7-тарау. Қорытынды ережелер
56. Тестілеуден өтуге, емтиханды тапсыруға немесе әңгімелесуге дәлелді себептермен (сырқаттану, отбасы және өзге де жағдайлар) келмеген үміткерлер тестілеуден өту, емтихан тапсыру және әңгімелесуді өткізу кестелеріне сәйкес басқа уақытта, бірақ іріктеу рәсімін өткізудің бастапқы күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей өтеді.
Бұл ретте дәлелді себептер құжаттармен расталуы қажет.
59. Комиссия шешіміне жоғары тұрған лауазымды адамға не сотқа шағымдануға болады.
Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесіне қызметке
конкурстан тыс кіру қағидаларына 1-қосымша
Электрондық нысан
Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесіне қызметке конкурстан тыс кіруге арналған өтініш
сурет
1. Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
2. Туған күні
3. Туған жері
4. Ұлты
5. Азаматтығы
6. Жеке куәлікті нөмірі мен күні, кім берген, жарамдылық мерзімі
7. ЖСН
8. Отбасы жағдайы
9. Тіркеу орны
10. Іс жүзінде тұратын жері
11. Байланыс деректері (телефондар (үй, жұмыс, ұялы), электрондық мекенжай, пошталық мекенжайы).
12. Білімі:
орта (негізгі орта білім, жалпы орта білім, техникалық және кәсіби білім);
оқу орындарының атауы, қала, ел, бітірген жылы;
жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура, докторантура);
академиялық дәреже, оқу орындарының атауы (қала, ел), мамандығы, біліктілігі, диплом нөмірі, диплом берілген күні, диплом бойынша орташа балл.
13. Тілдерді меңгеруі
14. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (қашан берілді, диплом сериясы және нөмірі).
15. Әскери міндетке қатысы: нағыз әскери қызметке қашан шақырылды және кім шақырды (егер шақырылмаса, себебін көрсету), қандай әскери бөлімдерде (нөмірлерін көрсету) және кім ретінде қызмет өткерді, қашан және қай лауызымнан Қарулы Күштер запасына шығарылды, әскери атағы.
16. Үміткердің жұбайына және жақын туыстарына (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер); бұрынғы жұбайына арналған мәліметтер (Т.А.Ә., туған күні, ЖСН, туған жері, тұратын жері, жұмыс орны, лауазымы). Егер үміткер, оның жұбайы немесе оның жақын туыстары тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен болса, онда олардың бұрынғы анықтау деректері көрсетіледі. ЖСН-ді көрсету ата-аналар, аға-інілер, апа-сіңлілер (аға-қарындастар), балалар, жұбайы үшін міндетті болып табылады.
17. Үміткердің өзі, оның жұбайы немесе оның жақын туыстарының біреуі (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер) шетел азаматтығында тұрды ма? (Т.А.Ә., туыстық дәрежесі).
18. Үміткер, оның жұбайы немесе олардың жақын туыстарының біреуі (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер) шетелге тұрақты тұруға шығу туралы өтініш білдірді ме? (Т.А.Ә., туыстық дәрежесі, ел, қашан және қандай себеппен).
19. Үміткер, оның жұбайы немесе оның жақын туыстарының біреуі (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер) қылмыстық жауаптылыққа тартылды ма?
иә: туыстық дәрежесі, Т.А.Ә. Егер хабардар болса: қашан, себебі және жаза шарасы.
жоқ.
20. Еңбек қызметі тәжірибесі (жұмыс істеуді бастау (айы, жылы), жұмыстан шыққан күні (айы, жылы), лауазымы, мекеме, ұйым, кәсіпорын, министрлік (ведомство) атауы, ел, қала, жұмыстан шығу себебі (болған жағдайда)
21. Бар арнаулы немесе әскери атағы, сыныптық шені немесе біліктілік дәрежесі.
22. Өтінішті беру сәтімде:
құқық қорғау органдарының қызметкері
мемлекеттік қызметші болып табыламын.
23. Заңда белгіленген тәртіппен Сіз еңбекке жарамсыз немесе жартылай жарамсыз деп танылдыңыз ба?
иә
жоқ.
24. Прокуратураға қызметке түсу алдында Сіз бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылық жасағаныңыз үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза шараларына тартылдыңыз ба?
иә: күні және сот атауы, не үшін?
жоқ.
25. Прокуратураға қызметке түсу алдында Сіз үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаныңыз үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза шараларына тартылдыңыз ба?
иә: күні және сот атауы, не үшін?
жоқ.
26. Прокуратураға қызметке түсу алдында Сізге қатысты үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаныңыз үшін соттың айыптау үкімі шығарылды ма?
иә: күні және сот атауы, не үшін?
жоқ.
27. Прокуратураға қызметке түсу алдында Сіз үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаныңыз үшін мыналардың негізінде:
Рақымшылық актісі салдарынан, егер жасалған әрекеттер үшін жаза қолдануды көздемесе;
Қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімінің өтуіне байланысты;
егер іс бойынша өндіріс медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану үшін қажет болған жағдайларды қоспағанда, қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті қабілетсіз халде жасаған адамға қатысты;
қылмыстық қудалаудан артықшылықтары немесе иммунитеті бар адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін уәкілетті органның немесе лауазымды адамның келісім беруден бас тартуына байланысты;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ережелеріне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуға жататын адамға қатысты;
Қылмыстық қудалауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мән-жайларға байланысты (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 36-бабы) қылмыстық жауаптылықтан босатылдыңыз ба?
иә: күні және сот атауы, не үшін?
жоқ.
28. Сіз сыбайлас жемқорлық қылмыс жасадыңыз ба?
иә: күні және сот атауы, не үшін?
жоқ.
29.Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаныңыз үшін жұмыстан шығарылдыңыз ба?
иә: қашан, жұмыстан шыққан ұйымның атауы
жоқ
30.Сіз бұрын сотты болдыңыз ба?
иә: қашан, күні және сот атауы, не үшін?
жоқ
31. Сіз қылмыс жасағаныңыз үшін мыналардың негізінде:
рақымшылық актісі салдарынан, егер жасалған әрекеттер үшін жаза қолдануды көздемесе;
қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімінің өтуіне байланысты;
егер іс бойынша өндіріс медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану үшін қажет болған жағдайларды қоспағанда, қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті қабілетсіз халде жасаған адамға қатысты;
қылмыстық қудалаудан артықшылықтары немесе иммунитеті бар адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін уәкілетті органның немесе лауазымды адамның келісім беруден бас тартуына байланысты;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ережелеріне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуға жататын адамға қатысты;
Қылмыстық қудалауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мән-жайларға байланысты (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 36-бабы) қылмыстық жауаптылықтан босатылдыңыз ба?
иә: соттың күні мен атауы
жоқ
32. Сіз мемлекеттік, құқық қорғау және әскери қызметтен, арнаулы мемлекеттік органдарындағы, сот қызметтерінен теріс дәлелдемелер бойынша қызметтен босатылдыңыз ба?
иә: қашан, қызметтен босатылған мемлекеттік орган, не үшін?
жоқ
33. Өмірлік тәжірибені сипаттау (Сіз ұсынатын барлық деректер ақиқат болуы тиіс және тексерілетін болады).
1) жеке және кәсіптік саладағы өзіңіздің 3 басты жетістіктеріңізді сипаттаңыз.
2) табысқа жету үшін Сізді не ынталандырады, не кедергі болады
3) өмірде қандай қиындықтарға тап болдыңыз? Олар Сізді неге үйретті? Өз уақытыңызды тиімді жоспарлау үшін не істейсіз?
4) қысқа мерзімде проблеманы шешу немесе тапсырманы орындау қажет болған кездегі жағдайды сипаттаңыз. Сіз осы үшін не істедіңіз, атап өтіңіз?
5) әлеуметтік жобаларға қатысу тәжірибелеріңіз бар ма? Егер иә болса, оны сипаттаңыз.
6) өзіңіздің үздік жеке қасиеттеріңізді сипаттаңыз.
7) өзіңізде қандай жеке және іскерлік қасиеттеріңізді дамытқыңыз келеді.
34. Осы Қағидаларда көзделген тестілеуден өтудің қалаулы өңірі:
35. қызметті қандай өңірде өтуді қалайсыз?
36. Мынаны:
Қазақстан Республикасы прокуратурасы органдарының жүйесінде қызметке конкурстан тыс түсу қағидаларымен таныстым, олармен келісемін және оларды орындауды міндетімен аламын;
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарымен таныстым;
прокуратураға қызметке түсуге кедергі келтіретін маған қатысты мәліметтер мен фактілер жоқ екенін;
мен ұсынған мәліметтер ақиқат және дұрыс және оны мен жеке өзім толтырдым;
маған қатысты прокуратураға қызметке түсуге кедергі келтіретін мәліметтер мен фактілер анықталған жағдайда мені:
1) конкурстан тыс іріктеуде оның кез-келген сатысына мені қатыстырмау, сондай-ақ прокуратура қызметіне кейінгі конкурстардан тыс барлық іріктеуден өтуден бас тарту;
2) егер мен қабылданған жағдайда прокуратурадағы қызметке үміткерлердің ведомстволық деректер банкінен мені алып тастау, сондай-ақ прокуратура қызметіне кейінгі конкурстардан тыс барлық іріктеуден өтуден бас тарту;
3) тағайындалған жағдайда прокуратура қызметіне үміткерлердің ведомстволық деректер банкінен қызметті тоқтату үшін негіз болатынын ұғынамын;
менің дербес деректерім Бас прокуратураның интернет-ресурсында жарияланатынына келісемін;
менің дербес деректерім мен көрсеткен мәліметтер мен ақпараттарды тексеру үшін, сондай-ақ тексеру іс-шараларында қолданылатынына келісемін;
қызметкердің прокуратураға қызметке келуімен байланысты шектеулерге және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіме қабылдауға дайынмын.
37. Өтініш берілген күні (жүйе автоматты түрде қалыптастырады)
38. Қолы (электрондық- цифрлық қолтаңба) _________________.
Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесіне қызметке
конкурстан тыс кіру қағидаларына
2-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |