6.9. СОТ МӘЖІЛІСІ ЗАЛЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ
Баланың сот өндірісіне қатысуына септесу үшін,
бәлкім, сот мәжілісі залдарындағы жағдайды, соны-
мен қатар, сот ісін қарау рәсімдерін және тәжірибесін
баланың жасына және даму деңгейіне сай бейімдеу
қажет болатын шығар
263
. Сот тыңдауларын/істерін
қарау барысын бақылау кезінде алынған ақпарат
көрсеткендей, сот мәжілісі залдарындағы жағдай
жалпы алғанда «ересектерге арналған» соттағыдай.
КТМАС-та қатысушыларды жайғастыру тәртібі әдетте
келесідей:
261
Жекелеген сұхбат, кәмелетке толмаған айыпталушының ата-ана-
сы [КТМАС орналасқан жері туралы ақпарат алынып тасталған],
тамыз 2014 ж.
262
Қылмыстық іс бойынша сот тыңдауын бақылау [КТМАС орналасқан
жері туралы ақпарат алынып тасталған], тамыз 2014 ж.
263
46 тармақ, БҰҰ Бала құқықтары комитеті. Жалпы тәртіптегі ескер-
ту № 10 «Кәмелетке толмағандарға қатысты әділ сот жүргізу
шеңберіндегі бала құқықтары».
Әдетте, қылмыстық істер бойынша сот тыңдауында
мантия киген судья сот залының алдыңғы жағында
көтеріңкі тұғырда отырады; оның бір жағында про-
курор, екінші жағында қорғаушы отырады, ал ай-
ыпталушы не судьяның қарсы алдындағы үстел ба-
сында, не сот залындағы жалпы отыратын орындар
аймағында отырады. Кейде кәмелетке толмаған тұлға
ата-анасымен немесе заңды өкілімен бірге отыра
алады, ал кейде ол жалғыз өзі судьяға қарама-қарсы
орындықта немесе тіпті арнайы қоршаудың артында
отырады. Мысалы, бір қорғаушы айтқандай, кәмелетке
толмаған айыпталушылар, әсіресе, ұл балалар,
КТМАС-тағы сот тыңдаулары барысында қоршаудың
артында отыруы мүмкін
264
. Кәмелетке толмаған тұлға,
әдетте, қорғаушысына соншалық жақын отырмайды,
сондықтан, сот мәжілісі кезінде оның қорғаушысымен
сөйлесуге не кеңесуге мүмкіндігі жоқ. Кәмелетке
толмаған тұлғаны немесе оның ата-анасын куәлік
етуге шақырғанда ол, әдетте, сот мәжілісі залында
бар болса, куәгерлер мінберіне шығады. Прокурор-
лар және полиция (қатысса) униформа киіп отырады,
олардың киімінің астынан кейде қару салынған қапты
көруге болады
265
. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған
айыпталушылардың қолына кісен де салынуы
мүмкін
266
.
КТМАС судьялары арасындағы жауап берушілердің
көпшілігі кәмелетке толмағандардың қатысумен
өтетін сот тыңдауларын/сот істерін қарауды өткізуге
бейресми әдістеме қолдануды қалар еді, мұны олар
істердің сол сотта қарау тиімділігін арттыру үшін
«қажетті өзгеріс» деп санайды
267
. Жауап беруші
264
Қорғаушы 3 [КТМАС орналасқан жері туралы ақпарат алынып
тасталған], 18 қыркүйек 2014 ж.
265
Қылмыстық іс бойынша сот тыңдауы, [КТМАС орналасқан жері
туралы ақпарат алынып тасталған], тамыз 2014 ж.
266
Қылмыстық іс бойынша сот тыңдауы, [КТМАС орналасқан жері
туралы ақпарат алынып тасталған], тамыз 2014 ж.
267
Жоғарыдағы 16 кестены қараңыз.
60
Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы
КТМАС судьялар санының төрттен бірі дерлік,
сондай-ақ, қатысушыларды сот залында орнала-
стыру тәртібін «балаға мейірімдірек» ету қажетті
өзгеріс болады деп санайды. Мұндай орналастыру
тәртібінде кәмелетке толмаған бала ата-анасының
немесе қорғаушысының
268
жанында отырады. Жа-
уап берушілерден алынған мәлімет, сондай-ақ,
«балаға мейірімді» жұмыс әдістерін жетілдіру
маңыздылығына қатысты қосымша тренинг өткізу
қажеттілігін көрсетеді, мұны сұрақ қойылған жауап
берушілер жете ұғына және сезіне бермеген
269
.
БҚК комитеті кәмелетке толмағандар үшін сот
мәжілістері залында қатысушыларды орналасты-
ру тәртібі қандай болу керек екенін түсіндірмейді,
бірақ, «Т. және В. Біріккен корольдікке қарсы»
ісінде сот залының «балаға мейірімді» болуы
құқықтық тұрғыдан біршама түсіндірілген. Онда
Адам құқықтары жөніндегі Еуропа Соты қылмыстық
іс бойынша сот тыңдауындағы сот мәжілісі өткен
залдың материалдық жабдықталуы сот ісін әділ
қарау құқығын бұзған элементтің бірі болды деп са-
нады
270
. Мәжіліс залын «балаға мейірімдірек» ететін
шараларға келесі талаптарды орындау кіреді: судья-
лар, прокурорлар және қорғаушылар ресми мантия
кимеуі керек, барлығы кәмелетке толмаған тұлғамен
бір деңгейде отыруы керек, кәмелетке толмаған
тұлғаға ата-анасының немесе басқа ересек адамның
жанында отыруға рұқсат беру керек. КТМАС-та
қылмыстық іс бойынша тыңдаудағы қатысушылардың
орналасу тәртібі келесідей болған жөн:
Достарыңызбен бөлісу: |