Қазақстан Республикасы Президенті Н. А. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның бәсекелес 50 елдің құрамына кіру стратегиясы» атты жолдауына орай Қазақстан өз даму жолында жаңа нарыкқа ену босағасында тұр


Ветеринарлық іс-шараларды жүргізу шығындары және оны есепке алу әдістемесі



бет22/24
Дата11.04.2022
өлшемі391,5 Kb.
#30588
түріҚұрамы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Дип.-тейлериоз-індетімен-күресу

5.2 Ветеринарлық іс-шараларды жүргізу шығындары және оны есепке алу әдістемесі

Ветеринарлық іс-шараларды жүргізу шығындары келесі шығындардан құралады:

-ветеринарлық іс-шараларды жүргізуге тікелей қатысатын еңбеккерлердің еңбекақысы;

- ветеринарлық құрал-жабдық, приборлардың және басқа ветеринарлық өндірістік қорлардың баланстық құнынан амортизациялық төлемдер;

- техниканы жөндеу және оған қызмет көрсету шығындары;

- шығындалған ветеринарлық препараттардың, құралдардың, жанар-жағар майлардың құны;

- уақытша сою алаңдары, пастеризациялық қондырғылар, шлагбаум, сою өнімдерін, өлекселерді залалсыздандыру шығындары.

Ветеринарлық іс-шараларды жүргізуге тікелей қатысатын еңбеккерлердің еңбекақысына (ветеринарлық дәрігерлер, фельдшерлер, дезинфекциялық қондырғылардың жүргізушілері және т.б) олардың еңбекақысы, 21% әлеуметтік сақтандыру төлемдері, еңбекақы қорының 6,8% мөлшеріндегі ақылы демалыс, мамандардың іс-сапар шығындары кіреді.

1 айлық еңбекақы шығындары:

Е = 26500 + 2 х 23600 + (26500+2 х 23600) х 0,21 + (26500 + 2 х 23600) х 0,068 = 73700 + 15477 + 5011,6 = 94188,6 теңге.

Күндік еңбекақы айлық еңбекақыны 25,6 күнге бөлу арқылы, ал сағаттық – күндік еңбекақыны 7 сағатқа бөлу арқылы есептеледі.

2 кесте


Құрал-жабдық аталуы

Саны

Бірлігінің бағасы

Жалпы сметалық құны

Амортизациялық төлемдер

%

теңге

Ветеринарлық емхана

1

1200000

1200000

5

60 000

Ветеринарлық дезинфекциялық қондырғы

1

1500000

1500000

10

150 000

Ла­бораториялық дөңгелек тербелткіш

1

24000

24000

15

3600

Суытатын қондырғы

1

45000

45000

10

4500

Центрифуга

1

50000

50000

10

5000

Сефадексе О-150

1

65000

65000

10

6500

Спектрофотометр СФ-46

1

48000

48000

10

4800

Магниттік араластырғыш

2

8000

16000

15

2400

Барлығы







2 448 000




236 800

Материалдар мен шикізат шығындары:

3 кесте

Атауы

Өлшем бірлігі

1 өлшем бірлігінің бағасы (теңге)

Саны

Сомасы (теңге)

55-ВНИИВВиМ

дана

5,59

2000

11180

Барлығы










11180

Энергетикалық шығындар:

4 кесте

Шығын элементтері

Өлшем бірлігі

1 өлшем бірлігінің бағасы (теңге)

Саны

Сомасы (теңге)

Электоэнаргия

Квт/сағ.

7,63

1200

9156

Жанар-жағар май

тонна

65000

2,4

156000

Су

м3

47,8

700

33460

Барлығы










198616

Ветеринарлық іс-шараларды жүргізу шығындары

У2= 94 188,6 +236 800+11 180+198 616= 640 784,6 теңге.


5.3 Ветеринарлық іс-шаралардың экономикалық тиімділігі және оны есептеу әдістемесі

Шаруашылықтағы ауыру коэффициентін (К31) ауырған мал санын ауруға бейім мал санына бөлу арқылы есептейді.

Ірі қара мал бойынша:

К31 = 18/3350 = 0,005

Өнімді жоғалту коэффициентін жалпы жоғалтылған өнім көлемін ауырған мал санына бөлу арқылы есептейді.

Кп1= 125000/18 = 6944,44 теңге.

Болдырылмаған шығынды есептеу кезінде экономикалық шығыннның келесі үлестік мәндерін қолданады: 1 ауырған, өлген, ауырып жазылған, мәжбүр өлтірілген және қолда бар малға шаққанда.

1 ауырған малға шаққандағы экономикалық шығынның үлестік мәнін (Ку1) анықтаған кезде жалпы шығын сомасын ауырған мал санына бөледі.

Ку1= 1 179 000 +125000 / 18 = 1 304 000/18 = 72444,44 теңге.

1 қолда бар малға шаққандағы (Ky5) шығынның үлестік мәнін анықтаған кезде жалпы экономикалық шығынды қолда бар мал санына бөледі.

Ky5 = 1 304 000/3350 = 389,25 теңге.

Жұқпалы және жұқпалы емес аурулар алдын алу және салдарын жою нәтижесінде болдырылмаған экономикалық шығынды келесі формула бойынша потенциалды және нақты экономикалық шығынның айырмасы ретінде есептейді:

Пу1 = Мо х Кз1 х Ку1 - У,

Мұндағы:


Мо – шаруашылықтағы ауруға бейім немесе қолда бар мал саны, бас;

Кз1 – малдардың ауыру мүмкіндігі коэффициенті;

Ку1 - 1 ауырған малға шаққандағы экономикалық шығынның үлестік мәні;

У - нақты экономикалық шығын, теңге.

Пу1 = 3350 х 0,005 х 72444,44 – 1 304 000 = 90 555,63 теңге.

Аурудың алдын алу, сауықтыру және емдеу шараларының нәтижесінде алынған экономикалық тиімді Эв келесі формула бойынша есептейді:

Эв= Пу + Дс + Эзв,

Мұндағы:


Пу- ветеринарлық іс-шараларды жүргізу нәтижесінде болдырылмаған экономикалық шығын, теңге;

Дс - өнім көлемі мен сапасын арттыру есебінен алынған қосымша құн, теңге;

Эз - ветеринарлық іс-шараларды жүргізудің жаңа құралдары мен әдістерін қолдану нәтижесінде еңбек және материалдық ресурстарды үнемдеу, теңге;

Зв - ветеринарлық іс-шараларды жүргізу шығындары, теңге.

Эв= 21 636,9 + 54,5 + 2  499 059,94 - 640 784,6 = 1 879 966,74 теңге

Ветеринарлық іс-шараларды жүргізудің жаңа құралдары мен әдістерін қолдану нәтижесінде өнім көлемі мен сапасын арттыру есебінен алынған қосымша құнды Дс келесі формула бойынша есептейді:

Дс = (Впо - Впэ) х Ан ,

Мұндағы:


Впо и Впэ – 1 емделген малға шаққандағы дәстүрлі және жаңа тиімді құралдарды қолданған кездегі өндірілген немесе сатылған өнімнің құны, теңге;

Ан –емделген мал саны (жұмыс көлемі), бас.

Дс = (432,6-422,3) х (18-13) = 54,5 теңге

Ветеринарлық іс-шараларға жұмсалған өндірістік шығындар немесе күрделі қаржылардың өзгеруі есебінен нәтижесінде еңбек және материалдық ресурстарды үнемдеу (Эз), теңге, келесі формула бойынша есептеледі:

Эз =[(Сб + Ен х Кб) - ( Сн + Ен х Кн )] х Ан ,

Мұндағы:


СБ и Сн - 1 емделген малға (жұмыс бірлігіне) шаққандағы дәстүрлі және жаңа вариант бойынша ветеринарлық іс-шараларды жүргізуге жұмсалғын ағымдағы өндірістік шығындар, теңге;

Ен– капитал салымдарының тиімділігінің нормативтік коэффициенті, 0,15;

Кб и Кн –сәйкесінше базалық және жаңа вариант бойынша жұмыс бірлігіне үлестік капитал салымдар;

Ан - ветеринарлық іс-шараларды жүргізудің жаңа құралдары мен әдістерін қолданып атқарылған ветеринарлық жұмыс көлемі, теңге.

Эз =[(26,6 + 0,15 х 6944,44) - (22,7 + 0,15 х 6944,44 теңге)] х 640 784,6 = 10443,266 - 10439,366 х 640 784,6= 2  499 059,94 теңге

1 теңге шығындарға шаққандағы ветеринарлық іс-шаралардың экономикалық тиімділігі (Эт) экономикалық тиімділікті ветеринарлық іс-шараларды жүргізуге жұмсалғын шығындарға бөлу арқылы есептеледі:

Эт = Эв / Зв

Эт = 1 879 966,74/ 640 784,6= 2,93 теңге.

Капитал салымдарының тиімділігін олардың қайтарымдылығы, қацтарылу мерзімі, капитал салымдарының ең жақсы варианты және 1 теңге капитал салымына үнемделген шығындар бойынша белгілейді.

Қосымша капитал салымдарының қайтарымдылығы (Окв) келесі формула бойынша есептеледі:

Окв = Эв / Кд

Мұндағы:


Эв – алдын алу, сауықтыру және емдеу шараларын жүргізу нәтижесінде алынған жылдық экономикалық тиім, теңге;

Кд - ветеринарлық іс-шараларды жүргізуге жұмсалған қосымша капитал салымдары, теңге. Ол келесі формула бойынша есептеледі:

Кд = Ен х (Кн - Кб),

Мұндағы:


Ен – капитал салымдарының тиімділігінің норматитік коэффициенті, 0,15;

Кн – жаңа капитал салымдары, теңге;

Кббазалық капитал салымдары, теңге.

Кд = 0,15 х (640 784,6 – 500000) = 21117,69 теңге.

Окв = 1 879 966,74 / 21117,69 = 89,02.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет