Жаңа кәсіптер атласын құруда жақсы тәжірибе бар, оның шеңберінде
кадрларды озық даярлау бойынша ӛңірлік стандарттарды әзірлеу
жалғастырылатын болады. Бұл халықтың табысын арттыруға бағытталған
"Мамандығым – болашағым" бағдарламасын іске қосуға мүмкіндік береді.
Осы жоба шеңберінде ӛңірлер кадрларға ағымдағы және перспективалық
қажеттілікті анықтап қана қоймай, таяудағы онжылдыққа
арналған мамандар
даярлаудың стандарттары мен бағдарламаларын да айқындайтын болады.
Осылайша, жоғары оқу орындары неғұрлым маңызды салаларды дамытуда
кадрлық сүйемелдеудің драйверлеріне айналады.
EASA халықаралық талаптарына сәйкес әуе саласы үшін кадрлық әлеуетті
құру ӛзекті мәселе болып табылады. Ол үшін Азаматтық авиация
академиясының базасында жазғы техникалық және инженерлік бағыттар
бойынша кадрларды даярлау күшейтіледі.
ЖОО білім беруді реформалаудың маңызды аспектісі Назарбаев
Университетінің тәжірибесін қазақстандық ЖОО-ға тарату рәсімі болады.
ECTS қағидаттарын оқу процесіне одан әрі енгізу және академиялық
еркіндікті кеңейту жӛніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.
Білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту және "ЖОО түлегі
моделін" жетілдіру негізгі құзыреттер мен
еңбек нарығының жаңа сын-
қатерлерін ескере отырып жүзеге асырылатын болады.
Инновациялық білім беру бағдарламалары еңбек нарығын форсайт-зерттеу
және жаңа мамандықтарға қажеттілікті болжау негізінде әзірленетін болады.
Жоғары білім берудің мазмұны шетелдік әріптестермен бірлесіп пәнаралық
және жаһандық білім беру бағдарламаларын әзірлеуге бағдарланатын болады.
Осындай бағдарламалар бойынша оқыту нәтижелері халықаралық кәсіби
сертификаттаудан ӛтуге мүмкіндік береді.
Бизнес ӛкілдері мен жұмыс берушілерді білім беру бағдарламаларын
әзірлеуге тарту, сондай-ақ білім беру процесін ғылыми қызметпен
интеграциялау жалғасады.
ЖОО цифрлық экожүйесі бар "smart-университеттер" моделіне кӛшеді.
Басым
міндет
кітапханалар
мен
олардың
жүйелерін
цифрлық
трансформациялау, жалпы үдерісте (Open University,
Coursera, Edx және т.б.)
ашық білім беру платформаларын пайдалану, бизнес-процестерді цифрлық
форматқа кӛшіру болады. Цифрлық құзыреттер барлық білім беру және кәсіптік
стандарттардың, сондай-ақ оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу кезінде ПОҚ
үшін міндетті элемент болады.
Білім беру бағдарламалары кодтау дағдыларын дамытуды ескере отырып,
кадрларды даярлауға, жобалау, әкімшілендіру және тестілеу саласында жаңа
дағдыларға бағытталатын болады. Сонымен
қатар цифрлық трансформация
және 4.0 Индустрияға кӛшу шеңберінде енгізілетін технологиялық трендтерді
(жасанды
интеллект,
Blockchain,
BigData
және
Internet-of-Things,
киберқауіпсіздік) ескеру қажет.
Жұмыс берушілердің қатысуымен қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін
даярлау жӛніндегі инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу
жұмыстары жалғасады.
Студенттерді қазақ тіліндегі оқу әдебиеттерімен қамтамасыз ету мақсатында
базалық және бейіндік пәндер бойынша заманауи оқу әдебиеттерін әзірлеу және
басып шығару жұмыстары жалғасады. Әзірленген оқу әдебиеттері ЖОО-ның
кітапхана қорын қазақ тіліндегі кітаптармен
толықтырады және жалпыға
қолжетімділік үшін ЖОО электрондық ресурстарында орналастырылады. 2025
жылға дейін мемлекеттік тілде 80 оқулық әзірленетін болады.
ЖОО-ны бітіргенге дейін жұмыс тәжірибесін алу және түлектерді жұмысқа
орналастыру сапасын арттыру мақсатында практикаға бағдарланған, оның
ішінде жұмыс берушілер базасында оқыту мүмкіндіктері кеңейтілетін болады.
Формальды емес және информальды оқыту нәтижелерін тану процесін
нормативтік қамтамасыз ету жӛніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.
Формальды білім беру шеңберінде білім алушылар қосымша микробіліктілік
немесе нанодәреже ("nano-degrees") алатын болады. Кредиттік (жинақтаушы)
оқыту жүйесінің тәжірибесіне негізделген және жаңа құзыреттер мен
дағдыларды алуға мүмкіндік беретін ересек халықты ӛмір бойы оқытудың
моделі жасалатын болады. Оқытудың инновациялық технологияларын енгізу,
атап айтқанда ПОҚ-тың қысқа мерзімді жаппай ашық онлайн-курстардан ӛтуі,
инновациялық педагогикалық технологиялар
мен оқыту әдістемелерін
пайдалану, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын жаңғырту жалғастырылады.
Университеттер ӛз түлектерін қолдауға арналған "апгрейд" орталықтарын
құруға бағдарланатын болады. Мәселен, қалыптасқан мамандар ӛз білімдерін
жаңартып, "Alma mater" жоғары оқу орындарында кәсіби дамуға баса назар
аудара алады.
Студенттер мен ЖОО қызметкерлерінің эмоционалдық әл-ауқатын сақтау,
ЖОО-лардың қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуалын жасау және білім
алушыларға психологиялық қолдау кӛрсету мақсатында психологиялық
қызметтер жетілдірілетін болады. ЖОО-да бірінші
кезекте студенттердің
мүдделері мен қажеттіліктерін ескеретін физикалық және виртуалды кеңістік
құру қажет.
ЖОО-да инклюзивті білім беруге жағдай жасалады. Мүмкіндіктері
шектелген, сонымен бірге денсаулық жағдайына байланысты білім алушыларға
қажетті ресурстар беруге және оларды қолдауға ғана емес, әлеуметтік-
экономикалық мәртебесіне, оқыту гендеріне, тіліне (шетелдік студенттер) және
т. б. байланысты қолдауға назар аудара отырып, инклюзивті білім беру
қамтамасыз етілетін болады.
Қазақстандық ЖОО білім алушыларының жаһандық академиялық
қоғамдастыққа ұтқырлық бағдарламалары арқылы толыққанды қатысуы үшін
кӛптілді оқытуды енгізу жалғастырылатын болады.
ЖОО арасында салауатты бәсекелестікке ынталандыруды арттыру үшін
тӛрт лига бойынша саралау жоспарлануда: бірінші лига – халықаралық, екінші
лига – ұлттық, үшінші лига – ӛңірлік, тӛртінші лига –
салалық деңгейде
бәсекеге қабілетті.
Әлеуетке және даму серпініне сәйкес ЖОО-лар бір лигадан екіншісіне
ауысатын болады. Лигалардағы ұстанымына қарай ЖОО-ларға академиялық,
басқарушылық еркіндіктің әртүрлі деңгейлері және білім беру гранттарының
түрлері берілетін болады. Сондай-ақ ЖОО-лар сыртқы бақылаудың әртүрлі
түрлерінен босатылатын болады.
ЖОО-лардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру ғылыми-зерттеу экожүйесін
қалыптастыруға,
инфрақұрылымды
жаңғыртуға
және
цифрлық
трансформацияға бағытталған жобаларды іске асыру арқылы жүзеге
асырылатын болады. Толық академиялық және басқарушылық дербестігі және
Назарбаев Университетінің тәжірибесі бойынша әлемдік деңгейдегі кампустары
бар 2 озық ӛңірлік ЖОО құрылатын болады.
Ӛңірлердің зияткерлік әлеуеті мен академиялық экожүйесін дамыту үшін 15
ӛңірлік және 5 педагогикалық жоғары оқу орнының базасында академиялық
артықшылық орталықтары құрылатын болады.
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін ғылым, бизнес және
ӛндіріс
интеграциясын
қамтамасыз
ететін
зерттеу
университетіне
трансформациялау жалғасады.
С.Ӛтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті әлемдік
деңгейдегі индустриялық университет болып қайта құрылады.
Достарыңызбен бөлісу: