6.10. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕРДЕ СУДЬЯҒА
ДЕРЕУ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҚҰҚЫҒЫ
АСҚХП 9(3) бабы қылмыстық айып бойынша
тұтқындалған немесе ұсталған әрбір тұлға шұғыл
түрде судьяға немесе заң бойынша сот билігін жүзеге
асыру құқығына ие өзге лауазымды тұлғаға жеткізілуі
міндетті деп таниды. БҚК 37(d)бабы да қостайтын
осы талап маңызды болып табылады, себебі ол
қылмыстық іс жасады деп айыпталған тұлғаны
268
Жоғарыдағы 16 кестены қараңыз.
269
Қараңыз, мысалы, Прокурор 1, Алматы қ. КТМАС, қыркүйек 2014
ж.
270
T and V v. United Kingdom (Nos. 24724/94 and 24888/94), ECHR
(Grand Chamber), 16 December 1999.
тұтқынға алу шарасының сот қадағалауында болу-
ын қарастырады. Халықаралық стандарттарға сай
бұл кәмелетке толмағандар ұсталғаннан кейін не-
месе тұтқындалғаннан кейін 24 сағат ішінде оны бас
бостандығынан айырудың заңдылығын (жалғасуын)
тексеру үшін сот органына жеткізуді білдіреді.
271
Қазақстан заңнамасына сай кез-келген тұлға
ұсталғаннан кейін сот мақұлдауынсыз 72 сағаттан
аспайтын мерзімге бас бостандығынан айырыла
алады
272
. Жалпы ереже бойынша осы уақытты атал-
мыш тұлға уақытша ұстау изоляторында өткізеді
273
.
Осыдан кейін тұтқында ұстау (сотқа дейін тұтқында
ұстау) бұлтартпау шарасы ретінде тергеу судьясы-
мен мақұлдануы тиіс
274
. Сотқа дейін тұтқында ұстау
кәмелетке толмаған тұлғаға тек «істегі жайттар бойын-
ша өзге бұлтартпау шаралары қолданыла алмағанда»
275
ғана қолданылады. Заңнамада тұтқында ұстау БҚК
37(b) бабы талап ететіндей тек төтенше шара ретінде
және ең қысқа тиісті мерзімге қолданылуы тиіс екені
айтылмаған. Шынымен, заң «сотқа дейінгі өндіріс»
276
барысында тұтқында ұстау үшін ең ұзақ мерзім
– алты айды белгілейді. «Бірнеше айға» созылатын
сотқа дейін тұтқында ұстау шарасы халықаралық
стандарттар бойынша БҚК 37(b) бабын
277
«өрескел»
бұзу ретінде қарастырылатынын айта кеткен жөн.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 148(1) бабына
сәйкес тұтқында ұстауды мақұлдау құқығы «аудандық
немесе оған теңестірілген соттың тергеу судьясы-
на» тиесілі. Қылмыстық іс жүргізу кодексінде тергеу
судьясына кәмелетке толмағандардың істерімен ай-
налысу үшін КТМАС-та отыруы немесе қандай да бір
дайындықтан өтуі туралы талап қойылмаған.
Іс жүзінде полиция, әдетте, кәмелетке толмаған
тұлғаны сотқа немесе тергеу судьясына жеткізбес
бұрын тұтқында қаншалықты ұзақ ұстайтыны
түсініксіз. КТМАС судьялары берген жауаптардан про-
куратура тергеу аяқталғаннан кейін КТМАС-қа құжат
жібергенде ғана КТМАС қылмыстық іске араласаты-
ны белгілі болды
278
. Оған қоса, сотқа дейін тұтқында
ұстау тәжірибесі туралы өз жауаптарында судьялар
кәмелетке толмаған тұлғаны кепілге босату немесе
оны сотқа дейін тұтқындау шарасын қолдану туралы
шешім қабылдағанда олар, мысалы, баланың жасы
сияқты факторларды ескеретінін жеткізді; алайда,
олар тұтқында ұстаудың тек төтенше шара ретіндегі
және ең қысқа тиісті мерзімге ғана қолданылатыны
271
Бала құқықтары жөніндегі комитет. Жалпы тәртіптегі ескерту №
10 (2007) «Кәмелетке толмағандарға қатысты әділ сот жүргізу
шеңберіндегі бала құқықтары», 83 пункт.
272
Қылмыстық іс жүргізу кодексі, 128 баптың 5 тармағы, 131 баптың
4 тармағы және 133 баптың 2 тармағы.
273
Қылмыстық іс жүргізу кодексі, 134 бап.
274
Қылмыстық іс жүргізу кодексі, 128 баптың 5 тармағы, 131 баптың
4 тармағы, 133 баптың 2 тармағы және 148 бап.
275
Қылмыстық іс жүргізу кодексі, 541 баптың 3 тармағы.
276
Қылмыстық іс жүргізу кодексі, 541 баптың 4 тармағы.
277
Бала құқықтары жөніндегі комитет. Жалпы тәртіптегі ескерту №
10 (2007) «Кәмелетке толмағандарға қатысты әділ сот жүргізу
шеңберіндегі бала құқықтары», 80 тармақ.
278
Судья 2 [КТМАС орналасқан жері туралы ақпарат алынып
тасталған], 2014 ж.
Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы
61
•
Кәмелетке толмаған тұлғаны тартып, оған КТМАС қарауындағы сот өндірісіне қатысуға толық мүмкіндік беру
үшін қылмыстық іс болсын, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс немесе азаматтық іс болсын, сот мәжілісі
залында қатысушыларды орналастыру тәртібін мейлінше бейресми ету үшін сот залының жоспарын өзгерту
мүмкіндігін қарастырған жөн.
•
КТМАС судьялары кәмелетке толмаған тұлға және істің басқа да қатысушыларымен бір деңгейде, мантия
кимей отырғаны жөн.
•
Прокурорлар кәмелетке толмаған тұлға қатысатын сот тыңдаулары барысында униформа кимегені жөн.
•
Кәмелетке толмаған тұлға сезіне алуы үшін және іс бойынша сот өндірісіне қатыстырылуы үшін іске
қатысатын тараптар бір-біріне айтарлықтай жақын отырған жөн.
•
Кәмелетке толмаған тұлғаларға қажет болғанда, сот тыңдауы немесе сот ісін қарау барысында өзара
әрекеттесе алуы үшін ата-анасының және қорғаушысының жанында отыруға рұқсат еткен жөн.
•
Полиция қызметкерлері КТМАС-та қарусыз жүргені жөн.
СОТ МӘЖІЛІСІ ЗАЛЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙҒА
ҚАТЫСТЫ ҰСЫНЫСТАР
•
Сотқа дейін тұтқында ұстауға қатысты мәселелерді шешу үшін әр КТМАС-та кем дегенде бір тергеу судьясын
тағайындауға кеңес беріледі. КТМАС судьяларын дипломалды және диплом алғаннан кейін оқытуға қатысты
(жоғарыдан қараңыз) ұсыныстар тергеу судьяларына да қатысты қолданылуы тиіс.
•
Халықаралық стандарттарға сай, сот кез-келген жалғасып жатқан бас бостандығынан айыру заңдылығын тек-
сере алуы үшін заңнан аттаған кәмелетке толмағандар КТМАС-қа ұсталғаннан кейін 24 сағаттан кешіктірмей
жеткізілуі тиіс екені туралы талап қамтылатындай етіп, Қылмыстық іс жүргізу кодексіне түзетулер енгізуге
кеңес беріледі. Бұл, сондай-ақ, КТМАС-қа сот ісін қараудан бұрын, алдын-ала істі қарау тәртібінің негізгі
бағыттарын, соның ішінде, сот ісін қарау күнін және қандай куәгерлер қажет болатыны туралы шешімді қоса
айқындауға мүмкіндік беретін еді.
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕРДЕ СУДЬЯҒА ДЕРЕУ ҚОЛ
ЖЕТКІЗУ ҚҰҚЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ҰСЫНЫМДАР
туралы қағидаларды сөз еткен жоқ
279
.
Достарыңызбен бөлісу: |