Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы


Сонымен қатар, білім беру сапасын бағалауда мынадай проблемалар бар



бет10/27
Дата15.04.2023
өлшемі141,81 Kb.
#82890
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27
Байланысты:
Білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы

Сонымен қатар, білім беру сапасын бағалауда мынадай проблемалар бар:
- өңірлерде халықаралық және мониторингтік зерттеулердің қорытындылары бойынша ұсынымдарды іске асыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілмейді;
- білім басқармалары деңгейінде алдын алу шараларын қабылдау үшін тәуелсіз бағалаудың өңірлік жүйелері жоқ;
- бағалау және тестілерді әзірлеу бойынша мамандарға деген жоғары қажеттілік;
- білім алушылардың білім жетістіктерін сырттай бағалаудың қолданыстағы құралдары деректерді корреляциялауға және талдау жүргізу үшін халықаралық стандарттарға толық сәйкес келмейді;
- сапаны ішкі және сыртқы қамтамасыз ету процестері жүйеленбеген, білім берудің барлық стейкхолдерлерінің қолдануы үшін білім беру сапасын бағалау жөніндегі халықаралық стандарттарға сәйкес келетін бірыңғай негіздемелік құжат жоқ;
- мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі артық қағаз есептілігі;
- тексеру жоспарын құру кезінде адами фактордың әсері.

3-бөлім. Халықаралық тәжірибеге шолу


Қазақстан алдыңғы қатарлы және көрші мемлекеттердің білім беруді дамытудағы тәжірибесіне қызығушылық танытады. Осылайша, бірқатар мемлекеттердің стратегиялары талданды.


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын бағалау
ЭЫДҰ деректеріне сәйкес, балалардың ерте дамуына салынған инвестициялардың қайтарымы кейінгі түзеу біліміне, еңбек өнімділігін арттыруға, салық төлемдерінің өсуіне және қылмыстың төмендеуіне арналған қаражатты үнемдеу есебінен жыл сайын 7-10 % құрайды. Қазақстанда
2018 жылы жүргізілген PISA зерттеулері мектепке дейінгі білім алу балалардың одан әрі жетістіктеріне оң әсер ететінін растайды. Бұл үрдісті басқа халықаралық зерттеулер де (TIMSS, PIRLS және басқалар) растайды.
Стандарттар мен сапа индикаторларын әзірлеу мақсатында көптеген елдер білім беру қызметтерінің сапасын зерттеу және бағалау үшін әлемнің жетекші университеттері әзірлеген қолданыстағы шәкілдерді пайдаланады.
Жаңа Зеландияда мектепке дейінгі білім сапасы өзара қарым-қатынас педагогикасы негізінде, АҚШ пен Аустралияда (Dalli et al, 2011) аккредиттеу процесі негізінде бағаланады.
Ресейде сапаны ұлттық бағалау, Германияда педагогтердің өздігінен пайдалануына бейімделген бағалау құралы жасалды. АҚШ-тың кейбір штаттары да сапа көрсеткіштерін әзірледі.
Педагогикалық процестің сапасы мен тиімділігі тәрбиелік компоненттің өлшемшарттары арқылы анықталады. Адамгершілік, тәуелсіздік және даралық –әлемнің барлық елдері педагогикасының негізгі қағидаттары. Азия елдерінде балаларды тәрбиелеуде дәстүрлерді құрметтеуге үлкен мән беріледі.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесін трансформациялаудың алғашқы қадамы 2021 жылы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделін қабылдау болды.7 Модельді іске асыру өлшенетін өлшемшарттарды анықтау арқылы сапаны жақсартуды, ата-аналардың білім беру қызметінің сапасына қанағаттануын қамтамасыз етуді көздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет