайтын жаға болыңдар.
Қиын жерде жол табар,
Дарқан ойлы дана болыңдар!
Аллаһуакбар! –
деп аталық ақ баталарын береді.
Достарыңызбен бөлісу: |