Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесіне қызметке кірудің кейбір мәселелері «Құқық қорғау қызметі туралы»


Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесіне қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеу қағидалары



бет2/20
Дата09.05.2023
өлшемі133,14 Kb.
#91368
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
@ 5 B

Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесіне қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала
зерделеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер


1. Осы Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесіне қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеу және оларды алдын ала зерделеу қағидалары Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесіне (бұдан әрі - прокуратура) қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеу тәртібін айқындайды.
2. Прокуратураға қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеу және оларды алдын ала зерделеуді кадр қызметтері жүзеге асырады.
2-тарау. Кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру тәртібі


3. Прокуратураға қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеу конкурс, конкурстан тыс негізде (оның ішінде ауысу тәртібімен) жүзеге асырылады.
4. Кандидаттарды іріктеу процесінде:
1) кандидаттың «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 және 10-баптарында көрсетілген талаптарға сәйкестігі;
2) кандидаттың прокуратура лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарға, кәсіби құзыреттерге сай келуі;
3) кандидаттың бәсекеге қабілеттілігі көрсеткіштерінің нәтижелері (құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері не ауысу тәртібімен қабылданатын қызметкерлер үшін);
4) бұрынғы жұмыс тәжірибесі, арнайы тексеріс нәтижелері, марапаттаулар мен тәртіптік жазалардың болуы, қызметтік тергеу нәтижелері, дайындық деңгейі туралы мәліметтері (қайта дайындау және біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттар мен куәліктер);
5) кандидаттардың жеке және іскерлік қасиеттерін, олардың отбасы жағдайын және ортасын, білімін, кәсіптік қызмет саласынан тыс біліктері мен дағдыларын, тәртіп пен заңдылықты бұзуға бейімділіктерін сипаттайтын материалдары алдын ала зерделенеді.
5. Кандидатқа қатысты мәліметтерді зерделеу және нақтылау мақсатында прокуратураның ішкі тергеу бөлімшелерінен, ал қажет болған жағдайда кандидаттың бұрынғы жұмыс орнының ішкі қауіпсіздік және кадр қызметі бөлімшелерінен беделіне кір келтіретін материалдардың бар-жоғы туралы мәліметтер сұратылады.
6. Кандидаттардың материалдарын қарастыру процесінде бұрынғы қызмет атқарған орнында жұмыстан шығу және лауазымнан босату фактілері не лауазымды немесе жұмыс орнын жиі ауыстыруы, кандидат өзі туған немесе ұзақ уақыт тұрған жерде орналасқан бөлімшеде, сондай-ақ бұдан бұрын бес және одан да көп жыл үздіксіз қызмет атқарған лауазымға орналасуға үміткер болса, мүдделер қақтығысының туындау мүмкіндігі зерделенеді.


_____________________________________

Қазақстан Республикасы


Бас Прокурорының
2017 жылғы «___» _________
№ _____ бұйрығына
2-қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет