Ауыл мектептерін дамыту Әлемде ауыл мектептері инфрақұрылымының проблемалары көбінесе ауыл мектептерін басқа мектептермен стратегиялық байланыстыру және мектеп кластерлері шеңберіндегі ынтымақтастық арқылы шешіледі. Кластеринг мүмкіндіктердің кең ауқымына: тәжірибе мен ресурстармен алмасу (оның ішінде мұғалімдер), педагогтердің кәсіби қоғамдастықтары және басқаларына байланысты көптеген елдерде даму мен қолдаудың танымал тәсіліне айналды. Мысалы, Испанияда көрші ауыл мектептері көбінесе бірыңғай әкімшілік бірлік ретінде әрекет етеді. Шанхайда (Қытай) педагог кадрлармен, оқыту әдістерімен және педагогтерді басқарумен алмасатын қалалық және ауылдық аудандар арасында өңірішілік бағдарлама жұмыс істейді. Ауылдық округтердің білім беру бөлімдері ауыл мектептерінің білім беру стратегиясын қалыптастыру, мектепті басқарудың жаңа жүйесін әзірлеу, ауыл мектептері әкімшілігінің жұмыс сапасын жақсарту үшін сапалы білім беру ресурстарын ұсыну міндетін алатын қалалық мектептермен келісімшарт жасасады.
Бұл халықаралық тәжірибе «Нәтижелілігі төмен мектептерге мықты мектептердің қамқорлығы» жобасы шеңберінде қала мен ауыл арасындағы орта білім сапасындағы алшақтықты қысқарту үшін Қазақстанда қолданылуы мүмкін.
Оқулықтарды әзірлеу процестерін жетілдіру Мектептің оқу әдебиетін мақұлдаудың мемлекеттік жүйесі көптеген елдерде жұмыс істейді. Мемлекеттердің шектеулі санында оқулықтарды мектептерде сараптамасыз, алайда баспаны және олардың өнімдерін сертификаттау рәсімімен пайдалануға болады (Италия, Франция, Финляндия және басқалар). Оқулықты әзірлеу және оны шет елдердің оқу процесіне одан әрі енгізу мерзімінің ұзақтығы 3 жылдан 6 жылға дейінгі аралықта. Мысалы, Жапонияда – 4 жыл, Францияда – 6 жыл, Гонконг, Сингапур, Канада, Литва және Грецияда – тираждау мен жеткізуді есепке алмағанда, кемінде 2 жыл.
Жапония, Канада, Эстония және Латвияда оқулықтардың сарапшылары мектеп педагогтері мен жоғары оқу орындарының оқытушылары, Германияда әлеуметтанушылық зерттеу әдістерін меңгерген пән сарапшылары болады. Еуропалық одақта қабылданған шығындарды өтеу жүйесі оқу материалдарын сараптау үшін жоғары білікті сарапшыларды тартуға мүмкіндік береді, олардың жалақысы жеке баспалар авторларының сыйақысына тепе-тең.
Осылайша, халықаралық тәжірибе көрсеткендей, оқулықтардың сапасына әсер ететін негізгі факторлардың ішінде оқулық басылымдарын сараптауды перспективалық жоспарлаудың болуын, оқу әдебиеті сарапшыларының еңбек ақысын арттыруды бөліп көрсетуге болады. Елімізде сапалы сарапшыларды тарту және оқулықтарға сараптама жүргізу мәселелері бойынша халықаралық тәжірибеге сәйкес оқулықтардың сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдануда және жалғастырылатын болады.