Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы


Сонымен қатар педагогтердің мәртебесін көтеруде мынадай проблемалар шешуді қажет етеді



бет9/27
Дата15.04.2023
өлшемі141,81 Kb.
#82890
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27
Сонымен қатар педагогтердің мәртебесін көтеруде мынадай проблемалар шешуді қажет етеді:
- педагогтердің кәсіби құзыреттілігі мен кәсіби дамуының жеткіліксіз деңгейі;
- IT-құзыреттілікті, эмоционалды интеллектті дамыту, сабақтарды зерттеу, іс-әрекеттегі зерттеу, сыни ойлау, тайм-менеджмент, ЕБҚ балалармен жұмыс бойынша педагогтердің біліктілігінің жеткіліксіз деңгейі;
- мектептердегі психологтардың, әлеуметтік педагогтердің тапшылығы, осыған байланысты психологтардың, әлеуметтік педагогтердің штат бірліктерінің нормативін қайта қарау қажеттілігі туындайды;
- білім беру ұйымдарының бірінші басшыларының кадр резервінің болмауы;
- жоғары кәсіби педагогтердің дерекқорының болмауы.


7-тарау. Білім беру сапасын бағалау


Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыру кезінде оның сапасын бағалау маңызды компонент болып табылады. МТО сапасының басты өлшемшарты – ата-аналардың көрсетілетін қызметтердің сапасына қанағаттануы.


ECERS-R халықаралық сапаны бағалау шкаласын пайдалана отырып, Қазақстанда жүргізілген зерттеу нәтижелері мектепке дейінгі ұйымдарда көрсетілетін қызметтер сапасының орташа деңгейде екенін көрсетті.
Мемлекеттік бақылау жүйесі бизнесті жүргізу бөлігінде жаңа әкімшілік кедергілерді енгізуді жоюға бағытталған.
Хабарлама беру тәртібі енгізілді, алайда тексеру рәсімін жеңілдету, лицензиялауды алып тастау МТО қызметтері сапасының төмендеуіне әкелуде. Осыған байланысты МТО-да ұсынылатын қызметтер сапасын бағалаудың баламалы нұсқалары, оның ішінде сапаны бағалаудың ұлттық жүйесін жетілдіру арқылы енгізіледі.
Орта білім беруде оқыту сапасын бағалау және мониторингтеу үшін құралдар кешені пайдаланылады. Жаңартылған мазмұн шеңберінде білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі енгізілді.
2022 жылдан бастап білім беру сапасын бағалаудың ұлттық құралы – білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (бұдан әрі – ББЖМ) енгізілді. ББЖМ білім сапасын білім беру ұйымдарынан тәуелсіз елдік жүйелі бақылау болып табылады.
2022 жылы ББЖМ 4-ші және 9-шы сынып білім алушылары арасында кешенді тестілеу нысанында үш бағыт бойынша өткізілді: оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану сауаттылығы.
ББЖМ шеңберінде білім алушылар, педагогтер және білім беру ұйымдарының басшылары арасында сауалнама жүргізілді. ББЖМ нәтижелері бойынша Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы мектептер бөлінісінде кешенді талдау және білім беру сапасын жақсарту бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірледі.
Қазақстан сондай-ақ ел деңгейінде және басқа елдермен салыстырғанда оқу жетістіктерінің мониторингі үшін PISA, TIMSS, PIRLS, ICILS халықаралық салыстырмалы зерттеулеріне қатысуды жалғастыруда.
2021 жылы профилактикалық бақылауды нысанға бармай мемлекеттік аттестаттау нысанында өткізу туралы норма заңнамалық түрде бекітілді.
2022 жылы 2363 білім беру ұйымында, оның ішінде 130 балабақшада,
835 мектепте және 772 ТжКБ ұйымында өткізілді.
Бақылау барысында мынадай жүйелік кемшіліктер анықталды: жұмыс оқу жоспарларының МЖБС талаптарына, педагогтер санаттарының Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, нақты деректердің ҰБДҚ көрсеткіштеріне сәйкес келмеуі, ЕБҚ балаларға арналған жеке оқу жоспарлары мен бағдарламаларының болмауы, пәндік кабинеттермен және зертханалық жабдықтармен жеткіліксіз жарақтандырылуы және басқалар.
Мемлекеттік аттестаттаудан өтпеген білім беру ұйымдарына анықталған бұзушылықтарды жоюға және білім беру қызметін Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамалары талаптарына сәйкестендіруге бір жылдан аспайтын уақыт берілді.
Білім алушылардың білім сапасын жүйелі түрде арттыру мақсатында
2021 жылдан бастап «Мектептерге арналған PISA» (PISA-based Test for Schools) зерттеуі жүргізілуде. 2021 жылы ЭЫДҰ іріктеп алған 200 білім беру ұйымдарында валидациялық кезең өтті, ал 2022 жылы еліміздің 1000 ұйымының 33628 он бес жастағы білім алушылары негізгі зерттеуге қатысты (есебі
2023 жылдың соңында шығады).
«Мектептерге арналған PISA» мақсаты – жеке мектеп деңгейінде сыртқы бағалау жүргізу. Тестілеу қорытындылары бойынша әрбір мектеп ЭЫДҰ-дан елдің және әлемнің басқа мектептерімен салыстырғанда функционалдық сауаттылық деңгейі туралы жеке немесе топтық талдамалық есеп алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет