48. Тестілеуден сәтті өткен және емтихандарды тапсырған, қызметке денсаулық жағдайы бойынша жарамды деп танылған және міндетті арнайы тексерістен өткен үміткер Кадрларды іріктеу жөніндегі комиссияда (бұдан әрі - Комиссия) әңгімелесуден өтеді.
Әңгімелесу үміткердің кәсіби жарамдылығын бағалау, прокуратураға қызметке келу және ауысу себептерін, биографиялық фактілерін, өмірлік тәжірибесін, ие болған дағдылар мен икемдерін, өмірлік ұстанымын, әлеуметтік белсенділігінің, борыш пен отансүйгіштік сезімінің көрінісін ашу мақсатын көздейді.
49. Әңгімелесу өткізу кадр қызметімен қалыптастырылған әңгімелесу кестесіне сәйкес жүргізіледі.
50. Әңгімелесу әрбір үміткермен жеке, оның ішінде прокуратура органдарының қорғалған байланыс арналары бойынша аудио-бейнеге жаза отырып, бейнеконференцбайланысты қолдану арқылы ақпараттық жүйеде «Он-лайн» режимінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалана отырып жүргізіледі.
Әңгімелесу барысында техникалық құралдарының көмегімен жазылған материалдар Бас прокуратураның кадр қызметінде бес жыл ішінде сақталады.
51. Комиссия әңгімелесу қорытындысы бойынша бес жұмыс күні ішінде мынадай шешімдерін бірін қабылдайды:
1) «прокуратураға қызметке ұсынылады»;
2) «прокуратураға қызметке ұсынылмайды».
52. Шешім қабылдаған кезде Комиссия тестілеу, емтихан, ӘДК нәтижелерін, қызмет тиімділігінің (ол болған жағдайда) және жүргізілген әңгімелесудің соңғы бағасын ескереді.
6-тарау. Деректер қорына енгізу 53. Комиссия прокуратураға қызметке ұсынған үміткер деректер қорына енгізіледі.
Деректер қорына қабылданған үміткерлер тізімі интернет-ресурсқа Комиссия шешім қабылдағаннан кейін бес жұмыс күннен кешіктірмей орналастырылады.
54. Үміткерді деректер қорынан алып тастау негіздері мыналар болып табылады:
1) прокуратурадағы бос лауазымға тағайындалуы;
2) деректер қорында болған кезеңде прокуратураға қызметке кіруге кедергі келтіретін құқық бұзушылық жасауы;
3) жазбаша түрде ұсынылған лауазымнан екі реттен көп бас тарту немесе осы Қағиданың 57-тармағында көзделген деректер қорында болу мерзімінің аяқталуы;
4) Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұратын жерге шығуы;
Деректер қорынан шығару туралы хабарламаны Бас прокуратураның кадр қызметі жазбаша нысанда үміткердің электрондық мекенжайына немесе жеке кабинетіне жібереді.
55. Үміткердің деректер қорында болу мерзімі оған енгізілген күнінен бастап бір жыл құрайды.