Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы


Мектептердегі психологиялық қызметтердің жұмысын қайта қарау



бет13/27
Дата15.04.2023
өлшемі141,81 Kb.
#82890
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27
Байланысты:
Білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы

Мектептердегі психологиялық қызметтердің жұмысын қайта қарау
Мектептегі психологиялық қызметтер бүгінде әлемнің көптеген елдерінде бар. Қазіргі уақытта әлемде шамамен 80 мың мектеп психологі бар (48 елде). Мектептегі психологиялық қызметтің шетелдік тәжірибесі ұйымның екі мүмкін болатын моделінің негізінде құрылады, олардың түбегейлі айырмашылығы мектеп психологінің жұмыс істейтін жерінде – мектепте (білім беру ұйымында) немесе мектептен тыс жерде (консультацияларда, психологиялық-педагогикалық және медициналық-әлеуметтік көмек орталықтарында, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының аудандық немесе қалалық бөлімдеріндегі психологиялық кабинетте және т.б.). Сонымен қатар әлемдік тәжірибе білім беру ұйымында қауіпсіз орта құрудың пәрменді шараларының бірі мектептегі татуласу қызметі болып табылатынын көрсетеді, оның қызметі білім алушылардың өздерінің педагогтер мен психологтардың басшылығымен түрлі жанжалдарды шешуге белсенді қатысуына негізделген.
Педагогтердің кәсібилігін дамыту
Сингапур, Гонконг, Эстония, Финляндия, Канада және басқа да дамыған елдерде педагог өзінің кәсіби деңгейін тек ресми оқыту аясында ғана емес, сонымен қатар бейресми түрде тренингтерге, вебинарларға, мастер-класстарға қатысу, әріптестерімен өзара іс-қимыл жасау, мектептегі ішкі оқыту нысандарына қатысу арқылы арттырады. Жалпы әлемде педагогтің үздіксіз кәсіби дамуын педагогикалық жоғары оқу орындары ғана емес, сондай-ақ біліктілікті арттыру провайдерлері де жүзеге асырады. Бұл процеске мектептер қатысады. Осы факторлардың барлығы кәсіби даму процесінің тұжырымдамалық тәсіліне қарай, бірлесіп әрекет етеді: педагогикалық жоғары оқу орындарына іріктеу, педагогикалық даярлық, мамандыққа кіру кезеңдерінде, оқытудың және өзінің кәсіби дамуының бастапқы кезеңінде.
Сондай-ақ ЭЫДҰ-ның 2021 жылғы есебінде ТжКБ оқытушылары оқытылатын сала бойынша өздерінің кәсіби дағдылары мен білімдерін дамыту үшін оқыту мүмкіндіктеріне қол жеткізуде ерекше қиындықтарға тап болуы мүмкін екендігі атап өтілді. Жалпы білім беретін пәндер оқытушыларымен салыстырғанда, арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері жұмыс орнында оқытудан немесе тиісті саладағы кәсіпорында басқа оқытудан ерекше пайда көре алады. Англияда педагогтердің кәсіби білімін дамыту бойынша зерттеулер арнайы пәндер оқытушылары үшін саламен өзара іс-қимыл және салалық білімдерін жетілдіру өте маңызды екенін дәлелдеді. Англия оқытушыларының 10 %-ы өздерінің кәсіби білімдері мен дағдыларын жаңартып отыру үшін осы саладағы жұмысын сақтап қалды.
Осыған байланысты ТжКБ жүйесінде оқыту сапасын арттыру мақсатында Сингапур, Жапония, Қытай сияқты елдердің педагогтерін даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесінің халықаралық тәжірибесі және бірлескен кәсіби даму қағидаты енгізілетін болады.
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда педагогтердің міндетті тағылымдамасымен бірге тәжірибеге бағдарланған біліктілікті арттыру курстарын (60 %-ы теория және 40 %-ы өндірістегі практика) енгізу жалғасады. Жалпы, біліктілікті арттыру курстарының бағдарламасы халықаралық талаптар бойынша колледждің білім беру процесін ұйымдастырудың тиімділігі мен сапасын арттыруға бағытталатын болады.
Халықаралық практикада «Педагог» кәсіптік стандарты педагог кадрларды даярлау және дамыту, педагог еңбегін бағалау және оны сертификаттау жүйесі үшін әдіснамалық негіз болып табылады. Ол білім беру жүйесін реформалауды ескере отырып, үнемі жаңартылып отырады. Кәсіптік стандартты әзірлеуге практикасы бар педагогтер мен сарапшылар қатысады.
ЭЫДҰ елдерінде мектеп директорларының 30 %-ы педагогикалық көшбасшылыққа оқытылады. Көптеген елдерде, мысалы, АҚШ-та педагогтердің кетуі бұрыннан бері халықаралық проблема ретінде танылған. АҚШ-тың кейбір штаттарында жас педагогтердің 40 %-ы жұмысқа орналасқаннан кейінгі алғашқы екі жылда кәсіптен кетеді. ЭЫДҰ елдерінде әрбір оныншы педагог мектептен кетеді. Аталған проблеманы шешу үшін АҚШ жас педагогтерге тәлімгерлер тарту бойынша бағдарламалар қабылдады, бұл проблеманы шешуге, ал елдің кейбір өңірлерінде осы бағдарламаларды іске асырғаннан кейін жас педагогтерді 100 % сақтауға мүмкіндік берді9.
Бұл халықаралық тәжірибені Қазақстанда Мемлекет басшысының үш жылда бір рет педагогтердің біліктілігін арттыруды өткізу жөніндегі тапсырмасын, сондай-ақ өмір бойы оқыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде қолдануға болады. Сонымен қатар елімізде жаңа жағдайларды ескере отырып, жаңартылатын «Педагог» кәсіптік стандарты қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет