Кіріспе кезеңі
5 мин
Сабақтың басы 10 минут
Сабақтың ортасы
20 минут
|
І.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу: Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру. Қызығушылықты ояту.
Жақсы оқып сабақты
Әдеп сақтау сәніміз.
Сабаққа зер салайық,
Бәрін ұғып алайық!
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстыру. Суретке назар аударайық. Суретте қандай ертегілер бейнеленген?
ІІ. Артикуляциялық жаттығуларды орындайық.
“Күрекше” жаттығуы
«Саңырауқұлақ» жаттығуы
«Күркетауық» жаттығуы
«Әткеншек» жаттығуы
Балалар қараңдар тұрақта әртүрлі ойыншық машина түрлері орналасқан.
ІІІ. «Ж» дыбысының жеке артикуляциясымен жұмыс.
Тақтадағы профильге назар аударайық. «Ж» дыбысының профилін еске түсірейік.
Ж дыбысын айтқан кезде:
Еріндеріміз дөңестеліп кішкене алдыға шығып тұрады.
Тістер арасы 1 ммдей ашық.
Тіл ұшы жоғарғы тістер арасындағы төмпешікке қарай көтерілген, бірақ төмпешікке тимейді
Тілдің екі қыры жоғарғы азу тістерге тиіп тұрады.
Тіл ұшымен тыныс шығару арқылы жылы ауа лебі сезіледі алақанға.
Дауыс перделері жабық. Дауыс бар
ІV. «Ж» дыбысын құрмалас сөйлемдерде машықтандыру.
1.Мәтінді оқы, «Ж» дыбысының айтылуын қадағала!
«Екі қыз»
Жадыра апай жүргізуші болып жүмыс жасайды. Таң ата салысымен Жадыра апай жұмысқа кетті. Үйде Жадыра апай қыздары Жанар мен Жансая қалды. Олар аналары жоқта үйдің ішін жинады. Жанар еден жуып, шаң сүртті, ал Жансая шөжелерге жем шашты. Жадыра апай екі қызына риза болды.
|