Кіріспе кезеңі
5 мин
Сабақтың басы 10 минут
|
І.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу: Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.
Шаттық шеңбері. «Мектебім» әнін тыңдау.
Балалар сендерге өлең ұнады ма?
Өлең не туралы?
Сендер мектепке не үшін келесіңдер?
Олай болса, «Менің мектебім» атты саяхатымызды жалғастырып жаңа бір дыбыспен танысайық.
«Менің мектебім» тақырыбы бойынша балалардың ойын, сөйлеу тілін дамыту.
Балаларға мектептің суреті көрсетіледі.
Мектептегі қандай орындарды білесіңдер?
Дұрыс атап шықтыңдар, ал енді мен сендерге жұмбақ жасырайын шешімін тауып көріңдер.
І І. Артикуляциялық жаттығулар
ІІІ. Дыбыс қою еліктеу әдісі арқылы.
Жазу жазып жалықпаған.
Жаза жаза арықтаған. Ол не?
Дұрыс айтасыңдар, ал осы жұмбақ сөзі қандай дыбыстан басталады. Жарайсыңдар, Ж дыбысынан!
Т ақтадағы профильге назар аударайық.
Ж дыбысын айтқан кезде:
Еріндеріміз дөңестеліп кішкене алдыға шығып тұрады.
Тістер арасы 1 ммдей ашық.
Тіл ұшы жоғарғы тістер арасындағы төмпешікке қарай көтерілген.
Тілдің екі қыры жоғарғы азу тістерге тиіп тұрады.
Тіл ұшымен тыныс шығару арқылы жылы ауа лебі сезіледі алақанға.
|
Мұғаліммен сәлемдеседі, сабаққа зейін қояды.
Мұғалімнің сұрағына жауап береді.
-Иә, өлең ұнады.
-Өлең мектеп туралы.
-Мектепке сабақ оқу үшін келеміз.
Оқушылар мектептегі орындарды атай бастайды: сынып бөлмесі, кітапхана, мәжіліс залы, асхана дәрігер бөлмесі, жаттығу бөлмесі.
Оқушылар мұғалім үлгісі бойынша артикуляциялық жаттығуларды орындайды.
Жаттығуды үлгі бойынша дұрыс орындайды.
Бор
Ж дыбысынан басталады.
Жаттағуларды логопедке қарап, дұрыс орындайды.
|
|
Мектеп суреті
Ж дыбысының профиль суреті
|