Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы


-тарау. Білім беру сапасын жүйелі деңгейде қамтамасыз ету



Pdf көрінісі
бет47/52
Дата09.02.2023
өлшемі1,03 Mb.
#66539
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
Байланысты:
p2200000941.24-11-2022.kaz

 7-тарау. Білім беру сапасын жүйелі деңгейде қамтамасыз ету 
Білім беру сапасын қамтамасыз етудің ұлттық жүйесі жоғары академиялық 
сапаға қол жеткізуді мақсат етеді және үш құрамдас бӛліктен тұрады: сапаны 
ішкі қамтамасыз ету жүйесі, сапаны сыртқы қамтамасыз ету жүйесі, сапаны 
қамтамасыз ету жүйесін басқару және реттеу тетіктері. 
 1-параграф. Ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесі  
МДТО деңгейінде білім беру ұйымдары баламалы дамытушы және 
вариативті жеке бейімделген бағдарламаларды ұсыну, оқытудың әртүрлі 
әдістемелері мен технологияларын, білім беру процесін ұйымдастырудың 
нысандарын, әдістерін, тәсілдерін қолдану арқылы оқыту мен тәрбиелеу 
сапасын қамтамасыз ететін болады.
Орта білім беру деңгейінде сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесі оқыту 
нәтижелерін 
ӛлшемшарттық 
бағалауға, 
мектепішілік 
бақылауды 
ұйымдастыруға және ӛзін-ӛзі бағалауды жүргізуге негізделген.
Қазақстанның ӛлшемшарттық бағалауға кӛшуін ЭЫДҰ сарапшылары 
жалпы білім беру жүйесін жаңғырту жолындағы оң қадам деп санайды. 
Сонымен бірге, білім алушыларды бағалауға деген кӛзқарас айтарлықтай 
жиынтықтаушы болып қалады. Қалыптастырушы, ынталандырушы және 
шабыттандырушы функцияларды орындайтын қалыптастырушы бағалаудың 
рӛлін қайта қарау; қалыптастырушы бағаларды білім алушылардың қорытынды 
балдарына қосу, қалыптастырушы бағалау рәсімдері мен құралдарына, 
модерацияға және бағалау құралдары мен рәсімдерін жетілдіруге бағытталған 
басқа да рәсімдерге жеткілікті назар аудару қажет.
Осыған байланысты ӛлшемшарттық бағалау жүйесін дамыту және әрбір 
педагогтің кәсіби дамуы бойынша олардың бағалау дағдыларын жетілдіру 
тұрғысынан одан әрі қадамдар айқындалатын болады. 
Оқулықтар мен әдістемелік құралдарда ӛлшемшарттық бағалау 
құралдарының: үздік әлемдік практикаларға сәйкес қалыптастырушы және 
жиынтық тапсырмалардың; қолжетімді және ӛлшенетін ӛлшемшарттардың, 
айқын және бір мәнді дескрипторлардың ұсынылуына ерекше назар 
аударылатын болады.
Оқыту процесінің сапасын арттыру және білім алушыларда да, педагогтерде 
де орын алған проблемаларды зерделеу мақсатында мектепішілік бақылау 
күшейтілетін болады. Сабақты бақылау, зерттеу және талдау оқыту процесін 
жақсарту, педагогтің кәсіби ӛсуі мен дамуы, сондай-ақ білім алушылардың 
білім сапасын арттыру үшін негіз болып табылады.
Білім беру ұйымдары жыл сайын білім беру қызметін ӛзін-ӛзі бағалауды 
жүргізетін болады, оған талдаудан, ішкі бақылау мен диагностикадан басқа, 
стратегиялық жоспарлау құралдары, білім беру қызметінің түзету тетіктерінің 
жүйелі процесі кіреді. 
ТжКБ деңгейінде WorldSkills тәсілдері бойынша студенттерді қорытынды 
бағалаудың жаңа жүйесі енгізіледі. Кӛрсетілетін емтихан біліктілік 
емтихандарының бір түрі болып табылады, бұл ретте шынайы қызметтерді 
және ӛндірістік процестерді WorldSkills талаптарына (стандарттарына) сәйкес 


модельдеу жағдайында кӛрсету рәсімін және тәуелсіз сарапшының түлектің 
практикалық дағдыларын, білім деңгейін бағалауды қарастырады.
Кӛрсетілетін емтиханнан ӛткен түлектер халықаралық стандарттар 
талаптарына сәйкес ӛз біліктілігін растайтын құжат (Skills-паспорт, 
сертификат) алады. Құжатта әртүрлі құзыретті меңгеру деңгейі кӛрсетіледі, бұл 
әлеуетті жұмыс берушілер арасында бағаланып, түлектердің бәсекеге 
қабілеттілігін арттырады.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейінде сапаны 
ішкі қамтамасыз ету жүйесі сапаны қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді. 
Жоғары оқу орындарына сапаны қамтамасыз ету саласында әзірленген 
саясаттың болуы жеткіліксіз, сонымен қатар ESG сәйкес сапаны қамтамасыз 
етудің ішкі стандарттарын қабылдау, сондай-ақ ұлттық басымдықтарды
ерекшеліктерді, жоғары білім беру жүйесі шешетін міндеттерді ескеру қажет.
Сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесінде оның барлық процестері мен 
рәсімдерін басқару маңызды. Әрбір ЖОО ӛзінің ішкі сапаны қамтамасыз ету 
жүйесін әзірлеуі және ЖОО алдағы кезеңдегі миссиясы мен даму пайымына 
қарай оның тұрақты дамуы, жетілуі, жаңартылуы, түзетілуі үшін жағдай 
жасауы тиіс. Бұл ретте басты назарда сапа мәдениетінің болуы ӛте маңызды. 
ЖОО-лар студентке бағдарланған оқытуды одан әрі дамытудың және 
талант-менеджментті басқару процесіне енгізудің тиімді тәсілі ретінде 
корпоративтік коммуникацияны дамытуы қажет. Барлық ішкі стейкхолдерлер 
білім беру сапасын тұрақты арттыру үшін жалпы жауапкершілікті қабылдай 
отырып, айқын құндылықтар мен мінез-құлықты басшылыққа алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет