Қазақстан республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылғАН



Pdf көрінісі
бет38/69
Дата31.12.2021
өлшемі4,89 Mb.
#22064
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   69
6.8. АУДАРМА ҚЫЗМЕТІ

Егер бала сот ісін қарау кезінде қолданылатын тілді 

түсінбесе  және  ол  тілде  сөйлемесе,  халықаралық 

стандарттардың талаптарына сай оған тегін аударма-

шы қызметі ұсынылуы тиіс

258


. Аудармашы қызметтерін 

сот  тыңдаулары  барысында  пайдалану  Қазақстанда 

ерекше  маңызды,  себебі,  елде  екі  ресми  тіл  бар 

–  қазақ  және  орыс  тілдері,  бұл  тілдерде,  әсіресе, 

құқықтық  салада  барлығы  бірдей  еркін  сөйлей 

бермейді. Ұлттық заңнамада іске қатысушы тұлғалар 

сот өндірісінде қолданылатын тілді түсінбесе, КТМАС 

істерінде  тегін  аудармашы  қызметін  ұсыну  туралы 

ереже қарастырылған

259


.

Іс  жүзінде  сұхбат  жүргізу  және  сот  тыңдауларын 

бақылау  көрсеткендей,  әдетте,  аудармашы  қажет 

болғанда  КТМАС  тыңдауларына  қатысушыларға 

көмектесу үшін тағайындалса да, ұсынылатын аудар-

ма қызметтерінің жалпы деңгейі қанағаттанарлықсыз 

болып  табылады.  Осылайша,  бір  істе,  қазақ  тілінде 

сөйлейтін  куәгерден  екі  жақтан  сұрақ  алғанда  ау-

дармашы емес, судья «ара-тұра» куәгердің жауапта-

рын  орыс  тілінде  сөйлейтін  айыпталушыға  аударып 

отырған

260


. Басқа кәмелетке толмаған айыпталушының 

ата-анасы да:

«Сіз  тыңдау  барысында  не  болып  жатқанын  түсіне 

258


 БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенция, 40(2) (b)(vi) бап.

259


 Азаматтық іс жүргізу кодексі, 14 баптың 3 бөлігі және 109 баптың 

2 бөлігі; Қылмыстық іс жүргізу кодексі, 30 бап; Әкімшілік құқық 

бұзушылықтар кодексі, 738 баптың 3-6 бөлімдері.

260


 Қылмыстық  іс  бойынша  сот  тыңдауын  бақылау  [КТМАС 

орналасқан жері туралы ақпарат алынып тасталған], тамыз 2014 

ж.



Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі 

мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы

59



 



Аудармашылар КТМАС-та қаралатын істерде ауызша немесе жазбаша аударма қызметтерін ұсына бастағанға 

дейін тілді қажетті деңгейде меңгергенін көрсете алуын талап етуге кеңес беріледі. ҚР Жоғарғы Соты ауызша 

және жазбаша аудармашылар үшін біліктілік стандартын және сертификаттау жүйесін белгілеу мүмкіндігін 

қарастыра алады.

АУДАРМА ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ 

ҰСЫНЫМДАР 

алдыңыз ба? 

Жоқ,  сот  ісі  орыс  тілінде  қаралғандықтан,  балама 

барлығын қазақ тілінде түсіндіру керек болды, себебі, 

ол орыс тілін түсінбейді. 

Сізге  не  болып  жатқанын  және  не  айтылғанын 

түсінуге көмектескен адамдар болды ма?  Болса, кім 

және қалайша? 

Аудармашының біліктілігі төмен болды және ол орыс 

тілінен қазақ тіліне нақты аударма жасай алмады.  

Олар сізге қалай көмектесті? 

Нашар»

261


.

Басқа істе ұлттық зерттеуші келесі жайтқа куә болған:

«…баланың ата-анасы бала түсіне алуы үшін сот ісін 

қарауды қазақ тілінде өткізуді өтінсе де, судья аудар-

машыдан  [кәмелетке  толмаған]  айыпталушыға  орыс 

тілінен  қазақ  тіліне  аударуда  көмектесуін  сұрады. 

Сот  үдерісі  барысында  аудармашы  өзімен-өзі  отыр-

ды, отырысқа мүлдем дерлік қатысқан жоқ, тек судья 

тікелей  өзінен  сұрағанда  ғана  жауап  беріп  отырды. 

Кәмелетке толмаған айыпталушыға сөздердің аудар-

масын және мағынасын судья немесе айыпталушының 

ата-анасы  түсіндіріп  отырды…  Аудармашының 

біліктілігі төмен болды – ол бүкіл материалды дұрыс 

аудара алмады, күндерді және ай атауларын шатасты-

рып отырды»

262


.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет