Сапаны қамтамасыз ету үшін ТжКБ ұйымдары жұмысқа орналасу деңгейін
арттыруға, ТжКБ ұйымдарын еңбек нарығындағы ӛзгерістерге бейімдеуге,
ТжКБ-ға әлеуметтік осал топтардың қолжетімділігін кеңейтуге, ӛзара сенімді
ілгерілетуге, педагогтер мен білім алушылардың ұтқырлығын, сондай-ақ
үздіксіз оқыту бағдарламаларын дамытуға бағытталған EQAVET құралдары
мен индикаторларын (кәсіптік білім беру мен оқытудың сапасын қамтамасыз
етудің Еуропалық жүйесі) пайдаланатын болады. Нәтижесінде EQAVET
индикаторлары мен негізгі сипаттамаларының мазмұны ТжКБ деңгейінде
дуальды білім беруді дамытуға мүмкіндік береді.
ТжКБ ұйымдары белгіленген халықаралық сапа стандарттарына, кәсіби
және
салалық
стандарттарға
сәйкестігіне
институционалдық,
мамандандырылған және салалық аккредиттеуден ӛте алады.
Жоғары және ЖОО-дан кейінгі білім беру деңгейінде ҰБТ ӛткізу және
ЖОО-ға қабылдау моделі жетілдірілетін болады.
Жоғары және (немесе) ЖОО-дан кейінгі білім беру ұйымдары мен олардың
құрылтайшыларының берілетін білім сапасы үшін жауапкершілігін арттыру
жӛніндегі жұмыс жалғастырылатын болады. ЖОО шолу сапарлары енгізіледі,
олардың нәтижелері мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға
арналған конкурсты ӛткізу кезінде пайдаланылатын болады. Нәтижесінде білім
беру қызметтері нарығында тек сапалы білім беретін ЖОО ғана қалады.
ЖОО білім беру қызметтерінің сапасын ішкі және сыртқы қамтамасыз ету
жүйесін жаңғырту жалғастырылады. Аккредиттеудің тиімділігін арттыру
мақсатында сыртқы сапаны қамтамасыз етудің рәсімдері мен қолданылатын
стандарттарына қойылатын талаптар пысықталатын болады. ЖОО-лардың
академиялық дербестігі жағдайында аккредиттеу сапа стандарттары мен ЖОО-
дағы нормативтік талаптардың орындалуына кепілдік беретін сенімді
кӛрсеткіш ретінде қарастырылады.
Студенттердің білімін бағалау жүйесінің сапасын жақсарту үшін
Академиялық адалдық лигасына кіретін ЖОО санын толықтыру жалғасатын
болады.
Сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу және
ЖОО-ны басқарудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында студенттердің,
түлектердің, ПОҚ-тың және жұмыс берушілердің қатысуымен ЖОО-да
академиялық адалдықты сақтау тұрғысынан тәуелсіз зерттеу жүргізілетін
болады.
Достарыңызбен бөлісу: