Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесіне қызметке кірудің кейбір мәселелері «Құқық қорғау қызметі туралы»


Компьютерлік тестілеу бағдарламасы



бет19/20
Дата09.05.2023
өлшемі133,14 Kb.
#91368
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
@ 5 B

Компьютерлік тестілеу бағдарламасы

Қазақстан Республикасы заңнамаларын білуіне компьютерлік тестілеу бағдарламасы өзіне: Қазақстан Республикасының Конституциясын (14 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (5 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексін (5 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (5 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық іс-жүргізу кодексін (5 сұрақ), Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексін (5 сұрақ), Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін (5 сұрақ), Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін (2 сұрақ), Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» (12 сұрақ), «Сыбайлас жемоқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (5 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» (5 сұрақ), «Құқықтық актілер туралы» (5 сұрақ), «Жедел-іздестіру қызметі туралы» (3 сұрақ), «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» (3 сұрақ), «Құқық қорғау қызметі туралы» (5 сұрақ), «Мемлекеттік қызмет туралы» (4 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (3 сұрақ), «Мемлекеттік құпиялар туралы» (2 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» (2 сұрақ) заңдарын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (4 сұрақ), Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 68 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережені (3 сұрақ) қамтиды.


Қазақстан Республикасы


Бас прокурорының
2017 жылғы «___» _____
№ ____ бұйрығына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелеріне қызметке конкурстан тыс қабылдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2013 жылғы 24 шілдедегі № 76 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8585 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2013 жылғы 21 тамызда № 256 (27530) болып жарияланған).
2. «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 4 мамырдағы № 40 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9561 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйеде 2015 жылғы 3 маусымда жарияланған).
3. «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеуді, оларды алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 156 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1782 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйеде 2016 жылғы 13 қаңтарда жарияланған).
4. «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеуді, оларды алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 156 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас прокурарының 2016 жылғы 1 тамыздағы № 132 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14213 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйеде 2016 жылғы 7 қыркүйекте жарияланған).
Қазақстан Республикасы
Бас прокурорының
2017 жылғы «___» _____
№ ____ бұйрығына
4-қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет