Аудиториялық орындардың жетіспеушілігін
қысқарту мақсатында жоғары
және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының оқу корпустарын
салу қамтамасыз етіледі.
Студенттік жатақханаларда тұруға орын тапшылығын азайту мақсатында
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Үшінші
әлеуметтік бастамасы аясында студенттерге арналған жатақхана салу
жоспарлануда және "AMANAT" партиясының "Ӛзгерістер жолы: әр азаматқа
лайықты ӛмір!" сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Жол картасы,
оның ішінде жеке инвесторлардың қаражатын тарту арқылы жүзеге асады. Осы
мақсатқа жету үшін
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың
және астананың ЖАО мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға
берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға беру құқығын
Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен сауда-
саттық (конкурстар, аукциондар) ӛткізбей береді.
2026 жылға дейін 50 мың жаңа тӛсек-орын енгізу жоспарлануда. Халықтың
әлеуметтік осал санатынан шыққан басқа қаладан
келген студенттердің тұру
шығындарын субсидиялау мүмкіндігі қарастырылады. Басқа қаладан келген
студенттерді жатақхана орындарымен қамтамасыз ету жеке меншік ЖОО-ға
мемлекеттік қаржыландыру беру ӛлшемшарттарының бірі болады.
Студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін ЖОО-мен
және құрылыс компанияларымен МЖӘ тетіктері жетілдіріледі. Студенттерді
жатақханаларда орынмен қамтамасыз етуге
орналастыратын мемлекеттік
тапсырыстың мӛлшері мен оны тӛлеу мерзімдері құрылыс материалдары
нарығында құндардың ӛзгермелілігіне байланысты қайта қарастырылады.
2025 жылға қарай студенттерге стипендиялар мӛлшерін 2 есе,
магистранттар мен докторанттарға 1,5 еседен астам ұлғайту кӛзделген. ЖОО
мен ҒЗИ интеграциялау шеңберінде ҒЗИ базасында магистрлер мен PhD
докторларын даярлау жалғастырылатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: