Мұғалім дизайн ойлаудың бірінші кезеңімен таныстырады.
Эмпатия (грек сөзі: έν — «ішінде» + грек πάΘος — «құштарлық», «қиналу», «сезім») — саналы түрде басқа адаммен бірге күйзелу (сезіне білу) қабілеті.
Тұтынушыны бақылап, ести білу үшін біраз нәрсені ескеруіміз керек:
«Стейкхолдерлер картасы»
«Экстремалды тұтынушы»
«Не? Қалай? Неліктен?» картасы әдісі»
«Жедел сұхбат»
«Жан-жақты сұхбат»
«Бес «неге?»»
«Жасырын қадағалау»
«Тұтынушының бір күні»
Мұнда біз команданың 5 адамнан бөлінген топтарымызды стейкхолдерлер картасын өткен сабақта айқындалған өздерінің жобаларында ғана қарауын сұраймыз. Егер мұны жасамасаңыз, онда осыған сабақ басынан біраз уақыт арнаңыз. Әрбір топ олар біртіндеп өздерінің жұмыстық кеңістігіне ілуі тиіс болатын өздерінің флинчарттарда істегеннің бәрін суреттеп, жазуы тиіс. Көз алдында зерттеу барысында барлық алынған ақпараттың болуы маңызды рөл атқарады.
Мұғалім балаларға оқыту үдерісі үшін бүкіл тоқсан бойы келесі материалдар талап етілетінін ескертуге тиіс (түрлі кезеңдерде түрлі вариация):
—флипчарт-парақтар немесе ватман парақтары;
—тақта немесе қабырға, рамкалар немесе басқа конструкциялар
(жабыстыру үшін);
—сырлау (қағаз) скотч;
—әртүрлі түстегі стикерлер (ескертпелер үшін жабысқақ
жолағы бар қағаз кесектері);
—суреттерге және қағазға жазбаларға арналған маркерлер;
—фотоаппарат (аталған функциясы бар басқа құрылғылармен алмастыруға болады);
—бейнекамера (аталған функциясы бар басқа құрылғылармен алмастыруға болады);
—диктофон (аталған функциясы бар басқа құрылғылармен алмастыруға болады);
—қарындаштар, қаламдар;
—Жазбаларға арналған қойын дәптер. «Экстремалды тұтынушы» әдісі Бұл әдістің көмегімен мәселенің түйткілді тұстарын тез анықтап алуға болады. Себебі бұл әдіс арқылы «орташа» тұтынушыдан бөлек адамдарды анықтаймыз. Өнімнің /қызметтің түріне қарай олар
жасына (балалар/қарттар);
денсаулығына (мүмкіндігі шектеулі жандар, дальтониктер,
кісікиік жандар т.б.);
мәдениетіне, ұстанымдарына (шетелдіктер, өзге ұлт өкілдері);
отбасы құрамына (жалғызбасты / үлкен отбасы);
басқа да жағдайларға (зерттеліп отырған мәселеге байланысты) қарай ерекшеленеді.
Бұдан әрі, біз Неwlеtt-Раскаrd және IDЕО кейсінде экстремалды пайдаланушылар түсінігін талқылаймыз.
Кейстен кейін: «Егер құрылғы өздігінен тарихта үздік электрондық өнертабыс болмаса, экстремалды пайдаланушыларды зерттеу аталған жоба шеңберінде Африканың өміріне қандай ықпал
Әдістемелік құрал: Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 10сыныпқа арналған
/ С. А. Щеглов, Е. С. Дүйсенханов, А.М.Фазылжанова
, А. А. Сейтенова
— Алматы:
Көкжиек-
Горизонт, 2019. — 112 бет.
Сабақ презентациясы.
Оқулық,
интерактивті тақта
Дерек көз: https://urconsul.ru/Bibli/Diz ayin-myshlyeniyeot-razrabotkinovykh-produktovdo- proyektirovaniyabiznyes- modyelyeyi.html Мария Сташенко: Школьный рюкзак будущего.
https://youtu.be/hfJ f6OjJyAU
етті? Нені жақсартты?» деген сұраққа, — осы құрылғының арқасында Африкада микроқаржыландыру дами бастады және, тиісінше, бұл тауарлық-ақшалай айырбастау операцияларын жеңілдетті және Африка экономикасында жеке кәсіпкерліктің дамуына түрткі берді деген жауаптар берілуі тиіс.
Осыдан кейін экстремалды пайдаланушылардың өзіндік зерттеуін жүргізу тапсырмасы болады. Сіздің міндетіңіз — олар онда жұмыс істей алатын шығармашылық процесті ұйымдастыру.
Егер бұл қажет болса, біраз уақытқа оларға іс-әрекет бостандығын беріңіз: олардың пікірінше экстремалды пайдаланушылар санатына кіретін шынайы адамдарды сұрастыру үшін, көшеге шығу, көршілес мекемеге бару немесе қоңырау шалу.
Оқушыларға өздігінен жұмыс істеу мүмкіндігі оларға қандай шеңберде және қандай кезеңге берілетінін түсіндіріңіз. Топтардағы барлық қатысушылардың жобаға шынайы қатысуын талап етіңіз, рөлдерді және іздеу бағыттарын бөлу мүмкіндігі туралы айтып беріңіз (біреулер — телефонда, басқалары — көшеде). Оқулық бойынша жаттығулармен жұмыс жасау.