Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс



Pdf көрінісі
бет23/50
Дата26.01.2017
өлшемі2,43 Mb.
#2745
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   50

Күйеу табақ

А

рнаулы төс салынып жасалып, күйеу жігіттерге тартылатын та-



бақ ты «күйеу табақ» деп атайды. «Күйеу табақ» қыз алатын жəне сол 

ауылдан қыз алған күйеулерге тартылатын ең жоғары сый-құрмет та-

ба ғы есептеледі. «Күйеу табаққа» əдетте, төс, асықты жілік, белдеме 

немесе омыртқа қатарлылар салынып жасалады.



Келін табақ

« К


елін табақ» – күйеу табақ секілді келіндерге арналған ең жо-

ға ры сый-құрмет табағы. Сондықтан оған да төс, асықты жілік, белде-

ме немесе арқа, қабырға, ұлтабар қатарлылар салып жасалады.

Қыз табақ

Б

ұл қыздарға арналған ең жоғары сый-құрмет табағы. Оған əдет-



те, бастың жақ сүйегі мен тіл, жүрек пен бүйрек сияқты қыздар сү  йіп 

жейтін мүшелер салынып жасалады.



252

252


Қос табақ

Қ

азақ  халқының  сый-құрмет  салты  бойынша,  «қос  табақты» 



ерекше сыйлы адамдар мен жолы, жасы үлкен, ел-жұртқа қадірлі кі сі-

лер ге, сондай-ақ, ақсарбас қой сойысып, «құдай» деп құда болған құ-

да ғи лар ға тартылады. Бұл «бас табақ» пен «сый табаққа» қосып тарты-

латын жанама табақ болғандықтан, оны «қос табақ» деп атайды. «Қос 

та бақ қа» əдетте кəделі сүйек салмайды. Тек, еттің жылы-жұмсағы мен 

қазы-қарта,  жал-жая,  тасты  (сиырдың  майлы  қабырғасы)  сияқ ты лар 

ғана салынып жасалады.

Сыбаға табақ

« Е


ске  алған  –  ескі  асынан  сақтайды»  деген  халық  да на лы ғын 

ұрпақтар бойы жалғастырып келген қазақ халқы, қысқы соғым ке зін-

де үйлеріне келіп дəм тата алмаған ауыл ақсақалдары мен ел-жұрт қа 

қадірлі, сыйлы кісілеріне, сондай-ақ, жанкүйер жақындары мен құда-

құдағиларына: «Мынау пəлен атамның, мынау түген құда-құ да ғи дың 

сыбағасы» деп, арнаулы сақталатын жамбас, қазы-қарта, жал-жая се-

кіл ді  кəделі  ас.  Оны  сақтап  отырып,  сол  кісілер  келгенде  өз де рі не: 

«Мынау сіздің сыбағаңыз» деп асып береді немесе келіндер мен қыз-

да ры апарып береді. Əдетте, «сыбаға табаққа» сүрленген жамбас, бел-

деме, қазы-қарта, жал-жая секілді кəделі астар салынады.



Ошақ табақ

« С


ыйға-сый  қайырмау  –  сараңдықтың  белгісі»  деп  қарайтын 

қа зақ  халқы,  өздеріне  қол  ұшын  беріп  көмектескен,  той-томалақ, 

өлім-жі тім  істерінде  тік  тұрып  қызмет  көрсеткен  адамдарды  да 

елеусіз қал дыр май, оларды да төрлеріне отырғызып, төредей күтіп 

отырған.  Сол  той-томалақ,  нəзір-құзыр  əзірлігі  үшін  ошақ  жасап, 

отын түсіріп, үй тік кен дер ге арнаулы мал сойып тартылатын күтім 

табағын «ошақ та бақ» деп атаған. «Ошақ табаққа» малға бата жаса-

ған үлкендеріне бас пен жамбас, белдеме, кəрі жілік, сүбе қабырға, 



253

253


ұлтабар  қа тар лы лар  салынып  жасалады  да,  қалған  табақтарға  қол-

ғабыс  тигізіп  жүр ген дер дің  жасы,  жолына  қарай,  лайықты  кəделі 

сүйектер салынып жасалады.

Ерулік табақ

« Е


рулік  табақ»  –  отырықты  елдің  жанына  жаңа  көшіп  ке ліп, 

көрші қонған адамдардың құрметіне мал сойып бас пен жамбас тарта-

тын немесе барымен базарлап, қолда бар тəтті-дəмдісін жаңа көр ші сі-

не апарып беретін сый-құрмет табағы.

«Ерулік табаққа» əдетте мал сойса, бас пен жамбас, мал соймаса 

кə де лі сүйектер мен тəтті-дəмді, жылы-жұмсағы салынып жасалады.



Сарқыт табақ

« С


арқыт табақ» – тойға, ас-нəзірге, қонаққа белгілі себептермен 

келе  алмай  қалған  адамдарға,  той  мен  ас  иелерінің  «тойдың,  ас тың 

сарқыты» деп беріп жіберетін немесе сақтап қойып, сол кісілер кел-

генде «сыбағаңыз» деп өздеріне асып беретін кəделі сүйектер са лын-

ған табақ.

«Сарқыт  табаққа»  əдетте,  құда-құдағилар  мен  ел-жұртқа  қадірлі 

ақ са қал дар үшін жамбас, ал, қалған адамдарға жолы, жасы, беделіне 

қарай жілік, белдеме, қазы-қарта сияқтылар салынып жасалады.

Қазақ халқының ас-табақ тарту салты адамдарды үлкенді сый лап, 

кішіні аялаудай тамаша салт қалыптастыруға дағдыландырады.

Қазақ халқы қонақ болған жерлерінде өздеріне тартылған ас-та бақ-

қа қарап, өзінің қалай күтіліп жатқанын, қай дəрежедегі қонақ болып 

отырғанын мөлшерлейді, яғни, қазақтың, əрбір адамға берген ас-та ба-

ғын да адамгершілік өлшемі мен əр адамның қадір-қасиеті жəне дə ре-

же сі көрсетіледі. Сондықтан қазақ халқы адамдарға ас-табақ тар ту ға 

ерекше жауапкерлікпен қарайды. Болмаса, адамдық ар соты алдында 

жазаланады.  Себебі,  егер  қонақ  болған  жерінде  қадірменді  ақ са қал-

дар мен құда-құдағилар, сондай-ақ, жұрт сыйлаған қадірлі адам дар ға 

өзі не  лайық  сыбағасын  бермей,  əдеттегі  қонақ  ретінде  қараса,  онда, 


254

254


сол отбасынан немесе сол ауылдан ат-шапан айып алады. Қа зақ салт-

дəстүрінің жөні солай, ол құдды заң іспетті рөл атқарады. Се бе бі, қа-

зақ тың бұл салтында да үлкен ғылыми жəне адамгершілік мəн бар. Ол 

адамдар арасындағы бауырмалдықты, ізгілікті, барыс-ке ліс, алыс-бе-

ріс ті тереңдетеді. Көңілді, тыныш, орнықты орта жаратады. Адам дар-

дың өрісін кеңейтіп, əлеуметтік қарым-қатынасын ны ғай та ды.



ҚОНАҚТЫҢ ҚАРЫЗ-ПАРЫЗДАРЫ

« Қ


онғанша қонақ ұялады, қондырған соң үй иесі ұялады», «қо-

нақ ты қондырма, қондырған соң, тоңдырма» дейтін қазақ халқы, үйі не 

қонған қонағына ерекше құрмет көрсетіп, үйінде барын оның алдына 

қойып сыйлап, төсегін жұмсақтап салып, таза көрпесін жауып, қо на ғы 

аттанып кеткенше құрақ ұшып күтеді. Қазақтың қонақ күтуінің өзі – 

үлкен бір мектеп. Үй иелеріне үлкен сын.

Ертеде  үйіне  қонған  қонағына  мүмкіндігі  бола  тұрып  қонақасы 

бе ріп жақсы күтпесе, дəлірек айтқанда, мыңғырған малы, қора толы 

қойы жатып, мал сойып бермесе (əсіресе алыс рудың адамдары мен 

сыйлы кісілерге) ертесі сол қонақ ауыл ақсақалдары мен билеріне ша-

ғы нып,  өзі  қонған  əлгі  үйден  ат  шапан-айып  алуға  құқықты  болған. 

Ал, үй иесі оған шынайы кісілік көрсете алмағаны үшін шығынды бо-

лып, ат шапан-айып төлеген. Алайда, қонақ болудың да өзіндік жол-

жосыны, үй иесі алдында өтеуге тиісті қарыз-парыздары бар:

1. Қойдан жуас болу. «Қонақта ерік жоқ, май берсе де жей бе ре-

ді» дегендей, үй иесінің бергенін жеу.

2.  Үй  иелерінің  ыңғайына  бағып,  хал-жайымен  санасып,  əдепті, 



ибалы болу.

3. Доңыз айбат, дөрекі қылық көрсетпеу. Шалқайып жатып, шал-



жиып отырмау.

4.  Отбасы  тазалығына  көңіл  бөлу.  Орынсыз  қақырып-түкірмеу, 



көр пе-жастық, төсек орнын аялау. Қылдай затына қиянат жасамау.

5. Үйінің ішін рұқсатсыз араламау, ақтармау. Қонақтың үй ие сі-



нің жағдайымен санаспай орынсыз сын, мін тағуы, дүние мүлкіне қол 

сұғуы, біресе отырып, біресе тұрып, біресе жата қалып, ойына кел-

255

255


ге нін істеуі, қонақ болып отырған үйін тастап, екінші бір үйге айт-

пай қыдырып кетуі, ашық-шашық, бейберекет жүруі өте əдеп  сіз  дік, 

көргенсіздік саналады.

6. Үй иесінің үлгермей жатқан жұмысын көргенде қол ұшын бе ріп 



кө мек тесу.

7. «Кірмей жатып үй менікі, отырмай жатып төр менікі» дей тін 



менмендіктен аулақ болу. Уақытында жатып, ерте тұру. Қо нақ тың 

қонған үйінде түске дейін шалжиып жатып алуы өте тəр бие сіз дік, 

əдепсіздік саналады. Міне, бұлар қонақтың парыздары есептеледі.

Ал, қонақтың қарыздары деп мыналарды айтады:

1. Өзінің аты-жөнін, руын, мекенін, сондай-ақ, бара жатқан же-

рін үй иесіне толық айтып беру.

2. Өз елінің шаруашылық жағдайын, еліндегі білікті, өнегелі кі сі ле-



рі нің игі істерін егжей-тегжейлі əңгімелеп беру.

3. Жол-жөнекей көрген-білгендерінен, яғни ел ауқымы мен ха лық-



тың жай-күйі туралы үй иесін хабардар ету.

4. Қонақ кəдесін толық өтеу. Яғни ертегі, əн айтып, күй тартып 



беру немесе өзгеше өнер көрсетіп, үй иесінің ризалығын алу.

5. Аттанарда үй иесіне рақметін айтып, ризалығын білдіріп, хош 



айтып аттану. 

Міне, қонақ болудағы осындай ұсақ-түйек істерге дейін əр отбасы 

ұрпақтарына  егжей-тегжейлі  ұғындырып,  жастарды  жүрген-тұр ған 

же  рін  де  əдепті,  тəртіпті  болуға  баулып  отырады.  Бұл  тəрбие  ұр пақ-

тар ды  ізгілікке,  мəдениеттілікке,  тəрбиелілікке,  тектілікке  баулиды. 

Жер-жерден түрлі хабар, ақпарат алып, көз аяларын кеңейтіп, бі лі мін 

молайтып, əлеуметтік қарым-қатынасын нығайтады. Адамдар арасын-

да сүйіспеншілікті арттырып, барыс-келіс, алыс-берістерін жиі летеді.



КӨРГЕН АСТАН БЕРМЕУДІ – КӨРГЕНСІЗДІК 

САНАУ САЛТЫ

К

өрген  астан  бермеуді  –  көргенсіздік  деп  қарайтын  қазақ  хал-



қы, біреуді қаратып қойып тамақтануды, көп адамның алдында жал-

ғыз  өзі  сусын  ішіп,  азықтанып,  көріп  отырған  елге  ауыз  ти гіз беу ді, 



256

256


дəм  татырмауды  өте  тəрбиесіздік,  көргенсіздік  санайды.  Əсі ре се,  ел 

көп  жиналған  жиын-тойларда,  мектеп-медреселерде  сабақ  бергенде 

көп ті өзіне қаратып қойып тамақ жеп, сусын ішіп отыруды мə де ниет-

сіз дік  есептеп,  азықтанып,  сусындауға  тура  келсе,  алдыға  дас тар қан 

жайып, адамша отырып, «өле жегенше – бөле же» деп, азық пен су-

сыннан маңайындағы адамдарға ауыз тигізеді. Қандай ортада болсын 

елді аузына қаратып қойып жалғыз өзі тамақ жеп, сусын іш кен адам, 

ол мейлі хан, мейлі қараша болсын, бəрібір тəрбиесіз, көр ген сіз, мə-

де ниет сіз  адам  деп  қаралады.  Сондықтан  əрбір  отбасы  ұр пақ та ры на 

көп шіл болуға, бір дəн болса бөліп, жарты дəн болса жарып жей тін ізгі 

ниетті, мейірбан, жомарт азамат болуға баулып отырады. Көп ті өзіне 

қаратып қойып сусын ішіп, тамақ жеу немесе бір дас тар қан да отырып 

ел  жемеген  өзгеше  тағаммен  азықтану  сияқ ты лар дың  қай-қайсысы 

да  адамгершілікке  жат,  жаман  қылық  бо ла тын ды ғын  перзенттерінің 

құлақтарына құйып, жүректеріне ұялатуға ерекше күш салады. Жал-

ғыз тамақтанып отырған балаларға: «Елді қаратып қо йып тамақтанба, 

көзінің құрты түседі» деп, елді қаратып қойып жал ғыз тамақтануына 

ешқашан  жол  бермейді.  Оны  елге  жасаған  құр мет сіз дік,  өзімшілдік 

деп ұғындырады.

Қазақ  халқының  көрген  астан  бермеуді  –  көргенсіздік  са на уы-

ның  үлкен  ғылыми  мəн-мағынасы  бар.  Ол  ұрпақтарды,  бі рін ші ден, 

өзімшілдік  пен  құлқынқұмарлықтан  сақтандырса,  екін ші ден,  бас-

қа лар дың  көз  сұғына  жолығып,  ауру-сырқау  тауып  алуының  алдын 

алады. Қазіргі заман ғылымына жүгінер болсақ, əрбір адам ның бойы-

нан бір түрлі қуат тарап тұрады. Көзден тарайтын қуат тіп ті де күш-

ті болатындықтан, ол қарсы жағындағы адам жеп отыр ған та ма ғы на 

түсетін болса, оны жеген адамның ішкі организм де рін бұ зып, ден сау-

лы ғы на зиян келтіреді.

Демек,  адамға  көз  тигенде  немесе  түскенде  (сұқтана  қарағанда) 

биоөріс ойықтар мен дөңес түріндегі түсініксіз ауытқулар пайда бо-

лып, организмдер ауруға шалдығады. Міне, осындай кезде оны де-

реу  емдеп  жібермесе,  уақыт  өте  келе  ол  адам  денесіне  сіңіп  алып, 

ауыр сыр қат қа шалдықтырады да, емдеу қиынға соғады. Олай бола-

тыны, адамдарда биоөрістік қорғаныс болып, ол бастан-құймышаққа 



257

257


де йін гі ара лық та, жұмыртқа тəрізді орналасқан болады. Егер ол шо-

ғыр ла нып (кішірейіп) 20–30 сантиметрлік шамаға түссе, адамды өлім 

қау пі не  жолықтырады.  Біздің  «тіл  болды,  көз  тиді»,  «тіл-көзіңнен 

сақ та» дейтін сөз тіркестеріміз, міне, осы ғылыми қағидаларға бай-

ланысты  айтылған.  Осыны  ертеден-ақ  білген  бабаларымыз,  ұр пақ-

та ры ның жал ғыз-жарым тамақтануын тектеп, оларды «көрген астан 

көр ген сіз бер мей ді» деп, көпшіл, халықшыл, меймандос болуға же-

беп отыр ған.



ДƏМ-ТҰЗДЫ ҚАДІРЛЕУ САЛТЫ

« А


с – адамның арқауы», «асты қорлаған ашаршылыққа жо лы-

ға ды»,  «дəм  татқан  құдығыңа  түкірме»  деп,  дəм-тұзды  ерекше  қас-

тер леп, оны бəрінен жоғары бағалайды. Өнегелі, өнер-бі лім ді кі сі лер-

мен  дəмдес-тұздас  болуды  қуаныш  санайды.  Дəм-тұз ды  береке-бір-

лік тің, татулық пен достықтың, ізгілік пен адам гер ші лік тің дə не ке рі 

деп есептеп, үйіне кісі кірсе құрауыз шығармайды. Ал, бі реу дің дəм-

тұзын татқан адам «дəм-тұз атады» деп, дəм татқан отбасына еш қа шан 

жамандық  жасамайды.  Қайта  үйінен  дəм-тұз  тат тыр ған  қолы  ашық, 

жомарт, қонақшыл адамдарды жүрген-тұрған жер ле рін де мақ тап жү-

реді. Тіпті, ондай адамдар қайтыс болып кетсе де, «жа рық тық тың қо-

лынан баяғыда дəм татып едім» деп, ерекше еске алып отырады.

Қазақ  салтында:  көрші  отырған  адамдар  үнемі  дəм-тұз  ауысып, 

бір-бірін жиі-жиі дəмге шақырып, шақырғанда келе алмаған кі сі лер-

ге бала-шағаларынан сыбаға-дəм беріп жібереді. Тамақ үстіне келген 

адамдарға  міндетті  түрде  ішіп  отырған  ас-тағамдарынан  дəм  тат қы-

за ды. Ал, емшекте баласы бар əйелдер тамақ жасап жатқанын кө ріп 

қалған болса, оған «дəметеді» деп, сол жасаған асынан міндетті түр-

де  дəм  татқызады.  Сондай-ақ,  үйіне  бас  сұққан  адамға  «қуыс  үйден 

құры  шықпа»  деп,  ол  мейлі  жаңа  ғана  тамақтанып  келсе  де,  «тамақ 

іш тің  бе?  Шай  берейін  бе?»  деп  сұрамай-ақ,  қазақтың  бөлінбеген 

еншісі бір шəугім шайын қайнатып береді. Егер үйге бас сұққан адам 

өте асы ғыс болса, алдына дастарқан жайып, дайын ас-тағамнан ауыз 

ти гі зіп  шығарады.  Себебі,  қазақ  халқы  үйіне  кірген  адамға  дəм  тат-


258

258


қыз бай құрауыз шығаруды тəрбиесіздік, білімсіздік, тіпті көр ген сіз дік 

са найды.

Дəм-тұзды қадірлеу салты ұрпақтарды дəм-тұзды қастерлеп, ұқып-

ты, үнемшіл болуға дағдыландырады. Ас – адамның арқауы, тір ші лік 

қайнары екендігін терең ұғындырады. Адамдарға деген сү йіс пен ші лі-

гі мен жанашырлығын арттырып, жастарды үлкенді қадірлеп, құр мет-

теп, кішіні аялаудай тамаша дəстүрді жалғастыруға баулиды.

АРУАҚТЫ ҮЙЛЕРДЕН ДƏМ ТАТУ САЛТЫ

Д

əм-тұзды ерекше қастерлейтін қазақ халқының салтына орай, 



алыс  сапарға,  жо рық қа,  дау-шар,  т.б.  жауапты  істерге  жүретін,  игі 

бастама көтеретін адамдар: «Батасын аламыз, аруағы қолдайды» деп 

аруақты,  қасиетті  кі сі лер  мен  аузы  дуалы  ардақты  ақсақалдардың 

үйіне  арнайы  барып  сə  лем  беріп,  дəм  татып,  марқұм  болған  кі сі ле-

рі не Құран оқып аттанады. Қандай жағдайда болсын «əулие аттаған 

оңбайды» деп, үл кен ауылдар мен аруақты, қасиетті кісілер шыққан 

үйлердің тұ сы нан баса-көктеп өтпей, міндетті түрде ат басын бұрып, 

дəм татып шы ға ды. Тіп  ті, өте шұғыл жұмыспен суыт жүріп бара жа-

тып, бұ ры лу ға мұр ша сы келмесе, онда аттан түсіп жаяулап өтеді, оған 

да мұр ша сы келмесе, оң жақ аяғын үзеңгіден шығарып өтеді. Көбінде 

қазақ ке лін де рі үл кен ауыл дар дың тұсынан жаяулап өтеді.

Бұл салттың да өзіндік ғылыми мəні мен қисыны бар. Ол ұр пақ тар-

ды өмірдің мəнін, адамзат қоғамының бір-бірімен бай ла ныс ты лы ғын, 

жалғастылығын терең ұғынып, ата-баба рухы мен бі лім ді, өнер лі, қа-

дір-қасиетті адамдарды қастерлеп, сыйлаудай тамаша əдет қа лып тас-

ты ру ға баулиды.



ЖОЛ ҚУУ

Қ

азақ салтында жиын-той, өлім-жітім жəне түрлі бас қо су лар-



да адамдар өзара жас жəне жол қуып барып, өздеріне тиісті жерден 

орын алады. Сондай-ақ, əркім жасы, жолына қарай сый-құрметке ие 

болады.


259

259


«Сөз қуған пəлеге жолығады, жол қуған қазынаға жолығады» деп 

білген қазақ халқы жол қуып, жүйеге жығылуды өте жоғары ба ға ла-

ған. Оны тектілік, біліктілік, мəдениеттілік деп есептеген. Қо ғам дық 

қарым-қатынас пен алыс-беріс, барыс-келіс істерінің барлығында жол 

қуып, жүйеге негізделіп, биік адамгершілік деңгейде біржақты еткен. 

Жол қууда адамдардың жасы ғана емес, рулық, жүздік жағ да й ла ры-

на  қарай  отырып,  жиын-тойларда,  нəзір-құзыр,  өлім-жітім  іс те рін де 

кімнің жолы ең үлкен, кімнің туыстық қатынасы ең алыс болса, бата 

жасаудан  тартып,  сол  орындағы  ең  бірінші  сый-құрмет  сол  адам ға 

көрсетілген. Сондай-ақ, ұрпақтарын жол-жосынға жүйрік, білікті аза-

мат болуға баулып отырған.

Бұл салттың да өзіндік ғылыми мəн-мағынасы бар. Ол ұр пақ тар ды 

ізгілікке, бауырмалдыққа, əдептілікке жетелеп, бі лім ді, өнер лі адам-

дар мен үлкенді сыйлап, кішіні аялауға баулиды. Адамдар арасында 

сүйіспеншіліктерін  арттырып,  татулыққа,  береке-бір лік ке  ша қы рып, 

адамдардың  барыс-келіс,  алыс-берісін  жиілетіп,  əлеу мет тік  қа рым-

қатынастарын кеңейтеді.

СИЫНУ ЖƏНЕ АРУАҚ ШАҚЫРУ

« Р


ухани тірегі жоқ адамда ұлы мұрат болмайды», «аруақ ша-

қыр май – адуын күш тумайды», «сиынар пірі жоқ елде – ірі жоқ» деп 

қарайтын қазақ халқы жауға шапқанда, игі бастама бастағанда, басы-

на ауыр күн туғанда «я, құдай! я, аруақ!» деп, аруақ шақырған. Əсі ре-

се, батырлар, палуандар жекпе-жекке түскенде, жан алқымға келген 

қауіп-қатерлі  сəттер  мен  сын  сағаттарда  «Я,  Құдай,  қолдай  гөр!  Я, 

аруақ, жебей бер! Я, Қабанбай! Я, Бөгенбай! Я, Наурызбай! Я, Лұқпан 

Ха кім əулием! Я, Бибі Пəтимə, пірім» деп, аруақ шақырып, Жаратқан 

иесі мен қасиетті батыр-бабаларына сиынған. Тіпті, қазақ халқының 

əр кə сіп, əр саласының өзіндік шақыратын аруағы, сиынатын пірі бол-

ған.  Мысалы,  ұсталар  «Я,  Дəуіт!»  десе,  диқандар  «Я,  Қызыр  əулие! 

Ди қан ата! Су иесі Сүлеймен!» деп сиынса, ал жылқышылар «Қамбар 

ата»,  сиыршылар  «Зеңгі  баба»,  қойшылар  «Шопан  ата»,  түйешілер 

«Ойсыл қара», ешкі баққандар «Шекшек ата» деп сиынып, болашаққа 



260

260


үл кен үміткерлікпен қараған. Сондай-ақ, ата-баба рухына дақ кел тір-

ген, аруақты қорлаған, елін-жерін сатып, дəм-тұзды ұмытқан бұ за қы 

адамдарды «Аруақ атсын! Дəм-тұз атсын!», «Құдай төбеңнен ұр сын!», 

«лағынет  жаусын!»  деп,  оларды  құдай-аруақ  сотына  тапсырған.  Қа-

зақ ұғымында, бұл өте ауыр сөз. Ондай қарғыс алған адамға ешкім оң 

қарамайды, жирене қарайды.

Бұл  салт  адамдарды  рухани  жағынан  жігерлендіріп,  олардың  бо-

ла шақ қа,  жеңіске,  табысқа  деген  сенімін  арттырады.  Уайым-қай ғы-

дан, үміт сіз дік тен арылтып, жігер-күшін біріктіріп, се нім де рін бекем-

деп, адамдар қарым-қатынасын нығайтады. Адам дар дың жү рек те рін, 

ниет те рін тоғыстырып, ұлы мұрат орнатуға шабыттандырады.

ТҰМАР ТАҒУ

Қ

азақ  халқында  тұмарды  қастерлеу,  тұмарды  кие  тұтып,  оны 



мо йын ға тағып жүру біршама кең тараған. Алайда, оны келсе-келмес 

тақ па ған, қайта оны мынадай жағдайларда ғана таққан:

1. Жалғыз перзентті адамдар «осы жалғызымды тіл-көзден, пəле-

қазадан сақтасын» деген ниетпен.

2. Балалары дімкас-аурушаң адамдар.

3. Кейбір жүйке сипатындағы, яғни, рухани былғаныштарға жа-

қын да са шошып, қызып, ауырып, еліріп сөйлеп кететін адамдар «тіл-

көз бен пəле-қазадан сақтасын, ауру-сырқаудан аулақ қылсын» деген 

ниетпен  молда-қожаларға  қасиетті  дұғалар  жаздырып,  оны  үш 

бұрыштап бүктеп, сыртын былғарымен əдемілеп қаптап, ба ла ла ры-

ның мойнына немесе ауру адамдарға тағып қояды.

Қалыптасқан дағды бойынша, тұмар таққан адам мейлі бала, мей лі 

ересек  адам  болсын,  өз  бойларын  əртүрлі  рухани  был ға ныш тар  мен 

жаман-қимылдардан  аулақ  ұстап,  таза-пəк,  адал  болып,  тұ мар дың 

тазалығына кепілдік ету керек, олай болмағанда, айықпас пəле, са уық-

пас дертке ұшырайды деп түсінеді.



261

261


ҰШЫҚТАУ

« Ұ


шықтау» – қазақ емшілерінің дəрі-дəрмекпен емдеуге қо сым-

ша жасайтын рухани ем-домдарының бір түрі. Ол – адамның жүй ке 

жүйесінің  түйсіктері  мен  нақты  ауырып  тұрған  жерді  ті тір кен ді ру 

жəне оған əсер ету, сондай-ақ, адамды рухани жақтан сер піл тіп-сер-

гі туге  жетуді  мақсат  етеді.  Алайда,  ауру-сырқат  түр  л е  рі  не  қа рай, 

оларды ұшықтау тəсілдері де əртүрлі болады. Яғни, ол «жер ұшық», 

«су ұшық», «от ұшық», «қағу», «түшкіру», «ойнау» сияқ ты бір не ше 

түрге  бөлінеді.  Мысалы,  белгілі  бір  тамақ  немесе  иіс тен  ұшын ған, 

тынысы тарылған жəне басы ойнамалы ауыратын адамдарды тіке «су 

ұшықпен»  немесе  отқа  қысқаш,  кетпен-күрек  сияқты  заттарды  са-

лып қыздырып алып, оны сол ауырған адамдардың жа ла ңаш кеу де сі-

не, асқазанына немесе бетіне тақап тұрып, үстіне суық суды «ұшық, 

ұшық, ұшық» деп үш рет бүркіп, сол ауырған жерлерінің жүй ке сін оя-

тып, қан айналыстарын тездету арқылы зиянды ке дер гі лер ді денеден 

аластап, емдеу өнімділігіне қол жеткізеді.

Ұшықтау өнерінің де өзіндік мəні мен ғылыми негізі бар. Мысалы, 

қазақ  халқы  жеңіл-желпі  науқастарды  киіз  ұлтарақпен  қағу  ар қы лы 

сауықтырып  алады.  Себебі,  киіз  ұлтарақ  ауру  адамдардың  де не сі не 

тигенде, сол денедегі лас қуатын бойына тартып алады да, оны жерге 

қақса, лас қуатты дымқыл топырақ бойына жиып алады. Міне, осы-

лайша, ұлтарақпен ауру адамды бірнеше рет қақса, ол сергіп қа ла ды 

əрі көп ұзамай сауығып кетеді.

Бұдан  тыс,  кейбір  салмақтырақ  науқастарды  дəрі-дəрмекпен  ем-

деуге  ұштастырып,  «жер  ұшық»  жасайды.  Яғни,  науқас  адамды 

дымқыл, таза жерге жығып, кем дегенде үш рет аунатып алады. Міне, 

бұл  ұлтарақпен  қаққанға  қарағанда,  ылғал  топырақ  ауру  адам ның 

денесіндегі  лас  заттарды  тартып,  оның  бүкіл  денесі  мен  жүй ке  жү-

йе ле рін оятып, қан айналысын жақсартып, дененің ауруға қар сы лық 

қуа тын арттырып, дəрі-дəрмектің шипалық күшін жо ға ры ла тады.


262

262


ЖЕТІ АТАҒА ТОЛМАЙ ҚЫЗ АЛЫП, 

ҚЫЗ БЕРІСПЕУ САЛТЫ

Қ

азақ халқы жеті атаға толғанша туыстық қатынасты берік сақ-



тап,  құдды  бір  адамның  балаларындай  сыйласып,  сырласып,  бір-бі-

рі нің ашына айналып, тоғына толғанып, ыстық-суықты бірге өт кі зіп, 

түр лі  қиыншылықтарды  бір  кісідей  жұмылып,  бір  жағадан  бас,  бір 

жең нен қол шығара отырып жеңіп, торқалы той, топырақты өлімде бір 

жерден табылады. Қыз-жігіттері өзара махаббаттасып, не ке лес пей ді. 

Аға-бауыр, қарындастардай сыйласып өтеді, яғни, жеті атаға толмай 

қыз алып, қыз беріспейді. Міне, бұл – мызғымас салт, қатаң қағида.

Қазақ халқының жеті атаға толмай қыз алып, қыз беріспеу себебі – 

адам гер ші лік пен ар-ұятты өте жоғары бағалайтындықтан, туыс ты ғы 

жақын (жеті атаға толмаған), қаны жақын адамдар өзара некеленсе ар-

ожданды, кісілік салт-дəстүрді, тіпті қанды былғап, ел ішін де жа ғым-

сыз жаман қылықтар етек алады. Ауылдың сəні, туыс тық қа ты нас тың 

қа ді рі қашып, адамдарда алыс-жақынды па рық та май, ойына келгенді 

іс тей тін  хайуандық  қылық  белең  береді,  адамдар  мо раль дік  жақтан 

аз ғын дап,  салт-дəстүр  аяқ  асты  болады  деп  қарап,  ұл-қыз да ры на  ең 

бері болғанда жеті атадан ары махаббаттасу, жеті атадан ары некеле-

ну талабын қойып отырады. Себебі, жеті атадан ары некеленсе, өзара 

«Құ дай деп құда болысып» жақын туыстарға айналады. Ын ты мақ пен 

береке-бірлік нығаяды. Дос көбейіп, өріс ке ңе йе ді. Қо ғам дық қарым-

қа ты нас ұлғаяды деп есептейді.

Бұл тəрбиенің де ғылыми мəні мен тəлім-тəрбиелік құны өте жо-

ға ры.  Ол  ұрпақтарды  ізгілікке,  жанашырлыққа  жетелеп,  ұл-қыз дар-

ды мұратты, əдепті, тəртіпті болуға, махаббат, неке істеріне өс ке лең 

адамгершілік  парасатпен  қарауға  дағдыландырады.  Жеті  атаға  тол-

май  некеленсе,  қан  уылып,  кем-кетік,  əлжуəз,  жарымес,  т.б.  ұрпақ 

туылып, ұлт сапасы төмендейді. Жеті атадан асып некеленсе, əртүр-

лі  тұқым  қуалау  сипатты  аурулар  мен  жұқпалы  ау ру лар дың  алдын 

алып,  ұрпақтардың  сау-сəлемет  өсіп  жетілуіне  зор  мүм кін дік  жа-

сайды  деп,  жеті  атаға  толмай  қыз  алып,  қыз  беруге,  өзара  үй ле ну ге 

қатаң тыйым салған. Тіпті, оны заң тармағына енгізіп, оған қай шы лық 



263

263


жасағандарды  заңдылықтар  мен  салт-дəстүрді  бұзған  бұзық  ре тін де 

қатаң жазалап отырған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет