Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы


Тәрбие жұмысында мынадай проблемалар бар



бет8/27
Дата15.04.2023
өлшемі141,81 Kb.
#82890
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27
Тәрбие жұмысында мынадай проблемалар бар:
- білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысында кешенді тәсілдің болмауы;
- білім беру ұйымдарында тәрбие процесін ғылыми-әдіснамалық және оқу-әдістемелік сүйемелдеу қажеттілігі;
- оқу-тәрбие процесінде пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерінің педагогикалық өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығының жеткіліксіздігі;
- сынып жетекшілері қызметінің төмен тиімділігі мен формальдылығы;
- білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысын іске асыру бойынша педагогтердің, психологтардың, әлеуметтік қызметкерлер рөлінің жеткілікті реттелмеуі;
- мектептен тыс ұйымдардың және тегін мектеп үйірмелерінің балалардың тұратын жерінен қадамдық қолжетімділікте болмауы;
- ЕБҚ балаларды және ауылдық жерлерде білім алушыларды қосымша біліммен қамтудың төмендігі;
- білім беру ұйымдарының тәрбие процесіне ата-аналардың аз қатысуы;
- білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысының сапасын бағалаудың жүйелі мониторингілеудің тетігі мен критерийлерінің болмауы.

6-тарау. Педагог мәртебесі


Білімді де білікті кадрларсыз білім беру жүйесін дамыту мүмкін емес.


2019 жылы қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы соңғы үш жылда педагогтерге қолайлы жағдай жасау және олардың кәсіби тұрғыда өсуін ынталандыру бойынша жүйелі шаралар кешенін іске асыруға мүмкіндік берді.
2022 – 2023 оқу жылында мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында – 556896, оның ішінде ауылдық жерде 268307 педагог жұмыс істейді (2020 – 2021 оқу жылы – 502976, 2021 – 2022 оқу жылы – 521112).
2020 жылдан бастап мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру педагогтерінің еңбегіне ақы төлеу екі есеге артты. Аттестаттау қорытындылары бойынша мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 255146 педагогі білікітілік санатына қарай лауазымдық жалақысынан 30 %-дан 50 %-ға дейін қосымша ақы алады.
Мамандықтың беделі артып, еңбек жағдайлары жақсарып, педагогтардың құқықтары мен мүмкіндіктері кеңейтілді. Атап айтқанда, педагогтердің жүктемесін азайту бойынша шаралар қабылданды, мұғалімдердің еңбегін, сондай-ақ демалыс уақытын нормалау жүйесі әзірленді. 2021 жылдан бастап мектеп педагогтарының 18 сағаттық жүктемесінен 16 сағаттық жүктемесіне көшу жүзеге асырылды. Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің есептілігі 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап үш құжатқа дейін төмендетілді. Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттер жанынан педагогикалық этика және педагогтардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кеңестер құрылды. Тәлімгерлік, магистр дәрежесі үшін, сондай-ақ спорт секцияларын жүргізгені үшін жаңа қосымша ақы енгізілді, орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі мен дәптерлерді тексергені үшін қосымша ақы едәуір ұлғайтылды. Педагог мәртебесін арттыру және олардың еңбегін материалдық ынталандыру мақсатында жыл сайын «Үздік педагог» республикалық конкурсы өткізіледі. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қоспағанда, білім берудің барлық деңгейлеріндегі педагогтердің біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын «Педагог» кәсіби стандарты бекітілді.
2022 – 2023 оқу жылында педагогтерге қажеттілік 3550 адамды құрады, оның ішінде ауылдық жерлерде – 1847. 2020 жылы педагогтар қатарын 9220 жас маман толықтырды, 2021 жылы – 11846 адам, 2022 жылы – 5735 адам. Жаңадан бастаушылар мен жас мұғалімдерге жағдай жасауға ерекше назар аударылады. Осылайша, тәлімгерлік институтын дамыту тетіктері қарастырылған. Дарынды жастарды тарту және педагогикалық бейіндегі білім беру бағдарламаларына үміткерлерді сапалы іріктеуді жүзеге асыру үшін 2021 жылдан бастап талапкерлердің оқуға түсуі үшін ұлттық бірыңғай тестілеудің шекті балы 50-ден 75 балға дейін ұлғайтылды. Соңғы жылдары педагогикалық мамандықтарға оқуға түскен «Алтын белгі» төсбелгісін алған мектеп түлектерінің саны екі есеге артты.
Салаға талантты педагогтердің келуін ынталандыру үшін қолдау шаралары қабылдануда. «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлектеріне жоғары/жоғары оқу орнынан кейінгі білімді алғаннан кейін 5 жыл мерзімнен кешіктірмей біліктілік санатын беру рәсімінен өтпей «педагог-модератор» біліктілік санаты беріледі. ЖОО педагогикалық мамандықтар бойынша бітірген түлектер үшін оларды одан әрі жұмысқа орналастыру үшін сертификация енгізілді.
Педагогтер тапшылығы бар өңірлер үшін тиісті қолдау шараларының пакетімен үздік педагогтерді тарту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 маусымдағы № 390 қаулысымен бекітілген арнайы бағдарлама қабылданды.
ТжКБ жүйесінде педагогтердің жалпы санынан 37,6 %-ын арнайы пәндердің, 22 %-ын жалпы білім беретін пәндердің педагогтері, 12,4 %-ын өндірістік оқыту шеберлері құрайды. Колледждерде педагогтердің 8,5 %-ы –
25 жасқа дейінгі жас педагогтер. Арнайы пәндер бойынша педагогтерге және өндірістік оқыту шеберлеріне жұмысқа орналасу сәтінде кемінде соңғы бес жыл жұмыс өтілі болған кезде лауазымдық жалақысының 30 %-ы қосымша ақы төленетін «педагог-модератор» біліктілік санаты; жұмысқа орналасу сәтінде соңғы он жылдан астам жұмыс өтілі болса, лауазымдық жалақысының 35 %-ы қосымша ақы төленетін «педагог-сарапшы» біліктілік санаты беріледі.
Өндірістік оқыту шеберлері мен колледждердің арнайы пәндер оқытушылары аттестаттаудан өту кезінде ұлттық біліктілік тестілеу рәсімінен өтуден босатылады.
Арнайы пәндер оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына алғаш рет қабылданған, өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі болса, «Педагог» біліктілік санаты біліктілік санатын беру рәсімінен өтпей беріледі.
ТжКБ жүйесінде тәлімгерге білім алушының өндірістік оқуын және кәсіптік практикасын ұйымдастыру бойынша көрсетілген қызметтер үшін ақы төленеді.
Соңғы 3 жылда колледж оқытушыларының 40 %-ы біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Педагогтерді даярлау жүйесінің міндеттері орта білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізу кезеңінде елеулі түзетуден өтті. Осы кезеңде орта білім беру мазмұны, мектеп пәндерін оқыту әдістемесі, жоғары оқу орындары пәндерінің пәндік мазмұны, АКТ құзыреттілігі мәселелерінде педагогтерді даярлаудағы елеулі олқылықтар айқын болды. Педагогтерді қолдаудың мемлекеттік шараларына қарамастан, педагогикалық білім ерекше назар аударуды және біліктілікті арттыру жүйесімен тығыз қарым-қатынасты талап етеді.
ЭЫДҰ-ның TALIS зерттеуі (2018 жыл) мектептердегі мұғалімдердің, мектеп директорларының және білім беру ортасының ауқымды халықаралық зерттеуі қазақстандық педагогтерді оқыту үшін АКТ-дағдыларын дамыту бойынша біліктілікті арттыру курстарына (90 %), оқытылатын пәннің әдістемесіне (90 %) және білім алушыларды бағалау нәтижелерін талдауға (89 %) қатысуының жоғары үлесін көрсетті. TALIS-2018-де жас педагогтердің 17 %-ы ЕБҚ бар балалармен жұмыс істеу бойынша оқытудың жоғары қажеттілігі туралы хабарлады, мектеп директорларының 61 %-ы педагогтер балалардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандырмайтынын көрсетті (ЭЫДҰ – 30 %).
ЮНИСЕФ анықтаған мектепке дейінгі білім берудің тиісті деңгейде дамуына қажетті 10 стандартының бірі – педагогтердің кемінде 50 %-ының білім беру және оқыту саласында жоғары білімінің болуы. Сонымен қатар МТО педагогтерінің сапалы құрамы кәсіби әлеуетті арттыруды талап етеді.
2022 – 2023 оқу жылындағы жағдай бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың 97407 педагогінің 68 %-ының «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша бейінді білімі бар, оның 1,2 %-ының жоғары оқу орнынан кейінгі және 35,8 %-ының жоғары, 31 %-ының техникалық және кәсіптік білімі бар. Модельді іске асыру шеңберінде мектепке дейінгі ұйымдардың 15945 педагогі қамтылған біліктілікті арттыру курстарының 41 білім беру бағдарламасы әзірленді. Бірыңғай дидактикалық және әдістемелік материалдармен «Курс тыңдаушысының портфелі» ұсынылатын біліктілікті арттыру курстарын өткізу тәсілдері өзгертілді. 2023 жылдан бастап жыл сайын жүйелі курстармен курстан кейінгі сүйемелдеудің міндетті жаңа нысандарымен МТО педагогтерінің 34 %-ы қамтылатын болады.
Біліктілікті арттыру курстарының маңызды нысаналы тобы білім беру ұйымдарының басшылары болып табылады. Қазақстанда білім беру саласында тағайындалғанға дейін көшбасшыларды даярлау тәжірибесі жоқ. Қазақстан директорларының тек 13 %-ы ғана мектепті басқаруды қызметке кіріскенге дейін меңгерген, ал ЭЫДҰ көрсеткіші 31 %-ға жеткенін атап өтті. Басқарушы персоналды көшбасшылық және менеджмент дағдыларына даярлау «факт бойынша», яғни басшылық лауазымға тағайындалғаннан кейін жүргізіледі.
Елімізде білім беру ұйымдары басшыларының республикалық кадрлық резерві жоқ. Еліміздің 1088 мектебінде директордың бос жұмыс орындары бар. Басшылық қызметке ниет білдірушілер санының аз болуына және үміткерлердің әлсіз дайындығына байланысты оларды қызметке іріктеу мен тағайындауда қиындықтар туындауда.
2022 жылдан бастап алғаш рет Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларына сәйкес бірінші басшыларды және педагогтерді жұмысқа орналастыру конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Менеджменттің тиімділігін арттыру мақсатында бірінші басшыларды ротациялау институты енгізілді. Ротация бірінші басшылардың кәсіби әлеуеті мен басқару тәжірибесін тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге, олардың басқару құзыреттерін кәсіби дамытуға және жетілдіруге, кәсіби дамымай қалудың және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Қазақстанның білім беру жүйесін дамыту үдерістері педагогтердің үздіксіз кәсіби даму бағытын басымдыққа айналдырады, ол педагогтердің өздеріне қойылатын қиындықтар мен қажеттіліктер бойынша курстық даярлыққа енгізілуі тиіс. Сонымен қатар талап етілетін кәсіби даму оның тиімділігін үнемі бақылап отыруды талап етеді. Мұндай интеграция педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуы мақсатында, бірақ білім беру сапасын арттырудың күтілетін нәтижесімен ғылыми-әдістемелік жұмысты орындауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет