Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы


-параграф. Жоғары оқу орындарында басқару жүйесін жетілдіру



Pdf көрінісі
бет46/52
Дата09.02.2023
өлшемі1,03 Mb.
#66539
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   52
Байланысты:
p2200000941.24-11-2022.kaz

 3-параграф. Жоғары оқу орындарында басқару жүйесін жетілдіру 
Басқару жүйесін дамытудың маңызды элементі әлемнің барлық жетекші 
университеттерінде экономикалық ынталандыру шараларымен қатар ғылым 
мен ғылыми инфрақұрылымды тұрақты қаржыландырудың негізі болып 
табылатын ЖОО жанындағы эндаумент-қорларды дамыту болады.
Жұмыс берушілердің, бизнес-құрылымдар, кәсіби және қоғамдық 
бірлестіктер, ӛңірлік әкімдіктер ӛкілдерінің ЖОО-лардың директорлар 
кеңестеріне 
қатысуын 
кеңейту 
жӛніндегі 
жұмыс 
жалғастырылады. 
Корпоративтік 
басқару 
қағидаттарын 
енгізу 
жӛніндегі 
жұмыс 
жалғастырылатын болады. 
Корпоративтік басқару құралдарының бірі басқарушылық шешімдер 
қабылдауда тікелей және басты кезең болатын алқалы басқару болып 
табылады. Тәуекел-менеджмент функциялары жоғары оқу орындарының 
стратегиялық және операциялық міндеттерін іске асыру негізіне айналады. 
Адами ресурстар мен таланттарды басқару бойынша жоғары оқу 
орындарының институционалдық саясатын құру маңызды. ЖОО-ларды басқару 
саласында жас талантты мамандар мен менеджерлер үшін кең мансаптық 
перспективалар құрылатын болады.
ЖОО халықаралық стандарттарға сәйкес лауазымдардың жаңа жүйесіне 
кӛшу, штаттық кестенің жаңа моделі, ПОҚ-тың біліктілігін арттыру бойынша 
жұмысты жалғастырады.
 4-параграф. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді интернационалдандыру 


Жоғары және ЖОО-дан кейінгі білімнің тартымдылығын арттыру және 
қазақстандық ЖОО-ны халықаралық білім беру кеңістігінде орнықтыру 
мақсатында оқыту үшін қолайлы жағдайлар жасауды (инфрақұрылым, 
гранттар, стипендиялар және т. б.), ақпараттандыру тетіктерін, студенттік 
визаны алуды оңайлатуды қамтитын интернационалдандыру стратегиясын іске 
асыру жалғасатын болады. 
Интернационалдандырудың тағы бір маңызды аспектісі "үйде 
интернационалдандыру" болып табылады, яғни студенттердің мәдениет аралық 
құзыреттерін және олардың халықаралық мәнмәтінде ойлау және қызмет ету 
қабілетін арттыруға мүмкіндік беретін білім беру ортасы мен мазмұнын 
интернационалдандыру.
Қазақстандық жоғары оқу орындарының экспорттық мүмкіндіктерін 
кеңейту үшін шетелде филиалдар ашу жӛнінде шаралар қабылданатын болады. 
Дарынды шетелдік жастарды тарту үшін стипендиялық бағдарламаны іске 
асыру жалғасады. 
Ӛңірдегі елдің кӛшбасшылығы күшейтілетін болады. Жоғары білім берудің 
бірыңғай Орталық Азия кеңістігін құру жӛніндегі жұмыс жалғастырылады. 
ПОҚ пен қызметкерлердің Орталық Азия шегінде тағылымдамадан ӛтуін 
ұйымдастыру, бірлескен магистрлік дәрежелер мен ғылыми жобалар 
жоспарлануда. Академиялық және мәдени тәжірибе, озық практикалар 
алмасуды және ӛзара оқытуды жүзеге асыру мақсатында Орталық Азия 
елдерінің ЖОО Альянсы мен студенттер Альянсы құрылатын болады. Сондай-
ақ Орталық Азия елдерінің жоғары білім беру жүйесін дамыту жӛніндегі аса 
маңызды міндеттерді айқындау үшін жыл сайынғы ректорлар форумдары 
ӛткізілетін болады. 2022 жылы Қазақстан ТМД елдерінің білім беру 
саласындағы ынтымақтастық кеңесіне тӛрағалық етеді.
2025 жылға дейін Қазақстан аумағында беделді шетелдік ЖОО-ның 
кемінде 5 филиалы мен ӛкілдігін, оның ішінде батыс ӛңірлерде техникалық 
бейінді ЖОО-ның екі филиалын ашу жоспарлануда. Бұл басқару жүйесін 
трансформациялауға және білім беру мазмұны мен оқу процесіне әлемдік білім 
беру стандарттарын енгізуге мүмкіндік береді. 
ЖОО-ға шетелдік оқытушылар мен шетелдік студенттерді тарту бойынша 
жұмыс жалғастырылады. Сондай-ақ студенттер мен ЖОО ПОҚ-тың сыртқы 
және ішкі академиялық ұтқырлығының екі дипломдық және жаһандық 
бағдарламасын одан әрі дамыту жоспарлануда. Тұтастай алғанда, бұл дарынды 
жастардың кетуін қысқартуға мүмкіндік береді.
Шетелдік студенттердің консультациялар алуы үшін алаң ұйымдастыру 
мақсатында "Study in Kazakhstan" онлайн-порталы енгізілетін болады.
Осы шараларды іске асыру шетелдік студенттердің үлесін ұлғайтуға, жыл 
сайын сабақ ӛткізуге H-Index жоғары 10 шетелдік ғалымды тартуға, 
педагогикалық зерттеулер бойынша шетелдік ғылыми тағылымдамадан ӛткен 
ПОҚ үлесін ПОҚ штаттық құрамының жалпы санының кемінде 15 %-ына дейін 
арттыруға, 
сондай-ақ 
білім 
беру 
бағдарламаларының 
халықаралық 
аккредитациясын алуға мүмкіндік береді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет