Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс


ЕРКЕКТІҢ ƏЙЕЛІ МЕН ОТБАСЫ АЛДЫНДАҒЫ



Pdf көрінісі
бет37/50
Дата26.01.2017
өлшемі2,43 Mb.
#2745
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   50

ЕРКЕКТІҢ ƏЙЕЛІ МЕН ОТБАСЫ АЛДЫНДАҒЫ 

ҚАРЫЗ-ПАРЫЗДАРЫ

Қ

азақ халқы бас құрап, отау көтерген əрбір еркектің əйелі ал-



дында мынадай парыздары болады деп қарайды:

1. Əйелінің ар-абыройы мен құқық-мүддесін қорғау. Басқалардың 



қорлауына, аяқ асты етуіне жол бермеу.

2. Еш нəрседен тарықтырмай, зарықтырмай бағып-қағып, ақы лы-



на ақыл, біліміне білім қосып, артық-кеміне кешіріммен қарау. 

413

413


3. Əйелін сыйлау, құрметтеу, аялау. Қиналған сəттерінде жаны-

нан табылып, қол ұшын беру. Қол, тіл тигізбеу, жəбірлеп, қор ла мау. 

Білмегенін ұғындырып, ұқпағанын түсіндіріп, тəрбиелеп, жетектеп 

отыру.

4. Əйелінің, сондай-ақ, отбасы, бала-шағасының жақсы-жаман іс-



те рі не жауапты жəне борыштар болу. Ақ некесі мен отбасы іс те рі-

не басқаларды араластырмау.

5. Өзін пəк, таза ұстау, суық жүріс, бұзақылықпен шұғылданбау. 



Əйе лі нің ел қатарлы киіп-ішуіне, күліп-ойнауына, өнер-білім, үлгі-та-

ғы лым алуына шарт-жағдай жасап, құрбы-құрдас, дос-жарандары 

алдында беделінің жоғары, мерейінің үстем болуына мүмкіндік жа-

сап беру.

6.  Əйелінің  шынайы  рухани  тірегі,  отбасының  қорғаны  болу.  Ер 



аза мат тық  ірілікті,  тектілікті,  кеңпейілді,  кешірімділікті  сақтау. 

Ұсақ-түйек алыс-беріс пен қазан-ошаққа араласпау.

7. Отбасының шынайы ұйтқысы болу. Өз басынан үлгі-өне ге көр-



се ту, əйелі мен бала-шағасын ащы тер, адал еңбегінің же мі сі мен ри-

зық тан дыру, арам пайда, олжадан келген нəрселермен игі лік тен ді ру-

ден аулақ болу.

Қазақ халқы адам өміріндегі ең қуанышты, өте мəн-мағыналы нəр-

се ержетіп, есейген соң, өз сүйгендерімен бас құрап, артына тəр бие-

лі тамаша ұрпақ қалдыру деп қараған. Яғни, барлық ер мен əйел дің 

жыныстық кемістігі мен жаман ауруы болмаса, кə ме лет ке тол ған соң

міндетті түрде өз сүйгендерімен некеленіп, перзент сү йіп, адам зат тың 

көгеріп-көктеуіне  үлес  қосуы  парыз  деп  есептеп,  еш қан дай  се беп сіз 

үйленбей «кəрі жігіт, кəрі қыз» атануды ұят, намысқа тиер іс деп есеп-

теген. Тіпті, ақ некелі болып, артынан, ұрпақ қалдырудан қаш қа лақ-

та ған адамды адамдық қарыз-парызын өтемеген, адам зат тың өсіп-өр-

кен деу  жолын  кескен  жауапкерсіз,  кесірлі  жаман  адам  деп  есеп теп, 

ондай ерлер мен əйелдерге ел-жұрт басқаша қараған жəне он дай адам-

дар дың ел іші мен қоғамдағы атақ-абыройы мен беделі тө мен бол ған. 

Се бе бі, ондай адамдар «ата-ана» деген қасиетті есімнен құр қа ла ды, 

ба қыт-байлық жолы мəңгі ашылмайды деп білген.


414

414


КЕРЕГЕГЕ ОРАМАЛ БАЙЛАУ 

К

ерегеге орамал байлау – алғаш жүкті болған келін үшін жаса-



латын қуаныш жоралғысы.

Жанашыр да жанкүйер ата мен ене келін түсіруді қаншалықты қуа-

ныш ты, игілікті іс санаса, түсірген келінінің тезірек жүкті болып, пер-

зент көруін де соншалықты қуанышты іс санап, оның көгеріп-көк те-

уін төрт көздерімен асыға күтеді. Сондай бір кездерде ауыл əйел де рі 

жаңа түскен келіннің бойындағы болымсыз өзгерісті байқаған заман, 

оның енесіне барып, келінінің жүкті болған қуанышты хабарын тұс-

пал дап жеткізеді. Келінінің енесі ол хабарды жеткізген əйелге «айт-

қа ның келсін, аузыңа май!» деп ризашылығын білдіріп, оны сый-сы-

ба ға  беріп  қайтарады  да,  ата-баба  аруағы  қолдап  жүрсін  деп,  үл кен 

үй дің керегесіне үлкен ақ орамал байлап қояды. Міне, бұл «керегеге 

орамал байлау» деп аталады. Керегедегі орамалды көрген соң, ке лі ні-

нің жүк ті болғандығы бүкіл ауылға белгілі болады да, үлкен-кіші оған 

ерекше ілтипатпен аялай, сүйсіне қарайды. Себебі, қазақ халқы «өмір-

де гі ең көрікті, ең ардақты адам – екіқабат əйел» деп қарап, əйел  дің 

жүкті болғанын білгеннен бастап оған ауыр жұмыс істетпейді. Қол-

аяғын суға матыртпайды. Жақсы азықтандырып, көңілінің кө те рің кі, 

рухының сергек болуына шарт-жағдай жасайды.

Бұл салт жүкті аналарға деген құрмет жəне аяушылық сезімін ту-

дырып,  жан-жақты  қамқорлық  көрсететіндіктен,  жүкті  аналардың 

рухани  көңіл  күйлерін  көтеріп,  мақтаныш  сезімін  тудырып,  жүкті 

ана ның  құрсағындағы  перзент  жақсы  жетіліп,  отбасының  ес-ақылы 

дұ рыс,  сау  денелі  ұрпақ  көрулеріне  мүмкіндік  жасайды.  Сондай-ақ, 

жақ сы күтініп, азықтанып, ауыр жұмыс істемеген, көңіл күйі кө те рің-

кі жүк ті аналардың денсаулығы жақсы, түрлі ауру-сырқауларға қар-

сы лық қуаттары жоғары болады.

ҚҰРСАҚ ТОЙ

Қ

ұрсақ той – алғаш жүкті болған келінге арнап өткізілетін қуа-



ныш  салты.  Бұл  салтты  келіннің  тəбетін  ашып,  көңілін  көтеру  үшін 

415

415


өт кі зе ді, яғни, жас келін жиі-жиі лоқсып, ас-тағамға тəбеті тартпаса, 

ене сі оны «жерік болған екен» деп біледі де, келінінің жерік асын табу 

мақ са ты мен  ауыл  əйелдерін  шақырып  шағын  той  жасап,  ке лін дер ге 

əзіл-қалжың,  қызықты  əңгімелер  айтқызып,  əн  салдырып,  ке лі ні нің 

кө ңі лін  көтеріп,  тəбетін  ашады.  Міне,  бұл  «құрсақ  той»,  кей  жерде 

«құр сақ шашу» делінеді.

Құрсақ тойға шақырылған əйелдер үйлерінен əртүрлі тағамдар пі-

сі ріп,  тəтті-дəмді  нəрселер  ала  келеді,  бұл  «жерік  ас»  деп  аталады. 

Та мақ қа тəбеті тартпай жүрген келін ауыл əйелдері əкелген «жерік ас-

тың»  əлде  бір  тəбеті  тартқанын  жеп  жерігін  басып,  көңілін  кө те ріп, 

рухани жақтан сергиді.

Қазақ халқының жаңа жүкті болған келіндерге арнап «құрсақ той» 

жасап,  «жерік  асын»  жегізуінің  үлкен  ғылыми  негізі  бар.  Ол  ас-та-

ғам ға  тəбеті  тартпаған  жас  ананың  азықтануын  жақсартып,  іштегі 

ба ла ның  ақаусыз  өсіп-жетілуіне  мүмкіндік  жасайды.  Ананың  ауру-

сыр қау лар ға қарсылық қуатын жоғарылатып, болашақ перзент ақыл-

ды, алғыр, зерек, сергек те сезімтал болуына жол сілтейді. Ал, жүк-

ті ананың жерігі қанбаса, оны «ит жерік» деп атайды. Жерігі қан ба-

ған, азықтануы көңілдегідей болмаған, яғни, «ит жерік» болған бала 

əлжуаз,  аурушаң,  кем  ақылды,  салақ,  жалқау,  маубас  болады.  Тіп ті, 

азамат болғанға дейін аузынан сілекейі шұбырып жүретін ашық ауыз, 

босбелбеу болады.



ЖҮКТІ АНАЛАРДЫ КҮТІМДЕУ ДАҒДЫСЫ

Ж

үкті  аналарды,  əсіресе,  тұңғыш  жүкті  болған  жас  келіндерді 



кү тім деу аналардың денсаулығын қорғап, ана құрсағындағы бо ла шақ 

ұр пақ тың  толық  жетіліп,  сау  денелі  туылып,  ес-ақылы  дұрыс,  кес-

кін-келбеті  сымбатты  болуы  үшін  істеледі.  Мұнда,  тəжірибелі  ене-

лер  ке лі ні нің  жүкті  болған  күнінен  бастап  оны  уақытында  азық тан-

ды рып, уақытында демалдырып, сергек, көңілді жүруіне жан-жақ ты 

мүм кін дік жасап, денсаулыққа зиянды жұмыстарды мүлде іс тет пей ді

яғни,  нəрлі  тағамдар  мен  денсаулыққа  пайдалы  су сын дық тар ды  кө-

бі рек береді. Мысалы, келіннің тəбетін ашу үшін сарымсақ пен жуа 



416

416


қос қан  ет  береді.  Айран,  қымыз,  сүт,  шұбат  ішкізіп,  кілегей-қай мақ 

жегізеді. Іштегі бала шымыр да сымбатты, қарулы да қайсар болсын 

деп,  қарағай  шайырын  шайнатады.  Баланың  көзі  өткір,  құлағы  сақ 

болсын  деп,  рауағаш  пен  қымыздық  жегізеді.  Баланың  сүйегі  берік, 

күш-қуаты мол болсын деп, жас ет жегізіп, сорпа ішкізеді. Бала сұлу, 

сау денелі болады деп, запыран гүлінің суымен дəрет алдырып отыра-

ды. Қысқасы, ес-ақылы дұрыс, төрт мүшесі сау, ақылды, білімді пер-

зент көру үшін аналар жүкті бола салысымен ерекше күтімге алады.

Қазақ халқы тазалыққа ерекше көңіл бөлетін, тазалықты өте жо ға-

ры бағалайтын, адал мен арамның, таза мен ластың шет-шегін қа таң 

айыратындықтан, аптасына міндетті түрде бір рет суға түсіп жуынып, 

дə рет  алып,  қол  жуып  отыруды  дағдыға  айналдырған.  Қол  жумай 

та мақ  ішпеген.  «Тазалық  –  денсаулықтың  кепілі»,  ауру-сырқаудың 

қай на ры  –  ластық,  сау  денелі,  күш-қайратты  болу  үшін,  денені  таза 

ұс тап,  ластықтан  аулақ  болу  керек  деп  қарап,  келіндері  жүкті  бол-

ған нан бастап жақсы күтімге алудан тыс, тазалық істерін ерекше қа-

да ға лап  отырады,  яғни,  келіннің  бойындағы  түрлі  дерт-дер без дер ді 

жо йып, денсаулығын жақсартып, іштегі баланың тыныс жолын ашу 

үшін маралшөпке арша бүрін қосып қайнатып, шомылдырып отыра-

ды. Бетіне дақ түсірмеу үшін саумалдың көбігін жағады. Ауыз та за-

лы ғын жақсарту үшін қара жусан мен қара тікен тамырын тұзға қо сып 

қайнатып, онымен ауыз шайдырып отырады. Тіс түбінің ші ріп, ті сі не 

құрт  түсірмеу  үшін,  тісін  аршадан  жасалған  смөшекпен  (масуақ  се-

кілді зат) жуғызып, аршамен тазартқызады. Киімдерін жиі-жиі жуып, 

ішкі киімдерді ауыстырады, т.б. Міне, осылайша, көз қа рақ ты енелер 

келіні босанғанға дейінгі азықтану, тазалық істеріне ерекше кө ңіл бө-

ліп, қамқорлық жасап отырады.

Жүкті аналарды күту дағдысы – жүкті аналар мен құрсақтағы ба ла-

лар дың түрлі ауру-сырқауларға қарсылық қуаттарын арттырып, олар-

дың ақаусыз, сау-сəлемет өмір сүру, сондай-ақ, өсіп-жетілулеріне зор 

мүм кін дік жасайды. Əсіресе, құрсақтағы перзенттің төрт мүшесі сау, 

ес-ақылы дұрыс, сапалы ұрпақ болып дүниеге келуіне ғылыми не гіз 

қалайды.


417

417


ЖҮКТІ ƏЙЕЛДІ РЕНЖІТПЕУ ДАҒДЫСЫ

« Ж


үкті  əйелді  жүгенсіз  адам  ренжітеді»  деп  қарайтын  қа зақ 

халқы, жүкті əйелдерді ерекше құрметтеп, оларды мүлде рен жіт пей  ді, 

үрейлендіріп, қорқытпайды. Керісінше, жүкті аналардың кө ңіл ді, қам-

қайғысыз, шат-шадыман жүруін дəріптейді. Себебі, қазақ хал қы жүк ті 

ана лар дың көңілді-көңілсіз болуы ана құрсағындағы болашақ ұр пақ-

тың тағдыр-тəлейіне саятын өте маңызды іс деп қарап, жүкті аналар-

ды  ренжітетін,  қорқытатын,  үрейлендіретін,  сондай-ақ,  уа йым ға  ба-

тырып,  қайғы-қасіретке  салатын  қандайда  іс-қимыл  мен  сөз ге  қа таң 

ты йым салады. Сонымен бірге, жүкті аналарға үнемі көңіл кө те ре тін 

қы зық ты əңгімелер айтып беріп, көрші ауылдарға ертіп барып кө ңі лін 

кө те ріп, емін-еркін күліп-ойнауына жағдай жасап беріп отырады. Тə-

жі ри бе лі енелер ауыл əйелдері мен əнші-жыршы, əзілқой адамдарды 

жиі-жиі қонақ етіп, келініне əн-жыр, əзіл, əңгіме тыңдатып, оның кө-

ңіл күйі көтеріңкі, рухы сергек болуына шарт-жағдай жасайды.

Қазақ ұғымында жүкті ана көңілді, рухты, сергек болса, сондай-ақ, 

əн-күй, өлең-жыр, əзіл, əңгімелерді көп тыңдаса, болашақ ұрпақ се зім-

ге бай, өжет те өнерлі, ақ көңіл, ашық-жарқын, ақылды, білімді, өнер-

сүй гіш болады. Ал, құрсақтағы кезінде анасы көп ренжісе, үрей мен 

қор қы ныш, қайғы мен қасірет ішінде жүрсе, жылап-сықтаса, ұрыс-ке-

ріс ке көп ұшыраса, онда, болашақ перзент қатыгез, қаныпезер, дө ре кі, 

арсыз, ұятсыз, мейірімсіз, қайырымсыз, ата-анаға опасыз болады деп 

қарайды. Сол себепті, жүкті аналарды үлкен-кіші түгел сый лап, құр-

мет теп, дау-жанжал, ұрыс-керіс, уайым-қайғыдан аулақ ұс тап, олар-

ды ренжітпеуге күш салады. Қорықса, шошынса түсік тастайды, бала 

ақау сыз өсіп-жетіле алмайды деп, жүкті əйелдерді қорқытпайды, түн-

де далаға жалғыз шығармайды, жалғыз жолаушы жүргізбейді, т.б.

Жүкті  əйелдерді  ренжітпеу  дағдысының  ғылыми  мəн-мағынасы 

өте терең. Ол жүкті аналардың көңіл күй тұрақтылығын сақтап, олар-

ды  уайым-қайғыдан  арылтып,  рухты,  сергек  жүруіне  мүмкіндік  жа-

сайды да, құрсақтағы перзенттің ақаусыз өсіп-жетілуіне, дүниеге төрт 

мү ше сі сау, ес-ақылы дұрыс сапалы ұрпақ болып келуіне ғылыми не-

гіз қа лай ды.



418

418


Ал, жүкті аналардың көңіл күйі үнемі қобалжулы, үрейлі, қор қы-

ныш та болса, қам-қайғыдан арыла алмаса, онда ананың азықтануы да 

нашарлап, құрсақтағы перзенттің жетілуіне кері əсер жасайды. Уайым-

қай ғы ны көп шегіп, көп ренжіген анадан туған баланың ес-ақылы мен 

зе йін-зердесі өте əлсіз болады. Тіпті, дүниеге миғұла, меңіреу, са қау, 

ке рең, шұнақ, жырық сияқты мүгедек перзенттер əкеледі.



КЕЛІНДІ БОСАНАР АЛДЫНДА 

ШЫНЫҚТЫРЫП-ШЫҢДАУ 

К

елін босануға таяғанда мейірбан да қамқор енелері келінін оңа-



ша ертіп шығып, жалаң аяқ арлы-берлі жүргізіп жер басқызып, «кеу-

де сі түкті жер ана, күш-қуат бер, пендеңе!» деп, келінінің жүй ке ле рін 

оятып,  жүрек  қызметін  жақсартып,  күш-қайратын  шыңдайды.  Одан 

соң, іштегі бала сұлу да, сымбатты болсын деп, Айлы түнде оңа ша ер-

тіп апарып көлге шомылдырып, денесінің қарсылық қуатын арттыра-

ды. Сондай-ақ, келіннің уақытынан бұрын босанып қалуынан, іш те гі 

баланың қалыпты жетілмеуінен, толғағы ауыр болуынан сақтану үшін 

ауыр, лас жұмыстарды мүлде істетпейді. Тең будырып, су кө терт пей-

ді. Қолына балта, шот-кетпен, келсап, сабау сияқты ұратын, тү йе тін, 

шанайтын нəрселерді ұстатпайды. «Баланың еті қызарып кетеді» деп, 

қан, жас ет ұстатпайды. «Бала кіндігіне оралып қалады» деп, ине-жіп 

бе ріп тіктірмейді. Онан соң «жер-ана қолдап-қуаттап, нə рес те нің ри-

зы ғы мол болады» деп, жетелеп барып жеті бастаудың көзін та зарт-

қы за ды. «Болашақ ұрпақ өсіп-өркендейді» деп, жеті тал ағаш ек ті ре ді. 

Міне,  осындай  ырым-жырымдарды  жасаған  соң,  келіннің  аман-есен 

босануына ресми əзірлік жасайды.

Келінді босанар алдында шынықтырып-шыңдау ана мен ба ла ның 

түрлі ауру-сырқауларға шалдықпай, сау-сəлемет, ақаусыз өмір сү ру-

ле рі не мүмкіндік жасайды. Жалаң аяқ жүргізу мен көлге шомылдыру, 

ке лін нің  ми  жəне  жүйке  қызметін  жақсартып,  денесін  ті тір кен ді ріп, 

қан  айналысын  тездетіп,  түрлі  ауруларға  болған  қарсылық  қуа тын 

арттырады.  Денесін  сергітіп,  рухын  серпілтеді.  Ал,  бұлақ  көзін  аш-

қы зу,  ағаш  еккізу  –  келіннің  денесін  шыңдап,  шынықтырып,  өмірге 

деген үміткерлік жəне құштарлық сезімін арттырады.



419

419


ЖҮКТІ КЕЛІНГЕ АРНАЙЫ ҮЙ ƏЗІРЛЕУ

К

еліннің  босануына  санаулы  күн  қалғанда,  тəжірибелі  енелер 



келін қысылып-қымтырылмай аман-есен босанып алсын деп, оған ар-

найы жеке үй тігіп немесе оңаша орын əзірлеп беріп, өзі басы-қа  сын-

да болып, əр күні кеште құйымшағынан жауырынына де йін қой дың 

құйрық майымен сылап, қолды батыра уқалап, туыт үс тін де қи на лып 

қалмауының алдын алады. Сондай-ақ, үйге үзбей от жа ғып, үйді жылы 

ұстап, тазалық ісін ерекше жақсартады. Келінді босандыратын тə жі-

ри бе лі туыт ана мен кіндік кесетін кіндік шеше белгіленеді. Ке лін нің 

толғатқан хабарын естісімен ауыл əйелдері жиналып, үй ішіне тол ғат-

қан ана асылып отыратындай етіп басқұр, желбау, арқан-жіп сияқ ты 

нəр се лер ді керіп байлайды. Босағаға қанжар, қылыш, қамшы се кіл ді 

нəр се лер ді самсытып сүйеп қояды.

Келінді босандырудың бар дайындығы біткен соң, дереу «жа рыс-

қа зан»  асылады.  Жарысқазанға  көбінде,  қуырдақ  сияқты  тез  пі се тін 

тағамдар əзірленеді. Жағдайы бар кісілер қой сояды. Сонымен бір ге, 

қуа ныш қа  арнап  сақталған  қарындағы  май,  жент  басталып,  ірім шік, 

құрт, бал бауырсақ дастарқанға төгіледі. Арша тұтатылып, тол ғат қан 

əйел дің бас-аяғы мен үй ішін аластап шығады. Жарысқазан ба сын да-

ғы лар əлсін-əлсін: «Қара қазан бұрын пісе ме? Қара қатын бұрын туа 

ма?» деп айқайлап отырады.

Тұңғыш  босанатын  келінге  арнайы  үй  əзірлеу  –  келіннің  рухани 

жақ та ғы  қысымын  жеңілдетіп,  өзін  еркін,  алаңсыз  сезіндіріп,  көңіл 

күй орнықтылығын сақтап, аман-есен босануына мүмкіндік жасайды. 

Ал,  босағаға  қылыш,  қанжар,  қамшы  сияқты  қару  қою  келіннің  ой-

пыл-тойпыл көңіл күйіне рухани тірек жəне күш-қайрат ба ғыш тай ды. 

Жа рыс қа зан асып, əлсін-əлсін айқайлап отыру – толғатқан ананы тез 

бо са ну ға шабыттандырады. Ал, арша тұтатып үйді аластау – тол ға тып 

жатқан ананың бойындағы жəне үй ішіндегі түрлі зиянды микробтар-

ды өлтіріп, ана мен баланың түрлі ауру-сырқауларға шал дықпауы  ның 

алдын алады.


420

420


«ТҮСТІ МЕ» ТУРАЛЫ 

« Т


үсті ме» – келіннің толғағы жиілеп, босана алмай қи нал-

ған  кезде  айтылады.  Сондай  кезде  толғатып  жатқан  келіннің  белін 

мық тап буып, оны үй ішіне керген арқанға асылдырып отырғызады 

да,  ересек  балалар  немесе  жас  келіншектер  қолына  келсап,  тоқпақ 

сияқ ты салмақты нəрселерді алып, үй сыртын солқылдатып айнала 

түй гіш теп:  «Түсті  ме?!  Түсті  ме?!»  деп  айқайлап  отырады.  Үй де гі 

əйелдер:  «Түсті!  Түсті!»  деп  оған  үн  қосады.  Сол  кезде  ши ры ғып, 

қы сы лып жатқан əйел денесін еркін қойып, бала аман-есен шар етіп 

жерге түседі.

Егер бала теріс келген болса, онда тəжірибелі аналар жаңа со йыл-

ған  малдың  ішегін  қолдарына  теріс  айналдырып  киіп,  баланы  оңай 

салады. Ал, мал ішегі болмай қалса, толғатқан əйелдің табанын қыз-

ды рып, екі аяғын өрге көтеріп, арқанға байлап тұрып, баланы ана құр-

са ғы ның  сыртынан  сипап  оңап  жібереді  де,  аман-есен  босандырып 

алады.

Бала  жолдасы  түспесе,  ананың  табанын  қыздырады  немесе  ба ла-



ның  кіндігіне  қарап  (кіндігінен  ажыратпай),  жолдасын  сəтті  тү сі ріп 

алады.  Алда-жалда,  бала  шаранаға  оранып,  үнсіз,  жыламай,  өл ген 

бала сияқты түссе, онда бала жолдасын дереу түсіріп алса, ба ла ның 

да уы сы табанда шығып, тыныс алуы қалпына келеді. Егер бұл амал-

дар көмектеспесе, онда баланы қаз қауырсынмен құстырып, үш са ғат  

ішінде дейін құтқарып алады.

Қазіргі  заман  медицинасында  бала  жоғарыдағыдай  үнсіз  туылса, 

дəрігерлер баланың жолдасын кіндігінен бөліп алып, балаға суық су 

сеуіп көреді де, бала қимылдамаса, «өлі туды» деп қорытынды шы ға-

ра салады. Сөйтіп, нəресте дүние есігін ашпай жатып өмірмен қош та-

са ды. Алайда, қазақ халқы бала жерге түскен заман, жо ға ры да ғы дай 

үн сіз туылудың алдын алу үшін, баланы жерден құй ры ғы на ала қан-

мен же ңіл бір салып көтеріп алады. Міне, мұны əлемде теңдесі жоқ 

ғы лы ми салт деуге болады.

«Түсті ме» айту толғатып, қиналып-қысылып жатқан ананың дене 

мүшелерін  еркін  ұстап  (босатып),  рухани  жақта  күш-қуат  бе ріп,  ба-



421

421


ла ның тез түсуіне мүмкіндік жасайды. Арқанға асылдырып отыр ғы зу 

емін-еркін күш алуына, табанын қыздыру, аяғын жоғары кө те ріп, ішек 

киіп теріс келген баланы оңау – ана мен баланың өмірін қа уіп тен құт-

қа ру шарасы. Ал, нəрестені жерден құйрығына алақанмен же ңіл бір 

қа ғып көтеріп алу – баланың уақытылы сал күйде тұрған жүй ке жасу-

шаларын оятып, жүрек соғысы мен тыныс алуын тез қал пы на кел ті-

ріп, баланың аман-есен қатарға қосылуына мүмкіндік жасайды.

КЕЛІНГЕ КИМЕШЕК-ШЫЛАУЫШ КИГІЗУ

Ж

ас келінге кимешек-шылауыш кигізу – келіннің сынақтан өтіп, 



оның ана жəне түскен жерінің ресми бір мүшесі болғандығының бел-

гі сі. Онда, жас келін тұңғыш нəрестелі болғанға дейін күнде ерте тұ-

рып, жай жатып, ауылдағы ең бейнетті жұмыстарды істейді де, тұң-

ғыш перзенті «ит жейдесін» тоздырған соң (тастаған соң), енесі оны 

ен ді гі  жерде  босағада  отырып  шай  құйып,  күнде  ерте  тұрып  дə рет 

суын жылытудан босатады.

–  Қарағым,  балам!  Сен  енді  ана  болдың,  балалықтан  қол  үз дің. 

«Басы қатты болса, аяғы тəтті болады» деген, істегенің бізге, үй рен-

ге нің өзіңе жақсы. Қаталдығымыз болса өзіңді шынықсын, ширасын, 

үй рен сін, бойына жақсы қасиет дарытсын дегеніміз, артық кеткен же-

рі міз ді кеш, қалқам! – деп, оған əдемілеп зерлеп-кестелеген ақ киме-

шек-шылауыш кигізіп, жоғары шығарып өзі шай құйып береді. Туыс-

туғандары алғыс-баталарын береді. Міне, бұл келінге «кимешек-шы-

лауыш кигізу», яғни, қасиетті киім кигізу деп аталады.

Кимешек-шылауыш киген күннен бастап келін біршама еркін жү-

ріп-тұрады. Енесімен бұрынғыдан ары сыйласып, түсінісіп, араларын-

да өзара сыйластық пен жарастық орнайды. Жас бөбек қырқынан шы-

ғып, ширай бастаған соң, енесі келінін төркініне жіберіп, төр кін де ту 

қа мы на кіріседі.

Бұл келіннің көңіл күйін орнықтырып, жігер-күшін тасытып, үміт-

кер лік ке  жетелейді.  Өзін  азамат  ретінде  еркін  сезінеді.  Адамдармен 

қа рым-қатынасын кеңейтіп, өзара түсіністігін тереңдетіп, сү йіс пен ші-

лі гін  арттырады.  Ал,  күйеуі  қайтыс  болған  əйелдер  кимешек-шы ла-



422

422


уыш ты кестелемей, сидам ақ кездемеден ғана тігіп киеді. Киген киме-

шек-шылауыштарына қарап, қазақ əйелдерінің күйеуі бар-жоқ ты ғын 

бі лу ге болады.

Жас  келінге  кимешек-шылауыш  кигізу  келіннің  жауапкершілік 

жəне борыштық сезімін арттырып, отбасын бақыт-байлыққа кенелту-

ге құлшындыра түседі. Жанын, арын таза ұстап, «ана» деген қа сиет ті 

атқа, ел-жұрты мен ата-анасының бетіне шіркеу келтірмеуге құл шын-

ды ра ды.



ТӨРКІНДЕУ

Т

өркіндеу  –  ұзатылған  қыздың  туған  ел-жұртына  «төр кін деп 



келдім» деп атақтап, арнайы барып аралауы. Бұл – ұзатылған қыз дар-

дың адамгершілігін, бауырмашылдығын жəне өсіп-өнген ел-жұр ты на 

сүйіспеншілігін сынайтын дəстүр. Қазақ халқы төркіндемеген, туыс-

туғандарына  аман-сəлем  жасамаған,  алыс-беріс,  барыс-келіске  мəн 

бермеген қыздарды «өзі болған қыз төркінін танымас деген осы» деп 

сөгіп, өкпе-реніш білдіреді.

Əдетте,  қыз  əкесі  қызым  сағынды-ау  деген  бір  мезгілде  артынан 

іздеп барып амандасып, қайтарында құда-құдағиларына: «Балам үйін 

сағынып жүр екен, ауылға барып, сағынған мауқын басып қайт сын»,– 

деп, қызын ресми шақырып қайтады. Содан кейін қыздың ата-анасына 

қалаған уақытында барып қайтуына болады. Бірақ, ол ресми төр кін-

деу есептелмейді. 

Төркіндеудің белгілі уақыт мерзімі жоқ. Алайда, бір балалы бол ған 

соң төркіндей беруіне болады. Тіпті, жас кезінде жер шал ғай лы ғы нан 

немесе  басқа  себептерге  байланысты  төркіндеуге  жағ да йы  келмесе, 

кəртейген кезінде де төркіндеуіне болады. Ұзатылған қыз қа лай да бір 

рет  төркіндеуі  шарт.  Олай  болмағанда,  ата-анасы  мен  ел-жұр ты ның 

алдында перзенттік борышын өтемеген жетесіз ұрпақ деп қа ра ла ды. 

Алайда, төркіндеудің де өзіндік жол-жосыны, алыс-беріс тəртібі бар:

1. Төркіндейтін қыз алдын ала дайындық жасап, төркіндеп бара-



тын уақытын күні бұрын ата-анасы мен туыс-туғандарына түгел 

хабарлап қояды.

423

423


2. Төркіндеген кезде ең жақын туыс-туғандарын бірін қал дыр май 

аралап, дəм татып, қонып, аунап-қунап шығады.

3. Ата-анасы мен ата-əжелеріне арнаулы жолдық алып (сый-сы-



ба ға),  ат  жетелеп  барады. «Сыбағаңыз»  деп  жамбас  береді.  Қал-

ған  туыс-туғандарына  жасы,  жолына  қарай  əртүрлі  киіттер  мен 

жол дық тар апарады. Тіпті, бесіктегі балаларына дейін құр қал дыр-

майды.

4. «Ата жолы», «ана жолы» деп, 40–50 кез ақ дабы болатындай 



немесе дəкі жəне қалампыр, қос-қостан иіс су (əтір), иісті сабын апа-

рады. Бұл өте үлкен сыйлық есептеледі. Мұндай қыздарды ел-жұрт: 

«жөн білетін, білікті адам болыпты» деп мақтап, алғыстарын жау-

ды ра ды.

Төркіндеген  қыздардың  «ата  жолы»,  «ана  жолы»  деп  ақ  кездеме 

мен иіссу, иісті сабын апаруы – ата-анасының қосағымен қоса аға рып, 

ұзақ  өмірлі  болсын,  бақыт-байлықтан  мəңгі  ажырамасын  деген  пер-

зент тік ақ тілегінің айғағы. Өзінің опалы, адал перзент екен ді гі нің дə-

лел деуі.

Қыз анасы оны «ақ тілеу» деп, сандығының түбіне салып, көз жұм-

ған ша сақтайды. Ата-анасы қайтыс болғанда, оларды сол қызы əкел-

ген ақ кездемеге орап жерлейді.

Төркіндеу – ұзатылған қыздардың өмірінде бір-ақ рет бо ла тын дық-

тан, төркіндейтін қыз күйеуін ертіп, балаларын алып ерекше салтанат-

пен барып, ата-ана, туыс-туғандарын кем дегенде бір ай аралап, емін-

ер кін күліп-ойнап, туған жерге аунап-қунап, сағыныш мауқын əб ден 

басып қайтады.

Ал, төркіндеген қыздары келгенде, ауылдағы үлкен-кіші ете гі нен 

сүрініп:  «Пəлен  ауылға  берген  қызымыз  төркіндеп  келіпті»  деп,  тө-

гі ліп-шашылады. Оны ерекше мақтаныш көріп, мəре-сəре болысады.

Төркіндеген  қыз  қайтатын  кезде,  ата-анасы  ауқатты  адам  болса, 

«са уы ныңа» деп сиыр, «мінісіңе» деп ат, «сойысыңа» деп қой, жиен-

де рі не  «қырық  шұбар  тайың»  деп  тай,  тайынша,  серкеш  айдатады. 

Еш  нəр се сін аямайды. Ал, өзге туыс-туғандары шама-ша рық та рын ша 

қыз да ры на ат міндіріп, жиендеріне тай жетелетіп, көйлек, шапан ки гі-

зіп, ренжітпей, ризашылықпен жолға салады. Қалаған, сұрағаны бол-

са, меселдесін қайтармай береді.



424

424


Төркіндеу адамдардың туыстық сүйіспеншілігін арттырып, қа рым-

қатынастарын  нығайтып,  барыс-келіс,  алыс-берістерін  жақ сар та ды. 

Ел-жұрт, ата-анаға деген сағынышын басып, көңіл күйін ор нық ты ра-

ды. Өзін қуанышқа, шаттыққа бөлеп, жігер-күшін тасқындатып, өмір-

ге  деген  үміткерлік  сезімін  арттырады.  Өзін  көңілдегі  уайым-қай ғы 

мен  кірбеңдіктерден  арылтып,  түрлі  ауру-сырқауларға  шал ды ғу дың 

алдын алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет