м
а
р
т
и
н
и
к
о
н
с
т
а
н
с
и
з
а
л
ь
ц
б
у
р
г
а
в
с
т
р
и
я
124
ф
и
г
а
р
о
г
р
у
с
т
ь
Жаңа сабақ.
Волфганг Амадей Моцарт (нем.Wolfgang Amadeus Mozart, толық аты Johannes Chrysostomus Wolfgangus Theophilus Mozart—
Йоханн Хризостом Волфгаң Теофил Моцарт;1756 жылы 27 қаңтарда, Зальцбург, Қасиетті Рим империясында – 1791жылы 5
желтоқсан, Қасиетті Рим империясында) – Вена классикалық композиторлар мектебінің жарқын өкілі. Асқан шебер
скрипкашы, клавесинист, органист, дирижер болған. Замандастарының куәландыруларына қарағанда таңғаларлық әуендік
(есту) қабілеті, есте сақтау, импровизациялық қабілеттері болған.
Моцарт туылғаннан кейінгі екінші күні әулие Руперт Соборында шоқырдырылған. Шоқындыру кітабында оған берілген аты
латынша Johannes Chrysostomus Wolfgangus Theophilus (Gottlieb) Mozart болып жазылады. Осындағы алғашқы екеуі -
әулиелер аты, күнделікті өмірде пайдаланылмайды, ал төртінші есімі Моцарттың өмірінің кезінде: лат.
Amadeus, алм. Gottlieb,итал. Amadeo. Моцарт өзін Вольганг деп атағанды қалаған. Музыкаға деген қабілеттер үш жасынан
ақ көріне бастаған. Әкесі Леопольд алдыңғы қатарлы еуропалық педагогтардың бірі болған. Әкесінің «Versuch einer
gründlichen Violinschule» (Скрипкада ойнау негіздері жайлы шығарма) атты кітабы 1756 Моцарт туылған жылы жарыққа
шықты. Талай Басылымнан өткен бұл кітап талай тілдерге аударылған. Волфгангқа әкесі клавесин, скрипкамен органда
ойнауды үйреткен. 1762 Моцарттың әкесі ұлы мен қызы Аннаны, және әдемі клавесинада ойнаушы әйелмен әртістік
саяхатпен Мюнхен мен
Венаға,сосын Алманияның басқақалаларына, Париж, Лондон, Голландия Швейцарияға барады.
Барлық жерде Моцарт халықты өзінің қабілетімен таңырқатады: музыкамен танысы бар, бейтаныс бар адамдар арасындағы
қиын жарыстардың жеңімпазы атанады. 1763 жылы Парижде Моцарттың клавесина мен скрипкаға арналған
алғашқы сонаттары шығады. Моцарт өлімінен аз уақыт бұрын бейтаныс қара маскадағы адам келіп «Реквиемге» тапсырыс
жасайды. Композитордың Биографтары анықтағандай ол сатып алғанды өз шығармасы ретінде ұсынған граф Ф. Вальдегг-
Штуппах болған екен. Моцарт жұмысқа кірісіп кенткенімен жаман сезім кетпей қояды. Сырлы адам қара маскада, «қара
адам» оның көз алдынан кетер емес. Композитор өзіне өзі жоқтау мессасын жазып жатқандай болады... Керемет қайғылы
лиризмімен және кіршіксіз қайғылылығымен таңдандыратын бітпеген «Реквиемді» Моцарт шәкірті, алдындағы «Тит
Мейірмділігі» атты операны жазуда да қатысқан, Ф. Зюсмайер Зюсмайер бітіреді. Моцарт 1791 жылы 5 желтоқсанда, мүмкін
бүйрек инфекциясынан, қайтыс болады
Жаңа сабақты бекіту Моцарттың шығармасынан күй тыңдату
Үйге тапсырма
Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Бүгінгі өтілген сабақты
Ұмытпай есте сақтап алайық.
Моцарт өмірі мен шығармашылық жолын оқып келу.
Оқушыларды бағалау Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау
*****
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылы
Әйтеке би атындағы орта мектеп математика пәнінің мұғалімі
Икежанова Айжан Укибаевна
Тақырыбы
Анықталған интеграл (есептер шығару)
Мақсаты
Тақырыпты түсініп оқу арқылы толық мағлұматтар алады, мәліметтерді жинақтай
отырып, тақырыптың негізгі маңыздылығын ашады. Өмірдегі қолданылуымен танысады.
Жалпы мақсат
анықталған интеграл ұғымын, Ньютон – Лейбниц формуласын, анықталған
интегралдарды есептеу дағдысын меңгеріп, бейімділіктерін қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар тақырыптың мағынасын біледі, түсінеді. Өз ойларын дәлелдеуге дағдыланып,
топпен жұмыс істеуде пайдаланады
7 модульдің қолданылуы
АКТ, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”,
“Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”
Қолданылатын әдіс-
тәсілдер
Миға шабуыл, Салыстыру картасы, Автор орындығы, Кезбе тілші
Қолданылатын
ресурстар
Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сапқа тұрғызып,
«Бағдаршамның түсі»
арқылы
топқа бөлу
Әр топқа бағалау парағын таратып
беру.
Фигуралармен бағалау үшін
фигуралар таратып беру
Оқушылар топқа бөлініп, өз топбасшыларын
сайлайды.
Топ ішінде тәртіп ережелері талданып , сол
арқылы сыныптың алтын ережесін құрады.
Бағалау парағы арқылы топбасшылар өз топ
мүшелерін бағалап отырады.
Фигуралар арқылы топтар өзара бірін – бірі
бағалайды.
Сабақ кезеңдері
Тапсырма
Білім
«Миға шабуыл» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау
125
Қызығушылықтарын ояту
Түсіну
Салыстыру кестесі
Қолдану
«Авторлық орындық» әдісін пайдалану
Есептер шығару
№43. 1)
2)
3)
4)
№44.
2)
Сергіту сәті
«Қара жорға» биі арқылы жаттығу жасау
Талдау
Тақырыпты талдау кезеңінде «Кезбе тілші» ойынын ойнату
Жинақтау
Анықталған интеграл. Ньютон-Лейбниц формуласы туралы әнгіме
құрастырып,ойларын жинақтау
Кестені толтыру
Функция
Алғашқы функция
Туынды
у=х
2
у=8х
6
у=sinх
у=2
Бағалау
Өзін-өзі бағалау (2 мин)
Бағдарша, бағалау парақшалары
Рефлексия
Стикерлерді толтыру
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылы
Әйтеке би атындағы орта мектеп
бастауыш сынып мұғалімі Индемесова Мадина Бериковна
Сабақтың тақырыбы: Зат есім.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың зат есім жөнінде өткен сабақтарда алған білімдерін еске түсіру, тиянақтау және күнделікті өмірде
қолдана білу.
Дамытушылық: Балалардың сөз байлығын, сауаттылығын, зат есім туралы ұғымдарын кеңейтіп, жан –жақты
шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа баулып, жауапкершілікті түсіне білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақтадағы слайдтар.
Әдісі: Сұрақ –жауап, түсіндіру, әңгімелеу, жинақтау.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.Күй тыңдату.
Балалар, сендердің көңіл –күйлеріңе қалай әсер етті? (көңілді, әсерлі т.с.с.)
Ендеше бүгін сабақты күндегідей қызықты, көңілді өткізейін.
Бәріміз сабаққа белсене қатысайық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Деңгейлік тапсырма.
І деңгей. Жұмбақ жазып келу.
ІІ деңгей. Сөз таптарын талдау.
ІІІ деңгей. Жұмбақтың шешуін тауып, суретін салып келу.
ІІ. Үй тапсырмасын қорыту.
Балалар, сөз табы бос кеңістік деп ойлаңдар. Бос кеңістікте қанша планеталар бар? Кім атап береді. – 9 планета бар.Олар
Плутон, Уран, Нептун, Сатурн, Марс, Меркурий, Жер, Шолпан, Юпитер. Ендеше сөз табында 9 сөз табы бар екен. Соның
ішінде біз қандай сөз таптарн білеміз?
Зат есім, Сан есім, Сын есім, Етістік.
Кім? Не?
Қайтті? Ән қылды.
Кімдер? Нелер?
Не істеді?
Зат есім.
Етістік.
Қанша? Неше?
Қандай? Қай?
Нешінші?
Сын есім.
Сан есім.
ІІІ. Жаңа сабақ. Балалар, менің қолымдағы мына бір бейненің жартысы көрінбей тұр. Бұл болды екен? Кәне, кім табады?
Көз алдымызға елестетіп ойлансақ, осы бейнені жалғастырып, көп нәрсе жасауға болатын сияқты. Кәне, ойланайық, не
жасауға болады?
Ой –жұмбақ шешу. Ол аспанда да, жерде де болады, шөлейт жерлерде де жүреді, атамның, әжемнің қолында да болады,
партаның үстінде де жатады мүмкін, оны жеуге де болады, ол барлық адамда болады.
126
Пайда болған заттардың атын жазайық: бұлт, құрт, түйе, көзілдірік, құс, алма, жүрек т.б.? Осы сөздерге қандай
сұрақ қоямыз? – Не?
Парталар, орындықтар, дәптерлер, кітаптар, деген сөздерге қандай сұрақ қоямыз? – Нелер?
Ал осы заттарды пайдаланатын адамдарға қандай сұрақ қоямыз? - Кім? Кімдер?
Олай болса кім? кімдер? не? нелер? деген сұрақтарға жауап беретін сөзді қандай сөз табы дейміз? –Зат есім.
Сонымен, Зат есім дегеніміз не?
Ойымызды жинақтайық.
Ассациация құру. (сызбаға түсіру): Зат есім
Сұрақтары
Түрлері
Кім? Не?
жалпы негізгі
жекеше
Кімдер? Нелер?
көпше
жалқы
туынды
ІV. Оқулықпен жұмыс.1) 275 –жаттығу Мәтінді жаздыру. Зат есімдерді табу.
2) 276 –жаттығу мәтінді ауызша орындату. Жалпы есім: Шоқан, Айғаным.
3) Тәуелдеулі зат есім –әжесінің.
4) Шоқан Уәлиханов туралы білетініңді әңгімеле.
Ғалым
Жиһангер
Тарихшы
Суретші
Зерттеуші
5)Сергіту сәті. «Ұйқасын тап» ойыны.
Тұмсығымен шымшып,
Құрт тереді ... (шымшық).
Бата алмас түлкі,
Үсті тікен ... (кірпі).
Дамыл таппай бір мезет,
Жортумен жүр сұр ... (көжек).
Аппақ доп тауып,
Шақырады ақ ... (тауық).
Алмастан тыным,
Шабады ... (құлын).
Өзінше қоян,
Қорқақ ... (қоян).
277 –жаттығу. Сөздерді жекеше, көпше түрде үш жақта тәуелдеп жаз.
Менің інім, кітабым, халқым.
Сенің інің, кітабың, халқың.
Сіздің ініңіз, кітабыңыз, халқыңыз.
Оның інісі, кітабы, халқы.
V. Қай сөздер көп. Жалқы есімдердің бас әріппен жазылу себебін түсіндір.
Сурет.
Жалқы есім
Жалпы есім
Жайық
жаңбыр
Бішкек
биші
Тайбурыл
өлке
Құтжол
бала оқушы.
VI. Ребусты шеш. Ребустың шешуіндегі сөзді жекеше, көпше түрде 3 жақта тәуелдеп жаз.
Қарында , с Шешуі: Қарындас.
Менің қарындасым. Біздің қарындасымыз. Сенің қарындасың. Сендердің қарындастарың. Сіздің қарындасыңыз. Сенің
қарындастарың. Оның қарындасы. Олардың қарындастары.
VIІ. Зат есім туралы біліміңді пайдаланып, жағдаяттан шығып көр.
VIІІ. Зат есімді етістікпен сәйкестендіріп, сөйлем құрап жаз.
Адам
шабады
Ат
шоршиды
Қарлығаш
жылжиды
Бақа
жүреді
Жылан
секіреді
Балық
ұшады
IX. Семантикалық карта.
Сөздер. Кім? Не? Не істеді? Қандай? Қанша? Неше?
Дәптер +
Ұшты
+
Бес
+
Әдемі
+
Келді
+
Жеті
+
Оқушы +
Таза
+
Х. Венн диаграммасы. Кім? Кімдер? Не? Нелер?
ХІ. Үйге тапсырма. 279 –жаттығу.
ХІІ. Бағалау.
*****
127
Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы
"Солоновка" орта мектебі КММ бастауыш сынып мұғалімі
Касымова Ахтоты Имантаевна
Тақырыбы: «Алтын күз ертеңгілігі»
Сабақтың мақсаты: Балалардың күз туралы білімдерін жетілдіру, ойлау қабілеттерін арттыру, ой - өрістерін дамыту.
Тәрбиеші: Құрметті бүгінгі кешке жиналған қонақтар және ата - аналар! Бүгінгі мектепалды даярлық тобы оқушылары
дайындаған шағын ғана «Алтын күз» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.
(Әуен ойналады. Балалар бақшаға қарап балалар сөйлеседі.)
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы бүгін біздің бақшамыз өте
қатты ашулы екен. Неге ашулы екен сұрап білгіміз келеді ме?
Ия, балалар ендеше сұрап білейік.
Балалар: Бақша - бақша неге ашулысыз?
Бақша: Менің күз мезгілінің тез бітетініне ашулымын. Күз
мезгілі таяп қалды. Менің көкөністерім мен жемістерімді
адамдар бақшадан теріп - теріп алды. Менде енді түкте
қалмайды. Соған ашулымын. Маған көмектесесіңдер ме
балалар? Менің жемістерім мен көкөністерімнің бақшада
қайтадан жайқалып өскенін қалаймын.
Тәрбиеші: Балалар бақшаға көмектесеміз бе?
Балалар: Ия көмектесеміз.
Тәрбиеші: Ендеше балалар біз бақшаға көмектесу үшін
көкөністер мен жемістерді қайтып жинай алмаймыз,
сондықтанда бақшаға олар туралы тақпақтарымызды айтып,
Өз өнерімізді көрсетейік. Келістік пе балалар?
Балалар: Ия.
Тәрбиеші: Шоғы толған гүлдей жайнап,
Шақырады жарқын жүз.
Сайрандаған күліп - ойнап,
Келді міне алтын күз.
Күз мезгілі: Мен күзбін. Өте еркемін. Сол нәрсеге ренжіп,
бұртиып, қабағымды түйіп, көз жасымды аямай төгіп - төгіп
аламын. Менің ақ көңілділігімді бәрі ұнатады.
Тәрбиеші: Өнім биыл тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Сәбіз, картоп, кәдеш пен,
Қып - қызыл піскен қызанақ.
Қырыққабатқа қарашы,
Көкөністер бір кезде
Жиыла қалып дауласты.
Тәрбиеші: Балалар бізге «Көкөністер» тобы келіп қалыпты,
қане қошеметпен қарсы алайықшы. (Әуен ойналады)
«Көкөністер дауы» көрініс
Көкөністер: (хор) Жиналып қалып бәріміз,
Қайсымыз ең дәмдіміз.
Ішімізден адамға,
Тиеді көп пайдамыз.
Тәрбиеші: (Мақтаншақ бұршақ ортаға жүгіріп шықты)
Бұршақ: Айкүміс
Кішкене түймедеймін мен,
Ұяламын мен бәрінен
Дәмді талғамдарыммен,
Сый жасаймын бәріңе!
Тәрбиеші: Ызаланғаннан қызылша қып - қызыл болып кетті.
Қызылша: Мария
Ақ түсім бар қант алар,
Қызыл түсіп қанға нәр.
Зияным жоқ біліп қой,
Қызылшамын пайдам бар.
Менде бір сөз айтайын,
Мақтанайын сіздерге.
Менсіз борщ болмайды,
Винегрет те үстелде.
Қырыққабат: Айзере
Бақшаларда тізіліп,
Қаперсіз мен жатамын.
Қабат - қабат киініп,
Қырыққабат атандым.
Сәбіз: Илья
Кім бар сәбіз шырынын,
Жастайынан ішпеген.
Мені жеген адамдар,
Кем болмайды күлгенде.
Қызанақ: Айвар
Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып.
Тұрған ол мен – қызанақ,
Күнге қарап ұялып.
Қияр: Мақсат
Көптен ерте шымырлап,
Өсемін мен бүр жарып.
Атым – қияр, теріп ал,
Жиі - жиі суғарып.
Картоп: Назым
Картоп біздің атамыз,
Жер астында жатамыз.
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз.
Мен ұялшақ картоппын,
Мен емеспін мақтанар.
Мені жақсы көреді,
Үлкендер мен балалар.
Қауын: Айдын
Иісім жұпар аңқыған,
Бақшадағы шырынмын.
Жеп көргендер тамсанған,
Балдай тәтті қауынмын.
Пияз: Дарын.З.
Боламын мен дәмдеуіш,
Барлық - барлық тағамға.
Көкөністер ішінен,
Мен пайдалы адамға.
Асханадан шықпаймын,
Атым пияз бұқпаймын.
Көзден жасты шығарып,
Тұмаудан бірақ сақтаймын.
Тәрбиеші: Бос айтысты қояйық
Дауласуды тоқтатайық.
Айболит: Көкөністер бәріде,
Денсаулыққа пайдалы.
Сондықтанда бірге жүріңдер,
Оларды жақсы көріңдер.-(бірге айтады)
Би: «Сары күз» (жапырақпен)
Тәрбиеші: Балалар енді мен сендерге жұмбақ жасырайын:
1. Қызыл - сары кемелер,
Су бетінде қалқанды.
Соқса егер қалқиды,
Ырғалады, толқиды (жапырақ)
2. Жаздай інге тығылған,
Жатқан қызыл түлкіні.
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні (сәбіз)
3. Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр (қызылша)
4. Жайлы жұмсақ төсегім,
Домаланып өсемін.
Қабат - қабат тоным бар,
128
Қалай оны шешемін (қырыққабат)
5. Қалдың тағы түйірлеп,
Қазып алдың үйірлеп (картоп)
Тәрбиеші: Дұрыс балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Күз
Тәрбиеші: Дұрыс балалар, ал күз айлары қандай айлар?
Балалар: Қыркүйек, қазан, қараша айлары
Тәрбиеші: Балалар енді біз әнімізді айта қояйықшы.
Тәрбиеші: Балалар көкөністерден қалмай бізге жемістерде
келіпті, соларды бір тыңдап көрелік.
(әуен ойналады)
Жүзім:
Іші толған шәрбат,
Дәмі сондай әйбат.
Үзесің бірден үзіп,
Оның аты – жүзім.
Өрік:
Дөп - дөңгелек сары,
Ішінде бар дәні.
Қызығасың көріп,
Оның аты – өрік.
Шабдалы:
Пісетін кезі дәл күзде,
Мезгілсіз оны үзбе.
Аузыңнан кетпес бал дәмі,
Оның аты – шабдалы.
Жаңғақ:
Сырты қандай қатты,
Дәмі оның тәтті.
Шағып қара таңдап,
Оның аты – жаңғақ.
Шие:
Бір сабақта көп түйме,
Жей алмайсың көк күйде.
Санап қара қанша,
Оның аты – шие.
Құлпынай:
Жапырақты тасалап,
Өсетін жері бақша - бақ.
Күрең қызыл шіркін - ай,
Оның аты – құлпынай.
Алма:
Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмін,
Жерге сілкіп түсірме,
Ісіп кетер маңдайым.
Тәрбиеші: Балалар енді бақшамызға барайықшы, көңілі көтерілді ме екен, сұрайықшы. Бақша көңілді көтере алдық па.
Бақша: Ия, балалар мен енді көңілді жүремін. Сендер мені қуанттыңдар. Бірақ менің тағы бір шартым бар. Маған енді бір
ойын ойнап берсеңдер мен оданда қатты көңілді жүретін боламын.
Тәрбиеші: Балалар бақшаға ойын ойнап береміз бе?
Балалар: Ия
Ойын: Бақша кімді алып кетті?
Тәрбиеші: Ендеше ойынның шарты былай балалар. Барлығымыз әдемі жүріп, әдемі би билейміз. Музыка біткенше билейміз.
Ал музыка біткен соң, көзімізді жұмып, орнымызды ауыстырып, жерге отыра қаламыз. Келістік пе балалар?
Балалар: Ия.
(Музыка қосылады. Ойын ойналады. 3 - 4 баланы матамен жауып тығып тастайды. Қай бала жоғалғанын балалар айтады)
Тәрбиеші: Балалар енді қараңдаршы кім жоқ?
(ортаға себет толы алма әкелінеді. Балалардан кімнің тығылғанын сұрайды)
Тәрбиеші:
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді - дей келе, құрметті бүгінгі кешімізге жиналған қонақтар, ұстаздар және ата - аналар, алтын
уақыттарыңызды бөліп біздің ертеңгілігімізге келгендеріңізге көп - көп алғысымызды айтамыз. Келесі кездескенше сау
болыңыздар.
*****
ТІГІН БҰЙЫМДАРЫНА НЕГІЗГІ МАТЕРИАЛДАРДЫ
ТАҢДАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҰТЫМДЫ ҚОЛДАНУ
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қармақшы аграрлы-техникалық колледжі,
ІІ санатты өндірістік оқыту шебері Тоқмамбетова Лаура Алтынқызы
Қазіргі уақыттағы тігін өнеркәсіптері автоматтандырылған жоғарғы жиілікті тігін машиналары және жартылай
автоматты әсерлі құрылғылар, механикаландырылған престер және құрал- жабдықтар ұйымдастырылған өндірісті көрсетеді.
Сонымен қатар тігін бұйымдарын дайындауда кешенді механикаландырылған және автоматтандырылған технология
қолданылады, бұл тігін бұйымдарының және ассортиментінің сапасына қойылатын талаптарды жоғарылатады.
Тігін бұйымдарының сапасының бәсекелік қабілеті ассортименттің жаңаруына, материалдардың өңделуінің және
бояуының үдерісінің жақсаруы бұйымның құрастырылуын жетілдіруге және жаңа модельдерді енгізуге қамтамасыз етеді.
Тоқыма материалдардың қасиеттері және құрылымы бойынша дайындалған жаңа бұйымдар, қазіргі заманғы химиялық
талшықтар мен жіптерді, жоғары сапалы бояуларды және әрлеуіш химиялық материалдарды қолдану арқасында
жасалынады. Тігін бұйымдарына негізгі материалдарды таңдау және оларды ұтымды қолдану ең маңызды, сондықтан
материалдардың қасиеттерін, құрылысын, олардың ассортиментін және сапасын терең оқып білу қажет.
Тігін өнеркәсібінің мамандары ең алдымен тігін бұйымдарына арналған тоқыма материалдарына қойылатан талаптарды,
қасиеттерінің көрсеткіштерін анықтай және нақты тігін бұйымдарына арналған материалдардың бағалануын білуі керек.
Тігін өнеркәсібінің технологиялық үдерісінің ерекшелігін, сәнді ескере отырып, тігін бұйымдарына арналған тоқыма
материалдарды дұрыс таңдау, оның сапасының жоғарылауының маңызды шарты болып табылады. Сол себепті, суретші-
модельер, құрастырушы және технолог тоқыма материалдарымен жұмыс істегенде, оның қасиеттерін біліп қана қоймай,
тағы да киімде нақты сыртқы түрінің әсеріне жету үшін және киген кезде қолайлылықты қамтамасыз ететін, нақты берілген
қасиеттермен киімді дайындауда қолданылуын білу қажет. Киімге таңдалған материалдарды өңдегенде, бұйымды дайындау
кезінде материал қасиетінің өзгеруін және осы өзгерісті бұйымның нақты пішінін немесе силуэтін жасауда қолдануды терең
білу қажет.
129
Тігін бұйымдарын жасау үдерісі суреттен немесе эскизден басталып, бұйым лекалдарын құрастыруға және тігу
технологиясын дайындауға дейін көптеген күрделі жолдардан өтеді. Сондықтан киімнің үлгісінің эскизін дайындағанда
материалдардың эстетикалық қасиеті, сән бағытымен дұрыс таңдалып қана қоймай, нақты киім силуэтін жасауды
қамтамасыз ететін қасиеттерімен, киімді құрастырудың қазіргі уақыттағы дайындау технологиясының мүмкіншіліктеріне
өте көп әсер етеді. Киім дайындағанда қолданылатын тоқыма материалдары бірнеше топтарға бөлінеді: маталар, трикотаж
жаймалар, бейматалар, табиғи 3 және жасанды үлбірлер, бекітуші материалдар (жіптер, негізмдер, негізмдік қабыршықтар),
фурнитуралар (түймелер, шыртылдақтар, ілгектер), тігін бұйымдарын дайындау кезінде қолданылатын басқа материалдар
(баулар, ызбалар, шілтерлер), жылытушы материалдар (мақта, күспе, ватилин). Аталған топтағы тоқыма материалдары
киімде әртүрлі қызметтер атқарады. Олардың кейбірі: маталар, трикотаждар, беймата, үлбірлер - пальто, костюм, күртеше
сияқты сыртқы киімдерге қолданылады. Зығырдан немесе бейматадан, тоқыма материалдарынан жасалған іштіктер,
қатырғыш кенер материалдары бұйымның формасын қамтамасыз ету үшін қолданылады. Тоқыма материалдардың әр тобы
өндіріс салаларына сәйкес өндірілетін құралған ассортименттері және оның дамуының белгілі бағыттары сипатталады. Тігін
өндірісінде қолданылатын матаның, трикотаждың, бейматалық тоқыма материалдардың негізгі қасиеттері олар өндірілетін
талшықтардың қасиетіне тәуелді болады. Тоқыма материалдардың қасиеттеріне көбінесе қолданылатын иірімжіп түрлері,
оның алыну тәсілдері, сонымен қатар, матаның трикотаждың өңдеу әдісі, олардың жіптерінің өрімі, тығыздығы және әрлеу
ерекшеліктері көп әсер етеді.
Елімізде жыл сайын сән үйлері, тігін цехтары мен кішігірім шеберханалардың саны артуда. Жалпы қазақ тарихына үңілсек,
біздің қазақтың әрбір шаңырағында домбырамен қоса тігін машиналары да болған. Әже-апаларымыз өздеріне киім
тігіп,құрақ құраған,ою ойған. Қыздарының жасауларын да өз қолдарымен жасаған. Қазақстан болашақта жеңілөнеркәсіп
саласы дамып,әлемдегі экономикасы дамыған алпауыт елдердің арасында озып алға шығатын болады. Өйткені бұл қазақтың
қанында бар қасиет,өнер! Ең бастысы өскелең ұрпақ өз елінің адал азаматы болып, қазақилықты ешқашан жоғалтпауымыз
керек!
*****
ҚОРҚЫТ АТА КЕШЕНІН МАГНИТ ӨРІСІ АРҚЫЛЫ ЖАРЫҚТАНДЫРУ
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,
Қармақшы аграрлы-техникалық колледжі,
өндірістік оқыту шебері Алиева Гүлнұр Аскаровна
Қорқыт Ата ескерткіші – сәулет өнерінің айрықша үлгісі. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кентінен 18
км жерде, Қорқыт станциясының түбінде (1980). Авторлары – Б.Ә. Ыбыраев, С.И. Исатаев. Қорқыт Ата ескерткіші темір
бетоннан жасалған биіктігі 8 метр, 4 тік стеладан тұрады. Әрбір стела әр тарапқа қаратып тұрғызылған құлпытастарға
ұқсайды. Жоғары жағы кеңейе келіп, шөміш пішінінде түйісетін стелалар қобыз бейнесін де меңзейді. Түйісер түбіндегі
орталық тесігінде 40 металл түтік бар. Олар жел соққан кезде қобыз сарынымен үндес дыбыс шығарады. Аңыздарда
айтылғандай, Қорқыт ата мазарында соққан желге үн қосатын қобыз қойылған. Қорқыт Ата ескерткішінің ішкі жағы
мәңгілік өмір сырын іздеген Қорқыт атаның киелі желмаясының шартарапқа жол тартқан ізін ишаралайтын «Түйе табан»
өрнегімен безендірілген. Әрбір стеланың үшкілдене біткен төбесі күмбезге ұқсатылып, ерекше сәулеткерлік композиция
шешім тапқан. 1997 жылы ескерткішті қалпына келтіру, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Амфитеатр, қонақ үйі, т.б.
нысандардан тұратын тұтас архитектуралық ансамбль жасалып, мемориалдық кешенге айналды. 2000 жылы кешен жанынан
мұражай ашылды. Оның қорында 700-ге жуық экспонат сақталуда. Мұражай экспозициясында Қорқыт өмір сүрген дәуірдің
тарихы мен мәдениеті жайлы мәліметтер беретін материалдар қамтылған.
«Елбасының тапсырмасымен Қызылорда облысының аумағындағы «Қорқыт ата» мәдени кешенi қайта жаңғыртылды.
Қазiр «Қорқыт ата» кешенiн ЮНЕСКО-ның ерекше қорғалатын мәдени мұраларының тiзiмiне енгiзу мақсатында жұмыстар
жүргiзiлiп жатыр. Бүгiнгi күнi «Қорқыт ата» кешенi ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесiне қатысатын нысандардың
қатарына енгiзiлді.
Еліміз қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді
бағындырып келеді. Осы қысқа ғана уақыт ішінде әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-
шараларды өткізу дәрежесіне жеттік. Осыған дәлел алдағы уақытта өтетін халықаралық көремесінің Қазақстан жерінде
Астана қаласында өтетіндігі. ЭКСПО-2017 көрмесі «Болашақ энергиясы» тақырыбында ұсынылып отыр. Аталған тақырып
кездейсоқ алынып отырған жоқ. Қазақстан табиғи байлықтың мол қорына ие, дегенмен шикізат көзіне айналып отырған бұл
байлықтарымыз түбінде бір түгесілетіні анық, демек, жастар еліміздің болашағын ойлауға, оған үлес қосуға, көркейтуге
міндетті. Сондықтан да тұрақты энергияны, баламалы энергетиканы пайдалану және табиғи ресурстарды сақтау басым
бағыттарымыздың бірі болу керек.
Қызылорда облысы аумағынан ЭКСПО-2017
халықаралық көрмесінің нысандар тізіміне Байқоңыр
қаласымен бірге Қорқыт Ата кешеніде енді. Демек,
көрме қарсаңында осы екі нысанды көруге келушілер
қатары күрт артары сөзсіз. Айта кету керек, Қорқыт Ата
зиярат ету кешені өткен жылдың соңында ғана
пайдалануға берілген. Онда туристерге барлық жағдай
жасалған.
Қорқыт Ата кешенін магнит өрісі арқылы жарықтандыру
жобасын жасаудағы мақсат – электр энергиясын үнемдеу.
Электр энергиясын үнемдеу магнит өрісінен электр
энергиясын алудың мақсаты, басқа баламалы энергия
көздеріне қарағанда (жел, су, күн) ол тұрақты түрде
тоқтаусыз электр энергиясын береді.
Жұмыс жасау принципі:
130
Біріншіден, генератордың білігіне қолданыста жүрген DVD дискіні орнатамыз. Дискі диаметрі 120 мм, қалыңдығы 1,2 мм.
Дискінің бетіне жалпы саны 8 дана магнитті желім арқылы жапсырамыз. Дискінің келесі бетіне 8 ұяшық жасап, 8
подщипник дөңгелекшелерін қоямыз. Магнит жапсырылған дискі қосымша механизм арқылы магнит көмегімен генератор
айналымға енеді. Генератор айналымы үздіксіз қозғалыста болуы үшін подщипник дөңгелекшелері қозғалыста болады.
Жалпы жүргізілген тәжірибе негізінде ток көзі өндіріледі.
Қазақстан табиғи байлықтың мол қорына ие, дегенмен шикізат көзіне айналып отырған бұл байлықтарымыз түбінде бір
түгесілетіні анық, демек біз жастар еліміздің болашағын ойлауға, оған үлес қосуға, көркейтуге міндеттіміз. Сондықтанда
тұрақты энергияны, баламалы энергияны пайдалану және табиғи ресурстарды сақтау басым бағыттарымыздың бірі.
Магнит өрісі арқылы жарықтандырудың экономикалық тиімділігі көп шығынды қажет етпейді. Экологиялық жағынан
таза қоршаған ортаға ешқандай зиянды қалдық газдар бөлінбейді.
Макеттің көлемі: 1,0х70 см
Пайдаланылған материалдар: Пвх, түрлі-түсті жапсырма, желім
*****
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қармақшы аграрлы-техникалық колледжі,
ІІ санатты өндірістік оқыту шебері Оспанова Жадыра Тоқтамысқызы
Автомобильдер еліміздің тасымал кешенінде маңызды орын алады. Миллиондаған мекеме, ұйым, фирма, компания,
ферма-кооператив ұжымдық клиенттерді халық шаруашылығында ретті атқарып және еліміздің халқына тынымсыз қызмет
етеді. Жыл сайын автомобиль көлігімен халық шаруашылығында 80%-дан астам жүк тасылатын болса, тасымалдың
көпшілік пайдаланымында 75%-дан астам жолаушы тасымалданады.
Автомобильдермен тасымалдау жұмыстарын атқару үшін, олардың техникалық жағдайлары белгілі бір талаптарға
сәйкес келуі керек. Керісінше болса, онда автомобильдерді пайдалану мүмкін болмайды. Бұл талап, әсіресеоның басқару
жүйелеріне ерекше қойылады,. себебі, ол жол жүру қаупін тудырады. Автокөлік белгілі бір уақыт жұмыс атқарғаннан кейін,
оның механизмдері мен бөлшектері тозады, алғашқы өзара әсерлесіп жұмыс істейтін жағдайлары өзгереді, соның
салдарынан оларға түсетін күштер көбейеді, үйкелістен тозуы жылдамдайды. Сөйтіп тозған бөлшектің сыныуына алып
келіп соқтырады, механизмдері істен шығады. Мұндай жағдай басқару жүйесінде кездесетін болса, онда автомобиль апатқа
ұшырауы мүмкін. Мысалы, жүріс бағытын басқаратын рульдік басқару жүйесінің істен шығуы, автомобильдің жүріс
жолынан шығып кетуіне душар етеді немесе тежеу жүйесінің істен шығуы, автомобильдің басқарусыз жүруін тудырады.
Сондықтанда автомобильдің басқару жүйесіне техникалық қызмет көрсету деп оның техникалық жағдайын, қажет болса,
сағат сайын қадағалап тұруды айтуға болады. Жалпы машинаға техникалық күтім жасау деп оған жасалатын негізгі
жұмыстардың, яғни жуып-тазалау, бекітулерін тексеру, тиісті механизмдерде реттеу және майлау жұмыстары сияқты
жұмыстар жиынтығын айтады. Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты-механизмдердегі ақауды болдырмай, олардың сенімділігін
арттыру, бөлшектердің тозығын азайтып, олардың да қызмет мерзімін арттыру болып табылады. Соның салдарынан машина
ұзақ уақыт сенімді жұмыс атқарады. Машинаға жүргізілетін техникалық күтімді, оның екі түрлі көрсеткішімен бағалауға
болады: біріншісі машинаның сенімділігі болса, екіншісі оның қызмет ету мерзімі болып табылады. Машинаның сенімділігі
деп оның белгілі бір уақыт аралығында істен шықпай өз қызметін атқару болып табылады, яғни машина немесе механизмнің
сенімділігі оның істен шығу мөлшерімен анықталады. ал, қызмет ету мерзімі деп, оған техникалық күтім жасай отырып,
қызмет еткен мерзімін айтады. Яғни, машинаның, механизмнің, бөлшектердің тозығы көбінесе оларға көрсетілген
техникалық қызмет сапасымен анықталады. Мысалы, оларға жүргізілген реттеу, тазалау, майлау жұмыстары сапалы
жүргізілсе, олар неғұрлым ұзақ қызмет етеді. Машина бөлшектерінің тозығына көптеген факторлар әсер етеді, атап айтқанда
бөлшек жасалған материалының химиялық, физикалық қасиеттері, үйкелетін беттерінің сапасы, түсетін күштер, қозғалыс
жылдамдығы, температурасы, майлану тәсілі мен қолданылатын жағармай сапасы сияқты факторлар. Қаншалықты бұл
факторлардың әсерін азайтқанмен, міндетті түрде бөлшектер тозығы болады. Сондықтанда олардың түрлерін білген жөн.
Бөлшектердің тозығын негізінен үш түрге бөлуге болады: 1-қайралып тозу, 2-тапталып тозу, 3-үгітіліп тозу. Қайралып тозу
дегеніміз үйкелетін беттергетозудан пайда болған ұсақ бөлшектер түседі де қайрақ әсері сияқты сол үйкелетін беттерді
тоздырады. Мұндай ұсақ бөлшектер үйкелетін беттерге сырттан да түсуі мүмкін. Бұл процесс автомобильдің басқару
жүйесінің механизмдерінде өте көп кездеседі. Мысалы рульдік басқару механизмдегі тартқыштардың топсалары, тежеу
механизміндегі үйкелетін ашық беттеріне сырттан шаң, тозаң түсіп, оларды қайралу тозығына душар етеді.
Тапталып тозу дегеніміз бөлшектерге өзіне тиісті күштен артық түскен күштен оның беті тапталып қалады да, үйкелетін
беттердің аралығындағы саңлау артып кетеді, яғни алғашқы геометриялық мөлшерлері өзгереді. Бұл процесс, механизмнің
қалыпты жұмысын бұзады. Мұндай жағдайда автомобильдің басқару жүйесінде жиі кездеседі.
Үгітіліп тозу дегеніміз бөлшек тозығының соңғы дәрежесі, яғни алғашқы екі түрлі тозудың салдарынан үйкеліс беттерінің
шыңдалған, өңделген қабаты жойылып, оның астындағы жұмсақ бет үгітіле бастайды. Мұндай үйкеліс кезінде машина
механизмі қызмет атқара алмайды. Ол бөлшектің істен шығуына душар етеді. Рульдік басқару механизмде червяктің,
роликтің тістері жұқарады, подшибниктері тозады, тартқыш басындағы топсаларда саңылау көбейеді. Осылардың әсерінен
рульдік дөңгелектегі бос жүріс пен бұрауға қажетті күш артады. Тежеу механизмдерінде көбінесе барабан мен колодка
тозады. Соның салдарынан олардың аралығындағы саңылау артады да тежеуге қажетті уақытты арттырады, немесе тежеу
тиімділігін нашарлатады. Енді төменде осындай тозу себептері қарастырылады. Автомобильдің басқару жүйесіндегі
бөлшектер өте жайсыз жағдайларда жұмыс атқарады. Олар тікелей жол жағдайындағы қолайсыз жағдайлармен жанасады,
яғни шаң-тозаң, лас шалшық сулар, әртүрлі температура тағы сол сияқты көптеген жағдайлар. Осы жағдайлар басқару
жүйесіндегі бөлшектерді мықтап қадағалап отыруға мәжбір етеді. Енді кездесетін себептерді қарастыралық.
Конструкциялық себептердің тозуға әсері ерекше болады. Егер механизмнің бөлшектері сырттағы кездесетін табиғи
жағдайлардан қоршалмаса, онда оларға жоғарыдаайтылған шаң-тозаңдар түсіп, қайрақты тозуға душар етеді, шалшық лас
сулар әрі қайрақты тоздырса, әрі металлдарды тотықтандырып тоздырады, температураның өзгерістері металлдың
қасиеттерін өзгертіп отырады. Сондықтанда, автомобильдің әсіресе басқару жүйесіндегі бөлшектердің конструкциясы осы
көрсетілген жағдайларға олар душар болмайтындай етіліп жасалуға тиіс.
131
Автомобильдің басқару жүйесіндегі бөлшектердің конструкциясын осы сырттағы жағдайларға бейімдеп жасайды. Мысалы,
рульдік тартқыш басындағы топсалар, тағы сол сияқты ашық қозғалатын тораптар арнаулы резина қаптармен қапталып,
шаң, су жібермейтін тығыздағыштармен жабдықтап мұқият жасалады. Күнделікті немесе мезгілді техникалық күтім жасау
кезінде сол бөлшектердің қаптары жыртылмай, бүтін екендігін тексеріп отырады, мезгіл-мезгіл жағармаймен толтырып
қойған жөн болады. Бөлшектің жасалған материалы мен сапасының тозуға тигізетін әсері де үлкен болады. Бөлшек
жасалған материалдың тозуға төзімділігі оның қасиетімен жасалу технологиясына тікелей байланысты. Егер бөлшек жұмсақ
материалдан, жылулық және механикалық өңдеулерден сапасыз өтетін болса, онда ондайбөлшектерді қаншалықты
қорғағанмен, тозуы өте тез болады. Себебі, ол беті тегіс болғандықтан механикалық тозуға душар болады, ал
жұмсақтығынан тапталып тозуына тура келеді. сондықтанда ондай бөлшектерді тиісті қатты болаттан, шынықтырып,
беттерін мұқият майдалап өңдейді. Кейбір жағдайларда, арнаулы жұмсақ материалдар, яғни платмассадан жасалған астарлар
қолданылады. Бұл жағдайда, ол тозған астарларды техникалық күтім кезінде алмастырып отырғандықтан, негізгі қымбат
тұратын бөлшек көп тозбайды. Осындай тәсілді көбінесе рульдік тартқыш бастарындағы топсаларда көп қолданады.
Материалдың осындай қасиеттерін тежеуіш механизмдерде де қолданады. Мысалы қымбат тұратын тежеуіш барабаны
немесе дискісі тез тозып кетпеу үшін, тежеуіш үшін қолданылатын үйкелістік материалды таңдап алу қажет. Себебі: ондай
үйкелістік материалдардың қаттылығы әртүрлі болады. Егер оларды автомобиль жасаушының ұсынысы бойынша
көрсетілген материалды қолданбаған жағдайда, тежеуіш барабаны немесе дискісі тез тозып кетеді.
Жағармай сапасының басқару жүйесіндегі бөлшектер тозуына ерекше әсер етеді. Онда қолданылатын жағармайлар, үйкеліс
беттеріндегі кедергіні ғана азайтып қоймай, оның үстіне сол беттерді шаң-тозаңнан, лас судан қорғап тұруға тиіс. Ол үшін
олардың жұққыштығы мен тұтқырлығы жоғары болуы керек. Әрі осы қасиеттері сыртқы температурасының өзгерісіне
төзімді болуға тиіс. Сондықтанда осы басқару жүйесіндегі қолданылатын майларды да жоғарыдағы талаптарға сай келетін
етіп қабылдайды. Олардың түрлерімен техникалық қасиеттері, автомобильді майлау картасында көрсетіледі. Автомобильдің
эксплуатациялық жағдайларыда оның тозуына көп әсер етеді. Осындай эксплуатациялық жағдайлардың негізгілеріне ауа-
райының климаттық жағдайын, жел бетінің сапасын, автомобильді пайдалану режимін және автомобильді жүргізу
тәсілдерін жатқызуға болады. Ауа-райының өзгерісі, басқару жүйесіндегі бөлшектердің тозуына әсер етуі мүмкін. Себебі
температура өзгергенде ондағы қолданылатын жағармайлардың қасиеті өзгереді, алған әсерінен коррозиялық тозу болады
тағы сол сияқты. Сондықтанда автомобильге көбінесе мезгілдік техникалық күтім жасалады, яғни көктемде және күзде. Жол
бетінің сапасы, әсіресе, автомобильдің басқару жүйесіне көп әсерін тигізеді. Егер жол беті тегіс болмаса, онда басқару
дөңгелегі күрделі тербеліс жасайды. Ал, ол тербелістер рульдік басқару механизміне беріледі. Соның салдарынан барлық
қозғалатын топсалар артық үйкеліске душар болғандықтан тез тозады. Оның үстіне, ондай жолмен жүргенде тежеу жүйесі
әдеттегіден екі-үш есе жиі қолданылады да, оның да тез тозуына душар етеді.
Автомобильді пайдалану мен жүргізу тәсілдері де көбінесе жол жағдайына байланысты болады. Мысалы жол бетінің
сапасына қарамай, автомобильді өте көп жүкпен тиеп, жоғары жылдамдықпен жүргізетін болса, әрине оның бөлшектерінің
тек тозуын ғана арттырып қоймайды, оған қосымша сындыруы да мүмкін. Сондықтанда автомобильді пайдалану кезінде
осы жағдайлар тұтас есепке алынуға тиіс және техникалық күтім жүргізу үшін бұл көрсеткіштер негізгі болып қабылдануға
тиіс. Автомобильдің ақаусыз, сенімді қызмет атқаруы оған жүргізілген техникалық күтімнің сапасына тікелей тәуелді
болады. Егер техникалық күтім сапасы жүргізілетін болса, онда бөлшектердің тозығы тез жүреді де, олардың істен шығуына
себепші болады. Енді сол техникалық күтім сапасының кейбір көрсеткіштерінің әсеріне байланысты машина бөлшектерінің
бүлінуін қарап көрелік. Автомобильге техникалық күтім жасау кезінде, міндетті түрде бөлшектер бекітулерінің беріктігі
тексеріледі. Ал ол бекітулер, машина жүріс ұзақтығына өзгереді. Бекітулердің көп босап кетуі 1000-2500 км жол жүрген
кезде кездеседі екен, яғни автомобиль алғаш жаңа күнінде немесе жөндеу немесе техникалық күтім жасау
кезіндемеханизмдерді бөлшектегеннен кейін осы жол жүріс мезгілінде міндетті түрде техникалық күтім жүргізіп,
бекітулерді қайтадан тексеру қажет екен. Ал техникалық күтім сапасыз жүргізілетін болса, онда ондай босаулар ерте болуы
мүмкін және ол жол апатына ұшыратуы мүмкін. Сонымен техникалық күтудің, тек бұл көрсетілген бекіту жұмыстары ғана
емес, басқа да реттеу, майлау, тазалау сияқты жұмыстар да өте үлкен әсерін тигізеді. Ендеше автомобиль көліктеріне
техникалық күтім жүргізудің ерекше мәні бар. Автомобильдің басқару жүйесіне жүргізілетін техникалық күтім сапасына
ерекше назар аудару керек.
*****
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы
№28 Ақбай жалпы орта мектебі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, І санатты
Тастанова Райхан Танатаркызы
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының қара сөздері
Сабақтың мақсаты: а) А.Құнанбайұлының қара сөздерінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және
шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту;
ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;
б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, дидактикалық материалдар т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін
сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.«Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін кімнен аударған?
2.Ақынды «Қазақтың бас ақыны» деп кім айтқан?
3.Ең алғаш шығарған өлеңдерін кімнің атынан жазған?
132
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Абайдың 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары «қара сөз» деп аталады. Ол
сыншылдық,ойшылдық және көбінесе адамгершілік,мораль мәселелеріне арналған өсиет,толғау тәрізді.
Абайдың 45 қара сөзі бар. Жиырма тоғызыншы сөзінде қазақтың мақалдарының іске татырлығы да бар,іске татымақ
түгіл, не құдайшылыққа,не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар -дей келе мақалдарға тоқталып өткен.
Шығармашылық жұмыс: Абай сынаған мақал-мәтелдерді теріп алып,салыстыру жұмыстарын жүргізіңдер.
Мақал-мәтелдер
Абайдың сыны
Өз пікірің
Топпен жұмыс: «Ата-анадан тәтті жоқ» немесе «Періштені алтын да жолдан тайдырмас» тақырыбына шағын
пікірлесу жүргізеді.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
1.
Қара сөзден қандай тағлым,үлгі,ақыл-нақыл алдыңдар?
2.
Қалай ойлайсыңдар,ақын сынын сол қалпында қабылдауға бола ма?
3.
Ақынның қара сөз жазудағы негізгі мақсаты не?
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: А.Құнанбайұлының Қара сөздерін оқып келу
*****
Оңтүстік Қазақстан облысы, Ленгір қаласы
Ленгір көмекші мектеп-интернаты, орта қыздар тобының тәрбиешісі
Кожахметова Гаухар Арипжановна
Тақырыбы: «Қазақстан – 2050 стратегиясы: бір халық– бір ел – бір тағдыр»
Мақсаты: Оқушыларға Отанын сүюге, бірлікке, елтарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге,
Отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге, білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Түрі: сабақ викторина
Қолданылатын әдіс тәсілдер: сұрақ жауап, шығармашылықпен жұмыс
Көрнекілігі: эпиграфтар, интерактивті тақта, суреттер
Барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі:
А) Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
Ә) «Жүректен жүрекке» шаттық шеңбері (білім күніне тілек)
ІІ. Негізгі бөлім: Кіріспе: Міне, балалар, біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік бізге оңайлықпен келмегенін өздерің
білесіңдер. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиынқыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар.
Қазақстан тәуелсіздік алды.
Ал, балалар, Қазақстан туралы жалпы не білеміз? Қазақстанның көпұлттылығы туралы не айтамыз?
Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы өтті. Сессияда
Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясын «Бүкіл халықтық өкілдік» деп атады. Көреген ұлт көшбасшысының ұлы мақсатын
сессияның аты да әйгілеп тұр: «Қазақстан 2050 стратегиясы: бір халық бір ел бір тағдыр». Міне, бүгінгі біздің тәрбие
сағатымыз да осыған арналмақ.
Елбасы сессияда сөйлеген өз сөзінде:
«Бір халық» барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер,«бір ел» барлығымыз үшін ортақ Отан«бір тағдыр» біз өмір сүріп
өткен қиындықтар мен жеңістер.
Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет
бір адым да ілгері жылжи алмайды деді.
І) «Қазақстан 2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» ҚР ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы 2012 жылдың маңызды оқиғаларының бірі.
Балалар, өткен жылы Жолдауды барлығымыз сынып болып талқыладық. Ал бүгінгі сабағымызда биылғы атқарылып жатқан
жұмыстарға зер салсақ. (оқушыларды жетондар арқылы 4 топқа бөлемін)
І топқа: «Баланы қорғау»
ІІ топқа: «Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі»
ІІІ топқа: «Ананы қорғау. Әйелдерге үндеу»
ІҮ топқа: Білім және кәсіби заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары».
(Оқушылармен берілген тақырыптарды талқылау)
ІІ) 2013 жыл Республикамыздың елордасы Астананың 15 жылдығы. Астана жаңа қарқынды дамып келе жатқан
Қазақстанның бейнесі, жаңарудың символы, республикамыздың тәуелсіздігіміздің символы.
Олай болса, Алматы Астанаға қай жылы көшірілді?
Астана несімен ерекшеленеді? (Астана туралы видеоролик көрсету)
ІІІ) 2017 жыл Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрме өткізу жылы. Көрме «Болашақтың энергиясы» ұранымен өтеді.
Энергияның балама көздері бұл әлем қауымдастығын толғандыратын ең өзекті тақырып.
ІІІ. Қорытынды: Ал балалар, енді бүгінгі тәрбие сағатымызды қорытындыласақ.
І топқа: «Болашақтың Қазақстанын мен қалай елестетемін?» сурет салу
ІІ топқа: «Егер де мен Президент болсам халыққа Жолдауым» үндеу жазу
ІІІ топқа: 2050 жылы мен 50 жаста боламын. Сол кезде мен өзімді қалай елестетемін? Шағын эссе
ІҮ топқа: «ЭКСПО – 2017» ге мен не сыйлаймын? Макет жасау
Жақсы балалар. Алдарыңыздағы қағаздарға өздеріңіздің бүгінгі тәрбие сағатынан өздеріңіздің алған әсерлерің туралы
жазыңдар.
*****
133
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы
№100 жалпы орта мектеп өзін-өзі тану пәні мұғалімі
Ирискулов Абдисаттар Усаркулович
Тақырыбы: Өмірің өз қолыңда
Құндылық : Риясыз сүйіспеншілік
Қасиеттер : адамгершілік, мейірімділік, қайырымдылық, сыйластық.
Сабақтың мақсаты: оқушыларға өмір, оның мәні туралы түсінік беріп, адамның өмірі өз қолында екендігін түсіндіру.
Міндеттері:
- Оқушыларға адам өмірінің маңыздылығы туралы түсінік беру;
- Оқушалрдың адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал ету;
- Еліне, халқына абыройлы қызмет етіге тәрбиелеу;
Сабақ барысы
Ұйымдастыру бөлімі.
Тыныштық сәті. Нұрға бөлену.
Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақтар бойынша жауап беру.
-Адам өмірі мәнді болу үшін не істеу керек?
-Адам өмірінің маңыздылығына рухани байлық қалай әсер етеді?
-Еліңе, халқыңа абыройлы қызмет ету дегенді қалай түсінесіңдер?
Дәйексөз.
«Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын – адал еңбек, мінсіз ақыл, таза
жүрек»
Ш.Құдайбердиев
Мұғалім сыйы: Қ.Әлімбек
Жаңа - жаңа мен ұғына бастадым,
Өмір деген қымбат екен,достарым.
Өмір – менің жарқылдайтын аспаным,
Өмір – менің сарқылмайтын дастаным.
Мен – өмірді жас зерттеуші, жас ғалым,
Енді оянып, енді зерттей бастадым.
Өмір – кітап, түсінуі тым қиын,
Әрбір күнім – әрбір бетін ашқаным.
Жағылды ма жүрегімде жаңа шам,
Ойлаумен өтеді ылғи оңашам.
Армандаймын: ұлы еліме сүйікті,
Жақсылықтар жасасам деп орасан.
Маржан іздеп терең теңіз түбінен,
Күн батарда атар таңға үңілем.
Өмірімнен, өз ортамнан үйреніп,
Жақсы адамға айналармын түбі мен!
Тапсырма: Абайдың «Он жетінші» қарасөзін оқу арқылы оқушылар қайрат, ақыл, жүрек ушеуінің айтысын талдау.
-Автор қайрат, ақыл, жүректің ерекшеліктерін қалай жеткізген?
-Ғылымның «жүрекке билет» дегеннің мағынасын қалай түсіндіресіңдер?
-Абай қандай адамды «қасиетті адам» дейді? Неліктен?
-Тағы қандай қасиеттерді «жүрекке билетуге» болады деп ойлайсыңдар?
Шығармашылық жұмыс
Әр топ “Өмір” сөзіне ассоциациялар құру.
“Күн шуағы”, “Кеме”, “Жүрекше”.
Топпен ән айту. «Өмір-өмір» әні. Сөзі: Л. Ошаниндікі Әні: С.Бәйтереков
Үй тапсырмасы. Зиянды әдеттердің салдарын тізбелеп жазыңдар. Оларды болдырмаудың жолдарын ұсыныңдар.
Ұсыныстарыңды кесте түрінде беріңдер.
*****
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Арыс ауылы
№12 Т. Рустемов атындағы мектеп-гимназиясы бастауыш сынып мұғалімі
Хайтенова Айдинай Абдурасуловна
Сабақтың тақырыбы: 5 санын қосу және азайту
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: Белсенділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың мақсаты:
1 Оқушыларға 5 - ті қосу және азайту тәсілдерін үйрету.
2 Тапсырмаларды өз бетінше орындауға дағдыландыру.
3 Жүйелі ойлау қабілетін дамыту.
Құрал - жабдықтар, көрнекті құралдар: интерактивті тақта, электрондық оқулық, слайд.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, өзіндік талдау, іздену.
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру. (1 слайд)
II. Үй тапсырмасын тексеру. Дидактикалық ойын: «Жауапты анықта».
1) Жапырақтар арасындағы сандар арқылы қосынды мен айырманың мәнін табу.(2 слайд)
2) Алмұрттарды жинау. 4 санының құрамын табу.(3 слайд)
134
3) Ойлан тап: Алмадағы өрнектерді аңдарға бөліп берейік.(4слайд)
4) Үйлердің есігін ашуға көмектес: (5 слайд)
Кілттегі өрнектерден нені байқадыңдар?
Ендеше, бүгінгі сабағымыз 5 санымен байланысты. 5 қандай сан? натурал, тақ, біртаңбалы, қасиетті. 5 саны мынадай сөз
тіркестерінде кездеседі, соған қауымдастық құрайық. (6, 7 слайд)
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу.
5 - ті қосу кестесін 1 оқушы айтады.(8 слайд)
Бүгін 6, 7, 8, 9 сандарына 5 санын қосу мен азайтудың ерекшеліктерімен танысамыз. (9, 10 слайд)
4 оқушы түсіндіреді. Дәптерге жазылады. (11, 12 слайд)
Тақтада көрсетіледі, оқушы түсіндіреді.
№3. Математикалық диктант. Өрнектің мәнін табу: 12, 7, 13, 8, 14, 9.
№4. Бұл есепте 2 сұрақ. Белгіге назар аудару.(13 слайд)
Әңгімелер – 6 күн Жыр -? – 5 күн ұзақ Шешуі: 6 + (6 + 5) = 6 + 11 = 17 Жауабы: 17 күн
№5. Қыз – 24 Ұл -? 4 - еуі кем Шешуі: 24 + (24 – 4) = 24 + 20 = 44 Жауабы: 44.
(14, 15 слайд) Өте жақсы балалар. Бүгінгі сабаққа белсенді қатыстыңдар. Рахмет!
Бағалау.
Үйге тапсырма: 78 бет №6
Қорытынды: Біз бүгін немен таныстық? 5 санын қосу және азайтудың тиімді тәсілдерімен.
*****
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы
Д.Нұрпейісова атындағы №116 жалпы орта мектебінің
математика пәні мұғалімі Ержанова Жулдыз Ерболатовна
Сабақтың тақырыбы: Кім көп біледі?
Сабақтың мақсаты:
Математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың ой өрісін кеңейтіп, топпен жұмыс істеуге, логикалық
ойлау, танымдық қабілетін дамыту. Шығармашылдыққа, тапқырлыққа, алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға
тәрбиелеу.
Сайыстың жоспары:
1. Таныстыру (аты, ұраны, төсбелгісі).
2. Логикалық сұрақтар.
3. Математикалық жекпе – жек.
4. Ширату.
5. Жұмбақтар шешу.
6. Сөздер құрау.
Сайыстың көрнекілігі:
Тақырыптық сөздер, шарлар, ұлағатты сөздер. «Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін – математика» (М.В.Ломоносов).
«Математика – ғылымдардың патшасы», ал арифметика – математика патшасы» (К.Гаус). «Математиканың өз тілі бар – ол
формула» (С.В.Ковалевская). «Ақын жанды болмасаңыз, математикте бола алмайсыз» (С.Ков).
Сайыстың барысы:
Мінекей, залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Кешіккендерді тоспаймыз,
Ғылымдардың ғылымы –
Математика жайында
Кешімізді бастаймыз.
Қазылар алқасымен таныстыру.
Ортаға топтарды шақырамыз.
1.
Үлгілі тәртіп, жқсы оқу,
Алға қойған мақсаты.
Әрқашан да мектепте,
Шығып жүрген жақсы аты дей келе топтар өздерін таныстырып өтсін.
2. Кім жүйрік ойға - сол алады! – деп логикалық сұрақтарға жауап береміз.
1) Екі әкесі, екі баласы үш алманы қалай бөліп жейді. (атасы, баласы, немересі).
2) Ұшақ А қаласынан В қаласына дейін 1 сағ 20 мин ұшады да, қайтарда 80 минут ұшады. Себебін түсіндір? (Екеуі бірдей 1
сағ 20 мин = 80 мин).
3) 5 жұмыртқа 12 минутта піседі, 10 жұмыртқа ше? ( 12 минута, бәрін бірге саламыз).
4) Бір жанұядағы 5 ұлдың бір бірден қарындасы бар. Жанұяда барлығы қанша бала бар? ( 6 бала ).
5) 1 тонна мақта ауыр ма, 1 тонна темір ауырма? (бірдей).
1) Төрт пен бестің арасында арасына қандай таңба қойылғанда 4-тен артық 5-тен кем сан шығады? (үтір).
2) Үш пар ат 30 км-ге шапса, әр ат қанша км шапқан? (30).
3) Төрт қойдың неше аяғы бар? (16).
4) Үш майшам жанып тұрды, екеуін сөндірсе нешеуі қалады? (екеуі, біреуі сөндірілмегесін жанып кетті).
5) Үш әкесі мен алты ұлы серуенге шықты. Олар 42 алма сатып алды, әр қайсысына алты алмадан тиді. Бұл қалай болғаны?
(1 ата, 2 әке, 4 баласы).
1) Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? (4).
2) Сағаттың төрттен бір бөлігінде неше минут бар? (15 мин).
3) Сағат үшті көрсеткенде, оның сағатының және минутының тілдері қандай бұрыш жасайды. (тікбұрыш).
135
4) Сәуледе бір бүтін, екі жарты, төрт ширек алма болды. Барлығы неше алма? (3).
5) Натурал санға қандай санды қосқанда келесі сан шығады? (1).
3. Ал, балалар, балалар.
Мақал – мәтел айтайық.
Асулардан асайық,
Білім шыңына біз жетейік.
Кедергіні жеңейік.
Бұл «Математикалық жекпе – жек» кезеңінде топтарсандармен берілген мақал –мәтел айтып жарысады.
2 жақсы қас болмас, 2 жаман дос болмас.
7 атасын білмеген жетесіз,
Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.
Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді.
5 бармақ жұмылса жұдырық болады.
30 тістен шыққан сөз 30 рулы елге тарайды.
4. Ширату. Сайыскерлеріміз анаграмма шешеді.
д
и
а
м
е
т
р
п
а
й
ы
з
т
е
т
р
а
э
д
р
Ш
е
ң
б
е
р
м
е
т
р
Х
о
р
д
а
т
а
қ
т
а
б
и
ғ
и
а
к
с
и
о
м
а
р
а
д
и
у
с
1. Шеңбер бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесінді.
2. Санның 100 ден 1 бөлігі.
3.Барлық қырлары тең шүбұрышты пирамида.
4. Бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиынын қалай атайды .
5. Ұзындық өлшемі.
6. Ееңбердің екі нүктесін қосатын қосынды.
7. 2 бөлінбейтін сандар.
8. Натурал санның мағанасы.
9. Дәлелденбейтін ұғым.
10. шеңбер бойындағы кез келген нүктелерін центрмен қосатын кесінді.
ж
а
й
п
А
р
а
л
л
е
л
ь
п
е
Р
и
м
е
т
р
П
И
ф
а
г
о
р
д
и
А
м
е
т
р
П
е
р
П
е
н
д
и
к
у
л
я
р
т
а
қ
ш
и
р
е
к
к
е
с
і
н
д
і
ж
а
з
ы
ң
қ
ы
1. 1 –ге және өзіне бөлінетін сандар.
2.Қиылыспайтын түзу.
3. төртбұрышиың қабырғаларының, ұзындықтарының қосындысы.
4. Ғұлама ғалым.
5. Ең үлкен хорда.
6. Тікбұрыш жасап қиылысатын екі түзу.
7.2 бөлінбейтін сан.
8. Бүтінді төртке бөлгендегі бір үлесі.
9. Екі нүктемен шектелген түзудің бөлігі.
10. 180
о
-тең бұрыш.
т
Р
а
п
е
ц
и
я
с
ә
У
л
е
ф
И
г
у
р
а
Т
е
ң
д
е
у
р
о
М
б
ғ
а
с
ы
р
С
а
ғ
а
т
136
1. Тек қарама – қары екі қабырғасы параллель болатын төрт бұрыш.
2. Бір нүктеден шығатын түзу.
3. Бейне, кескін.
4. Құрамында белгісізі бар теңдік.
5. Барлық қабырғалары тең төртбұрыш қалай аталады.
6. Ең үлкен уақыт өлшем бірлігі.
7. Уақыт бірлігі.
5. Жұмбақтар шешу.
Бес ін, бес іннің
Ауызы бір ін. (Қолғап)
Төрт қарны бар,
Бір ауызы бар (Үй).
Отыз омыртқа,
Қырық қабырға,
Бәрін ұстап тұрған
Ауыз омыртқа (30 омыртқа – уық, 40 қабырға – кереге, ауыз омыртқа шаңырақ).
Он қойым болды өміріме азық,
Инемен сарамын құдық қазып,
Жатсам да, тұрсам да, қасымда,
Өзімнен көрген емес кейін қалып. (Он саусақ, сия)
Екі тыңшысы, отыз екі бөрісі бар (Бас).
Жүз мүйізі бар
Үстінде киізі бар. (Киіз үй).
6. Сөздер құрау.
Теорема – ар, ор, ер, мама, тер, ел, ара, арала, терме, ем, ерме, тор, тар.
Аралас – ас, лас, ар, сал, рас, ара, алас, Сара, сал, сарара ла, салалас.
Бөлшек – бөшке, бөлке, бөле, өкеше, өлше, бөл, шек, бел, лек, кел, шөл, шөк, шел, кеш, ек, еш, ел, өш.
Қорытындылу. Сайыскерлерді жеңімпаздарды марапаттау.
*****
Стаценко Татьяна Алексеевна
учитель по истории №116 ОСШ Д.Нурпеисова. ЮКО.
Достарыңызбен бөлісу: |