VІ. ОРТАҢҒЫ ТОП
1. 4 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға сипаттама
Өмірінің 4-жылында баланың дене дамуы: бойының орташа өсуі жылына 5 см-ді, дене салмағы — 1,5 кг-ды құрайды. Төрт жастағы ұлдардың бойы — 100,3 см. Бесінші жылға қарай ол шамамен 7,0 см-ге артады. Төрт жастағы қыздардың бойының өсуі — 99,7 см, бесінші жылы — 106,1 см. Топтағы ұлдар мен қыздардың дене салмағы 4 жылға қарай 15,9 және 15,4 кг, ал 5 жаста — 17,8 және 17,5 кг. Аталған жаста баладағы омыртқалардың түрлі бөліктерінің көлемінің арақатысы ересектердегі сияқты қалыптаса бастайды, бірақ омыртқалардың өсуі есейген шаққа дейін жалғасады.
Бұл жаста баланың зейіні тұрақты бола бастайды, өз еркімен есте сақтау қабілеті пайда болады, қабылдау, қиялдау жетіледі, көркем-бейнелік ойлаудың жоғары түрлері дамиды: талқылай білу, ойша тұжырымдар құру, жіктеу қабілеті жетіледі. Түрлі ақпараттар, ойлар мен талқылауларды жеткізу тәсілі ретінде сөйлеудің маңыздылығы артады. Әңгіме практикалық бақылау мен эксперименттеумен қатар балалардың дүниетанымын кеңейтудің тиімді тәсілі болады. Бұрын соңды болмаған жаңа қабілет пайда болады: ойдан шығарылған кейіпкермен бірге мазасыздану, яғни балаларға басқа адамдардың ішкі өмірі қолжетімді болады.
Балалар ересектерге олармен қарым-қатынасты қолдауға бағытталған көптеген сұрақтар қояды. 4-5 жастағы балалардың сұрақтары мен хабарламалары заттар мен құбылыстар арасындағы байланысты анықтауға және түсінгенін ересектерге көрсетуге бағытталады.
Ересектерге деген сенімділік қатынасы және оның эмоциялық жағдайын сезіну қабілетінің қажеттілігі дамиды. Ересектермен қарым-қатынастың жаңа түрі - танымдық тақырыптарға қатынас пайда болады және дамиды. Баланың ересектермен қарым-қатынасына қажеттіліктің қанағаттандырылмауы олардың арасындағы эмоционалдық жатырқаушылыққа апарады. Ол түрлі жағдайларда байқалады: біреулері тұйықталып қалады, біреулері мазасызданып, сәл нәрсеге жылауға дайын тұрады; кейбіреулерінде теріс әрекет, агрессия байқатады.
Балаларда құрбыларымен қарым-қатынасқа қажеттілік кенет артатын болады. Бірлескен ойындар негізінде балалық қоғам пайда болады, бала құрбыларының ортасында өзінің орнын тани бастайды. Коммуникативтік біліктіліктер дамиды: ілтипатпен амандасады және қоштасады, басқаны өз есімімен атайды.
Баланың ересектермен және құрбыларымен қарым-қатынасы өзінің «Менін» сезінуге мүмкіндік береді. Қарым-қатынаста ғана «Мен» бейнесі құрылады. Ересектер және құрбылары балаға ізгі тілекпен қарайтын тәрбиелеудің жағымды жағдайы кезінде оның мақұлдауға, оң бағаға, мойындауға деген қажеттілігі қанағаттандырылады. Қарым-қатынастың теріс тәжірибесі агрессияға, өзіне-өзі сенімсіздікке, тұйықтыққа әкеледі.
Жасы өскен сайын балада өзінің сөздері мен қылықтарына, сонымен бірге қызметтің әр түріндегі (ойын, бейнелеу, музыкалық, театралдық және т.б.) жеке мүмкіндіктері мен жетістіктеріне балама бағалау дамиды.
5 жасқа қарай өзіндік қарым-қатынас жүйесі, топтық ынтымақтастыққа сыни бағалар қалыптасады, балада достар пайда болады.
5 жастағы бала ұзақ әңгімелерді, түсіндірмелерді қабылдайды, себебі бұл балада белгілік-символикалық функция (әріптерге, цифрларға қызығушылық) пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |