Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің



бет116/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің және оқушының әрекеті

Ресурстар

1-кезең. Ұйымдастырушылық-мотивациялық:

Сабақтың басы
10 мин.

Мұғалім оқушыларды оқу іс-әрекетіне және жаңа білім алуға бейімдейді, сонымен қатар оқу процесіне ынталандыру үшін жағдай жасайды.
Мұғалім психологиялық көңіл-күйді көтеру үшін
«Мақсаттар ағашы» жаттығуын өткізеді
Ватман қағазы парағында ағаш бейнеленген. Әр оқушы жасыл жапырақты жапсырады. Жапырақтың бір жағына, оқушылар өздерінің жеке мақсаттарын, яғни ол осы тақырып бойынша қандай ақпарат алу керектігін білгісі,түсінгісі келетінін жазады.

Сабақтың мақсаты мен тақырыбын анықтау
Бизнес-кейстерді талқылау кезінде сіздің міндетіңіз — оны талқылау және өзара әрекеттесу үшін 5 адамнан шағын топтар нысанында ұйымдастырған жөн. Кейс проблемалары шешімдерінің ерекше, таптаурын емес болғанын өтініңіз.

Ватман немесе флипчарт (ватман парағында ағаш бейнеленген).
Жапырақтары жасыл қағаздар.
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 10-сыныпқа арналған оқулық. 1- бөлім/ Е. С. Дүйсенханов, С. А. Щеглов, Д. Ханин, А.М. Фазылжанова, А. А. Сейтенова. — Алматы:
«Көкжиек-Горизонт»,
2019., 144 бет




2-кезең. Теория-практикалық:

Сабақтың ортасы 25 минут

Оқушылармен кейсті талдаңыз және тапсырмаларды орындауға көшіңіз.
1-тапсырма
Қандай тұтынушыларды 4otofamily.com қызметі қызықтыратынын тұжырымдауға тырысыңыз, олар қандай сұранысқа ие?
Мұндай тұтынушылар күн сайын балаларына жақсы суреттер жасағысы келетін аналар болды. Олар курстарға бармай, оңай және жылдам суретке түсіруді үйренгісі келеді, себебі олардың уақыты жоқ. Олардың проблемаларының шешімі түсінікті тілде өтетін фотография сабақтары бола алады, олар нақты қолайлы уақытта және шағын бағаға бара алады.
2-тапсырма
Қандай өнім осындай сұранысты қанағаттандыра алады деп ойлайсыз.
Катерина фотографияның әртүрлі аспектілері бойынша мини-сабақтар жасады: үй-жайда фотосуреттер, көшеде түсірілім, ретушь және тағы басқа. Осы барлық сабақтар көрермен объективтің басқа жағынан фотографтың орнында болғандай етіп бейнеге жазылады, ал соңғысы тәжірибеде міндеттерді көрсетедеі. Оларды шешу тәсілдерін көрсетіп, оларды түсіндіреді.
3-тапсырма
Катеринаның артықшылығы неде? Оның «қызыл мұхиттан» «көгілдір мұхитқа» шығуына не мүмкіндік берді?
«Қызыл мұхитқа» қарама-қарсы «көгілдір мұхит» деп мүлдем бәсекелестер жоқ болатын жаңа нарықта бұрын болмаған сұранысты жасайтын бизнес-идеялар аталады. Фотоқызметтер нарығында кәдімгі қыздар мен әйелдерге арналған, оларға түсінікті тілде қысқа бейнекурстар тауашасы бос, осындай қызметтерге сұраныс бұрын болса да. Катеринаның бәсекелік артықшылығы біріншіден, сабақтардың форматы: мини-сабақтар қаралым үшін көп уақыт алмайды, 30 минутты тіпті үнемі қолы бос емес ана да бөле алады. Бұған қоса, сабақтар бейнеформатта жазылған. Демек, оларды қайта қарауға болады, егер де оқушы бірдеңені ұмытып қалса немесе қайталағысы келсе. Осындай сабақтарға қатысу үшін үйден шығу, жеке режимін курстардың кестесіне ыңғайлату қажет емес. Барлығы клиентке қолайлы уақытта және орында болады. Екіншіден, сабақтар фотографиялаудың нақты аспектіне арналған. Артық теориясыз сізге 20-30 минут ішінде табиғатта немесе жабық үй-жайда тамаша түсірілімді қалай жасау керектігі айтып беріледі. Егер қандай да бір тақырып оқушыларға таныс болса, олар уақытты кетірмей, оларды қызықтыратын ғана сабақты сатып ала алады. Үшіншіден, бағалардың икемді жүйесі клиентке нақты керек нәрсені сатып алып, артық төлемеуге мүмкіндік береді. 4otofamily.com сайтында пайдаланушы бір сабақты 5 000 теңгеге, түсірілім бойынша дайын шешімді, мысалы, Жаңа жыл, 10 000 теңгеге, үш сабақтан курсты 13 300 теңгеге немесе толық курсты (курсқа байланысты, ол 35 000 немесе 60 600 теңге тұруы

Әдістемелік құрал:
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 10-сыныпқа арналған / С. А. Щеглов, Е. С. Дүйсенханов, А.М.Фазылжанова, А. А. Сейтенова — Алматы: Көкжиек-Горизонт, 2019. —112 бет.
Сабақ презентациясы.
Оқулық, интерактивті
тақта







мүмкін) сатып алуы мүмкін.
4-тапсырма. Катерина бизнесінің ауқымын кеңейту не нің есебінен болатынын ойланыңыз
Фотографиялау бейнекурстарын жасап, Катерина «көгілдір мұхитқа» шықты. Енді бір дайын курсты бүкіл әлемнен адамдардың шексіз саны сатып алуы мүмкін (егер олар орысша сөйлесе). Оның сатылымдар статистикасы көсреткендей, жартысынан көбісі
Қазақстанға тиесілі – тапсырыстар Ресейден, АҚШ-тан, Германиядан, Беларусьтан, Грузиядан, Украинадан келіп түседі. Катеринаның оқушыларының
Instagramаккаунттарында әдемі фотосуреттер көбейген сайын, оның профилінде жазылмандар саны көбеюде – шабыт алған әйелдер сол сияқты өз балаларын әдемі суретке түсіргісі келеді. Сөйтіп, Instagram аудиториясы артуда, ал бұл ақыр соңында пайданың өсуіне әкеп соқтырады. Әлбетте, бұл үшін Катеринаның Instagramаккаунтының өзі де қызықты болу керек. Сондықтан ол күн сайын фотосуреттерге арналған идеялар бар посттарды, Instagram Live-қа тегін көруге болатын, бірақ 24 сағаттан кейін жойылып кететін бейнесабақтарды, фотграфилау бойынша кеңестерді, фотосуреттерді әртүрлі өңдеу мысалдарын жүктейді.
4otofamily Instagram-аккаунттында 41,4 мың жазылмандары бар, Катерина бейнені жүктеген соң келесі күні ол шамамен 1500 рет қаралып, посттарда шамамен 300 комментарий шығады.
5-тапсырма
Катерина неліктен пивот жасауға мәжбүр болды? 4otofamily.com іске қосылған соң шамамен екі жылдан соң Катерина стартапының жеткілікті түрде өспейтінін түсінді. Клиентті тарту құны және оны ұстауға еңбек шығындары бәсекенің қатарлас өсуімен бірге бизнесті айтарлықтай тиімсіз етіп жасайды, сондықтан Катеринаға пивот жасауға: шағын бизнес үшін тақырыптық түсірілім бойынша курсты іске қосуға тура келді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет